Қазақстанда 360 ауылдың АТЫ ӨШЕ МЕ?

 

«Қазақстанда 6 мыңдай ауылдық елді-мекеннің 6 пайызға жуығы экономикалық әлеуеті төмен әкімшілік бірлікке жатады» деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов өткен бейсенбідегі брифингте.

«…Біздің елде 6 мыңдай елді-мекен бар және соның 6%-ы белгілі бір әдістеме бойынша әлеуеті төменге (елді-мекенге – ҚазТАГ) жатады… Және ондай жерлерге салық төлеушінің қаржысы есебінен аурухана, ОДА (отбасылық-дәрігерлік амбулатория) салу орынсыз. Бұл жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар – көшу, басқа жаққа көшіру, яғни еңбек нарығы, жұмыс орындары бар жаққа қарай көшу», – деп атап өтті Д. Арғандықов.

Бұл ретте, оның ақпарынша, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 2015 жылы 37,3 млрд теңге жұмсалады, ал 2014 жылы ол Т94,3 млрд болатын, 2013 жылы – Т102,9 млрд, 2012 жылы – Т57,6 млрд.

Бірақ желге ұшқан бұл қыруар қаржы ауылдың жағдайын жақсартпағаны бар қазаққа мәлім. Ендеше ауылды аман алып қалу үшін, бірінші кезекте қаржы емес, елдегі саяси және экономикалық жүйенің бет-әлпетін өзгерту керек шығар.

Елдос АУЫЛБАЛАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн