Суббота , 10 мая 2025

КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНА Әлихан Бөкейхановтың АТЫН БЕРУ КЕРЕК!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (291) от 21 мая 2015 г.

 

Дұрыс ұсы­ныс!

 

 

Келесі жылы Әли­хан Бөкей­ха­но­втың туға­ны­на 150 жыл, 2017 жылы Алаш Орда үкі­метінің құры­лға­ны­на 100 жыл толады.

 

Кезін­де әске­ри сынақ алаңын­дағы жабық та, жасы­рын қала болған Кур­ча­то­втың алға­шқы ата­уы «Москва – 400», «Жаға­лау», «Семей-21» деп те атал­ды. Өткен ғасыр­дың 60-жыл­да­ры қалаға КСРО-ны ядро­лық қаруға ие қылған, елі­міз­де ең алғаш атом бом­ба­сы мен суте­гі атом бом­ба­сын сынаған ғалым И.В. Кур­ча­то­втың атын берді.

Ол жер бұрын кар­та­да «Конеч­ная» стан­ци­я­сы неме­се «Мол­да­ры» село­сы деп көр­сетіл­ген. Ядро­лық зерт­теу поли­го­нын құру тура­лы шешім КСРО Мини­стр­лер Кеңесінің және КОКП Орта­лық Коми­тетінің ұйға­ры­мы бой­ын­ша, 1947 жылы 21 тамы­зда қабыл­дан­ды. Поли­гон сынақта­ры­на дай­ын­дық жұмыста­ры 1949 жылғы шіл­де айын­да аяқтал­ды. Қала­ның ірге­та­сы осы кез­де қалан­ды. Сол жыл­дың 29 тамы­зын­да КСРО-да алғаш ядро­лық құры­лғы­ның сынағы өткізіл­ді. Сынаққа тіке­лей ғылы­ми жетек­шілік­ті И.В. Кур­ча­тов атқар­ды. 1953 жылғы 12 тамы­зда поли­гон­да алғаш тер­мо­яд­ро­лық құры­лғы, 1955 жылы 22 қара­ша­да – суте­гі бом­ба­сы сыналды.

Қазір­де Қаза­қстан­ның Ұлт­тық ядро­лық орта­лы­ғы орна­ласқан қала­да жаңа тех­но­ло­ги­я­лар пар­кі ашы­лған. Кур­ча­тов қала­сы­ның құра­мы­на Кур­ча­тов қала­сы­ның өзі, Деге­лең бекеті және Мол­да­ры ауы­лы кіреді. Қазір­гі таң­да қала­ның негіз­гі жүйе құра­у­шы кәсі­по­ры­ны – ҚР Ұлт­тық ядро­лық орта­лы­ғы. Қала­дағы ғылы­ми-тех­ни­ка­лық потен­ци­ал­ды сақтап, жаңа тех­но­ло­ги­я­лар­ды пай­да­ла­ну мақ­са­тын­да ҚР-АҚШ бірік­кен «СЕМТЕХ» кәсі­по­ры­ны құрыл­ды. «КК Интер­кон­нект» атты элек­трон­ды құры­лғы­лар мен печать­ті пла­та­лар­ды өнді­ру кәсі­пор­ны жұмыс жасай­ды. Гео­ло­ги­я­лық бар­лау жұмыста­ры­мен қаза­қстан-аме­ри­кан­дық «ФМЛ Казах­стан» кәсі­пор­ны айна­лы­са­ды. Бұры­нғы сынақ аумағын­да бола­шағы зор қаз­ба бай­лы­қта­ры­ның мол қоры бар. Алтын мен мыс, соны­мен қатар руда емес шикі­затта­ры­на да бай. «Габ­б­ро» табиғи тасын қазу және өңдеу жұмыста­ры­мен «Деге­лең» кәсі­пор­ны айна­лы­сып келеді.

ШҚО-ның бұры­нғы әкі­мі Б.Сапарбаевтың кезін­де Кур­ча­тов қала­сы­ның аумағын­да Абы­ра­лы ауда­нын құру тура­лы баста­ма көтеріл­ген болатын.Үкіметке осын­дай ұсы­ны­стар­мен шыққан сол кез­де­гі облыс бас­шы­сы Кур­ча­то­втағы Ұлт­тық ядро­лық орта­лы­қтың негізін­де ғалым­дар қала­шы­ғы­ның бой көте­ретін­ді­гін, қала­ның осы потен­ци­а­лын пай­да­ла­нып, аудан құру­дың тиім­ділі­гін дәлел­деп бақты.

Бұры­нғы Абы­ра­лы ауда­ны­ның елді мекен­дерінің мал­дан басқа табыс көзі жоқ. Қала­дан арнайы эко­но­ми­ка­лық аймақ құрып, кәсі­по­рын­дар ашы­ла­тын бол­са, аудан орта­лы­ғы бола­тын қала­да елге жұмыс табы­лар еді. Кур­ча­тов қала­сы­ның қазір­гі әл-ауқа­ты жаман емес. Қала­ның эко­но­ми­ка­лық әле­уетін толық іске асы­рып, жер асты қаз­ба бай­лы­қта­рын дұрыс пай­да­ла­на біл­се, бұл өлке әлі-ақ гүл­деніп кететін болады.

Семей ядро­лық поли­гон тер­ри­то­ри­я­сы­ның 95 пай­ы­зын ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на пай­да­ла­на беру­ге бола­ты­нын Ұлт­тық ядро­лық орта­лық маман­да­ры көп­те­ген жыл­дар бой­ғы зерт­теу нәти­же­леріне орай көз жет­кізді. Ал қалған 5 пай­ыз жер ол тіке­лей ядро­лық сынақ жасалған жер­лер. Ондай аумақтар­ды пай­да­ла­нуға мүл­де бол­май­ды деп сана­ла­ды. Қазір­гі уақыт­та бұры­нғы сынақ алаңын­да болған жер­лер­дің зерт­теліп, тек­се­ру­ден өткен бөлік­тері халы­қтың өтіні­ші бой­ын­ша ауыл шару­а­шы­лы­ғы үшін пай­да­ла­нуға беріліп жатыр. Негізі­нен мал шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын қожа­лы­қтар – Шығыс Қаза­қстан облы­сы Абай ауда­ны мен Семей қала­сы­ның және Пав­ло­дар облы­сы Май ауда­ны­ның шаруа қожалықтары.

Соны­мен қоса, бола­шақта АЭС құры­лы­сы бой­ын­ша қала тұрғын­да­ры­ның аза­мат­тық мәсе­лесі де ойлан­ды­ра­ды. Мыса­лы, Бай­қоңыр­да орын алған жағ­дай­лар­дан бар­ша­мыз хабар­дар­мыз. Ғарыш айлағын­дағы тұрғын­дар­дың кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғы қан­ша­ма рет бұзыл­ды. Ресей «Бай­қоңыр» ғарыш айлағын жалға алды. Кур­ча­то­вта стра­те­ги­я­лық нысан салып, оны бір­лесіп иге­ретін бол­са, Бай­қоңыр­дың кебін киюі­міз әбден мүм­кін екенін де жоққа шыға­руға болмайды.

Басқа – басқа, адам­зат бала­сы­на орас­ан зор қауіп төн­дір­ген, қаза­қтың жері мен еліне өлше­усіз қасірет әкел­ген ғалым­ның есі­мін алған қала­ның ата­уын өзгер­те­уді кешік­тір­меу керек. Әрине, ол Кеңе­стер Одағы кезін­де ғылы­мға өлше­усіз үлес қосты деп есеп­тел­ді. Бірақ ол ашқан жаңа­лық адам­затты қырып-жоюға арналған еді. Сол үшін түр­лі мем­ле­кет­тік сый­лы­қтар мен атақтар­ды алып, бар­лық жағ­дайы жасал­ды. Кеңес Одағы­ның сая­си бас­шы­ла­ры елді өркен­де­тудің орны­на жап­пай қырып-жоя­тын қару­ды иеле­нудің жолы­на барын сал­ды. Осы жол­да халы­қтың бай­лы­ғы мен өмірін де аяған жоқ. Ақы­ры өздерінің түбіне жетіп тынды.

Семей поли­го­ны арқы­лы қазақ халқын сынақтың ныса­ны­на айнал­дыр­ды. 40 жыл бой­ғы сынақтар кезін­де жүз­де­ген мың адам ради­а­ция сал­да­ры­нан ауруға ұшы­рап, көз жұм­ды. Жас сәби­лер өмір есі­гін аша салып шеті­неп кет­ті. Өз-өзіне қол жұм­сап жатқан­дар осы күн­ге дей­ін тый­ы­лар емес. Эко­ло­ги­яға кел­ген зиян­да өлшеу жоқ. Еура­зия құр­лы­ғы­ның кін­ді­гі орна­ласқан Деге­лең сын­ды Сары­арқа­ның шоқты­қты да қастер­лі бір тауын күл­ге айналдырды.

Бүгін­гі еге­мен ел ретін­де қаза­ққа өлше­усіз қасірет әкел­ген залым ғалым­ның атын жері­міз­ден, халы­қтың сана­сы­нан мүл­де өші­ру керек. Ол тіп­ті А.Сахаров сын­ды осы сынақта­ры үшін халы­қтан кешірім сұрап, опы­нып өкін­ген де жоқ.

Ал біз бол­сақ, Кур­ча­тов сын­ды адам­ның есі­мін алған қала ата­уын өзгерт­кі­міз кел­мей­ді. Оны Пет­ро­павл мен Пав­ло­дар секіл­ді мәсе­ле қылып көтер­ген де емеспіз.

Енді «Ғылым қала­сы» мәр­те­бесі бар осы қалаға Әли­хан Бөкей­хан есі­мі әбден лай­ы­қты деп ойлай­мыз. Бұл қала­дан өзінің туған жері Ақтоғай да алыс емес. Сынақ алаңы­ның эпи­цен­трі болып, күл­ге айналған Деге­лең тауы­ның құр­метіне қала­ның бір ауда­нын «Деге­лең» деп ата­са дұрыс болар еді.

Айтқан­дай, тарих­шы-ғалым­дар қозғап жүр­ген бір мәсе­ле – 2017 жылы Алаш Орда үкі­метінің құры­лға­ны­на 100 жыл толу құр­метіне орай осы үкі­мет­тің 1917 жыл­дан 1920 жылға дей­ін ресми аста­на­сы болған Семей қала­сы­ның Жаңа Семей бөлі­гін «Алаш» қала­сы деп ата­уды да ұмыт­пай, заң­да­сты­рған жөн. Әли­хан мен Алаш есі­мін бір-бірі­нен бөліп қарай алмай­мыз. Осы істің шеші­мі өзі­міздің ерік-жігері­міз­ге бай­ла­ны­сты болмақ.

Ардақ БЕРКІМБАЙ,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн