Воскресенье , 6 июля 2025

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: Қазіргі журналистер «КӨК ЕЗУ ҚЫРТҚА» айналып барады…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (291) от 21 мая 2015 г.

 

ДАТ!

 

Бүгін­гі «ДАТ!» айда­ры­ның қонағы – кезін­де­гі «Хабар» теле­а­гент­ті­гінің «оты­мен кіріп, күлі­мен шыққан» бел­гілі теле­жур­на­лист, қарым­ды қалам­гер Арман Сқа­бы­лұ­лы. Сонау 90-жыл­да­ры Қазақ­станда «жаңа теле­ди­дар­ды» қалыптас­тыруға атса­лы­сқан, ақпа­ра­ты құрып қалған кеңістік­ті хабар­мен «тол­ты­ру­дың» тісқаққан мама­ны болған аза­мат­пен ара­дағы сұхбат­тасуымыз кәсі­пқой жур­на­ли­стер тілін­де­гі сөз бол­са да, оның басты маз­мұ­ны қожа­лақ қоға­мға қаты­сты әбі­гер­лі әңгі­ме еді. Оқып көріңіз.

Ермұрат БАПИ

 

– Арман мыр­за, «Фейс­бук» желісіне салған соңғы бір суретіңіздің асты­на «қырт» тір­лік­тен жеріп жүр­мін…» деген­дей жаз­ба қал­ды­рған екен­сіз. Ол «қыр­ты­ңыз» – қай «қырт»: баян­сыз базы­на ма, әлде әділет­сіздігі әл бер­мей­тін қоғам­ның қия­на­ты­на көр­сет­кен кәсі­пқой жур­на­ли­стің «қырсық­тығы» ма?

– «Қырт» деп кім­ді айту­шы еді, Ере­ке? Ең алды­мен айтқан сөзі айда­лаға кетіп жата­тын езбе адам­ды айт­пай ма? Көңіл­іңізге кел­месін, сіз де, мен де қа­зір «қырт­тар­мыз». Бір­деңе айт­қан бола­мыз, бір­деңені дә­лелдеп жазған бола­мыз – еш­кім оны құлағы­на қысты­рып жат­қан жоқ. Қазір­гі журналис­тер жай ғана «қырт­тар» емес, «көк­ езу қырт­тарға» айна­лып бара­ды. Негіз­гі мін­деті­міз – қо­ғамдық үрдіс­ке ықпал ету бол­са, біз одан әлдеқа­шан айы­ры­лып қалған­быз. Әсіре­се қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы! Маман­ды­ғың «қырт­ты­ққа» айнал­са, тір­лі­гің де «қырт тір­лік» бол­май қайт­сін! Бұл жер­де ешқан­дай «қыр­сықтық» жоқ. Қоға­мға қырсы­ғатындай жур­на­ли­сте қай­бір қауқар бар дейсіз…

 

– «Қырт­тар­дың» қата­ры­на жур­на­ли­стер қауы­мын қосқа­ны­ңыз жақ­сы жаңа­лық екен! Рас, бұған бір ауыз қарсы­лығым жоқ: «айдаға­ны бес ешкі – ысқы­ры­ғы жер жарған» нағыз көк­езу бол­дық. Деген­мен, сіздің «қырт­тығы­ңызды» қай­дам, ал менің жеке басым елі­міз­де­гі теле­ди­дар журналис­тикасының жаңа тарихын­да орны бар сіздің есім-есеңізді мой­ын­дай­мын. Басқа­сын айт­паған­да, кезін­де «Хабар» агент­ті­гін ақпа­рат әле­міне әкеліп, оны қаза­қстан­дық кеңістік диа­па­зо­ны­на тара­туға қосқан үлесіңіз бір төбе. Деген­мен, қаза­қ­ша­лап айтқан­да, бауыр етіңіз бір­ге бітісіп кет­кен теле­жәшіктен неге жеріп кеттіңіз?

– Сол «Хабар­дың» шаңыра­ғын көтеріп, ыстық-суы­ғы­на көн­ген Вла­ди­мир Рерих кете­рін­де: «Мен мұн­дай «Хабар­ды» құрған жоқ­пын!» – деп, айқай­ла­тып сұх­бат беріп, өкпе­леп кет­ті. Осы сөз­ге алып-қоса­рым шама­лы. Жалғыз мен емес, сол арна­ның уығын қадасқан, кей­ін елдің бел­ді жур­на­ли­стеріне ай­налған, «Хабар­дан» кет­кен көп­теген әріп­те­стерім­нің берер жау­а­бы да осын­дай бола­ры­на күмәнім жоқ. Олар «су ішкен құды­қта­ры­на түкір­гілерi» кел­ме­гендіктен, ойла­рын ашық айт­пайды. Бір ауыз сөз­бен айтар бол­сам, бүгін­гі «Хабар­да» біз істей­тін жұмыс қалған жоқ. Арна­ның бағыт-бағ­да­ры соңғы жыл­да­ры мүл­дем өзгер­ді. Елі­міздің негіз­гі ақпа­рат­тық арна­сы­нан ойын-сауық, шоу-думан­ға айна­лып жатыр. Ақпа­рат­тар ағы­ны «24 kz» арна­сы­на өтті. Өзін­де қалған жібі түзу бағ­дар­ламалардың денін аут­сор­синг ком­па­ни­я­ларға бөліп бер­ді. Кей­бір сал­мақты бағдарла­малар мүл­дем жабыл­ды. Бір кез­де­гі дүріл­де­ген, елдің ең бас­ты теле­ар­на­сы дей­тін құры­лымнан қазір ештеңе қалған жоқ. Оны өздеріңіз де көріп жүр­сіз­дер. Қазір­гісі «НТК» мен «ХИТ-ТВ»-ның ар жақ, бер жа­ғындағы бірдеңе…

Ал мен қыз­мет істе­ген Алма­ты фили­а­лы­ның жағ­дайы тіп­­ті мүш­кіл. Қай­та-қай­та болып жатқан қысқар­ту­лар мен Ас­танаға бет алған «ұлы көш­тің» әсері­нен мұн­да білік­ті жур­на­ли­стер мен теле­ма­ман­дар мүл­дем қал­ма­ды десе де бола­ды. Екі мил­ли­онға жуық тұрғы­ны бар, аса ірі мәде­ни­ет орта­лығы болып сана­ла­тын қала­да «Хабар» фили­а­лы­ның қаңы­рап қалуын өз басым үлкен қателік деп есеп­тей­мін.  Бұл артқы ше­бін жалаңаш тастап, жауға шап­­қан­мен бір­дей. Тіп­ті сая­си қа­­телік деу­ге де бола­тын шығар…

 

– Сіздің бұл «кетісіңіз» аза­мат­тық ұста­ным­нан шыққан шешім десем, қат­ты қате­ле­се қоймай­ды екем. Біздің редак­цияға бұдан бұры­ны­рақ кел­ген хат­тар­дың бірін­де «Хабар­ды» осын­дай күй­ге түсі­ру – жоғарғы жақтың есебі­мен жасал­ған амал деген пікір айты­лған еді. Оның мән-мақ­са­ты – кезін­де­гі Дариға Назар­ба­е­ва­ның ақпа­рат­тық кеңістік­те­гі ықпа­лын әлсіре­ту­ден туған қисап болуы мүмкін…

Ал енді бір бақылаушы­лардың пікірі бой­ын­ша, «Хабар­дың» мұн­дай жағ­дай­ға тап болуы­на оның бүгін­гі бас­шы­сы Айдос Үкі­бай­дың кәсі­би білі­гі кесір боп оты­рған сияқты. Расын­да, кеше ғана «Хабар­ды» канал еткен мүй­ізі қарағай­дай жур­на­ли­стер­дің қолы­на су құюға әзер-мәзер жарап жүр­ген «бала­ның» бүгін­де өзін жур­на­лист еткен аға-әпке­леріне бастық бола қалуы – құры­л­тай­шы­лар тара­пы­нан табы­лған шешім деп айта алмаймын…

– Мен ешкім­нің түрін түстеп, атын атап айт­пай­ын: бірақ «Ха­бардың» қазір­гі бас­шы­лы­ғы, не­­ге екенін – өз пікірі бар, тә­жіри­белі жур­на­ли­стер­дің арна­дан кет­кенін іштей «қалап» оты­ра­ды. Әлгі Ста­лин деген бәле би­лік қолы­на тиген соң, өзінің кем­шіліктерін жақ­сы білетін үзең­гіле­стері­нен бір­тін­деп құ­тылғанын білетін шығарсыз?

 

– …

– Бірақ біздің бас­шы­лық Ста­лин емес еді… Біздің де Троц­кий болып тұрға­ны­мыз ша­малы. Дана Нұржігіт,Серік Абас-шах, Берік Уәли, Жай­на Слам­бек, Еркін Бай­ға­бы­лұ­лы, Дина Төле­ко­ва және тағы басқа да әріп­те­стерім­нің ізі­мен мен де өзім арыз жазып, басшы­лық­ты «қуан­тып» кете бар­дым… Бұл жер­ден ешқан­дай сая­сат ізде­мей-ақ қоя­лық. Он бес жыл мем­ле­кет­тік арна­да істеп, «бір күн­де өзгеріп кет­тім» десем, елден ұят болар. Менің өмір­лік ұста­ны­мым өзгер­ген жоқ. Сол арна­да жүріп те шын­дықты айтуға тыры­са­ты­н­мын. Қазір де солай!

 

– Маған бүгін­гі қазақ­стан­дық теле­жур­на­ли­сти­ка әкім-қара­лар дай­ын­дай­тын дау­ры­қ­па «пресс-рел­из­дің» жур­на­ли­сти­ка­сы болып кет­кен сияқты болып көрі­неді. Дай­ын рел­из­де не жазыл­­ғанын түсін­бей­тін жап-жас қыз-жігіт­тер­дің экран­нан екпін­дей сөй­­­леп, көсем­сі­ген кей­іп таны­туы көбей­іп кет­кен жоқ па?

– Көбей­се – көбей­ген шы­ғар. Бірақ, менің ойым­ша, жас­тардың бұл жер­де кінәсі жоқ. Кезек­ті ақпа­рат мини­стрінің «эфир­де беті әде­мі, жұрт сүй­сіне көретін жүр­гі­зу­шілер оты­руы тиіс» деген жаңа­лы­ғын ала кел­ген де уақыт бол­ды. «Министр сені көр­гісі кел­мей­ді екен» деп, бел­гілі ком­мен­та­тор Аман­гел­ді Сей­іт­ханды эфир­ден ала­ста­та­тын да сол кез ғой. Жалғыз Аман­гел­ді емес, талай тәжіри­белі жүр­гі­зу­шілер сол «баста­ма­ның» құр­ба­ны бол­ды. Эфир­ді «жұл­ды­зқұрт­тар» мен беті жыл­тыр әншілер жау­ла­ды. Әлі күн­ге солай. Өзіңіз айтып оты­рған «экран­нан екпін­дей­тін» ұрпаққа да сол кез­де жол ашылды.

Жағым­паз­да­ну емес, Дари­ға Назар­ба­е­ва «Хабар­ды» құр­ған кез­де алды­мен осы беті жыл­тырақ, іші қуы­стар­дан эф­ир­ді таза­лау үшін күрес жүр­гізген. Сарап­та­ма­лық бағдар­ла­малардың жүр­гі­зу­шілері өзі жазған мәтін­мен, өз сарап­та­ма­сы­мен шығуы тиіс деген талап қой­ған. Нәти­же­сін­де қан­шама өзін­дік пікірі бар жур­на­ли­стер шоғы­ры қалып­та­сты. Қа­зір, өкініш­ке орай, «өлі көз­дерімен» біре­удің дай­ын­дап бер­ген сөз­дерін оқып оты­ра­тын «қуыр­шақ» жүр­гі­зу­шілер қай­та көбей­ді. Актер­лік шебер­лікке салып, қан­ша екпін­дет­се де, олар­дың сөз­деріне ел сен­бейді, сен­ді­ре де алмайды.

Ал «пресс-рел­из­дік» жур­на­лис­тиканың кел­гені – кел­ген. Бұл жер­де де жастар­дың еш кінәсі жоқ. Оларға бағыт-бағ­­дар беретін, олар елік­тей­тін, тіп­ті оларға қалай жазу­ды үй­рететін тәжіри­белі жур­на­ли­стер қалған жоқ теле­ар­на­лар­да… Орыс­ша мәтін­ді шала­жан­сар «онлайн» сөздік­тер­мен ауда­рып, мақа­ла жаз­дым деп жүр­ген жастарға жүре­гім ауы­ра­ды. Шынымен!

 

– Жал­пы, бүгін­гі жур­на­ли­сти­ка­ны қоғам­да қалып­тасқан сая­си-әле­умет­тік жағ­дай­дан бөліп алып баға­ла­у­ға бол­май­ты­ны бел­гілі жәйт: билі­гің қан­дай – жур­на­ли­сти­каң сон­дай; айда­уың қалай – бай­лауың солай! Бірақ ары­ға бар­май бай­ып­тар бол­сақ, соңғы 15–20 жыл­да қоғам­да қалып­тасқан сая­си аху­ал жал­пақ­ше­шей жур­на­ли­сти­ка­ны, жарам­сақ жаз­ғыштарды қау­ла­тып жібер­ді. Оның нәти­же­сі – қоғам­дық журналисти­каның толық тоқы­ра­уы­на алып кел­ді. Менің осы ойым ақиқат­тан қанша­лықты қиғаш кет­ті деп ойлайсыз?

– Қоғам­дық жур­на­ли­сти­ка біз­де ешқа­шан болған жоқ, Ере­ке! Билік­тің неме­се бел­гілі бір топ­тар­дың, өздерін оппо­зи­ци­я­мыз деп есеп­тей­тін­дер­дің сой­ы­лын соғып кел­гені­міз шын­дық қой.

Ал жал­пақ­ше­шей журна­лис­тика бұрын­нан бар. Бола береді де. Тек көз­ге мақтау де­геннің тым шек­тен шығып бара жатқа­ны рас. Тіп­ті бұдан халық жері­не баста­ды. Өз басым мұны жур­на­ли­стік шебер­лік­тің жоқты­ғы­нан деп біле­мін. Екі сөздің басын әзер құрап жүр­ген тіл­ші­ге мақта десеңіз, «бе­ті­ңізге былш еткізіп» мақта­удың көкесін көр­сетіп береді. Дат­тау да солай! Қаза­қтың құдірет­ті тілі­мен нені де бол­са астар­лап беру­ге бола­ды ғой. Тіп­ті сол «Хабар­да» жүріп те кере­мет ас­тарлы, «мақта­мен бауы­здай­тын» дүни­е­лер жаса­уға бола­ды. Кезін­де солай бол­ды да.

 

– «Қоғам­дық жур­на­ли­сти­ка» деген­де, мен «қоғам­дық теле­ди­дар­ды» емес, жал­пы жур­на­ли­сти­ка ілі­мінің қоғам­да­ғы әлсіреп бара жат­қан рөлін айт­пақ болған едім. Батыл ой бай­ланған жер­де жур­налистика деген жары­қтық бат­паққа батқан күй кешеді, ел орта­сын­да қалып­тасқан бире­сим қоғам­дық пікір қора­ла­нып, сая­сат тех­но­лог­та­ры жасаған билік­ке жағым­ды пікір ел сана­сы­на сіңіріледі. Осын­дай үрдіс­ке еріксіз бағы­нған, ой-сана­сын билік­тің нұсқа­уы меңде­ген жур­на­лист терең­нен тар­тып, ақиқатқа қоң­сы сөз айту­дан қағылады.

Рас, жал­пы жур­на­ли­сти­ка­ны «ежел­гі кәсіп» санай­тын ойдың ойра­ны туып тұр: қалып­тасқан сая­сатқа бағы­ны­шты ақпа­рат әле­мі шек­те­улі болған соң, бей­бақ жур­на­лис­ке басқа барар жер, басар тау жоқ – кім жем шаш­са, соның тау­ығы болу­дан өзге таң­дау тап­шы. Бұл жағ­дай жалғыз жур­на­ли­сти­ка сала­сы­на ғана емес, тұтас аза­мат­тық қоға­мға ашық ойдың кен­делі­гін туды­рған жәйт бол­ды деген пікір­ге қан­дай алып-қоса­ры­ңыз бар?

– Бұл ойы­ңы­з­бен келі­се­мін. Өзіңіз айтқан «қоғам­дық жур­на­лис­тикаға» жету үшін де, қа­лам ұстаған пақы­ры­мыз тым құ­рығанда мате­ри­ал­дық тәуел­сіздікке қол жет­кі­зуі керек қой. Әу бастан жары­маған қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы соңғы жыл­да­ры тізер­леп, алақан жая­тын жағ­дайға жет­ті. Сол «жем ша­шатындардың» өзі азай­ып бара жатыр. Бай­шы­ке­ш­тер бұрын газет, теле­ви­де­ниені өзінің айба­рын асы­ра­тын, жама­нын жасы­ра­тын құрал ретін­де ұстап, сол үшін қар­жы бөлетін. Тіп­ті үлкен сай­ла­у­лар­дың алдын­да арнайы мақ­сат­пен түр­лі басы­лым­дар ашы­лып жату­шы еді. Енді ол да жоқ. Өйт­кені біз­де бұқа­ра­лық ақпа­рат құралда­рына көп қар­жы жұм­са­май-ақ сая­си науқан­дар­ды өткізу­ге бола­тын аху­ал қалып­та­сты. Ал «бөтен ойлы» бірен-саран басы­лым­нан билік сес­ке­нуді қой­ған. Жур­на­ли­сти­ка­ның «ежел­гі кәсіп­ке» бір табан жақын­да­уы­на олар­дың әле­умет­тік жағы­нан қорғал­мауы да себеп болу­да деп ойлай­мын. Тіп­ті мемле­кеттік арна­да істей­тін­дер­дің де жағ­дай­ы­ның жетісіп тұрға­ны шама­лы. Аста­на­ны біл­мей­мін, Алма­ты­дағы «Хабар­дың» қара­пайым жур­на­лисiнің жалақы­сы 40 мың тең­ге­ге жет­пей­ді. Қал­ғанын қала­мақы­мен таба­ды де­гендері болу керек. Бағдар­ламалардың көп­шілі­гі аут­сор­синг­ке беріліп, қалға­ны Аста­наға ауып жатқан­да, қай­дағы қала­мақы? Қырық мың тең­ге­ге дені дұрыс жур­на­лист жұмыс істе­мей­ді ғой… Ашқұр­сақ тіл­шіде қан­дай «ашық ой» болуы мүм­кін, Ереке!

 

– Жақ­сы айт­ты­ңыз, Арман! Иә, ашқұр­сақ тіл­ші­ден «ашық ой» күту қиын. Деген­мен, құр­сақ бол­сын, ұрпақ бол­сын – бір қам­мен кәсібіңіздің енді­гі өрісін интер­нет-жур­на­ли­сти­каға қарай бұрған екен­сіз. Шексіз-шет­сіз кеңістік­те етік­ті қоңы­л­та­яқ киген адам сияқты боп жүр­ген жоқ­сыз ба?

– Менің кәсібім – журналис­тика. Ал жур­на­ли­сти­ка деге­німіз – теле­ви­де­ние, радио, бас­пасөз, сосын өзіңіз айтып оты­рған интер­нет те емес пе? Тіл­шілік жолым­ды газет­тен баста­дым. Сосын «ТВ» деп табан тоздыр­дым. Енді сай­тқа сарап­та­ма жазып жүр­мін. «ТВ»-да жүр­­ген­де-ақ сайт­тарға жазған­дарым жиі жари­я­ла­нып тұра­тын. Ол кез­де «хоб­би» еді. Енді ол ермек негіз­гі жұмысы­ма айналды.

 

– Айт­пақ­шы, интер­нет-басы­лым­дар­дың дамуы­мен қағаз газет­тер­дің күні қараң бола бастаға­нын өз басым­нан кешіріп отыр­мын: соңғы 2–3 жыл­дан бері газет тара­лымының өсуі тоқта­ды. Біздікі – иман-тара­зы жағ­дай, өзге­лердің тара­лы­мы күрт түсіп, кей­бір газет­тер жабы­лып жатыр. Газет­ті құжат деп санай­тын қазақ үшін бұл қалып­ты жағ­дай дей ала­мыз ба?

– Иә, газет­тер үшін бұл бір қиын жағ­дай болып тұр. Ғалам­тордың дамуы­на қара­саң, бұл үрдіс қалып­ты жағ­дай сияқты. Бүгін бол­ма­са да, ертең мұны мой­ын­да­уға тура келеді. Басы­лым иелеріне де газет­тен гөрі сайт ұстаған қар­жы­лық жағы­нан тиім­ді екені рас қой. Бірақ сол интер­нетіңiз қаза­ғы қалың ауыл­дарға әлі жет­кен жоқ! Өз басым алдағы бес-он жылға дей­ін газет керек деп есеп­теймін. Сосын сала­лық газет­тер ғана қала­тын шығар. Бірін-бірі қай­та­лай­тын газет­тер­дің күні өтіп бара­ды. Оған өзі­міз де кінәлі­мiз. «Қай­рат Нұр­та­стың «Бент­ли» маши­на­сын сатып алған» жаңа­лы­ғы­мен оқырман­ды, көре­рмен­ді алдай алмай­мыз қазір. Оқыр­ман ойлы, са­раптамалық дүни­е­лер­ге сусап отыр. Оны кім жаза­ды? Мәсе­ле – сонда!

 

– Соны­мен, кезін­де­гі «Хабар­ды» теле­ар­на қылуға атса­лы­сқан Арман Сқа­бы­лұ­лы қыса­сты­қтан «қоңыз теріп кет­пе­генін» біл­дік: бүгін­де Ult.kz пор­та­лы­нан басқа не тір­лі­гіңіз бар?

– Қолы­нан жазу келетін адам ешқа­шан «қоңыз теріп» ке­те қой­мас, Ере­ке! Жұмыс көп. Ғалам­тор­дағы тір­лік­тен өз­ге бір көр­кем фильм­ге сце­на­рий жазып, оны өндіріс­ке өткіздік. «Қаза­қ­фильм» қабыл­дап алды. Кеше ғана ауыл өмі­рін қаза­қы қал­жы­ң­дар­мен көр­сететін коме­ди­я­лық сери­ал­дың сце­на­рийi жазы­лып біт­ті. Өткен жыл­дың соңын­да «Өкпе­ле­ме­ші» атты жинағым­ның жарық көр­генін білесіз. Жұрт­шы­лық жаман қабыл­да­маған сияқты. Сол шығар­ма­шы­лы­ғым­ның жалға­сы ретін­де кеше­гі-бүгін­гі «Хабар» жай­ын­да бір дүниенің жазы­лып жатқа­нын айта кетейін.

 

– Айт­пақ­шы, бұл сұхбат­тың бісі­міл­ләсін сол «Өкпе­ле­ме­ші­мен» бас­тауға бола­рын қапер­ге алмап­пын. Бұл да өмір­де­гі көп біл­ме­стік­тің бірі дер­сіз: ол дүниені оқып шықтым – тама­ша! Құт­ты бол­сын! Шама­сы, енді­гі оқы­ла­тын кітап­тың келе­ше­гі осын­дай «қолға ұста­ла­тын» әде­би­ет­тің әлпе­тіне қарай ойы­са­тын шығар. Дай­ын «пресс-рел­из­дің» өңін айнал­ды­рып, жур­на­лист болып жүр­ген іні-қары­н­­дастарға ақыл айтар­лық дүние бұл кітап­та бар­шы­лық екен…

– Жастар­дың бар­лы­ғы дай­ын «пресс-релиз­ге» жабысып қал­ды деген ойдан аулақ­пын, Ере­ке! Қолы­нан жазу келетін та­лай жасты мен де бай­қап жүр­мін. Өзіңіз айтқан «шет­сіз, шексіз ғалам­тор кеңісті­гін­де» өзін­дік үні, ұста­ны­мы бар талай жас жур­на­лист жүр. Әттең, ол­ардың мүм­кін­ді­гін сол вир­ту­аль­ды әлем ғана пай­да­ла­ну­да. Ал газет пен теле­ди­дар­ды, ке­рі­сінше, жур­на­ли­сти­ка­ны «пресс-рел­из­ді» ауда­ра салу деп түсі­нетін­дер­дің жау­лап ал­ғаны өкіні­шті, әрине. «ТВ»-ға эфир­ге шығу үшін, тіп­ті ман­сап үшін бара­тын­дар бар. Ұят та бол­са айтай­ын, Серік Абас-шах қыз­меті­нен кет­кен күні осын­дай жастар­дың бірі ізін суыт­пай аға-көке тамыр-таны­ста­ры­на теле­фон шалып: «Маған осы ор­ынды алып беріңіз­ші», – деп өтініш жасаған­да, жаға­мы­зды ұста­дық. Әлгі дегеніне жет­ті де. Бұдан жур­на­ли­сти­ка ұтты ма, ұтыл­ды ма – оны Абас-шах­тың «ТВ»-да үңірей­іп қалған орнын бай­қаған­дар біле жатар деп ойлай­мын… Теле­ди­дарға ман­сап үшін емес, жур­на­лист болып қалып­та­су үшін барыңыз­дар, жас әріп­те­стер! Ман­сап – қол­дың кірі, ал жақ­сы журна­лис­т жұмыс­сыз қал­са да, оны жау алмай­ды. Оларға бұдан басқа не айтайын?!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн