Воскресенье , 20 апреля 2025

Түйетөбеде ҮЗІЛГЕН тағдыр…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (292) от 28 мая 2015 г.

 

Қуғын-сүр­гін қияметі

 

Бүгін­де Ақтө­бе қала­сы­ның шығыс жағын­дағы Түй­етө­бе­де орна­ты­лған ескерт­кіш-бел­гі басын­да 31 мамыр­да өткізілетін дәстүр­лі қара­лы жиын тура­лы біл­мей­тін­дер жоқ болар, сірә.

 

Мен алғаш Түй­етө­бе тура­лы 1997 жылы естідім. Мек­теп­те оқып жүр­ген кезім. Жаз мез­гілі. Шіл­де айы бола­тын. Бір күні әкем үйге бір түр­лі ала­бұр­тқан көңіл күй­де кір­ді: «…Ата­мыз Мүсір­дің сүй­е­гі табы­лып­ты. Ақтө­бе­ден 20 шақы­рым жер­де­гі Түй­етө­бе сай­ын­да аты­лған екен. Онда қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры­на арналған ескерт­кіш орна­ты­лған. Сол жер­ге барып, құран бағы­штап келейік…».

Көп ұза­май атам Хамит алпыс жыл­дан кей­ін ана­сы Ақжі­бек­тің қабірінің басы­нан, туған жері­нен бір уыс топы­рақ апа­рып салып, жеті нан тара­тып, құран оқы­тып, әке алдын­дағы пер­зент­тік пары­зын орын­дап кел­ді. Содан бері біздің әулет үшін Түй­етө­бе­ге барып, атаға құран бағы­штау – дәстүр­лі үрдіс­ке айналды.

Атам­ның дере­гі бой­ын­ша, арғы атам Мүсір Ары­станұ­лы 1872 жылы (құжат­тар­да 1868 жыл деп көр­сетіл­ген) дүни­е­ге келіп, ескі­ше араб­ша сау­ат ашқан, орта­ша шаруа болған адам. 1930 жылға дей­ін көшпе­лі өмір сүр­ген. Қыста Жылыой, Құл­са­ры (Кас­пий теңізі жаға­сы) бой­ы­на, жаз­да Шыңғыр­ла­у­ға (Орал облы­сы) дей­ін қоныс тепкен.

Мил­ли­он­даған адам­дар­дың тағ­ды­рын қиған тота­ли­тар­лық жүйе ізгілік­тің, мей­ірім­ділік пен әділет­тілік­тің жар­шы­сы боп, зерек ой, талан­ты­мен, өз абы­рой-беделі­мен құр­мет­ке ие болған, адал еңбе­гі­мен мал тапқан талай жан­дар­дың соңы­на түсіп, өмірін қиға­нын, сол зоба­лаң­нан бір­де-бір елді мекен, отба­сы аман қал­маған­ды­ғын тарих­тан жақ­сы біле­міз. Осы­нау зұл­мат қар­мағы­на 1937 жыл­дың қазан айын­да Ойыл ауда­ны­ның сол кез­де­гі №22 Там­ды­көл ауыл кеңесі (Қара­су елді мекені) де іліккен.

Әлі есім­де. Таңға жақын үш адам үйге баса-көк­теп кіріп, үйдің ішін тінт­ті. Ол кез­де не бола­тын еді: ауы­рып жатқан апам­ның білезік пен сырға­сы­нан басқа пай­даға аса­тын ештеңе таба алма­ды. Олар әкем­ді алып бара жатқан­да, шеше­ме еріп, мен де сыр­тқа шықтым. Сон­да көр­дім: тек әкем­ді ғана емес, оның інісі Сей­іл­хан Ары­ста­но­вты да тұтқын­дап­ты. Бұдан өзге ауыл тұрғын­да­ры­нан Мағ­зым Сәде­нов, Күмісқа­ли Шәу­ле­нов, Жақи Тоқ­па­нов, Жұмыр­бай Бай­маған­бе­тов, Иса­тай Досмұр­зин – бар­лы­ғы 7 адам­ды бір түн­де алып кет­ті. Бұл менің мек­теп­ке барған жылым бола­тын. Сол кет­кен­нен әкем оралған жоқ.

Бұл жолғы тұтқын­да­лу­дың арты өмір­лерін ойран етерін ана­сы да, бала­ла­ры да болжай алмаған­дай еді. Бұған дей­ін 1933 жылы мал­ды бол­дың деп, бір сот­та­лып, сегіз айдан кей­ін елге ақта­лып оралған әкенің өмір жолы­нан хабар­дар бала көңілі қай­тып келер деп күт­кен. Бірақ…

Осы­дан бастап, «халық жауы­ның отба­сы» деген қара күй­е­мен таң­ба­ланған, қоғам­нан оқша­у­ла­тып «сар­саңға түсір­ген» күн­дер баста­ла­ды. Көп ұза­май енші алған екі бала­сы­ның бірі Тәу­ке­бай­ды ұстап әкетіп, он-он бес күн­нен соң, «әкесі үшін бала­сын күй­дір­мей­ді» деп қай­та босатады.

Ал шешем­ді халық жауы­ның әйелі деп, кол­хозға мүшелік­ке алмай қой­ды. Екі жыл сынақ­пен тышқан аула­тып, терісін, май­ын алғы­зды. Мен шеше­ме көмек­тесіп, тышқан­ды сой­ып, терісін кере­мін, май­ын ала­мын. Мен және мен қатар­лы сол кез­де­гі бала­лар бала боп ойнаған емес­піз. Әкем түр­ме­ге қамалған­да, екі ұл, төрт қыз қал­дық. «Халық жауы­ның бала­сы» деген айып­тан әкем­ді ақтаған­ша құты­ла алма­дым. 1954 жылы аудан­дық бай­ла­ныс бөлі­мі басты­ғы­ның орын­ба­са­ры қыз­метіне тағай­ын­далға­лы тұрған­да да, осы «таң­ба» алдым­нан шығып, жұмысқа алғызбады.

Жазы­қ­сыз жапа шек­кен әке рухы алдын­дағы пер­зент­тік пары­зын өтеу мақ­са­тын­да 1959 жылы атам өз әкесінің тағ­ды­ры тура­лы облы­стық сотқа хат жазып, одан «пан­ис­лам­шыл» деген айып­пен ату жаза­сы­на кесіл­ген әке ісі қай­та қара­лып, айып­та­лу­дың дәлел­ден­бе­уі себеп­ті істің тоқта­ты­лға­ны жөнін­де аны­қта­ма қоса тір­кел­ген жау­ап хат ала­ды. Бірақ қан­ша жылға үкім шыққа­нын, сүй­е­гінің қай­да қалға­нын біле алмады.

Бірақ менің атам әкесі тура­лы істі қай­та көтеріп, ҚР Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің Ақтө­бе облы­сы бой­ын­ша басқар­ма­сы­на тағы да хат жазып, толы­ққан­ды мәлі­мет алды. Онда әкесінің 1937 жыл­дың 10 қара­ша­сын­да Ішкі істер халық комис­са­ри­а­ты үшті­гінің қаулы­сы­мен тұтқы­нға алы­нып, ату жаза­сы­на кесіл­гені, үкім­нің сол күні Ақтө­бе­ден 20 шақы­рым жер­де­гі Түй­етө­бе­де орын­далға­ны тура­лы және де 1993 жылғы 14 сәуір­де­гі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның №2144 «Жап­пай қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын ақтау» заңы­на сәй­кес толы­қтай ақталған­ды­ғы жөнін­де жазылған.

Ештен кеш жақ­сы. Кеш бол­са да, ата рухы­на жағы­лған қара күйе алы­нып, ұрпағы­на есі­мі қай­та жаңғыр­тыл­ды. Ұрпағы үшін есі­мі бей­мәлім боп, аты өзгер­тіліп, түсі түстел­мей кет­кен құр­бан­дар қаншама…

Мұның бәрі қой­май сұра­с­ты­рып, әке тура­лы ізден­ген, шежірені айту­дан, оны ақ параққа жазу­дан шар­ша­май­тын атам Хамит­тің арқа­сы. Бүгін­де Мүсір атам­нан жиыр­ма жеті шаңы­рақ тарап отыр. Өмір жалғас­са, бәй­те­рек тамы­рын терең­ге жай­ып, бұта­ла­ры сала­ла­на берер.

Шыққан тегіңді, тамы­ры­ң­ды білу, ол — тарихы­ң­ды білу. Сон­ды­қтан да қай кезең­де де, қай ұрпақ тұсын­да да бол­сын, баба­лар мен тарих­та ойып орнын ала­тын ардақты асыл­да­ры­мы­здың есім­дері ұмы­тыл­мауы тиіс.

Гүл­ба­ну МҮСІРОВА,

Ақтө­бе қаласы

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн