ӘР КӘЛЛӘДА – БІР УАЙЫМ…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №20 (291) от 21 мая 2015 г.

 

ТурабиЛЕР тұғыры

 

Расул Жұмалы:

Халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға: Сіздің ұйғаруыңызбен Қазақстанда ең төмен өмір сүру деңгейі 21 364 теңге болып бекітілгені мәлім. Қамқорлығыңызға көп рахмет! Алайда дәл осы 21 мың теңгеге өзіңіз ай бойы күнелте аласыз ба? Шешім қабылдаған – сіз, демек, оның негізді екеніне сізден басқа кім жауапты? Дәлелдеңіз – халқыңызға бұл санның Айдан алынбағанын! Ал енді аштық сынағынан аман-сау шықсаңыз, сізді, әрі сіз бас­таған министрлікті сынамауға өз басым сөз беремін.

 

Аңсаған Мұстафа:

Балалар бірінен кейін бірі суицид жасап жатыр: оқу бітірерде нервылары құрып, әке-шешелері ақша, жұмыс деп, көңіл бөлмей жатқандары бар; оқуды нашар аяқтап, аз балл алып, оқуға түспей қалса, өмір бітетіндей; біз білеміз ғой – ол өмір баспалда­ғының бірінші сатысы ғана, ал алда нешетүрлі басқа сынақтар бар екенін. Бір ауыз жақсы сөз аяп қалмай, болашаққа деген үміттерін ұлайтайық: ештеҢе ойламай, бала болып, жүгіріп жүріп, көп қиындыққа тіреліп қалып жатыр. Көмектесіңдер!

 

Бейсен СерІкбай:

Біздің қауымның көпшілігі еліктегіш, яғни жақсы мен жаманды ажырытып жатпайды. Не болса соны көре береді, тыңдай береді. Қазір бір-біріне еліктеудің кесірінен ана тілде сөйлейтін ағайынның 90 пайызы жалғау-жұрнақтан жұрдай болды. Басқаны қойып, радио, телеарнадағы журналистер мен театр артистері де осылай сөйлейді. Мысалы: келе ма? бере ма?, жүре ма?, емес па?, білесіз ба?, кіресіз ба? Сіз шәкірт тәрбиелеп жүрсіз ба? – деп сұрақ қояды «Шалқар» радиосынан… Айта берсең таусылмайды. Бұл журналистер мен артистер қайдан білім алған, онсыз да шала тілді жалмап бітіретін болды?

 

Халелхан ӘДІЛХАН:

Қазақты құртқан – «тәубе». «Осы күнімізге тәубе – елімізде тыныштық қой, басқа елдерде соғыс болып жатыр…». Міне, бізді құртқан – осы сөз. Басқалар жақсы өмір үшін, балаларының болашағы үшін соғысып жатыр. Бүйткен тыныштығыңды ұрайын! Қазақ айтқан: «Мың күн атан болғанша, бір күн бура бол» деп. Мешітке барсаң да, еститінің осы – тыныштық. Басқалар білгенін істесін, қазақтар тыныш жүрейік дейді. Қыса-қыса к…т ойылды ғой… Әр жексенбі сайын Райымбек батырдың басына жиналып, құран оқып, бас қосып жүрміз. Тамақ алып барып, әңгімелесуге болады: атамыздың басы ғой. Ұлтшыл қазақтар, жиналыңдар! Әр жексенбі сағат 12-де.

 

Imash Balgynbek:

Демеңдер сақал қойса, шал болады,

Бұл сақал ерге көрік – сән болады!

Адам түгіл, аң патшасы арыстанның,

Еркегінің бәрінде жал болады!

Кей інім – жүрсем мен ақын ғой деп,

Ағасын мазақтайды жақындай кеп:

«Сақалыңнан қорықпай – қасыңызға,

Жатып жүрсе, жеңгеміз батыр ғой» деп.

Оянып кетсе, қайта ол қуанады,

Басына нешетүрлі ақылды ой кеп.

Сақалымды сипалап мәз болады:

«Күйеуім – бізге қорған, шатыр ғой» деп.

Содан кейін батады тәтті ұйқыға,

«Арыстаным қасымда жатыр ғой» деп.

 

Айгүл Орынбек:

Балғынбек братан, сіз аң шығарсыз – арыстанға ұқсаған. Ал менің әкем, ағаларым, інілерім – адам!

Сақалға жақсылап жарнама жасапсыз – өзіңізді хайуанаттарға теңеп. Адам болыңыз, хайуан болыңыз: текеде де сақал болған! Өткенде анау келіннің сәлеміне тиісіп, соңында мойындамай кеткен едіңіз – ақталып. Енді бұл жолы не деп ақталады екенсіз? Жүрейік енді – жүн-жүн басып кеткен еркектер мемлекеті болып! Сақалыңыз да, жарнамаңыз да – өзіңізге!

 

Марат Уатқан:

Төл жазуымыз – түрік бітігі туралы білеміз бе?

Орхон бойындағы ескерткіштерге қашалып жазылған жазуды Түрік бітігі атайды. Бітік – көне түрік тілінде «жазу» деген мәнді білдіреді. Мажарлар осыдан 6-7 жыл бұрын өздерінің төл жазуы «мажар-секей» бітігін БҰҰ-на тіркетіп, заңдастырып алған. Ал біз әлі күнге бөтенсумен әлек боп жүргеніміз өкінішті!

Көне түрікше бітік – жазу, моңғолдар – бичиг, мажарлар – betű деп, әріпті айтады.

Мәңгі ел болудың алғы шарты:

  1. Мәңгі Көк Тәңірін тану (түркі дәстүрі бойынша, биліктің бастауы Тәңірден).
  2. Ортақ жазу – Қасиетті Түрік бітігі.
  3. Түрік текті бауырлас мемлекет­тердің одағы.

(Пікірлер интернеттің әлеуметтік желілерінен

алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн