Воскресенье , 20 апреля 2025

КИІКТЕР неге ҚЫРЫЛДЫ?

Ақтө­бе облы­сын­да киік­тер­дің жап­пай қыры­луы­ның себебі –анаэ­роб­тық энте­ро­ток­се­мия деп есеп­тей­ді рес­пуб­ли­ка­лық вете­ри­нар­лық зерт­ха­на­ның өңір­лік фили­а­лы­ның мамандары.

 

Маман­дар­дың пай­ым­да­уын­ша, Қызыл кітап­тық киелі жану­ар­лар­дың жап­пай қыры­луы «шөп ауруы» деп ата­ла­тын кесел­дің себебі­нен болып отыр. Оны туды­рған осы өңір­де жауын­ның нөсер­летіп жау­уы. Көк­ті арты­ғы­мен жеген киік­тер ток­син­дер­мен ула­нып қалды.

«Толық бак­те­рио­ло­ги­я­лық сына­ма жасал­ды. Біз «анаэ­роб­тық энте­ро­ток­се­мия» диа­гно­зын қой­дық. Менің­ше, бұл жер­ге мал­ды жай­мау керек. Келесі жылы да киік­тер осы өңір­ге кіріп кет­пе­уіне шара­лар қол­да­ну керек деп ойлай­мын», – деді «Рес­пуб­ли­ка­лық вете­ри­нар­лық зерт­ха­на» РМК АФ дирек­то­ры Сай­фул­ла Зарманов.

Ырғыз–Торғай резер­ва­тын­да жағ­дай тұрақталға­ны­мен және киік­тер­дің өлі­мі тоқтаға­ны­мен, маман­дар оның қай­та­ла­нуы­нан секем­деніп отыр. Маман­дар осы ауру аны­қталған жер­лер­ді өңдеу керек деп есептейді.

Бұл екі ара­да Қоста­най, Ақтө­бе және Ақмо­ла облы­ста­рын­да 121 мың­дай киік өлді, деп хабар­ла­ды ҚР Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қыз­меті­нен. «ҚР Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гін­де Қоста­най, Ақтө­бе және Ақмо­ла облы­ста­ры аумағын­да киік­тер­дің Бет­пақ­да­ла попу­ля­ци­я­сы­ның жап­пай қыры­лу фак­тісін аны­қтау бой­ын­ша ауыл шару­а­шы­лы­ғы вице-мини­стрі Ерлан Нысан­ба­ев­тың төраға­лы­ғы­мен жұмыс тобы­ның оты­ры­сы өтті», – делін­ген ведом­ство сай­тын­да жари­я­ланған хабарда.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн