Воскресенье , 20 апреля 2025

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ: ПАРЛАМЕНТ қазаққа қызмет қылуға ПӘРМЕНСІЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (292) от 28 мая 2015 г.

 

ДАТ!

 

Қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған қаза­қтың тарихын зер­де­лу­ге үлес қосып келе жатқан «Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мы – Қаза­қстан­дағы ең алға­шқы мем­ле­кет­тік емес ұйым. Сырт көз­ге атқа­рып жатқан істері жасан­ды жар­на­ма­мен безен­діріліп тұр­ма­са да, тарих­тағы ақтаң­дақтар ақиқа­тын ашу жолын­дағы ізденістері ерен. Қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған арда аза­мат­тар­дың тар жол, тай­ғақ кешу кезеңін зерт­теп, шын­ды­қтың бетін ашып, елге жет­кізу­ге үлесін қосып жатқан қоғам­ның төраға орын­ба­са­ры, тарих ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, бел­гілі жазу­шы Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ мыр­за­ның «Дат»-ын оқыр­ман қауы­мға ұсы­нып отырмыз.

 

– Бей­біт мыр­за, тағы да жыл айна­лып, ақиқа­ты мен қасіреті ресми мой­ын­дал­маған сая­си қуғын-сүр­гін­нің дата­лы күні келіп қал­ды. Соңғы бірер жыл­да бұры­нғы КСРО елдерінің бірқа­та­ры кеңе­стік режим қол­дан жасаған бұл қан­ды қырғы­нға баға беріп, өз халқы­ның сана­сы мен зер­десін ком­му­ни­стік зардап­тан жуып-шаю науқа­нын жүр­гізіп жатыр. Ал біз­де жеке­ле­ген қоғам­дық ұйым­дар өз шама-шарқы­мен өткізіп жатқан ұсақ-түй­ек шара­лар­дан басқа мем­ле­кет­тік тұрғы­да әре­кет жоқ. Осы­ның себебін сіз қалай түсін­дірер едіңіз?

– Бәрін бір­дей жоққа шыға­ра беру дұрыс бол­мас. Сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын еске алу күні – 31 мамыр­да – және оның қар­саңын­да жер-жер­де түр­лі шара­лар өткізіліп жата­ды ғой. Мәсе­лен, Алма­ты түбін­де­гі Жаңа­лық қоры­мы­на 2002 жылы тұрғы­зы­лған мемо­ри­ал­ды ескерт­кіш жаны­на жыл сай­ын облыс пен қала жұрт­шы­лы­ғы­ның өкіл­дері келіп, митинг өткізіп тұра­ды. Онда сая­си репрес­си­я­лар мен ала­пат ашар­шы­лық қасірет­тері еске алы­нып, зұл­матқа лағ­нет айты­ла­ды, ескерт­кіш­ке гүл шоқта­ры қой­ы­ла­ды, жазы­қ­сыз құр­бан болған­дар ару­ағы­на арнап ас беріледі. Мұның бәрі Алма­ты облы­сы мен қала әкім­дік­терінің ұйым­да­сты­руы­мен атқа­ры­лып жүр. Бұл дәстүр­ге айналған. Ал баға беру мәсе­лесіне кел­сек, мұн­да, әрине, нақты­лық жет­пей­ді. Тота­ли­та­ризм­ге, ста­ли­низм­ге жал­пы­ла­ма айып тағу­мен шек­теліп жата­мыз. Әрине, мем­ле­кет­тік қыл­мысты Совет өкі­меті жасаған­ды­қтан, оның тарих сахна­сы­нан әлдеқа­шан жой­ы­лға­нын еске­ре оты­рып, кеңе­стік режим қол­дан істе­ген қан­ды қырғын­ның жаса­лу меха­низ­мін айқа­ра ашуға, сол шақтағы билік буын­да­ры­ның жұмысы­на, солар­дың құл­дық әре­кет­тері сал­да­ры­нан орын алған апатқа тиісті баға­сын беріп, халы­қтың зер­десін жаңғыр­туға, сана­сын оятуға әбден болар еді. Солай ету керек екені көп­тен айты­лып келеді ғой. Халы­қты тәу­ел­сіздік­ке дей­ін жабық боп кел­ген ащы тарих­пен тәр­би­е­ле­удің ұтым­ды жағы мол. Ол ел бір­лі­гін арт­ты­ра­ды. Мәсе­лен, Қазақ халқы 1917–1919, 1921–1923, 1931–1933 жж. үш дүр­кін жасан­ды ашар­шы­лы­қты бастан кешті, үш дүр­кін соққан ашар­шы­лық қаза­қты іс жүзін­де ұлт­тық апатқа ұрын­дыр­ды. 1917–1933 жыл­да­ры қазақ халқы­ның 4,5 мил­ли­он­дай­ын «боль­ше­вик­тер­дің аштық сая­са­ты» (Мұста­фа Шоқай­дың аны­қта­ма­сы) тіке­лей опат етті, ал ықти­мал табиғи өсім­ді есеп­ке алған­да, осы кезең­де қазақ 10 млн. жанын жоғалт­ты. Дәстүр­лі мал шару­а­шы­лы­ғы да қат­ты ойсы­ра­ды. Пат­ша өкі­меті орта­лы­қтағы шару­а­лар­ды қазақ жеріне қоныс аудар­ту­ды мем­ле­кет­тік сая­сат дең­гей­іне көтеріп, жүзе­ге асы­ра бастаған шақта әр қазақ отба­сы­на 59 бастан келетін мал бола­тын. Шұрай­лы жер-суы­нан айры­лған қазақ шару­а­шы­лы­ғын­дағы бұл көр­сет­кіш монар­хия құлаған тұста 25–26 басқа дей­ін төмендеді.

Бұл барып тұрған мем­ле­кет­тік қыл­мыс еді. Оны жасы­ру үшін, қан­ша­ма ада­мы­нан айры­лған Қазақ авто­но­ми­я­сын 1936 жылы одақтық рес­пуб­ли­ка дәре­же­сіне көтер­ді. Сөй­тіп, одақ арқы­лы қыл­мысын жасы­рған­дай бол­ды. Бірақ бір жағы соның арқа­сын­да бүгін, міне, тәу­ел­сізді­гі­міз­ге қол жет­кіздік. Сон­ды­қтан ашар­шы­лы­қты, қуғын-сүр­гін жыл­да­рын ешқа­шан ұмы­туға бол­май­ды. Бұл біз үшін – үлкен тари­хи сабақ. Олар­дың мәнін халы­ққа түсін­ді­ру, жет­кі­зу қажет.

 

– Ал кеңе­стік өкі­мет­тің жүр­гіз­ген солақай рефор­ма­сы­нан кей­ін жеке мен­шік­тің қолын­да ештеңе қалған жоқ дей­сіз ғой…

– Қоғам­дық мен­шік­ке алы­нып, ұжым­да­сты­ры­лған мал саны тәр­кіле­удің алдын­дағы мөл­шерінің сегіз­ден бірін­дей ғана еді. Мал-жан­нан босап қалған қазақ дала­сы­на шар­та­рап­тан бақ қуған­дар ағы­лып кел­ді де, қыры­лып кет­кен көшпен­ді жұрт сүй­е­гі үстін­де жаңа өмір отын лау­лат­ты – инду­стрия ошақта­рын ашты, қала­лар сал­ды, тың көтер­ді, тағы­сын тағы… Қаза­қтың өз елін­де­гі үле­стік сал­мағын жал­пы халы­қтың үштен біріне де жет­пей­тін (29 %) дең­гей­ге дей­ін төмен­детіп, ұлт­тық мүд­десін жан-жақты шек­те­ді. Олар қаза­қтың қара­лы тарихын біл­ген жоқ, соған сая­сат­тың өзі мүд­делі бол­ды. Оны бүгін­гі отан­даста­ры­мыз да біле бер­мей­ді. Егер біл­се, қазақ халқы­ның тра­ге­ди­я­сы­на жана­ма түр­де бол­са да қаты­сты­лы­ғын сезініп, маңы­на сана­лы түр­де топ­та­сар еді. Тари­хи әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­тіру­ге шын туы­сқан­шы­лы­қ­пен атса­лы­сар еді. Тарих­пен тәр­би­е­ле­удің қажет­ті­гі осын­да. Бұл жұмысты жүй­елі негіз­ге қою үшін, ұлт­тық ұйым­дар тара­пы­нан айты­лып жүр­ген­дей, пар­ла­мент тиісті құжат қабыл­да­уға тиіс бола­тын, алай­да, өкініш­ке қарай, ол бұл тарап­та осы уақы­тқа дей­ін баста­ма­шыл­дық көр­сет­кен емес. Бәл­кім, заң шыға­ру­шы­ларға пре­зи­дент­тің соңғы кез­дері «қазақ еліне бес-алты мил­ли­он адам сырт­тан келіп қоны­стан­ды», «Қаза­қстан ежел­ден осы­лай көпұлт­ты бол­ды деп санай­тын­дар тарих­ты біл­мей­тін­дер» дегені тым бол­ма­са енді ой салар. Шын­дап кел­ген­де, өз бет­терін­ше баста­ма көте­ру­ге жасқан­шақтық таны­тып кел­ген пар­ла­мент­шілер енді пре­зи­дент­тің өзі қимыл бағы­тын нұсқап оты­рған­да, ойла­нып қана қой­май, шұғыл әре­кет ету­ге де мін­дет­ті. Өйт­кені пре­зи­дент елі­мізді мекен ететін бар­лық этнос өкіл­дері үшін «Қаза­қтарға рах­мет айту күні» деп ата­ла­тын жаңа мере­ке бел­гіле­уді ұсын­ды емес пе! Алай­да бұл ұсы­ныс айты­лға­лы айдан асты – пар­ла­мент әлі тым-тырыс. Оның тара­пы­нан «Қаза­қтарға рах­мет айту күнін» рәсім­деу шара­сы жасалған-жасал­маға­ны, әлде сон­дай ниет­тің бар-жоғы әлі бел­гісіз. Егер бұл шара жүзе­ге асы­рыл­са, өзіңіз айтқан­дай, халы­қтың сана­сы мен зер­десін баяғы сая­си қуғын-сүр­гін жыл­да­ры­нан бері қанға әбден сіңіп қалған ком­му­ни­стік зардап­тан тазар­тып, жуып-шаю науқа­нын билік­тің өзі жүй­елі түр­де жүр­гі­зуіне жол ашы­лар еді.

 

– Қаза­қстан­дық билік­тің ымдап жасаған иша­ра­сы­на қараған­да, сая­си қуғын-сүр­гін тарихы­на мем­ле­кет­тік мән-маңыз беріл­ме­уінің себебі – КСРО-ның мұра­гері сана­ла­тын Ресей­ді ашу­лан­ды­рып алмау керек сияқты. Тәу­ел­сіз мем­ле­кет тұрғы­сы­нан бағам­дар бол­сақ, мұн­дай «сауы­сқан­нан сақ» сая­сат елдің отар­лық, құл­дық пси­хо­ло­ги­ядан құлан-таза ары­луы­на залал­ды жағ­дай екенін айта ала­мыз ба?

– Сұрағы­ңы­здың негіз­де­месі жаны бар пай­ым­ды аңғар­та­ды, солай болуы әбден ықти­мал. Ал қой­ып оты­рған сау­а­лы­ңы­здағы «отар­лық, құл­дық пси­хо­ло­ги­ядан құлан-таза ары­лу» ісіне «сауы­сқан­нан сақ» сая­сат пай­да бер­мей­ді, ондай сая­сат залал­ды деген­ді айта алу-алмау мәсе­лесіне кел­сек… Менің­ше, сая­си бас­шы­лық қыз­мет­те еме­стер­ге мұны айту – оңай­дың оңайы. Ал нақты істе­гілер­дің бірқа­та­ры оны айт­пақ түгілі, сол отар­лық, құл­дық сана олар­дың ман­сап жолын­дағы басты қорға­ны­шы болған­ды­қтан, іштей мой­ын­да­уға да бара бер­мей­ді. Енді бірқа­та­ры мұны түсін­ген­мен, шама­сы, жеке басы­на сая­си айып жамап алуы ықти­мал­ды­ғын ойлап, сақты­қ­пен, кез­де­суі мүм­кін қиын­ды­қтар­дан қашқақтап жүретін шығар. Бірақ шын отан­шыл қай­рат­кер кей рет­тер­де «сауы­сқан­нан сақ» сая­сат жүр­гі­зе оты­рып та, қаза­қтың ұлт­тық мүд­десіне қыз­мет ететін шара­лар­ды, айта­лық, алға­шқы сұрағы­ңы­зға орай еске алы­нған «Қаза­қтарға рах­мет айту күнін» дәстүр­ге айна­ла­тын мере­ке ретін­де дай­ын­дап, өткі­зуді батыл жүзе­ге асы­ра алады.

 

– Сіз сая­си қуғын-сүр­гін жыл­да­ры­ның тарихын көп зерт­те­ген жазу­шы-ғалым ретін­де кеңесқұл, орыс­шыл сана-сезім­нен ары­лу үшін біздің елге қан­дай әре­кет­тер жасау керек деп ойлайсыз?

– Бірін­ші кезек­те мем­ле­кет­тік тіл­дің кон­сти­ту­ци­я­лық мәр­те­бесін сый­лау, сақтау, қоғам­дық-сая­си функ­ци­я­сын батыл кеңей­ту керек. Өзге тіл­де сөй­лей­тін­дер­ді ешбір кеміт­пей, кем­сіт­пей, мем­ле­кет­тік тіл­ді еркін мең­ге­руін талап етпей-ақ, қай сала­да бол­ма­сын емін-еркін аудар­ма қыз­метін пай­да­ла­на ала­тын­дай жағ­дай туғы­зу қажет.

 

– Репрес­сия жыл­да­ры­ның зұл­ма­тын аны­қтай­тын жаңа­ша айғақтар мен бұрын-соң­ды жари­я­лан­баған құжат­тар қолы­ңы­зға түс­пе­ді ме?

– «Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мы­ның иде­я­ла­ры­мен қару­ланған ғалым­дар репрес­сия жыл­да­ры рес­пуб­ли­ка пар­тия ұйы­мы «халық жау­ла­рын» жаза­лау үшін Мәс­ке­у­ге қосым­ша кво­та сұрап, өтініш түсір­генін тәу­ел­сіздік­тің басын­да-ақ аны­қтаған бола­тын. Соңғы жыл­да­ры нақты дерек – 1937 жыл­дың соңы­на қарай Қаза­қстан боль­ше­вик­тер пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы Л.И. Мир­зо­ян­ның Ста­лин­ге жол­даған құпия жедел­ха­ты табыл­ды. Жаза­лау науқа­ны­на бастау бер­ген НКВД-нің №00447 опе­ра­тив­тік бұй­ры­ғы­мен таны­стық. Онда репрес­сия науқа­ны 1937 жылғы 5 тамы­зда баста­лып, төрт айда аяқта­луға тиіс делін­ген. Кеңе­стер Одағы­ның әр аймағын­да бірін­ші және екін­ші кате­го­ри­я­мен жаза­ла­у­ға жата­тын­дар­дың саны бел­гі­лен­ген. Сол бұй­рық бой­ын­ша біздің рес­пуб­ли­ка­мы­зда 1937 жыл­дың 5 жел­тоқ­са­ны­на дей­ін 2500 адам аты­лып, 5000 адам ұзақ мерзім­ге (бұй­ры­қта 8–10 жыл беру көз­дел­ген) сот­та­лу керек бола­тын. Бірақ іс жүзін­де науқан төрт ай емес, 15–16 ай (1937 жылғы тамыз – 1938 жылғы қара­ша) бойы жүр­ді. Үкім­дер­ді НКВД-ның рес­пуб­ли­ка­лық, өлкелік, облы­стық үштік­тері шыға­рып тұрған. Осы кезең­де № 00447 бұй­ры­қ­пен бел­гі­лен­ген кво­та (одақ бой­ын­ша 268095 адам­ды репрес­си­я­лап, оның іші­нен 75095 адам­ды ату көз­дел­ген, бұл мөл­шер­дің өзі жер­гілік­ті пар­тия ұйым­да­ры бас­шы­ла­ры­ның ұсы­ны­ста­ры­на сәй­кес бел­гі­лен­ген болып шықты) бір­не­ше есе өсіріп орын­дал­ды. 1 млн 770 мың­дай адам репрес­си­я­ла­нып, оның 390 мыңы, яғни жар­ты­сы­нан аста­мы атып тастал­ды. Қаза­қстан­да бұл кезең­де 118 мың адам репрес­си­я­ла­нып, оның 25 мың­дайы атыл­ды деп есеп­те­леді. Яғни, көз­дел­ген 7500 адам­ды жаза­лау жос­па­ры Қаза­қстан­да 15 есе­ден де асы­ры­лып, арты­ғы­мен орын­далған. Бұй­ры­қта Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы­нан 2,5 мың адам­ды атуға тап­сыр­ма беріл­се, орын­да­у­шы­лар оны он есе өсіріп, жүзе­ге асы­рған. Мир­зо­ян­ның жоға­ры­да аталған Ста­лин­ге құпия жедел­ха­тын­да рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша тағы да бірін­ші кате­го­ри­я­мен, яғни ату тәсілі­мен 600 адам­ды репрес­си­я­ла­у­ға рұқ­сат беруін өтін­ген. Рес­пуб­ли­ка бас­шы­лы­ғы сон­дай-ақ оған қосым­ша тағы 1000 адам­ды екін­ші кате­го­ри­я­мен, яғни ұзақ мерзім­ге сот­тап жаза­ла­у­ға рұқ­сат сұрап құл­шын­ды. Ұсы­ныс 1937 жылғы 3 жел­тоқ­сан­да БК(б)П Орта­лық Коми­тетінің Сая­си Бюро мәжілісін­де бекітіл­ді. Осы­лай өз боль­ше­вик­тері­міздің де Үлкен тер­рор көрі­гін өзін­дік оты­н­мен үсте­ме­леп қызды­ра түс­кені аны­ққа айнал­ды. Енді 447-бұй­ры­қтағы кво­та­ны қалып­та­сты­рған, сон­дай-ақ оны асы­ра орын­дау хақын­да жоға­ры­ға жол­данған осын­дай өтіні­ш­тер­дің бәрін тауып, жары­ққа шыға­ру, сөй­тіп тиісті қоры­тын­ды­лар жасау – алдағы уақыт­тар­да орын­да­луға тиіс шаруа…

 

– Қаза­қстан Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа кір­ген соң, біздің елдің билі­гі кеңе­стік мұра­ның кесір­лі жақта­рын сара­лау ісін­де Ресей­дің қас-қабағы­на жал­тақтап, ел ішін­де­гі баста­ма­шыл қадам­дар­ды тұн­шы­қты­рып таста­уға бей­ім­ділі­гі арта түсті деп айтуға себеп­тер бар ма?

– Әрине, бар. Был­тыр­ла­ры үлкен көр­ші тара­пы­нан ТМД елдеріне ортақ тари­хи оқулық жазу баста­ма­сы көтеріліп жатқан, бара-бара бұры­нғы мет­ро­по­лия ескі идео­ло­ги­я­сын еске алып, тәбеті ашы­ла түсері кәміл…

 

– Деген­мен, ЕЭО, біздің мем­ле­кет­тік билік ойлаған­дай, ада­ми ізгі бей­не­де бол­маға­нын мой­ын­дай бастаған жоқ па? Мәсе­лен, биы­лғы Жеңіс күні қар­саңын­да Геор­гий лен­та­сы­ның орны­на қаза­қстан­дық атри­бут қол­да­ну ама­лы­на қар­сы­лық біл­дір­ме­генін қалай бағам­дар едіңіз?

– Жеңіс­ке қазақ зор үлес қосты. Май­данға аттанған ұл-қызда­ры­ның төрт­тен үшін құр­бан етті, бұл жал­пы саны­ның жиыр­ма пай­ы­зы еді. Яғни, халқы­ның саны­на шаққан­дағы пай­ы­здық үлесі бой­ын­ша бело­рус пен укра­ин­нан кей­ін ең көп шығы­нға ұшы­раған – қазақ халқы. Жауға аты­лған әр он оқтың тоғы­зын өз елін­де құй­ды. Іс жүзін­де соғыс өнер­кәсібін елінің аумағын­да шоғыр­лан­ды­рып, май­дан­ның мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жағы­ның еле­улі бөлі­гін қам­сыздан­дыр­ды. Май­дан­гер­лер­дің азық-түлі­гін, өзге де мұқтаж­ды­қта­рын қам­та­ма­сыз ету үшін, елде қалған кем­пір-шал, бала-шаға тыл­да жанқи­яр­лы­қ­пен күн­діз-түні еңбек етті. Қысқа­сы, фашизмді тізе бүк­ті­ру біздің де арқа­мы­зға мүм­кін болға­ны дау туғы­з­бау керек. Сон­ды­қтан да көр­ші елдің бас­шы­сы­ның соғы­ста оры­стың өзі-ақ жеңіп шыға алар еді деп мар­дам­суы кім-кім­нің де намысы­на тиген. Біздің мем­ле­кет­тік билік Ресей тарихын­дағы Ресей аты­мен жасалған жеңістер­дің бар­лы­ғын­да, соның ішін­де ең қанқұй­лы соғы­ста жеңу­де, Ста­лин­нің сөзі­мен айтқан­да – «үнсіз қара Ресей­дің» де үлесі бар және зор екенін ойла­ма­ды дей­сіз бе?! Демек, біздің тәу­ел­сіз елі­міздің Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стағы рөлін, мет­ро­по­лия қабыл алған коло­ра­до­лық қоңыз түсін­де­гі тас­па­дан гөрі, ұлт­тық сипа­ты­мы­зды біл­діретін оюлы көк тас­па әлдеқай­да айқын, әсер­лі біл­діріп, отан­шыл­дық көңіл-күй сер­пілісіне бөлей­тінін діт­те­гені кәміл. Тек сон­дай ұлт­тық мәні зор тас­па­ны бар­шаға жететін­дей мөл­шер­де көп етіп дай­ын­да­уды ұйым­да­сты­руға жұмыстан­баға­ны өкінішті.

 

– Әйт­се де, Алма­ты­дағы Науры­з­бай батыр мен Қара­сай батыр көше­лерінің қиы­лы­сын­дағы «Бұл жер­ге сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры­на арналған ескерт­кіш салы­на­ды» деген жазуы бар қара тастың міз бақ­пай тұрға­ны­на ширек ғасыр уақыт бол­ды. Қазақ батыр­ла­ры атын­дағы көше­лер қиы­лы­сын­дағы жағ­дай осын­дай болған соң, жал­пы Қаза­қстан­дағы ауру аху­ал оңа­лып кетер ме екен?

– Ширек ғасыр міз бақ­пай тұрған сол қара тасы­ңыз енді­гі алы­нып тасталған да болар. Менің­ше, қала үкі­меті «шаһар аза­мат­та­ры­ның дема­лып жүретін орнын­да көңіл­сіз беле­сті еске түсіретін ондай бел­гі тұрға­нын» жөн көрмейді.

Кезін­де пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы­мен бұры­нғы НКВД ғима­ра­тын­да ашы­лған сая­си репрес­си­я­лар тарихы мұра­жай­ын да, сон­дай бір пиғыл­дың жете­гі­мен бол­са керек, ғима­рат­ты сатып жібер­ген де, сөй­тіп жауып тастаған. Егер билік буын­да­рын ұстаған аза­мат­тар­дың халы­қты тарих арқы­лы тәр­би­е­ле­уде арнайы ескерт­кі­ш­тер мен музей сын­ды ғылы­ми-көр­некі меке­менің атқа­ра­тын рөлі жөнін­де­гі түсіні­гі түзел­ме­се, шынын­да, сіз айтып тұрған аху­ал оңа­ла қоймас.

– Айт­пақ­шы, Алма­ты қала­сын­да әкім болып тұрған кезін­де Иманға­ли Тасмағам­бе­тов осы ескерт­кі­шті жаса­тып, оны осы дата­лы күн­нің құр­метіне сол тастың орны­на қоюға әре­кет жасаған деген сөз бар. Бірақ оған Ақор­да жақтан сес көр­сетіл­ген екен. Сол дай­ын ескерт­кі­штің шаң басып, бір қой­ма­да тұрға­нын көр­ген адам­дар да бар. Сіздің бұдан хаба­ры­ңыз бар ма?

– Жоқ, мен бұдан бейхабармын.

 

– Ел билі­гі қалай алдарқат­са да, ЕЭО еркін эко­но­ми­ка­лық қарым-қаты­на­стар құры­лы­мы бола алмаға­ны­на ақыр соңы көз жет­ті: Ресей тара­пы қаза­қстан­дық тау­ар­лар­дың өз елін­де еркін сауда-сат­ты­қта болуы­на түр­лі әре­кет­тер­мен кедер­гі кел­тіру­де. Есесіне әсіре­се шека­ра­лас облы­стар­ды ресей­лік тау­ар­лар жау­лап алды. Мәсе­лен, ШҚО шаруа қожа­лы­қта­ры Ресей­ден келіп жатқан арзан еттің сал­да­ры­нан мал өнім­дерін өткі­зу мүм­кін бол­май қал­ды деп, жуы­қта біздің газет­ке көл­дей хат жол­дап­ты. Мұн­дай жағ­дай Ақтө­бе, Аты­рау, Қоста­най облы­ста­рын­да да орын алу­да. Бұл – эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да басталған сая­си экс­пан­си­я­ның баста­ма­сы деп, жеке­ле­ген сарап­шы­лар мен сая­сат­та­ну­шы­лар даб­ыл қағу­да. Осы пікір­ге сіз қан­дай ой қосар едіңіз?

– Білік­ті маман­дар пікіріне қосы­ла­мын. Ұлт­тық қозға­лы­стар өкіл­дері ішкі өндірістің дамуы ойдағы­дай еме­сті­гін еске­ре оты­рып, елі­міздің атал­мыш эко­но­ми­ка­лық одаққа кіру­ге қар­сы екенін баяғы­да-ақ мәлімдеген.

 

– Осын­дай жағ­дай­да Ақор­да билі­гі елде­гі ұлт­тық-пат­ри­от­тық қозға­лы­стың пәр­меніне сүй­еніп, ел ішін­де­гі толқу­лы жағ­дай­дың сыл­та­уы­мен, Ресей­ге өз тала­бын көл­де­нең тар­тып, сая­си мой­ын­сұ­ну­дан сақта­ну сая­са­тын жүр­гіз­се, қалай болар еді?

– Өте дұрыс болар еді. Ұлт­тық-пат­ри­от­тық қозға­лыс ешқан­дай да оппо­зи­ция емес, ол әрқа­шан билік наза­рын тәу­ел­сізді­гі­мізді баян­ды ету жол­да­ры­на ауда­руға тыры­сып келеді.

 

– Біздің Ресей­мен «досты­ғы­мы­здың» ертеңін сіз көз алды­ңы­зға қалай еле­с­те­тер едіңіз?

– Егер біз демо­кра­ти­я­лық (ұлы­дер­жа­ва­лық емес!) Ресей­мен тең дәре­же­де достық қарым-қаты­нас жасап тұруға қол жет­кі­зе алсақ – ертеңі­міз екі жаққа да тиім­ді бағыт­та дамиды…

 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн