Понедельник , 7 июля 2025

МАЙДАННАН ЖЕТКЕН ХАТ

 

Менің әкем Жапар­ха­нов Пәр­мен­хан (сурет­те) 1908 жылы бұры­нғы Семей облы­сы, Жар­ма ауда­ны­на қарас­ты Божы­ғыр ауы­лын­да дүни­е­ге кел­ген. Ол бала­лық және жастық шағын­да өмір­дің тауқы­метін көп көріп, тарих­тың небір қилы кезең­дерін басы­нан кешір­ді. Сөйт­се де, ауыл­дық мек­теп­те оқып, сау­а­тын аша­ды. Оны бітір­ген­нен кей­ін өздері тұра­тын «Қараш» кол­хо­зы­ның астық сақтау қой­ма­сы­на (загот/зерно) бидай өткі­зу­ші болып жұмысқа орна­ла­са­ды. Бір­де әкем­нің өткіз­ген бидайы күн­делік­ті өткізіп жүр­ген тиісті мөл­шері­нен төмен болып шыға­ды да,оған кол­хоз­дың мүл­кін тона­ды, үкі­мет­ке зиян кел­тір­ді деген айып­та­у­лар тағып, 1932 жылы 07 жел­тоқ­сан­да қамауға ала­ды. Қылы­шы­нан қан тамып тұрған Қызыл импе­рия дереу оған қыл­мыстық іс қозғап, он жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ра­ды. Сөй­тіп, жоқ жер­ден әкем «халық жауы» атанып,ОГПУ-дің 1933 жылы 13 қаңтар­да шыққан қаулы­сы­ның негізін­де сот­та­лып кете бара­ды. Одан әрі конц­ла­герь­де өткіз­ген нағыз азапты күн­дер баста­ла­ды. Ал 1933 жылы 10 ақпан­да оны атақты Кар­ла­гқа ауыстырады.

Лагерь­дің ауыр аза­бы­на, қан­ша­ма зор­лық-зомбы­лы­ғы­на төзе біл­ген әкем «айы­бын» өтеп, аман-есен елге ора­ла­ды. Бірақ та ол кез­де сұра­пыл соғы­стың нағыз қай­нап жатқан кезі бола­тын, ол елге келісі­мен бір­ден соғы­сқа атта­на­ды. Әкем алды­мен Қиыр Шығы­ста әскер қата­рын­да болып, ол жақта арнайы дай­ын­ды­қтан өте­ді. Содан оны Ленин­град май­да­ны­на бөледі. Ол май­дан­да жүріп, төрт рет жара­ла­на­ды. Соңғы рет қат­ты жарақат­та­нып, Ново­си­бир­скі­ге әске­ри гос­пи­таль­ға түседі. Бұл кез­де соғы­стың бітуіне аз-ақ уақыт қалған еді, яғни 1945 жыл­дың басы бола­тын. Сон­ды­қтан да ол гос­пи­таль­дан шыққан­нан кей­ін елге ора­ла­ды. Оның ара­сын­да әкем Ленин­град май­да­нын­да жүріп, Эсто­ни­я­ның Тар­ту қала­сын неміс-фашист басқын­шы­ла­ры­нан азат ету­ге қаты­са­ды. Сол үшін де Ста­лин­нің өзі­нен «Алғыс хат» алған бола­тын. Соны­мен қатар әкем «Ерлі­гі үшін» медалі­мен, «Отан соғы­сы» ордені­мен және тағы басқа құр­мет­ті сый­лы­қтар­мен марапатталған.

Алай­да тағ­дыр­дың әке­ме сый­лаған ең үлкен сыйы – оның май­дан­нан аман-есен ора­луы бол­ды. Бей­біт өмір­ді аңсап, елген кел­ген­нен кей­ін әкем ел қатар­лы еңбек етіп, үйленіп, бала­лы-шаға­лы боды. Десе де, май­дан­да алған жара­ла­ры әлсін-әлсін маза­лап, сыр бере бастай­ды. Соның сал­да­ры­нан әкем 1983 жылы мәң­гілік­ке көз жұм­ды. Артын­да орнын жоқтат­пай, түтінін түтет­кен ұрпақта­ры, бір­ге туған бауы­ры қал­ды. Біз әке­міздің бер­ген тәлім-тәр­би­есінің арқа­сын­да әрқай­сы­мыз әр сала­да адал еңбек етіп жүр­міз. Ал әкем­нің бауы­ры Жапар­ха­нов Слям­хан Жапар­ханұ­лы аға­сы­ның бір кез­де­гі арма­нын орын­дап, жоға­ры білім алып, бүкіл ғұмы­рын ғылы­мға, өске­лең ұрпаққа білім беру­ге арна­ды. Ол қаза­қстан­дық инже­нер кадр­лар­ды дай­ын­да­уға орас­ан зор еңбек сіңір­ді, қазір Қ. И. Сәт­ба­ев атын­дағы ҚазҰТУ-дың құр­мет­ті про­фес­со­ры, гео­ло­гия-мине­ра­ло­гия ғылым­да­ры­ның докторы.

Бер­тін келе, елі­міз тәу­ел­сізді­гін алған­нан кей­ін, біз интер­нет­ті «ақта­рып» оты­рып, Ресей­ден жарық көр­ген «Кни­га жертв крас­но­го тер­ро­ра» деген кітап­ты тауып алдық. Оның ішін­де кезін­де Қызыл импе­ри­я­ның сал­да­ры­нан жазы­қ­сыз сот­та­лып кет­кен адам­дар­дың тізім­дері беріліп­ті. Сол тізім­нің іші­нен өзім­нің әкем­ді тауып алдым. Сөйт­сек, КСРО Жоғарғы Советі Пре­зи­ди­у­мы­ның сонау 1989 жылы 16 қаңтар­да шыққан «30‑, 40-жыл­дар мен 50-жыл­дар­дың басын­дағы жап­пай қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын ақтап, әділет­тілік­ті орна­ту тура­лы қосым­ша іс-шара­лар» атты қаулы­сы­ның 1‑бабының негізін­де Семей облы­стық про­ку­ро­ры 1989 жылы шешім қабыл­дап, соған сәй­кесә­кем толы­ғы­мен ақта­лып шыққан екен. Біз ол тура­лы тіп­ті біл­ген де жоқ­пыз, біз­ге ешкім хабар­ла­ма­ды. Сөй­тіп, облы­стық ҰҚК депар­та­мен­тіне өзім хабар­ла­сып, әкем­нің ақталға­ны тура­лы мұра­жай­да сақталған құжат­тың көшір­месін сұра­тып алдым (көшір­месі бар).

Әкем маған май­дан­да басы­нан кеш­кен көп­те­ген оқиға­ла­рын айтып беретін еді. Соның бірі қазір есі­ме түсіп отыр. «Тар­ту қала­сын азат ету үшін шай­қа­сып жүр­ген­де, бір­де біздің отряд қалаға басып кір­ді. Қала өте әде­мі, биік үйлері көп екен. Бір немістің арты­нан қуып, бір үйге кір­дік. Кір­сек, үйдің іші өте кең, тап-таза, бәрі жина­у­лы тұр екен. Қасым­да бір укра­ин жігіті бола­тын. Ол сол үйдің ішін­де­гі құн­ды заттар­ды:  қасық-пышақ, әде­мі ыдыс-аяқ, ұстал­маған ора­мал, төсек орын – бәрін жинап, арқаға сала­тын дор­ба­сы­на сала баста­ды. Мен оған: «Әй, қай­тесің оны?! Өзіңнің басы­ң­ды аман алып жүр­сең бол­май ма? – деп едім. – Жоқ, үйге апа­ра­мын», – деп бәрін дор­ба­сы­на салып, асы­нып алды. Енді шыға бер­ген­де қара­сақ, немістің бір офи­цері өліп жатыр екен, мен оның аяғын­дағы еті­гіне қызы­қтым: жақ­сы, «хро­мо­вый» етік екен, бірақ өлген адам­дікін кимей-ақ қояй­ын деп, жаманға жорып, тиіс­пе­дім. Содан не керек, біз бес-он метр жүр­ген соң, алды­мы­здан сна­ряд жары­лып, әлгі жігіт сол жер­де қай­тыс бол­ды. Асы­нып алып шыққан затта­ры бәрі сол жер­де қал­ды. Міне, көр­дің бе, қомағай­лы­қтың түбі не бола­ты­нын?!» – деп әкем әңгі­месін аяқтады.

Әкем соны­мен қатар өте талант­ты, поэ­зи­яға жақын адам еді. Май­дан­да жүр­ген­де, елін, туған жерін әбден сағы­нған болу керек, сол сағы­ны­шын өлең­ге қосып, хат жазып­ты. Ол хат­ты біз осы күн­ге дей­ін сақтап келе­міз. Мынау сол өлең­нен үзінді:

 

Ақ қағаз қарын­да­шпен алдым қолға,

Ел-жұр­тым, өскен жерім түсіп ойға.

Аз сөзді, сағы­ны­шты мен жазамын,

Жүр­ген­де Отан үшін алыс жолда.

 

Бұй­ыр­дым сәлем жазу мен қаламға,

Дені­ме саулық бер­гей, қақ Тағала!

Кір жуып, кін­дік кес­кен қай­ран жерім,

Сөз жаз­дым сағы­нған соң біраз ғана…

 

Ел едік ойда түк жоқ тыныш жатқан,

Қызы­ққа ертеңді-кеш, күн-түн батқан.

Сай­ран­дап ойда түк жоқ жүр­ген шақта,

Жал­мауыз Гит­лер ғой бізді оятқан…

 

Жал­пы­ға арнап жазған осы хатым,

Осы­мен тоқта­та­мын сөздің артын.

Еске алып үлкен-кіші баршаңызды,

Пәр­мен­хан сәлем жазған менің атым…

 

Алты­н­хан Жапарханов,

Алма­ты қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн