Вторник , 6 мая 2025

«ЦЕНТРКРЕДИТ» БАНКІ Назарбаевтың саясатына «ТҮКІРГЕНІ» БАР ЕКЕН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (292) от 28 мая 2015 г.

 

Ақор­да­ның назарына

 

Зай­сан қала­сы­нан (ШҚО) газет­ке хат жол­дап, мақа­ла жазуы­ма «Цен­тр­кре­дит» бан­кі мәж­бүр етті. Себебі тая­у­да ғана халы­қтың 98 пай­ы­зы қол­даған пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың сая­са­ты­на осы банк­тің «түкір­гені» бар екеніне көзім жетті.

 

Зай­сан­дағы «Дос­хан тур» Жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гінің аты­на 2013 жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да 5 жылға бұр­шақ өсіре­мін деп 1,5 мың гек­тар жер­ді жалға алған едім. Ондағы ойым – бұр­шақ өсіріп, келе­шек­те оны өңдей­тін зауыт салып, ауыл халқын жұмыспен қам­та­ма­сыз ету­ге жәр­дем ету бола­тын. Осы мақ­са­тым­ды жүзе­ге асы­ра алған жағ­дай­да ең азы 150–200 адам­ды жұмыспен қам­ти­тын едім. Бұр­шақтан тек қана май емес, басқа көп­те­ген пай­да­лы өнім­дер өндіру­ге бола­ты­ны мәлім.

Өзім 2015 жыл­дан бастап, өз күшім­мен аз бол­са да 300 гек­тар жер­ге бұр­шақ егей­ін деп, «Цен­тр­кре­дит» банк­тен бес жылға 4 пай­ы­з­бен 7 мил­ли­он тең­гені неси­е­ге мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша алмақ­шы бол­дым. Шағын қала­лар­ды дамы­туға арналған бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша, ақпан айы­ның басын­да қажет­ті банк­ке тиісті құжат­тар­ды өткіздім. Соның ішін­де кепіл­дік­ке қой­ған, 8 мил­ли­он тең­ге­ге баға­ланған төрт бөл­мелі үйім де бар. Ол үйдің нары­қтық баға­сы – 13–14 мил­ли­он тең­ге тұрады.

Наурыз айы­ның соңын­да «Цен­тр­кре­дит» бан­кінің Зай­сан қала­сы фили­а­лы­ның мене­джері қоңы­рау шалып: «Сүй­ін­ші, сіздің құжат­та­ры­ңыз өтті, комис­сия несие беретін болып шешім шығар­ды!» – деді. Осы­ны ести салып, бан­кі­ге бар­сам, ондағы­лар­дан «Даму» қоры­на құжат­та­ры­ңы­зды өткі­зуіңіз керек деген жау­ап алдым. Банк арқы­лы «Дамуға» шығып, қар­жы бөлі­мінің басты­ғы Шир­шо­ва ханым­мен сөйлестім.

Өзім­нің жос­па­рым­ды эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да негіз­де­ген­нен кей­ін, олар келісі­мін бер­ді. Бірақ, кей­ін біл­генім­дей, бұның бар­лы­ғы банк­тің қайт­кен­де де несие бер­меу үшін ойлап тапқан «сасық қулы­ғы» болып шықты. Ақы­ры 2015 жылы 28 сәуір күні неси­енің беріл­мей­тінін айтып, банк қолы­ма «отказ­ной» қағаз­ды ұстатты.

Шыға­ры­лған ол шешім­де менің негіз­де­ме­ме ешқан­дай кінә таба алмаған: кепіл­де­ме жарам­сыз ба, әлде Зай­санға бұр­шақ өспей ме – ешбір дәлел жоқ. Тек, орыс­ша айтқан­да, «боль­шой риск» деп жазып­ты. Сон­да менің төрт бөл­мелі жалғыз үйім­ді кепіл­ге қой­ға­ным «риск» емес пе? Жос­па­рым бой­ын­ша 300 гек­тар жер­дің әр гек­та­ры­нан ең кемін­де 2 тон­на, ал 300 гек­тар­дан – 600 тон­на бұр­шақ алуы­ма бола­тын еді. Қаза­қстан­да орта есеп­пен 1 келі бұр­шақтың нары­қтық баға­сы 70 тең­ге деп есеп­те­сек, менің ала­тын өні­мім 42 мил­ли­он тең­ге бола­ды екен.

Ең қызы­ғы, менің жер телі­мім­нің жанын­да 5 метр жер­де қан­дас ағай­ын­дар бір­не­ше жыл­дар­дан бері бұр­шақ өсіріп отыр. Сон­ды­қтан Зай­сан­да бұр­шақ өспей­ді деу – негіз­сіз. Қолы­ма шешім­ді алмай тұрып, «Цен­тр­кре­дит» бан­кінің төраға­сы Нұр­лан Шегеб­а­ев пен орын­ба­са­ры Манат Қали­ханқызы­мен сөй­лесіп, «менің құжат­та­рым­ды қан­дай себеп­пен төрт ай бойы ұста­ды­ңы­здар, пре­зи­дент­тік бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша, несие беріл­ме­се, үкі­мет­тік сай­тқа, газет­тер­ге жаза­ты­ным­ды» ескер­тіп, алда­ры­нан өттім. Олар­дың бер­ген жау­а­бы: «Біз – жеке мен­шік банк­піз, біз­ге ешқан­дай сая­сат­тың, ешқан­дай жар­лы­қтың кере­гі жоқ!» – деп, менің пре­зи­дент­тік бағ­дар­ла­маға қаты­сты уәжі­ме осы­лай ашық жау­ап бер­ді. «Алсаңыз – неси­ені 19 пай­ы­здық үсте­ме­мен ертең-ақ еш кедер­гісіз бере­міз», – дейді.

Зай­сан ауда­ны­ның кәсіп­кер­лер пала­та­сы менің мүд­дем­ді қорғап: «Бұл кәсіп­кер­лік­ті шек­теу, ешқан­дай дәлел­сіз несие бер­мей, заңға қар­сы әре­кет етіп отыр­сыздар», – деді.

Сон­да «Шағын қала­лар­ды дамы­ту бағ­дар­ла­ма­сы» бола тұр­са да, «Цен­тр­кре­дит» неси­ені 19 пай­ы­з­бен береді де, 4 пай­ы­з­бен бере алмай­ды екен – бұл нағыз алып­са­тар­лық қой! Бұл – ауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­там деген елба­сы Нұр­сұл­тан Әбі­шұлы­ның сая­са­ты­на «түкір­ген» емей, немене?! Әлде бұл банк ортақ қар­жы­лық заңға бағын­бай­тын бөлек мем­ле­кет пе?

Сон­да көкей­і­ме ой кел­ді: «Пре­зи­дент мыр­за, онда мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­ның тағ­ды­рын банк­тің қолы­на беріңіз, сіз шар­шап қай­тесіз? Босқа сөзіңіз өтпей­ді екен…».

 Осы оймен «Цен­тр­кре­дит бан­кінің төраға­сы Бақыт­бек Бай­сей­ітов мыр­за­ға сұрақ қой­ғым келеді: «Сіз басқарған банк­ке неге шүй­лік­ті демеңіз, бірақ менің біл­гім келетіні – жоға­ры­дан неси­ені үлкен үсте­ме пай­ы­з­бен боса­ты­ң­дар деген нұсқау бересіз­дер ме, әлде қол асты­ңы­здағы­лар қасақа­на пре­зи­дент­тің сая­са­ты­на қар­сы шығып отыр ма? Менің сұраға­ным бар-жоғы – 7 мил­ли­он теңге».

 

Мен Бақыт­бек мыр­за­дан бұл жөнін­де нақты жау­ап алам деп ойлай­мын. Ал егер ол ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның нақты сек­то­рын­да кәсіп­кер­лік ететін маған жау­ап бер­ме­се, ол шыны­мен де пре­зи­дент­тің сая­са­ты­на «түкіріп қой­ып­ты» деген ойға тоқта­луы­ма тура келеді. Ал осы ара­да ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа былай дегім келеді:

 

 Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы, нелік­тен сіздің ауыл шару­ша­лық бағы­тын­дағы бағ­дар­ла­маңыз жүзе­ге аспай­ды? Мен сіздің дұрыс сая­сат жүр­гі­зе алмауы­ңы­здан халы­қтың тұр­мысы нашар, кедей тұра­ды деп ойлай­тын едім. Қазір­гі кез­де сіз ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на бет бұрып, мил­ли­рад­таған қар­жы бөл­діріп жатыр­сыз, бірақ сол бөлін­ген қар­жы қара­пай­ым қаза­қтың қолы­на тимей­тінін біл­мей­тін шығарсыз. 

Бір ғана мысал айтай­ын: шағын қала Зай­сан­да күні бүгін­ге дей­ін «Даму» бағ­дар­ла­ма­сы­мен бір­де-бір адам несие алып көр­ген жоқ. Соңғы жыл­да­ры сіздің басы­ңы­зды ауыр­тып оты­рған – өзіңіз айтқан­дай, Қаза­қстан­да 9 мил­ли­он гек­тар жер игеріл­мей отыр. Себебі сізді айна­ла қор­шаған шене­унік­тер орта­сы, саңы­ра­уқұлақтай қау­лаған сан­сыз кор­по­ра­ци­я­лар мен агро­хол­динг­тер сіздің сая­са­ты­ңы­зға қар­сы жұмыс істеуде. 

Дәлел керек бол­са, тағы да айтай­ын: мен 2014 жылы «Агроқар­жы» хол­дині­гінің ШҚО бөлім­ше­сіне барып, жұмыс жүр­гізу­ге мүм­кін­дік беретін жер­дің қағаз­да­рын толық көр­сет­тім; сон­да олар­дың бер­ген жау­а­бы: «Сен үш жыл егін­мен айна­лы­спай­ын­ша, саған ешқан­дай қар­жы­лық жәр­дем беріл­мей­ді!» – деді.

Сон­да жер­ді жаңа игер­мек болған адам несие ала алма­са, қолын­да қара­жа­ты бол­ма­са, бірақ жер иге­ру мүм­кін­ді­гі бол­са, ол не істе­уі керек, айты­ңыз­шы, пре­зи­дент мырза?! 

Тағы бір айта­тын жағ­дай: жылқы өсірей­ік десек, стан­дар­тқа сай ені 50 метр, ұзын­ды­ғы 100 метр қораң бар ма деп сұрай­ды. Қай қазақ жылқы­ны қораға қамап бағып еді? Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы, сіз ауыл­да өстіңіз ғой: бұл сіздің сая­са­ты­ңы­зды жүзе­ге асыр­мау, қар­сы шығу емей, немене? 

Осы ара­да өз тәжіри­бем бой­ын­ша ұсы­ныс айтай­ын: егер ауыл халқы­на жағ­дай жасағы­ңыз кел­се, бірін­ші­ден – тіке­лей мем­ле­кет­тік ауыл шару­а­шы­лық бан­кін ашы­ңыз; екін­ші – пре­зи­дент әкім­шілі­гінің жаны­нан тіке­лей өзіңіз­ге ғана бағы­на­тын ауыл шару­а­шы­лы­ғын қар­жы­лан­ды­ру сая­са­тын қадаға­лай­тын бақы­лау коми­тетін құры­ңыз. Бюро­кра­тия мен жемқор­лы­ққа тап болған агро­кәсіп­кер­лер ол коми­тет­ке тіке­лей шыға ала­тын бол­сын. Егер бұл коми­тет жер­гілік­ті билік орын­да­ры­на бағы­на­тын бол­са, аз уақыт ішін­де ол да жемқор­лар орда­сы­на айна­лып кетуі мүмкін. 

Ал енді оны басқа­руға өзіңіз әбден сенетін адам­ның тап­шы­лы­ғы­на тап бол­саңыз, өзіңіз­ге жаны аши­тын неме­реңіз Нұрәліні неме­се бауы­ры­ңыз Самат Саты­бал­ды­ны тағай­ын­даңыз. Олар сіздің сая­са­ты­ңы­зға сатқын­дық жасай­ды деп ойламаймын! 

Сіз қалай ойлай­сыз, Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы? Жағым­паз­дық пен жалған­ды­ққа, дүни­еқоңы­зды­ққа салы­нған ел мәң­гілік елге емес, мәң­гүрт елге айнал­май ма? Ұлы Абай ата­мыз айтқан бес дұшпан­ды білетін шығар­сыз… Бұхар жырау Абы­лай­хан­ның түсін жорып бер­генін­дей, қап­тап кет­кен бақа-шаян қазір­гі заманға дәл келеді. 

Сіз білесіз бе? Ауыл­дың әкі­мі­нен бастап, мини­стр­лер­ге дей­ін «елба­сы айтқан», «елба­сы­ның тап­сыр­ма­сы­мен» деп сөй­лей­ді. Бұл – сөздің аста­рын түсін­ген ада­мға Қаза­қстан­да жіберіл­ген қателік­тер­дің бар­лы­ғы­на ел пре­зи­ден­ті жау­ап береді деген­ді мең­зей­ді. Өздерін осы­лай судан таза, сүт­тен ақ етіп көрсетуде.

Жоға­ры­да айтып өткен коми­теті сіздің нұсқа­уы­ңы­зды тіке­лей жүзе­ге асы­ра­тын орган бол­са, несие ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на дер кезін­де мем­ле­кет тара­пы­нан төте беріліп отыр­са, 9 мил­ли­он гек­тар жер­ді 2–3 жыл­да иге­ру­ге бола­ды. Бұл коми­тет­тің өкілет­тік дәре­же­сі, сөзі облы­стың әкі­міне, мини­стр­ге, басқа да басқа­ру орын­да­ры­на өте ала­тын­дай, тіке­лей халы­қ­пен жұмыс жаса­уы керек. 

Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы, мен бүл жағ­дай­ды жеке басым­ның қамы үшін жазып оты­рған жоқ­пын. Сіз неме­се сіздің әкім­шілі­гіңіз маған әділ төрелік айтып, мен жазған жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты «Цент­кре­дит» бан­кінің тәжіри­бесін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғын қар­жы­лан­ды­ру мәсе­лесіне пәр­мен бер­сеңіз, басқа банк­тер­ге сабақ болар еді, сөй­тіп сая­са­ты­ңы­здың бұр­ма­ла­нуы­на жол беріл­мес еді.

Сіз қазір әкім­дер мен мини­стр­лер­ден және басқа да орган­дар­дан бір жақты ғана жалған ақпа­рат­тар естисіз. Мыса­лы, осы­дан үш жыл бұрын Зай­сан ауда­ны газ­бен қам­та­ма­сыз етіл­ді деп бар­лық теле­ар­на­лар­дан көр­сет­кен еді. Шыны­на кел­сек, Зай­сан­дағы 50 шақты үйде ғана газ бар. Көр­ші Қытай мем­ле­кеті Зай­сан ауда­ны­на тар­тыл­маған біздің газы­мы­з­бен бүкіл қыстақ, ауыл­да­рын, көлік­терін жаб­ды­қтап отыр…

Ауыл­дың жай-күй­ін ауыл­ды ара­ла­май, оның жағ­дай­ын көр­мей, ешкім біл­мей­ді. Ауыл­дағы елдің көп­шілі­гі бір зей­не­тақы­мен күн көріп отыр, жұрт­ты жұмыс­сыздық жай­лаған, мал­дың баға­сы арзан, сүт өнім­дері өтпей­ді, қой­дың жүнін өртей­ді – өткі­зетін жер де жоқ.

Зай­сан – Шығыс Қаза­қстан облы­сы бой­ын­ша алды­ңғы қатар­дағы аудан. Сөй­те тұр­са да, қазір жұрт басқа қалаға үде­ре көшу­де. Осы­лай жалға­са беретін бол­са, Зай­сан сияқты әле­уеті бар деген ауыл­дар­дың өздері де жой­ы­лып кетуі мүмкін.

Зай­сан ауда­ны­ның әкі­мі маған жер­ді 5 жылға жалға бер­ген. Ал облы­стағы Марқа­көл ауда­ны­ның әкі­мі Сей­ітов мыр­за жер­ді таза қытай аза­ма­ты­на 25 жылға жалға беріп­ті. Ол қытай­лық жал­гер келесі жылы 30–40 қытай­ды шақыр­тып, жұмыс істет­пек­ші екен: бұл келе­шек­те қаза­қты қытай­ға құл ету­мен бір­дей. Осы мәсе­ле әр қаза­қты ойлан­ды­руы тиіс!

Егер пре­зи­дент­тің сая­са­тын жүзе­ге асы­руға құлы­қты бас­шы­лық бол­са, сол жер­ді Марқа­көл­дің бес аза­ма­ты ғана иге­ре ала­тын еді ғой. Әлде қазақ егін еге алмай ма? Бұл жер­ді иге­ру­ге ары кет­се, 2 мил­ли­он дол­лар қара­жат жұм­са­лушы еді.

Айт­пақ­шы, менің жері­ме де таласқан­дар бол­ды – бірақ Зай­сан ауда­ны­ның әкі­мі Алмас Оңдаға­нов арлы, намысты жігіт екен: «Әлі­бек несие ала­ды, бол­ма­са, инве­стор таба­ды», – деп, ол жер­ді басқаға бергізбеді.

Теле­ар­на­лар­дан елді дамы­тып, гүл­ден­діріп, қар­жы бөліп жатыр­мыз деп көр­се­те­ді. Осы­ның бәрін көріп оты­рып, Қаза­қстан­да емес, басқа мем­ле­кет­те өмір сүріп жатқан­дай бола­мыз. Ал шын­ды­ққа жүгін­сек, қай­да бар­сақ та, «Қорқыт­тың көрінің» кебін киіп отырмыз.

Әлі­бек КӘРІМҰЛЫ,

«Дос­хан-тур» фир­ма­сы­ның директоры

Зай­сан қаласы

Шығыс Қаза­қстан облысы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн