Воскресенье , 20 апреля 2025

Қырылып жатыр… КИІКТЕР! (Күйік-жыр)

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (292) от 28 мая 2015 г.

 

Заман зары

 

І.

Шыда­май қай­ғы – күйікке,

Сүрініп жатыр –

Сүй­ік­ті ел…

Бұғы­нып жатыр

Бір кез­де

Бұлт шалған басын –

Биік­тер.

Ұры­нып жатыр –

Апатқа,

Қыры­лып жатыр

Киік­тер!

 

Айна­лып

Уға

Бақ-мекен.

Қыры­лып жатыр –

Ақбө­кен.

Аямай

Аң мен құстарды

Бара­ды –

Болып

Жат-бөтен.

 

Аққу­ды атқан жырынды

Киі­гіңді қайтеді?!

Сенің шыққан бүгінгі

Биі­гіңді қайтеді?!

Бұлар ма,

Бұлар,

Әй, тегі…

Ұлты­на таудай атағы,

Жұр­ты­на жаудай шатағы.

Оқта­май тұр­мас қаруын,

Тоқта­май сөз­ге аталы.

Аққу­ды атқан

Айу­ан

Сені де бір күн атады.

Тып-типыл қылып төңірегін,

Содан соң .… тыныш жатады.

 

ІІ.

Аңшы тұр қанға құнығып,

Бай­лы­ққа көзі жұмылып…

Ақын­ның ащы айқайын,

Кім біліп жатыр,

Кім ұғып?!

Киесіне де қарамай,

Иесіне де қарамай.

Биік­тен айтқан

Билік­тің

Жүй­есіне де қарамай.

Табан­мен тап­тап кетеді,

«Ел-аман, жұрт-тыны­шта»

Көз сал­саң егер биіктен,

Киік­тер –

Құйт­тай құмырсқа!…

Өргіз­ген­ше лағын,

Өмір сүр­мей бірер ай

Тір­лік­тен тап­пай тұрағын

Қан-жоса болып қынадай,

Қыры­лып жатыр

Құра­лай!…

 

ІІІ.

Тары­лып жатыр кең іргем

Түңіліп кет­тім –

Өмір­ден!

Киі­гі өлген Даланың

Күй­і­гі кет­пес көңілден.

Биші­ке­ш­тер май емес –

Қан ішіп қана семірген.

Дір етер емес,

Тіп­ті де,

Қаза­қтың сірә, жүрегі –

Жаралған шығар –

Темір­ден!

 

ІV.

Дүние-ай!

Осы шығар,

Жыр-күй­і­гі.

Торғай­дың ала­са­рып тұр биігі.

Кей­кі мен Аман­гел­ді жортқан

жер­де –

Қыры­лып жатыр міне,..

Қыр киі­гі.

 

Жаным­ды жара­лай­ды күй­ік түптен,

Кет­ті ғой сар-дала­да сый­ық тіптен.

Кей­кі мен Аман­гел­ді жортқан

бел­де –

Қыры­лып жатыр, міне …

Киік біт­кен.

 

Бол­са да,

Бірі – туыс,

Бірі – ағайын,

Сен айт­па,

Арғы жағын сұрамайын…

Бол­са да,

Қан­ша мерген

Қай­ран Кейкі,

Дала­ның қырған емес құралайын.

 

Тына­мыз басын алып батыр туса-ақ,

Шын­дық деп шырылдаймыз

ақыр қусақ…

Су ішкен күні кеше жануарлар

Міне­ки, көз алдым­да жатыр жусап.

 

Сон­ша­ма не күн туды ұрынардай,

Ұры­нар­дай…

Жазы­қ­сыз қырылардай.

Кеше­гі өзі жортқан

Боз дала­да –

Бүк түсіп жатыр, міне,

Бірі қал­май.

 

Жыр­ла­рым жамау болмай

жыр­ты­ғы­на

Заман­ның бой бер­мей тұр

ырқы мына…

Мүй­ізі алтын­нан да артық болып,

Қытай­дың кет­ті ме екен

құлқы­ны­на.

 

Құр­бан боп,

Қай­дағы бір көк темірге,

Қыры­лып жатыр, міне, бөктерінде.

Ауы­зы көк­ке тиіп,

Тыр­баң қағып,

Құра­лай лақтай­тын көктемінде…

 

Дәл бұлай қырылмайды

ғұмы­ры аңдар,

(Оқу­шым, біле-білсең,

мұны да аңғар)

Зулаған көк­ті тіліп, күні-түні,

Зәр шашып кет­ті ме екен,

Зымы­ран­дар.

 

Зерт­теліп,

Зер­де­лен­се –

Күй­ік – таңба,

Ел-жұр­тқа әңгі­месін ұйытқанда…

Өлтіріп өзін-өзі жусап жатқан

Кінәлі боп шығады –

Киік қана!…

 

P.S. Сүй­е­гін сауды­ра­тып үйіп көрге,

Орна­ды Алып Қабір биік белде.

…Сауда­сын торғайлардың

бітір­ген соң,

Кел­ген­дей енді кезек –

Киік­тер­ге!

Серік Тұрғын­бекұ­лы,

Аста­на, 27 мамыр

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн