Воскресенье , 20 апреля 2025

Баяғы жартас – БІР ЖАРТАС

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (292) от 28 мая 2015 г.

 

Тура билер тұғыры

 

Ақсәу­ле Әлжан:

Басты жаңа­лы­ғы­мы­здан бастай­ын. Бәрі білетін сияқты, бірақ есті­ме­ген­деріңіз де бар шығар. «Жетін­ші арна» жаңа­лы­қта­ры соңғы рет осы жұма­да 20.00-де шыға­ды. Содан кей­ін бол­ды – теле­ар­на өз бағы­тын ойын-сауық арна­сы­на ауыстырады.

Біздің жаңа­лы­қтар жабы­ла­ды деген­де, қат­ты таң қалға­ны­мыз да жоқ. Жур­на­ли­сти­ка мүсә­пір күй­ге ұшы­рап, айта­ты­нын айта алмай, айт­са, не бола­ды деп қорқақтай­тын заман­да, цен­зу­ра сырт­та емес, іште болған заман­да – басқа­ша қалай бол­сын! Мұн­да арна бас­шы­ла­ры­ның түк кінәсі жоқ, жүйе кінәлі. Маман­ды­ққа деген құр­мет­тің жоқты­ғы кінәлі.

 

 

Серік Сапарға­ли:

Он ай қамаудан шыққан­нан кей­ін поли­цей­лік фор­ма­дағы­лар­ды көр­сем, бас салып қылқын­ды­рғым келіп тұра­тын… Солар­дың талай иттерін көр­дім, зона­лар­да не сұм­дық болып жатқа­нын да естідім.

Жаңаө­зен­де қару алған 92 поли­цай­дың көбі қазақ бол­са да, біре­уі: «Мен қаза­қты атпай­мын!» – деп авто­мат­ты лақты­рып таста­маған соң, солар­ды иттің еті­нен жек көремін!!!

Жазы­қ­сыз, тапқан айлы­ғын сұраған мұнай­шы­лар­ды қорғаған мен де әлі сая­си сот­талған болып, қуда­лау көріп отыр­мын. Теле­фон тың­далған соң, қара­пай­ым инже­нер болып, МАБ кол­ле­джі мен «Ара­сан» мон­ша­сы­на да орна­ла­суы­ма жол бермеді.

Ал адам өлтір­ген қані­шер поли­цай­лар бостан­ды­қта тай­раң­дап жүр деп естіп жатыр­мын. Бірақ олар Алла­ның соты­нан қашып құты­ла алмайды!!!

 

 

Дәу­летқа­ли Асауов:

Орыс шови­низ­мі, Кремль­дің мем­ле­кет­тік тер­ро­ры тура­лы бір­деңе айта бас­та­саң, Ресей Педе­ра­ци­я­сы­ның мүд­десін қол­да­у­шы­лар мен оры­сқұл­дар: «Сен­дер­ді АҚШ, Батыс айдап салып отыр» деген­дей сыңай таны­та­ды. Тіп­ті осын­дағы крем­ль­шіл поле­та­ев, кня­зев, т.б. бықи-тықи­дың уәж­дері осы. Солай-ақ бол­сын. Оу, сон­да Қазақ ақпа­рат кеңісті­гінің 80 пай­ы­зы, елде­гі қоғам­дық-сая­си-эко­но­ми­ка­лық өмір­дің дені орыс тілін­де бола тұра, олар­дың бай­ба­лам салып, бөрінің к…дей шуыл­дай­тын­да­ры несі? Қаза­қстанға оры­стан басқа­ның ықпа­лы жүр­месін, орыс идео­ло­ги­я­сы­нан басқа­ны тың­да­ма­сын дегені ме?

Қазақ үшін Ресей де – АҚШ сияқты жат ел. Біз­ге ешкім­нің ықпа­лы жүр­ме­гені керек. Бірақ біз­ге қазір ең қауіп­ті ел – Ресей. Бүгін­ге дей­ін Қаза­ққа Ресей­ден көп жауы­здық жасаған мем­ле­кет жоқ. Сон­ды­қтан Қаза­қстан Ресей­дің отар­шыл­дық ықпа­лы­нан арыл­май, ақпа­рат­тық кеңісті­гі­мізді оры­стың идео­ло­ги­я­сы­нан тазарт­пай, біздің шын тәу­ел­сіз елміз деуі­міз бекер.

 

Қуан­дық Шамахайұлы:

Айла­кер­лік­тің ең бір сұрқия түрі – сая­си жағым­паз­дық. Жоға­ры билік­те оты­рған­дарға жағым­паз­да­нып өз ұпай­ын түген­деу. Сон­дай-ақ сай­лау кезін­де халы­қтың дау­сын жинау үшін неме­се сая­си қай­рат­кер­лер­ге, бел­гілі бір топ­тарға жағу мақ­са­ты­мен де жағым­паз­да­ну бар. Жағым­паз­да­ну арқы­лы қар­сы жаққа оңдыр­май жала жауып, көз­де­ген тұлғаға шаң жуыт­пай, ақты қара­мен неме­се керісін­ше бояп, жауыр­ды жаба тоқи­ды. Бұл тұрғы­дан кел­ген­де, сая­си жағым­паз­дық – сая­сат сала­сын­дағы тұлға­лар­дың мораль­дық тұрғы­дан барын­ша азғын­даға­нын, дең­гей­лерінің тым төмен­де­генін көр­се­тетін фактор.

 

 

Абзал Сақтан:

Қазақ тек­ті халық деп айту­дан шар­ша­май­мыз. Бірақ осы елең ете қал­са, бір­деңе­ден қорқып, шошы­нып қала­ты­ны несі? «Атым­ның тұяғы тиген жер менікі», – деп, кеудесін кер­ген қаза­қтан қоры­ққан қытай «біздің жері­міз­ге аты­ның тұяғы тиіп кетер» – деп қоры­ққан­нан Ұлы қытай қорға­нын құр­ды емес пе? Көр­шісін үрей­де ұстаған қаза­қтың мықты­лы­ғы қайда?

…Бір аға­мыз Ресей­де бір армян әйел­дің үйін­де тұрып­ты. Әлгі кәрі әйел жалғыз өзі екі қабат­ты зәулім үйде, көлі­гін мініп, бай тұра­тын көрі­неді. Шару­а­ла­ры бітіп, елге ора­лар­да армян әйел шыда­ма­стан жылап оты­рып қаза­ққа мұңын шағыпты:

Мені Алла кешір­мес. Кеңес үкі­метінің бұй­ры­ғы­мен арнайы при­вив­ка деген нәр­сені ойлап тап­тық. Мәс­ке­уден қаза­қтың бар­лық ауыл-аудан­да­рын ара­лап, түбер­күлөз­ге қар­сы вак­ци­на­сын егіп шықтық. Кәрісіне де, жасы­на да. Ол при­вив­ка негізін­де бір-екі сағат­та адам­ды өлтіретін у еді, – деп, әлгі әйел еңіреп жылап­ты… Қаза­ққа жасаған қастан­ды­ғы үшін Кеңес үкі­меті сол көлі­гін де, екі қабат зәулім үйін де беріп­ті. Бірақ әлгі жасаған қастан­ды­ғы жүре­гіне тыны­штық бер­мей, ақы­ры өзін-өзі қинап, өзіне қол жұм­сап өліп­ті сол әйел.

Қаза­қтың «мен» деген зия­лы аза­мат­та­ры­на да арнайы при­вив­ка жасап­ты олар. Әлгі при­ви­ка­ны еккен МЫҚТЫ жігіт­тер әп-сәт­те боза­рып, был­жы­рап сал­бы­рап қала­тын көрі­неді. «Оны да талай атқа­мі­нер­лер­ге ектік» деп мойындады.

Қаза­ққа сон­ша қастан­дық қылға­ны­на қара­ма­стан, оларға неге сон­ша жағым­паз­да­на­ды осы қазақ?

 

Ерлан Сай­ы­ров:

Дала­да жүр­ген ол бауыр­ла­ры­мы­зды толы­қтай көшіріп ала­тын уақыт жет­ті. Олар бір мүсә­пір, күн­дерін көре алмай жүр­ген бей­бақ емес. Ұлт­тық иден­ти­фи­ка­ци­ядан ары­лып қала­мыз ба деп үрей­ле­неді. Сол үшін көш­кісі келеді. Ел дей­ді бізді. Өз көзім­мен көр­ген­мін елге сағы­ны­шта­рын. Қаза­қстанға олар­дың көш­кені эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан пай­да­лы. Неге «баяғы жар­тас, сол жар­тас?» Түсін­бей-ақ қойдым…

(Пікір­лер интер­нет­тің әле­умет­тік желілері­нен алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн