Воскресенье , 6 июля 2025

«Қазақтың тілін оқуға тура келеді», – дейтін ҚАЗАҚТАР БАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (290) от 14 мая 2015 г.

 

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ:

 

 

Мына сурет­те­гі әйгілі дизай­нер-сән­ші, қаза­қстан­дық қыз-қырқын­ды «Salta» киім үлгілеріне тән­ті еткен Сал­та­нат Бай­мұ­ха­ме­до­ва­ның түр-тұлға­сы, сөз жоқ, тама­ша келін­шек. Әп-әде­мі! Ал кәсі­би тұрғы­да, қаза­қ­ша­лап айтқан­да – өз ісінің шебері.

Бірақ осы Сал­та­нат қызы­мыз gonzo.kz интер­нет-сай­ты­на бер­ген сұх­ба­тын­да былай деген екен (жол­ма-жол):

 

gonzo.kz: – Дети вла­де­ют род­ным языком?

Сал­та­нат Бай­му­ха­ме­до­ва: – Пока казах­ский нам не при­го­дил­ся, но не исклю­чаю, что в буду­щем, воз­мож­но, нам при­дет­ся его выучить. Думаю, это не про­бле­ма. Сего­дня зна­ние англий­ско­го важнее…

Әрине, Сал­та­нат­тың қазақ тілін үйре­ну «про­бле­ма емес» дегені көңіл­ге қуа­ныш ұяла­та­ды. Құдай жары­лқап, қазақ тілі қажет­тілік­ке айналған кез­де бала­ла­ры­ның тіл үйреніп алға­ны жақ­сы-ақ бола­ды. Ел халқы­ның 70 пай­ы­зға жуы­ғы қаза­ққа айналған шақта, бұл ұлт­тың басы­на бақ орнар сәт алыс емес шығар…

Деген­мен, осы сұх­бат­тағы қос тір­кес жүре­гіңді тіліп-тіліп түсіреді: «…казах­ский нам не при­го­дил­ся» және «при­дет­ся его выучить» деген. Яғни, қаза­қ­ша­лап айт­сақ, бұған дей­ін Сал­та­нат­тың бала­ла­ры­на «қазақ тілі қажет бол­маған», енді оны «үйре­ну­ге тура келеді».

Осы­ны қазақ қызы айт­ты деген­ге аузың бар­май­ды. «Не при­го­дил­ся» дегеніне амал­сыз көнесің: қазақ тілін емен есік­тің артын­да оты­рған билік басын­дағы­лар қажет етпе­ген соң, Сал­та­нат солай айт­ты деудің ретін тап­пай­сың. Бұл – қазақ деген елдің қасіреті.

Ал оның «при­дет­ся» дегені – өз жерінің, өз елінің тіліне деген қан­дай «құр­мет» екенін түй­сі­ну – түк емес. Орыс тілін­де­гі «при­дет­ся» деген етістік еріксіз жаса­ла­тын неме­се лаж­сыз істе­у­ге тура келетін іс-қимыл­ды біл­діреді. Қан­дай аяны­шты: қай­ран­сыз қалған Сал­та­нат-сұлуға қиын соға­тын болды-ау?

…Айт­пақ­шы, мың қаза­қтың бірі біл­мей­тін қай­дағы-жай­дағы gonzo.kz сай­тын­дағы бық­сы­қты былы­қты­рып нем бар еді – егер осын­дай лаж­сызды­ққа «душар болған» қаза­қтарға жаным ашы­маған бол­са?! Әттең-ай, әттең! Қайт­сек, бұлар­ды лаж­сызды­қтан ара­ша­лай аламыз?!

Ермұрат БАПИ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн