Суббота , 5 июля 2025

Мәсімовтің МІҢГІРІН кім түсінді?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (292) от 28 мая 2015 г.

 

Кеше Аста­на­да қаза­қстан­дық-хор­ват­тық биз­нес-форум өтті. Онда Қаза­қстан­ның мәң­гілік пре­зи­ден­ті­нен кей­ін­гі мәң­гілік пре­мьер-мини­стрі Кәрім Мәсі­мов сөз сөйледі.

 

Дұрыс енді – биз­нес-жиын болған соң, елдің пре­мьері бір­деңе деу керек қой. Кәрім-ака сол деу керекпен білер-біл­мес бір­деңесін деп­ті. Бірақ оның дегенін өзі ғана түсін­бе­се, сол фору­мға қаты­сқан өзге­лер Кәрім не деді деп, екі күн­нен бері ребус шешіп жүр. Оның не дегенін оқып көріңіз:

«Біз­де өзі­міздің болғы­мыз келетін елді анық көре ала­мыз. Біз­де осы қиын уақыт­тарға деген даму жос­па­ры­мыз бар. Сіз­дер осы көріністің бір бөлі­гі бола ала­сыздар. Біздің өза­ра пай­да­мыз үшін Қаза­қстанға деген инве­сти­ци­я­лар бой­ын­ша сіз­дер­дің ұсы­ны­ста­ры­ңы­зды есті­гім келеді… Мен сіз­дер­ге Қаза­қстан биз­нес үшін ашық және бұл Орта­лық Ази­ядағы биз­нес жүр­гізу­ге ең ыңғай­лы ел деген ақпа­рат­ты жет­кіз­гім келеді…» (пре­мьер-мини­стр­дің сөзі Қаз­ТАГ агент­ті­гінің жаңа­лы­қтар тас­па­сы­нан алын­ды. Оның орыс­ша мәтінін салы­сты­рып қара­сақ, бұдан басқа аудар­ма жасау мүм­кін емес екен).

Осын­дағы бес сөйлем­нің үше­уі «біз­де» мен «біздің»-мен баста­ла­ты­ны өз алды­на бөлек әңгі­ме: ал бақан­дай бір елдің үкі­метін басқа­рып оты­рған соң, Қаза­қстан «биз­нес жүр­гізу­ге ең ыңғай­лы ел» екенін дәй­ек­ті дәлел­мен, пре­мьер­лік пай­ым­мен пәр­мен­ді етіп айту керек еді. Ал оның «есті­гім келеді» мен «жет­кіз­гім келеді» деуі тіл­ге шорқақ қаза­қтың той­да тең­селіп тұрып, «тост» айтқан­нан аса айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ сөз болды.

Саны 4 мил­ли­он­нан асар-аспас хор­ват халқы­ның биз­нес өкіл­дерін Қаза­қстанға инве­стор етіп шақы­ра білу үшін білік­ті бір­деңе деу керек-ақ еді. Осы ара­да 1995–97 жыл­да­ры Қаза­қстан үкі­метінің пре­мьер-мини­стрі Әке­жан Қажы­гел­дин­нің АҚШ, Жапо­ния, Англия, Гер­ма­ния және Түр­кия елдеріне жасаған ресми сапа­ры еске түседі. (Айт­пақ­шы, Кәрім Мәсі­мо­втің Мәс­кеу мен Пекин­нен басқа ауыз тол­ты­рып айтар­лық елдер­ге шық­паға­ны кеудем­соқ елдің үкі­мет бас­шы­сы­на үлкен сын бол­са керек).

Мәсе­лен, Қажы­гел­дин­нің Түр­кия сапа­рын­да Қаза­қстан­да өндіріл­ген алтын­ды Ыстам­бұл бир­жа­сы­на шыға­ру мәсе­лесі сөз бол­ды. Сон­да біздің пре­мьер моне­тар­лық алтын мен тау­ар­лық алты­нға қаты­сты қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық мәсе­лені шеміш­ке­дей шаққан кез­де, түрік елінің сол кез­де­гі пре­зи­ден­ті Сүлей­мен Деми­рел­дің аузы аңқиып қалға­нын өз көзім­мен көр­дім. Сөздің кезе­гі өзіне тиген кез­де Деми­рел: «Ал сен­дер не дей­сің­дер?» – деп, өзінің мини­стр­леріне жал­тақ-жал­тақ қара­ды. Егер Қажы­гел­дин ұсы­нған алтын сауда­лау мәсе­лесіне Түр­ки­я­ның сол кез­де­гі пре­мьер-мини­стрі Тан­су Чил­лер ханым тиіп-қашып бір­деңе деме­ген­де, келіс­сөз тақы­ры­бы тығы­ры­ққа тіре­лер еді.

Сон­да Қажы­гел­дин­нің үкі­метін күн сай­ы­нғы газетін­де сынап-мінеп жүр­ген (пре­зи­дент әкім­шілі­гінің айтуы­мен) «Еге­мен Қаза­қстан» газетінің бас редак­то­ры Уәли­хан Қали­жа­нов менің құлағы­ма: «Әй, мен біл­меп­пін-ау, мына­уың сұңғы­ла сая­сат­кер екен ғой!» – деген-ді. Мәжіліс депу­тат­ты­ғы­нан кей­ін бақан­дай бір инсти­тут­тың дирек­то­ры болған соң, Уәш жез­дем сол айтқа­ны­нан танып кет­пе­се, менің сөзім­ді жоққа шығар­ма­са керек-ті…

Ал Қажы­гел­дин­нің қасын­да Мәсі­мо­втің мің­гірі сабақ біл­мей­тін оқу­шы­ның «екі» алмас үшін амал­даған айта­ры ғана бол­ды. Оның «біз­де өзі­міздің болғы­мыз келетін елді анық көре ала­мыз…» деуі­нен-ақ ел үкі­метін қан­дай «сұңғы­ла» басқа­рып оты­рға­нын сабақтай бер. Бұдан соң «Қаза­қстанға деген инве­сти­ци­я­лар бой­ын­ша» есі дұрыс хор­ват­тар хор айтып келеді деу­ге делқұлы­дан басқа­ның дәті бар­ма­сы керек…

 

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн