Среда , 27 августа 2025

ТЕКТІ МАХАББАТ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (290) от 14 мая 2015 г.

 

Тақы­ры­пқа тұздық

 

 

 

Бозба­ла шақ. Алға­шқы махаб­бат. Сәт­сіздік. Жүрек­те­гі мұң­ды өзің­ше өлең ғып өріп, оның не өзіңе ұна­май, не қызға беру­ге бата алмай жыр­тып тастау… Әркім­ге-ақ таныс, жүрек­ті әлі күн­ге шым еткі­зетін сезім емес пе!

Сон­дай шақтың бір күні еді. Есік алдын­дағы сәкі­де көңіл­сіз оты­рған­мын. Жалға­с­бай ата­ның жақын­дап қалға­нын қалай аңғар­май қалған­мын. Келе тиісті:

– Әй, ұнжы­рғаң түсіп, сал­бы­рап қалып­сың ғой! Сен қызта­лақ осы ғашық болып қалған­нан саумысың?

Қай­дан біле қой­ды екен? Тамы­ры­ң­ды ұста­май-ақ бал аша беретін қаси­еті жоқ сияқты еді… Үндемедім.

– Бәсе, бәсе, бұлар­дың сыры маған мәлім ғой! Қит етсе, жүре­гін ұстап шыға келеді. Өте­ді, кете­ді ол махаббатың…

– Сон­да, сіздің­ше, махаб­бат деген бол­май ма? Апам ше? – дей­мін мен де қитығып.

– Бар ғой, неге бол­ма­сын! Бірақ тек­ті махаб­бат деген бола­ды. Менің басым­нан сол өткен. Шір­кін, қай­та айна­лып кел­мей­тін кере­мет шақтар еді ғой…

Атам түн­ге қарай түне­ре қала­тын аспан тау­ларға қарап, ойла­нып отыр. Әңгі­месі маған да қызық бола баста­ды. «Тек­ті махаб­ба­ты» несі?

– Анау Хан Тәңірінiң ете­гі­мен бір кез­дері арғы бет­ке ел көш­кен. Жаңа өкі­мет ұзын құры­ғын қаза­қтың бай­ла­ры­на сала бастаған­да, сол көш тіп­ті үдеді. Көш­кен бай­дың бай­лы­ғын­да есеп жоқ. Жол-жөне­кей олар­ды тонай­тын қарақ­шы­лар да пай­да бол­ды. Қаза­ғы бар, казак-оры­сы бар, одан қал­са шека­ра­шы­лар тағы бар – әйте­уір әлгі бай­лар­дың аман өткен­дері некен-саяқ еді. Әкем құра­лай­ды көз­ге атқан мер­ген, аңшы бола­тын. Арғы ата­ла­ры ауқат­ты, тек­ті әулет­тен екен. Мен де жасым жиыр­маға толған, осы өңір­ге әншілік­пен атым шығып қалған сері жігіт­пін. Әке-шешем қалаған қыздар­дың бірін де көзі­ме ілмей, ауыл-ауыл­ды ара­лап, думан­да­тып жүре­мін. Кей­де айлап үй көр­мей кете­мін. Бұл жолы да қыды­ры­стап кет­сем керек. Әкем аңшы­лы­қтан келе жатып, бір сұм­дық оқиға­ның үсті­нен түсіп­ті. Төмен­де бір көшті қарақ­шы­лар тонап жатыр екен. Ара­ла­рын­да еркек кін­дік­терi аз бол­са керек, әлгілер түк қар­сы­лық көр­се­те алмаған. Алы­стан шауып келе жатып, әкем қарақ­шы­лар­дың бір-еке­уін атып түсіріп­ті. Қарақ­шы­ға да жан керек: алды-арт­та­ры­на қара­май зыта жөнел­ген. Бай­лы­ғы­нан айы­ры­лып, жүр­гін атта­ры да қол­ды болған бай­ды қасын­дағы­ла­ры­мен үйге әкеліп, қазан көтеріп, бір күн күтіп­ті. Кетерін­де аста­ры­на ат беріп, шека­раға дей­ін шыға­рып салған. Арт­та қалған ата­ме­кен­ге жаса­у­раған көзі­мен соңғы рет бір қарап кетіп бара жатқан бай бір кез­де арты­на бұры­лып, әке­ме айқай салыпты:

– Әй, бауы­рым! Ержетіп қалған ұлың бар ма?

– Бар! – деп­ті әкем, – Оны қай­тей­ін деп едің?

– Бар бол­са, қызым­ды алып қал! Енді сен­дей тек­ті тұқым кез­де­се ме, жоқ па арғы бетте?!.

Солай деп, бай арба­да оты­рған қызын жылап, еңіре­геніне қара­май түсіріп кете барған. Арты­на бір қара­мап­ты, шір­кін! Әкем ойда-жоқта пай­да болған келінін мін­ге­стіріп, үйге қайтыпты…

– Сосын?.. – дей­мін ғой ата­ма. – Сосын не болды?

– Не болу­шы еді? – дей­ді ата­мыз, – Бір ай үй көр­мей жүр­ген мені әкем әзер тауып, үйге алдырт­ты. Жол бойы бұлқан-талқан болып, өзім­ше ашу­ла­нып кел­дім. «Жол­дан тапқан келіні қай­бір жақ­сы дей­сің» деген паң­дық қой баяғы. Албан­ның бір қызын мен­сін­бей жүр­ген сері емес­пін бе!

Үйге кір­ген бет­те қызды көріп, тіл­ден айы­рыл­дым. Ондай сұлу қызды бұрын-соң­ды көр­ген емес­пін. Бір көр­ген­нен ғашық бол­дым. Бай Арғын елінің атақты бір тұқы­мы­нан екен. Қызы­на талай мықты құда түс­се де, қызын бер­ме­ген көрі­неді. Ару қыздың ақы­лын айт­саң­шы! «Қызын алма, тегін ал» деген осы шығар?..

Ата­мыз түн қараңғы­лы­ғы­нан мүл­дем көрін­бей қалған аспан тау­лар жаққа қарап, тағы да үнсіз қал­ды. «Ары қарай не бол­ды?» деп сұра­уға оқта­ла бер­генім сол еді, көшенің арғы беті­нен дауыс естілді:

– Жалға­с­бай! Қай­да­сың? Түн бол­ды, жау­рап қал­дың ғой, кір үйге!..

– Арғын­ның қызы іздеп жатыр, әне. Қой, қай­тай­ын, – деп атам орны­нан тұр­ды. Ары қарай не болға­нын түсін­дім. Ештеңе сұраған жоқ­пын. Бәсе, апа­мы­здың бір дауыс көтер­генін көр­меп едім. Тек­тілі­гі сезіліп тұратын…

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ

(«Фейс­бук­тағы» парақшасынан)

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн