Воскресенье , 20 апреля 2025

Қазақтардың ҚАСІРЕТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (292) от 28 мая 2015 г.

 

Сая­си қуғын-сүр­гін­ге шетел­дік көзқарас

 

Роберт КОНКВЕСТ 1917 жылы аме­ри­кан биз­не­сменінің отба­сын­да туған. Бри­тан­дық дипло­мат, тарих­шы, әде­би­ет­ші, жазу­шы-фан­таст, ақын. Гувер (Стен­форд, АҚШ) соғыс, бей­біт­шілік және рево­лю­ция инсти­ту­ты­ның про­фес­со­ры. Екін­ші Дүни­е­жүзілік соғы­сқа қаты­су­шы. Отан алдын­дағы еңбе­гі үшін Бри­тан Импе­ри­я­сы­ның Ордені­мен мара­пат­талған. Биыл 98 жасқа толады.

Шығар­ма­ла­рын АҚШ және Бри­та­ния үкі­мет­терінің тап­сы­руы­мен жазған. Кеңес Одағы жай­лы жазы­лған «Ұлы тер­рор: 30-жыл­дар­дағы ста­лин­дік таза­лау» – соның бірі. Оқыр­ман қауы­мға ықшам­да­лып ұсы­ны­лып оты­рған тарау – сол кітап­тың бір бөлігі.

Ағы­л­шын-аме­ри­кан тарих­шы­сы һәм жазу­шы­сы Роберт Кон­кве­стің КСРО-дағы кол­лек­тив­тен­ді­ру мен 1932–1933 жж. ашар­шы­лы­ққа арналған жаңа кіта­бын толқы­май оқу оңай­ға түс­пей­ді. Автор құжат­тық негіз­ден еш жер­де ауы­тқы­маға­ны­мен (ғалым­ның адам­гер­шілі­гі және ол атқарған ұланғай­ыр жұмыс тура­сын­да кітап­тың ауқым­ды аны­қта­ма­лық бөлі­мі де хабар­дар етсе керек), баян­дау боя­уын қалы­ң­да­туға күш те сал­май­ды – өйт­кені мұн­да айты­лған жайт­тар­дың өзі де сезім­ге қалам­гер­дің қан­дай бол­ма­сын буы­рқанған қия­лы­нан әрмен әсер етеді.

Р.Конквестің туындысы, автор­дың өз сөзі­мен айтқан­да, «сөздің барын­ша мағы­на­сы­мен алған­дағы адам­зат мәде­ни­ет­терін» ұғы­нуға жетелейді.

Өзбек­стан, Түрк­ме­ния, Тәжік­стан, Қырғыз­стан мен Қаза­қстан­нан тұра­тын Кеңе­стік Орта Азия – пат­ша арми­я­ла­ры ХҮІІІ-ХІХ ғасыр­лар­да Рос­си­яға күш­теп қосқан мұсыл­ман жұрт­та­ры. Мұн­дағы кол­лек­тив­тен­ді­ру КСРО-ның еуро­па­лық бөлі­гін­де­гі­дей жүр­гізіл­се де, оның кей­бір өзін­дік ерекшелік­тері болды (…).

Бірақ Орта Ази­ядағы өз алды­на ауыр фак­тілер­дің бар­ша­сы да қаза­қтар­дың басы­на түс­кен сұм­дық нәу­бет­ке қараған­да боза­раң тар­тар еді.

1926 жылғы ел санағы­на сәй­кес КСРО-да 3 млн 963 мың қазақ тұрған; ал 1939 жылғы санақ (үсте­месі көп) бой­ын­ша – небәрі 3 мил­ли­он 101 мыңға әрең жет­ті. Егер табиғи өсім­ді ескер­сек, халы­қтың ашты­қтың және қуғын­да­удың сал­да­ры­нан аза­юы 1,5 мил­ли­онға жуы­қтаған. Халы­қтың 1930 жылғы 4 мил­ли­он­дық саны­на қараған­да, негіз­гі табиғи өлім (Қытай­ға қашқан­дар­ды және тумаған­дар­ды шыға­рып тастаған­да) 1 мил­лонн­нан кем бол­мауы керек. Тақа­уда жари­я­ланған зерт­те­уде­гі мәлі­мет­тер шығын­ның бұдан да көп болға­нын дәлел­дей­ді. 1929 жылы Қаза­қстан­дағы шаруа ұйым­да­ры 1 233 мың бол­са, содан 1936 жылы 565 мыңы ғана қалған1. Бұл сұм­дық цифр­ларға мал саны­ның кере­мет күрт азай­ып кет­кенін қосы­ңыз (бұдан көп жағ­дай­да адам өлі­мі өрші­ген). 1929 жылы мүй­ізді ірі қара саны 7 422 мың бол­са, 1933 жылы 1,6 мил­ли­онға азай­ған; қой басы 2,2 мил­ли­он­нан 1,7 мил­ли­онға дей­ін төмен­де­ген2.

Адам­зат тарихын­дағы мұн­дай отар­шыл дер­жа­ва­дағы ада­ми және эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дағы масқа­ра күй­ре­удің себеп­тері мен сал­да­ры Батыс маман­да­ры­ның наза­рын бұры­нғы­ға қараған­да көбірек ауда­руы қажет.

 

***

Қазан рево­лю­ци­я­сы кезін­де, оры­стар ХVІІІ және ХІХ ғасыр­лар бары­сын­да жау­лап алған Қаза­қстан­да ұлт­тық Ала­шор­да пар­ти­я­сы құрған өз үкі­меті пай­да бол­ды. Бұл үкі­мет Қызыл арми­я­ның екпініне қар­сы тұра алма­ды, бірақ осы ауқым­да ком­му­ни­стік қозға­лы­стың негізі сон­ша­лық шек­те­улі ғана еді, сон­ды­қтан Ала­шор­да пар­ти­я­сы­ның көп­те­ген арда­гер­лері жаңа әкім­шілік­тің құра­мы­на алын­ды. Қазақ жер­лері Ресей­дің пат­ша зама­нын­да қосып алған Орта Ази­я­ның ең сол­түсті­гін­де жатқан­ды­қтан, олар оры­стар­дың Сібір мен Қиыр Шығы­сты отар­лау жолын­да қал­ды. Сон­ды­қтан Қаза­қстан­ның бар аймағы дөрекі түр­де екі бөлік­ке бөлін­ді: оның сол­түсті­гін­де көп оры­стар қоныс теп­ті (1896 – 1916 жж. ара­лы­ғын­да), олар көбі­не­се егін шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­сты; ал оңтүстік­те, кеңі­нен жай­ы­лып жатқан дала­да қаза­қтар­дың басым көп­шілі­гі малын бағып жүрді.

Кей­ін Қаза­қстан­дағы осын­дай ерекшелік­тер­ге орай, боль­ше­вик­тер көп­те­ген қиын­ды­қтарға килік­ті. 1926 жылы Қаза­қстан халқы­ның ширек­тен төмені ғана егін­шілік­пен күн көр­ді; 38,5 пай­ы­зы тек мал бағу­мен, 33,2 пай­ы­зы – мал өсіру­мен және егін­шілік­пен айна­лы­сты. Тек 10 пай­ы­здан төмені көшіп-қонып жүр­ді, бірақ үштен екісі «жар­ты­лай көшпен­ділер» еді – олар тек жаз­да ғана малы­мен бір­ге жүретін3. Кеңес үкі­меті бір­не­ше жыл­дың ғана бары­сын­да бұл көшпен­ділер­ді жар­ты­лай көшпен­ділер­ге айнал­ды­ру­ды (олар­ды кол­лек­тив­тен­ді­ру арқы­лы), олар­дың жүз­де­ген жыл­дар­дың қой­на­уы­на кететін ерекше шару­а­шы­лық және мәде­ни дәстүр­лерін тас-талқан етіп, оты­ры­қ­шы жер иге­ру­шілер етуді көз­деді; ал мұн­дай шешім­нің халы­қтың ежел­гі ұмты­лы­ста­ры­на кереғар келетіні дау­сыз еді.

Бұл мәсе­ле­лер енді­гі кол­лек­тив­тен­ді­ру науқа­ны басталғанға дей­ін әлде­не­ше рет талқы­ланған бола­тын. Көп­те­ген аңғар­лы агро­ном­дар қаза­қтар­дың мал бағу шару­а­шы­лы­ғы рулық қарым-қаты­на­стар­мен рет­те­летініне назар аудар­ды, сон­ды­қтан рулық құры­лым­дар­ды қира­ту эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан өте қауіп­ті деп есеп­те­ді. Оның үстіне жер­гілік­ті жағ­дай­лар­дың біл­гір­лері елдің мал баға­тын аудан­да­ры егін өсіру­ге жарам­сыз деген­ді де алға тартты.

Ста­лин өлген­нен кей­ін жарық көр­ген кеңе­стік тарих­шы­ның еңбе­гін­де4 қаза­қтар кол­лек­тив­тен­діру­ге мүл­де даяр емес еді деген пікір КСРО-да қат­ты сынға ұшы­раса да, бұл күн­де көп­те­ген кеңе­стік зерт­те­ушілер қаза­қтар зор­лап кол­лек­тив­тен­діру­ге, «екпін­ді жыл­дам­ды­қ­пен кол­лек­тив­тен­діру­ге» әзір емес еді деген­ді мойындайды.

Қиын­ды­қтың бір жағы көшпен­ділер­ді оты­ры­қ­шы­лы­ққа ауда­ру­да жат­ты – мұн­дай ауы­су көшпен­ді халы­қтар­дың «эко­но­ми­ка­лық және мәде­ни тұрғы­дағы арт­та қалушы­лы­ғын жою» деген пар­ти­я­лық док­три­наға мұрын­дық бол­ды. Бұл мін­дет нақты түр­де былай­ша сурет­тел­ген-ді: «оты­ры­қ­шы­лы­ққа көшу дегені­міз жар­ты­лай фео­да­лизм бай­лы­ғын, рулық қарым-қаты­на­стар­ды жою­ды біл­діреді…»5. Мақ­сат, міне, осы болды.

Қай­та­дан қаралған бесжыл­дық жос­пар­да көшпен­ді халы­қтар­ды оты­ры­қ­шы­лы­ққа көші­ру мәсе­ле­лері де қам­тыл­ды, сөй­тіп Алма­ты­да «Оты­ры­қ­шы­лан­ды­ру жөнін­де­гі арнайы комис­сия» құрылды.

Эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан алып қараған­да, Қаза­қстан­ның тер­ри­то­ри­я­сы бар­лық Кеңе­стік Сібір мен Қиыр Шығы­сты азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз ететін аймақ ретін­де баға­лан­ды, ал көшпен­ділер­ді оты­ры­қ­шы­лан­ды­ру арқы­лы Оңтүстік Қаза­қстан­ның алқап­та­ры­нан мол астық алу көзделді.

ВКП/б Орта­лық Коми­тетінің 1929 жылғы қара­ша­да болған пле­ну­мын­да қазақ көшпен­ділерінің жер­лерін кон­фис­ка­ци­я­лау және осы жер­лер­де орас­ан зор астық сов­хоз­да­рын құру тура­лы қау­лы қабыл­да­ды. 1932 жыл­дың өзін­де-ақ осы «астық алып­та­ры» 1,6 мил­ли­он тон­на өнім беретін боп есеп­тел­ді6.

Эко­но­мист мұн­дай иде­я­ны нағыз есуа­стық деп баға­лар еді: өйт­кені  айтыл­мыш тер­ри­то­рия егін өсіру­ге мүл­де жарам­сыз бола­тын. Тіп­ті бұл аудан­дар­да қазір­дің өзін­де мал шару­а­шы­лы­ғы­ның жал­пы өні­мі егін­шілік­тен түсер өнім­нен төрт есе асып түседі7.

 

***

Жаңа эко­но­ми­ка­лық сая­сат тұсын­да қаза­қтар өздерінің дәстүр­лі өмір сал­ты­мен ғұмыр сүр­ді. Бірақ Кеңес өкі­меті бұған нара­зы еді. 1925–1928 жыл­дар ара­лы­ғын­да жүр­гізіл­ген «қазақ ауы­лын кеңе­стен­ді­ру» науқа­ны­нан ештеңе шық­па­ды, өйт­кені ауыл­дар­да құры­лған Кеңе­стер­дің басы­на ың-шың­сыз жер­гілік­ті ру басы­ла­ры – бай­лар кел­ді. Қазақ қоға­мы­ның рулық сипа­ты, сон­дай-ақ мұсыл­ман­дық бағы­ны­шты­лық кодексі олар­дың өміріне пар­тия қыз­мет­кер­лерінің әсерін тигізу­ге кедер­гі бол­ды. Троц­кий Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы­ның жетек­шісі Голо­ще­кин «орыс дерев­ня­сын­да бей­біт­шілік­ті, қазақ ауы­лын­да аза­мат соғы­сын уағы­здай­ды» деп атап көр­сет­ті. Пар­ти­я­ның ХV съезін­де Моло­тов бай­лар «мем­ле­кет­ті қазақ асты­ғы­нан айыр­ды» деп мәлімдеді.

1929 жыл­дың қаңта­рын­да Қаза­қстан­дағы ком­му­ни­стер­дің саны небәрі 16 551 адам бол­ды, ал 1931 жыл­дың қар­саңын­да Қаза­қстан­ның бар­лық село­лық аудан­да­рын­да 17 500 ком­му­нист бол­ды, ал осы­лар­дың төрт­тен бірі ғана қазақ аудан­да­рын­да тұра­тын8.

ВКП/б Орта­лық Коми­тетінің «ұсы­ны­сы» бой­ын­ша 1928 жылғы 27 тамы­зда қабыл­данған Жар­лық «жер­гілік­ті халы­қтың ішін­де­гі ауыл­дар­ды кеңе­стен­діру­ге өз ықпа­лы­мен кедер­гі кел­тіріп жүр­ген бай мал иелерінің жай­ы­лым алқап­та­рын кон­фис­ка­ци­я­лау», сон­дай-ақ жар­ты мил­ли­он ірі қараға ие болып оты­рған 696 бай және жар­ты­лай фео­дал отба­сы­ла­рын малын кон­фис­ка­ци­я­лап, өздерін жер ауда­ру жөнін­де нұсқау бер­ді9. Бірақ осы шара­ның өзі іргесі берік қазақ қоға­мы­на пәлен­дей әсер ете қой­ған жоқ. Тек 1930 жылы жағ­дай толық кулак­сыздан­ды­руға жет­кізді; 55–60 мың шару­а­шы­лық «бай­лар­ды­кі» деп жари­я­лан­ды; олар­дың 40 мыңы кулак­сыздан­ды­ры­лып, қалған мал-мүл­кін тастап, үде­ре көшіп кету­ге мәж­бүр болды.

 

***

1929 жыл­дың 11–16 жел­тоқ­са­нын­да Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің пле­ну­мы өтіп, онда бір ай бұрын болған ВКП/б Орта­лық Коми­теті пле­ну­мы­ның шешім­дерін орын­дау жос­па­ры талқы­лан­ды. Аталған қаулы­да (РСФСР тер­ри­то­ри­я­сын­дағы бар­лық көшпен­ділер­ді орна­ла­сты­ру тура­лы Жар­лық – 1936 жылға дей­ін Қаза­қстан авто­но­ми­я­лық рес­пуб­ли­ка ретін­де РСФСР құра­мын­да болған – 1930 жыл­дың 6 сен­тябрін­де ғана қабыл­данға­ны­на қара­ма­стан) кол­лек­тив­тен­діруді жүр­гі­зудің басты бағы­ты көшпен­ділер­дің оты­ры­қ­шы өмір сал­ты­на көшуі шарт екені атап көр­сетіл­ді. Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­теті оты­ры­қ­шы өмір сал­ты­на ауы­суға дай­ын­ды­қты баста­уға шешім қабыл­дап, бірін­ші бесжыл­ды­қтың аяғы­на дей­ін 544 мың көшпен­ді және жар­ты­лай көшпен­ді отба­сы (бар­лық саны 566 мың) оты­ры­қ­шы­лы­ққа көшу­ге тиіс деген қау­лы алды10.

Пар­тия көшпен­ділер­ді оты­ры­қ­шы­лан­ды­ру ісіне ең бол­ма­са шару­а­лар­дың кол­хозға ерік­ті түр­де бас қосқан­да­ры сияқты «ерік­тілік­ті» сақта­уды қажет деп тап­па­ды. Қаза­қстан­ның жетек­ші пар­тия қыз­мет­кер­лері кол­лек­тив­тен­діруді күшпен жүр­гі­зу жөн бол­ма­са да, халы­қты тізе­ге салып оты­ры­қ­шы­лы­ққа көшіруді дұрыс деп тапқан қау­лы қабыл­да­ды11. Шын­ту­ай­тын­да, кол­лек­тив­тен­ді­ру де ерік­тілік прин­ци­пі­мен еш сана­спас­тан, жедеға­был жүр­гізіліп жат­ты. 1930 жылғы 5 қаңтар­дағы Жар­лы­ққа сай, Қаза­қстан­ның мал­ды аудан­да­ры да 1933 жыл­дың аяғы­на дей­ін толық кол­лек­тив­тен­дірілетін аймаққа жатқы­зыл­ды. Ал мал басын ортақтан­ды­руға кел­сек, бұл тұрғы­да да нақты шешім­дер қабыл­дан­ба­ды. Кей­бір кол­хоз­дар­да әуелі мал кон­фис­ка­ци­я­лан­ды да, соңы­нан қай­ы­ра иелеріне қай­та­ры­лып беріл­ді. Кон­фис­ка­ци­я­лау жөнін­де бұй­ры­қтар жиі беріл­ді, осы­ған орай қаза­қтар билік иелеріне әйте­уір мал бер­мес үшін сой­ы­сқа кіріс­кен сәт­тер­де бас­шы­лар кешірім сұрап, бұры­нғы бұй­ры­қта­рын өзгер­ту­ге мәж­бүр болған12.

1930 жыл­дың 10 науры­зы­на қарай Қаза­қстан халқы­ның 56,6 пай­ы­зы кол­лек­тив­тен­діріл­ді, бірақ рес­пуб­ли­ка­ның көшпен­ді аймақта­рын­да бұл көр­сет­кіш 20 пай­ы­здың маңай­ын­да қал­ды. Ста­лин­нің 1930 жылғы 2 науры­здағы шару­а­ларға қысым көр­се­туді бәсең­де­ту­ге шақы­рған үнде­уінің ықпа­лы бұл өңір­де сәуір­дің аяғы – май­дың басын­да ғана білін­ген­дей бол­ды13.

1930 жыл­дың көк­те­мін­де құры­лған кол­хоз­дар­дағы жағ­дай шимай-шатақ болға­ны­на күмән кел­тіру­ге бол­май­ды. Үйлер, қой­ма­лар, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның құрал-сай­ман­да­ры жетіс­пе­ді, бірақ бәрі­нен сорақы­сы – астық өсіру­ге оңтай­лы жер­дің тап­шы­лы­ғы еді: көп­те­ген кол­хоз­дар шөл және шөлейт аймақтарға орна­ла­сты­рыл­ды, су қоры­ның азды­ғы­нан тұрақты мал шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­суға да мүм­кін­дік бол­ма­ды. Ол аздай-ақ мал басы­на қажет­ті жем­шөп әзір­лен­беді, оның үстіне мал­ды жай­ы­лы­мға айда­уға «рұқ­сат етіл­меді»14. Кей­бір кол­хоз­дар­да не тұқым, не мал бол­ма­ды, яғни өсу­ге ешқан­дай мате­ри­ал­дық негіз қалан­ба­ды. Жос­пар бой­ын­ша 1915 тұрғын үй мен 70 қам­ба салын­бақ еді, осы­дан үй-жай­дың небәрі 15, қам­ба­лар­дың 32 пай­ы­зы ғана тұрғы­зыл­ды! 1930–32 жыл­дар­да оты­ры­қ­шы­лы­ққа көшіріл­ген 320 мың адам үшін бар болға­ны 24 106 үй, 108 мон­ша салын­ды15.

Осы кезең­де құры­лған кол­хоз­дар бір-бірі­нен жырақ орна­ласқан 10–15 түтіні бар 10–20 ауыл­дың басын бірік­тіретін, сөй­тіп кей­бір кол­хоз­дар­дың тер­ри­то­ри­я­сы қай­сы­бір тұстар­да 200 шар­шы шақы­ры­мға дей­ін жететін16. Енді жұмысты ұйым­да­сты­ру жағы­на келей­ік: бірқа­тар аудан­дар­да бір есеп­ші орта есеп­пен 12, бір тех­ник – 50 кол­хоз­ды қам­тып қыз­мет етті. 1930 жыл­дың июнін­де бүкіл рес­пуб­ли­ка­да неба­ры 416 агро­ном мен басқа да ауыл шару­а­шы­лы­ғы маман­да­ры, олар­дың төр­те­уі ғана қазақ бол­ды17. Кол­хоз­дар­дың көп­шілі­гін­де жос­пар деген болған емес, олар­дың бар мақ­сат­та­ры – әйте­уір өлмей-жіт­пей күн көру еді.

Басқа кеңес еңбек­теріне қараған­да өзге­ше жазы­лған қазақ тарих­шы­сы­ның18 бір зерт­те­уін­де қаза­қтар­дың кол­лек­тив­тен­діру­ге қат­ты қар­сы­лық көр­сет­кені жай­лы мағлұ­мат­тар кел­тіріл­ген. Пар­тия қыз­мет­кер­лері қару­лы қар­сы­лы­ққа килік­ті, біра­зы қаза да тап­ты (жал­пы 1930 жыл­дың көк­те­мін­де Қаза­қстанға жіберіл­ген 1200 жиыр­ма­бе­смы­ң­шыл­дар­дың 400‑і ғана мал­ды аудан­дарға кел­ді)19. Рес­пуб­ли­ка көле­мін­де «қарақ­шы бан­да­лар» кезіп жүр­ді, олар кол­хоз­дарға шабуыл жасап, мал­ды айдап әкетіп, сой­ып алып жат­ты. Ауыл­дар топ-тобы­мен өза­ра келісіп, билік орын­да­ры­на ұйым­дасқан түр­де қар­сы шықты. Арнайы шабар­ман­дар ауыл-ауыл­ды ара­лап, қаза­қтар­ды кол­хозға кір­ме­у­ге шақыр­ды. Бас­ма­штар­дың бан­да­ла­ры күшейе келе ОГПУ отряд­та­ры­мен шай­қа­сты. Қаза­қтар­дың көп­шілі­гі басқа рес­пуб­ли­ка­ларға неме­се Қытай­ға қашты. 44 мың отба­сы Түрк­ме­ни­яға өтіп, көп­шілі­гі бас­ма­штарға қосыл­ды20.

Қаза­қстан­дағы кол­лек­тив­тен­діру­де қиын­ды­қтар­дың кінәсі жер­гілік­ті ұлт­шыл пар­тия Ала­шор­да­ның мой­ны­на артыл­ды. 1930 жыл­дың басын­да ұлт­шыл лидер­лер қосы­лып­ты-мыс деген «заго­вор» ашыл­ды; кол­лек­тив­тен­ді­ру өршілес­кен қар­сы­лы­ққа кез­дескен ауыл­дар­да бүлік­шілер­дің «орта­лы­қта­ры» табылды.

Қаза­қстан­дағы қар­сы­ла­су қозға­лы­сы­на деген ресми көзқа­рас соңғы елу жыл­дан астам уақыт ішін­де өзгер­ген жоқ.

Жуыр­да марқұм Кон­стан­тин Чер­нен­ко­ның Қаза­қстан мен Қырғыз­стан­ның ОГПУ-дің Шығыс шека­ра­лық окру­гы­ның отряд­та­ры құра­мын­да 1930–33 жыл­да­ры бас­ма­штар­мен «аяу­сыз күрес­кені» мадақта­ла­ды (оның бұл әске­ри тәжіри­бесі Ауған­стан­дағы мұсыл­ман көтеріліс­шілері­мен қазір­гі соғыс кезін­де, сірә, акту­аль­ды болуы ықти­мал21.

Кол­лек­тив­тен­діру­ге қар­сы­ла­са оты­рып, қаза­қтар КСРО-ның басқа рес­пуб­ли­ка­ла­рын­дағы шару­а­лар сияқты мал­ды жап­пай сой­ып алуға мәж­бүр бол­ды. Кол­лек­тив­тен­ді­ру басталған алға­шқы апта­ла­ры­ның өзін­де Қаза­қстан­ның көп­те­ген аудан­да­рын­да қол­дағы мал­дың 50 пай­ы­зы пышаққа ілін­ді. Кеңес ғалы­мы­ның зерт­те­уін­де 1930 жыл­дың бары­сын­да 2,3 мил­ли­он бас ірі қара мен 10 мил­ли­он қой шығын болға­ны айтыл­са, енді бір еңбек­те 1929–30 жыл­да­ры бар­лық мал­дың 35 пай­ы­зы опат болға­ны кел­тіріледі22.

Аман қалып, орта­лы­қтан­ды­ры­лған мал­дың басым бөлі­гі ұланғай­ыр сов­хоз­дарға беріл­ді, бірақ, бір ақпарға қараған­да, олар­да сай­лы бас­па­на­лар­дың бол­мауы­нан орас­ан зор сов­хоз­дар­дың бірін­де­гі 117 мың бас мал­дың 13 мыңы ғана қыстан шыққан23.

Осын­дай тас-талқан күй­ре­удің адам­дық фак­то­ры бол­ма­са да, эко­но­ми­ка­лық қоры­тындысы Мәс­ке­удің ашу-ыза­сын туғы­зды. Енді жер­гілік­ті кадр­лар­ды жап­пай таза­лау бастал­ды: 1930 жыл­дың орта­сы­на қарай Қаза­қстан­ның тек екі облы­сын­да бес аудан­дық пар­тия коми­теті тара­ты­лып, жүз­де­ген пар­тия қыз­мет­кері тұтқы­нға алын­ды24. 1932 жыл­дың соңын ала «таза­лау» жұмысы рес­пуб­ли­ка бас­шы­лы­ғын да мол қамтыды.

Кол­лек­тив­тен­дірудің алға­шқы кезеңін­де көшпен­ділер­ді кол­хоз­дың артель сияқты түріне күш­теп қуып тықты, бірақ ВКП/б‑ның 1930 жыл­дың маусым–шілде айла­рын­да өткен ХVІ съезін­де жар­ты­лай көшпен­ді аудан­дарға қолай­лы­лау ТОЗ-дар дұрыс келеді деген шешім қабыл­дан­ды25. Осы жыл­дың 1 сәуірін­де Қаза­қстан­дағы ауыл халқы­ның 52,1 пай­ы­зы кол­лек­тив­тен­діріл­ді, 1 тамы­зға қарай бұл цифр 29,1 пай­ы­зға дей­ін кеміді, әйт­се де 1931 жыл­дың 1 қыр­күй­е­гін­де 60,8 пай­ы­зға дей­ін жоға­ры­ла­ды26; мұн­дай ырғақ жал­пы­о­дақтық про­цес­ке де сай келеді деу­ге болады.

1930 жыл­дың мау­сы­мын­да жер­гілік­ті бас­шы­лық көшпен­ді және жар­ты­лай көшпен­ді аудан­дар­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы құрал-жаб­ды­қта­ры мен мал­ды бұры­нғы иелеріне қай­тып беру­ге нұсқау бер­ді; бірақ сол жыл­дың қара­ша­сын­да құрал-жаб­ды­қтар қай­та­дан ортақтан­ды­рыл­ды, ал 1931 жыл­дың июнін­де мал­ды қай­та­дан ортаға жинау бастал­ды, осы тұста рес­пуб­ли­ка­да сиыр­лар мен қой­ды жап­пай сою толқы­ны тағы көтеріл­ді27.

1931 жыл­дың қысын­да Қаза­қстан­ды 1928 жылы асты­қты аймаққа айнал­ды­ру­дың ұланғай­ыр жос­па­ры жүзе­ге аспай қалға­ны мой­ын­дал­ды. Жос­пар­ланған алқап­тар­дың шире­гі ғана өңдел­ді, бірақ одан кел­ген пай­да шама­лы бол­ды. Ресми құжат­тар мал басы­ның, тұқым­ның, құрал­дар­дың, құры­лыс мате­ри­ал­да­ры­ның жетіс­пе­генін куәлан­ды­ра­ды. Шару­а­лар­ды жаңа жер­де мал­мен әйт­пе­се асты­қ­пен тәуір­леу қам­та­ма­сыз ету­ге болар деген дал­ба­са­мен кол­хоз­дан кол­хозға сапы­ры­лы­сты­ра беру­ден де ештеңе шық­па­ды. 1932 жыл­дың ақпа­ны­на қарай Қаза­қстан­дағы бар­лық кол­хоз­дар­дың 87 пай­ы­зға жуы­ғы және жеке шару­а­шы­лы­қтар­дың (бұлар негізі­нен көшпен­ді мал­шы­лар­дан тұра­тын еді) 51,5 пай­ы­зы тұяқ­сыз тақыр қал­ды. 1926 жылы рес­пуб­ли­ка­дағы қазақ жұр­ты­ның 80 пай­ы­здайы мал­мен жан сақтаған еді, 1930 жыл­дың жазын­да олар­дың ара сал­мағы 27,4 пай­ы­зға дей­ін құл­ды­рап кет­ті. Оның үстіне егін шару­а­шы­лы­ғы мал шару­а­шы­лы­ғын­дай бел ала алма­ды, өйт­кені өңдел­ген егін алқап­та­ры­ның аумағы осы уақыт ішін­де 17 пай­ы­зға ғана өсті28. Осы­нау цифр­лар қол­дан жасалған ала­пат­тың ауқы­мы­нан хабар бере алса керек.

1930 жыл­дың орта­сы­на қарай рұқ­сат беріл­ген соң қаза­қтар кол­хоз­дар­дан өз малын алып алды, ал кей­інірек, 1931 жылы кол­лек­тив­тен­дірудің жаңа толқы­ны көтеріл­ген­де, малын алы­стағы жай­ы­лым-орман­дарға қуып әкет­ті. Қыс түсе мал­ды сой­ып алуға тура кел­ді, қаты­ры­лып жасы­ры­лған ет көк­тем­ге жететін­дей-ді. Бірақ 1932 жыл­дың көк­те­мін­де Қаза­қстан­ды ала­пат аштық жай­ла­ды29. 1932 жыл­дың соңы­на қарай жеке мен­шік­ке беріл­ген азын-аулақ мал ашты­қтың ара­нын сәл ғана қай­тарған­дай бол­ды: қай­та­ры­лған 123 мың бас ірі қара мен 211 мың қой-ешкі30 – 1930 жылға дей­ін­гі қазақ дала­сын­да қай­нап жатқан табын-табын мал­дың жұлы­ғын­дай ғана еді.

 

***

Ауыл­да тұрып, бұрын ет пен сүт­ті қорек еткен халық енді жер­ге қарап қал­ды. Көбісі амал­сыздан кол­хоз­дар мен сов­хоз­дарға кір­ді. Бірақ олар­да да талға­жау ететін дәнеңе де жоқ еді. Бір сов­хоз­да «алты ай бой­ы­на түй­енің желіні­нен басқа жей­тін ештеңе бол­ма­ды»31.

Кей­біре­улер жаңа жер­лер­ге қоныс аудар­маққа тал­пы­ныс жаса­ды, бірақ асқы­нған ашты­қта олар­дың көбісі құр­бан бол­ды. Хру­щев тұсын­дағы жылы­мық жылы­ның кезін­де бір кеңес тарих­шы­сы «рес­пуб­ли­ка­да өндір­гіш күш­тер сұм­дық күй­реді, ауыл­дар­дағы адам­дар қыры­лып қал­ды»32 деп жазды.

Күй­ре­удің төр­кіні үстірт ойлағанға эко­но­ми­ка­лық және сая­си қателік­тер­ге тіре­летін сияқты, бірақ терең үңіл­сек, оның тамы­ры әрі­де – адам­зат мәде­ни­етін түсін­бе­ушілік­те жатыр. Пар­ти­я­лық ойла­удың үстірт­ті­гі және ұшқа­ры­лы­ғы Қаза­қстан­да тай­ға таң­ба басқан­дай көрін­ді. (Ресми деректер­ге қараған­да, Оңтүстік Қаза­қстан­да ислам дінінің әсері осы кезең­де күшейе түс­кеніне таңға­луға бол­май­ды33).

Қаза­қстан­дағы аштық сонау 1921 жыл­дағы­дай қол­дан, сон­дағы­дай әдістер­мен жасал­ды, яғни аштық тек қана идео­ло­ги­я­лық мүд­де­лер­ді діт­те­уді көз­де­ген ақы­лға сый­май­тын сая­сат жүр­гі­зудің нәти­же­сін­де орын алды. Бірақ Қаза­қстан­дағы ашты­қтың Укра­и­на­дағы ашты­қтан өзге­шелі­гі сол, ол әдейі ұйым­да­сты­ры­лған жоқ. 1932 жыл­дың аяғын­да Қаза­қстанға көмек­ке екі мил­ли­он фунт астық34 бөлін­ді (жан басы­на шаққан­да 200 грам­нан кем), әйт­се де бұл кей­ін Укра­и­наға бөлін­ген асты­қтан көп­теу еді.

Қазақ дала­сын­да ешкім күт­пе­ген ашты­қтың жер­гілік­ті халы­қтың Кеңес өкі­метінің сая­са­ты­на қар­сы­лы­ғын қалай саба­сы­на түсір­генін көр­ген Ста­лин кей­ін Укра­и­на­ны тізе бүк­ті­ру үшін әлгі тәсіл­ді қол­дан­ды деген болжам айты­лып жүрді.

 

***

Кезін­де жари­я­лан­баған, Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы мен үкі­метінің 1934 жылғы 14 қара­ша­да ВКП(б) Орта­лық Коми­тетіне жол­даған ресми есебін­де былай делін­ген: «1932 жылы және 1933 жыл­дың басын­да мал­ды аудан­дар­дағы орын алған орас­ан аштық қазір­гі кез­де тый­ыл­ды», сон­дай-ақ шетел­ге көшу және «мал­шы қаза­қтар­дың босуы» тоқта­тыл­ды35.

«Босу тоқта­тыл­ды» деген­ге кел­сек, 1930–1932 жыл­да­ры оты­ры­қ­шы өмір сал­ты­на күш­теп көшіріл­ген жар­ты мил­ли­он халы­қтың тек 30 пай­ы­зы ғана жері, қой­ма­ла­ры, еңбек құрал­да­ры бар оты­ры­қ­шы шару­а­лар боп сана­ла­тын. 1930–1932 жыл­да­ры оты­ры­қ­шы­лы­ққа мой­ын ұсы­нған­дар­дың 25 пай­ы­здайы 1932 жыл­дың аяғы­на қарай алдын­да малы бол­ма­са да көшіп-қона баста­ды36. Мұн­дай лаж­сыз көшіп-қону өмір­дің қоғам­дық және эко­но­ми­ка­лық негіз­дерінің күй­ре­уі­нен кей­ін туған-ды. 1933 жыл­дың соңын­да мен­ші­гін­де ештеңе жоқ тұл­дыр көшпен­ділер қазақ жұр­ты­ның 22 пай­ы­зын құрай­тын еді37. Жан-жақты есеп­тер­ге қараған­да, 1930–1931 жыл­да­ры қаза­қтар­дың 15–20 пай­ы­зы рес­пуб­ли­ка­ны тастап кету­ге мәж­бүр бол­ды: Өзбек­станға 300 мыңы ауды, қалған­да­ры Орта Ази­я­ның басқа рес­пуб­ли­ка­ла­ры мен Қытай­ға асып кет­ті. Ресми деректер­де «жап­пай мигра­ция»38 болға­ны айты­ла­ды. Көр­ші орта­а­зи­я­лық рес­пуб­ли­ка­ларға көш­кен­дер­ді де өздерін­де­гі­дей тағ­дыр тосып тұрған-ды, сон­ды­қтан көп­шілі­гі азып-тозып, бұры­нғы жұрт­та­ры­на қай­ы­ра орал­ды39.

1932 жыл­дың ақпа­нын­да өткен ХVІІ пар­тия кон­фе­рен­ци­я­сын­да Қаза­қстан­дағы кол­лек­тив­тен­дірудің қиын­ды­қта­ры негізі­нен көшпен­ділер­ді оты­ры­қ­шы­лы­ққа көші­ре алмаған­ды­қтан орын алды деген тұрғы­дан түсін­діріл­ді. Бірақ қайт­кен­де де 1936 жылға дей­ін 400 мың отба­сы оты­ры­қ­шы күй­ге «көшті» (сон­да осын­ша халы­ққа 38 мың ғана жаңа бас­па­на салын­ды!)40.

Осын­дай «жеңі­стен» кей­ін жер­гілік­ті жағ­дай­ды елеу жай­ы­на қал­ды, сөй­тіп, 1935 жылы ТОЗдар кәдім­гі артель­дер­ге айнал­ды­рыл­ды. Ақы­ры 1938 жылы Қаза­қстан­да кол­лек­тив­тен­ді­ру өзінің әуел­де ойға алы­нған түрін­де аяқталды.

 

***

Көшпен­ділер­ді күш­теп оты­ры­қ­шы­лы­ққа көшіру­ден туған аштық көр­ші Қырғыз­стан­ды (ондағы 167 мың шару­а­шы­лы­қтың 82 мыңы көшпен­ділер еді; оты­ры­қ­шы­лы­ққа ауы­сқан­дар үшін 38 мың ғана бас­па­на салы­нған!)41, сон­дай-ақ Батыс Сібір­де­гі татар­лар мен башқұрт жұрт­та­рын да қат­ты шар­пып өтті. Челя­бин­скі­де­гі ірі пар­тия қыз­мет­кері42 шетел­дік ком­му­нис­ке былай деген: «Аштық Орал­да, Батыс Сібір­де және Еділ бой­ын­да біз­ге жақ­сы қолға­быс тигізді. Ашты­қтың әсері­нен алды­мен бұл аудан­дар­дағы біз­ге қырғиқа­бақ халы­қтар шығы­нға ұшы­ра­ды. Олар­дың орнын орта­лық облы­стар­дан қашқан оры­стар басты. Біз, әрине, ұлт­шыл емес­піз, деген­мен «жаңағы­дай» жай­лы фак­тіні баға­ла­мауға да бол­май­ды». (Келесі жыл Ста­лин­нің бұл көзқа­рас­ты құп­тай­ты­нын дәлел­деді, ол тек кіші ұлт­тар ғана емес, укра­ин­ды­қтарға да көресіні көр­сет­ті.) Башқұрт­тар мен басқа да ази­я­лық мұсыл­ман халы­қтар ара­сын­дағы көп мөл­шер­де­гі өлім-жітім­ді челябілік пар­тия қыз­мет­кері оларға бесжыл­ды­қтың нұсқа­у­ла­ры­на орай көшпен­ділік­тен оты­ры­қ­шы­лы­ққа ауы­суға икем­сізді­гі­нен деп түсін­дір­мек болады.

Хру­щев өз естелік­терін­де Сама­ра­ның түбін­де­гі негізі­нен чува­штар тұра­тын аштық жай­лаған кол­хоз­дарға кел­генін айта­ды43. Бұдан шығы­стағы жер­лер­ден 50 мың­дай бурят­тар мен хака­стар Қытай мен Мон­го­ли­яға қашты44. Эко­но­ми­ка­лық құры­лы­мы Қаза­қстанға орай­лас Қал­мақ АКСР-інде бар халы­қтың 10 пай­ы­зы – 20 мыңға жуы­ғы (есеп бой­ын­ша) қырыл­ды, оның бер жағын­да 1929–1931 жыл­дар ара­лы­ғын­да көшпен­ді қал­мақтар­дың саны бір-ақ пай­ы­зға өскен (1939 жылғы «санақтың» күмән­ді деректеріне сүй­ен­сек). 1933 жылғы сәуір­де қал­мақ ком­му­нисі Араш Чап­ча­ев жер­гілік­ті кеңе­стер­дің съезін­де бір кез­де жай­нап тұрған ауыл­дар­дың қаңы­рап қалға­нын, халы­қтың жап­пай ашы­ғып жатқа­нын ашы­на айт­ты. Ол кол­хоз­дар­ды тара­ту­ды ұсын­ды, біраз­дан кей­ін Чап­ча­ев жоға­лып кет­ті. Орал­дағы «Север­ный» лагерін­де оты­зын­шы жыл­дар­дың басын­да болған қал­мақ «кулак­та­ры» жай­лы мәлі­мет­тер бар, тек 1933 жыл­дың орта­сы­на дей­ін олар­дың көп­шілі­гі қаза тапқан45. «Пәлен­дей ауыр қыл­мыс жаса­маған» бұры­нғы көшпен­ділер шах­та­ларға, ағаш дай­ын­да­уға жұмысқа жіберіл­ген. Олар еті жоқ таға­мға үйрене алмай қой­ды, бәрі­нен орыс шару­а­ла­ры­на қараған­да бұрын ұстап көр­ме­ген еңбек құрал­да­рын иге­ру тіп­ті қиы­нға соқты46.

Фор­маль­ды түр­де тәу­ел­сіз мем­ле­кет «соци­а­ли­стік» емес, «халық» рес­пуб­ли­ка­сы болған, ал шын­ды­ғын­да Мәс­ке­удің толық бақы­ла­у­ын­дағы Мон­го­ли­яда да кол­лек­тив­тен­ді­ру науқа­ны жари­я­лан­ды. 1932 жыл­дың басы­на дей­ін моңғол­дар қол­да бар мал­дың үштен бірі – 8 мил­ли­он бастан айрыл­ды. 1932 жылы бағыт­ты өзгер­ту, кол­лек­тив­тен­діруді тоқта­ту тура­лы нұсқау беріл­ді47. Кеңе­стік ази­ат тер­ри­то­ри­я­ла­рын сөз еткен­де, шека­ра­дағы Амур мен Уссу­ри бой­ы­на қоныс теп­кен каз­ак­тар­дың тағ­ды­ры­на да тоқта­ла кету­ге бола­ды. 1932 жылы казак дерев­ня­ла­ры­на жіберіл­ген пар­тия қыз­мет­кері каз­ак­тар­дың үйлерін, мал-мүлік­терін тастай-тастай, шека­ра­дағы мұз құр­саған өзен­дер­дің арғы қабағын­дағы каз­ак­тарға (рево­лю­ция кезін­де өтіп кет­кен­дер) қосы­лып, қазір­де өздерінің топ­шы­ла­у­ла­рын­ша жаңа да жарқын өмір көшіне ілес­кен 48.

 

1932–1933 жыл­дар­дағы қай­ғы­лы оқиға­лар, оның ішін­де Орта Ази­ядағы аштық ала­па­ты жай­лы отан­дас тарих­шы­лар мен жазу­шы­лар ақы­ры жуық ара­дағы уақы­тқа дей­ін тый­ым салы­нып кел­ген тақы­рып­пен ашық айна­лы­суға мүм­кін­дік алды. Олар­дың көбісі қазір­дің өзін­де сын­дар­лы іздені­сте, олар, шама­сы, шетел­дік зерт­те­улер­дің тұжы­рым­да­рын бекітуі де, кей тұста­рын теріс­ке шыға­руы да мүмкін.

 

Аударған – Марал ХАСЕН

 

1Мар­та Олкут. Қаза­қстан­дағы кол­лек­тив­тен­ді­ру про­цесі. «Рус­ское ревю», 40, сәуір, 1981. 136 б. /Әті қарай «М. Олкут…»

2М. Олкут, 123 б.

3Қаза­қстан­ның ауыл шару­а­шы­лы­ғын кол­лек­тив­тен­ді­ру. 2т.Алматы, 1967, 222 б.

4А. Куч­кин. Қазақ ауы­лын кеңестендіру.М., 1962.

5«Рево­лю­ция және ұлт­тар», № 5, 1932, 59 б.; Олкут, 132 б.

6«Вопро­сы исто­рии», 1960. №2. 36 б.

7М. Олкут, 142 б.

8Сон­да, 140 б.

9«Боль­ше­вик Казах­ста­на», № 12, 1938; Ленин иде­я­ла­ры­ның сал­та­на­ты. 136–137 бб.

10Б. Төле­п­ба­ев , 202 б.

11М. Олкут, 133 б.

12Қаза­қстан­ның ауыл шару­а­шы­лы­ғын кол­лек­тив­тен­ді­ру, 2 т. 287 б.

13М. Олкут, 129 б.

14Б. Төле­п­ба­ев , 206 б.

15Сон­да, 203,206 бб.; Олкут, 129–130 бб.

16Ә.Б. Тұр­сын­ба­ев. Кол­хоз құры­лы­сы­ның Қаза­қстан­дағы жеңісі. Алма­ты, 1957, 149 б. /Әрі қарай «Ә. Тұрсынбаев…»/

17М. Олкут, 130 б.

18Ә. Тұр­сын­ба­ев, 144–148 бб.

19М. Олкут, 127 б.

20Ю. Поля­ков пен А. Чугу­нов, 154 б.

21«Крас­ная звез­да», 1984, 10 апрель

22М. Олкут, 138 б.

23С.О. Пид­хай­ни. Кремль­дің қара істері. 2 т. Дет­ройт, 1955. 243 б. /Әрі қарай «С. Пидхайни…»/

24«Боль­ше­вик Казах­ста­на», № 1, 1939, 87 б.

25Қаза­қстан ауыл шару­а­шы­лы­ғын кол­лек­тив­тен­ді­ру. 306 б.

26М. Олкут, 137 б.

27Сон­да, 131 б.

28Сон­да, 133–134 бб.

29С. Пид­хай­ни, 2 т. 243 б.

30«Боль­ше­вик Казах­ста­на», №1, 1939 ж. 13 б.

31Рос­си­яда бастан кеш­кен­дер, 1932 ж. 197 б. /авторы жасырын/

32В. Дани­лов, 293–294 бб.

33«Боль­ше­вик Казах­ста­на», №№ 9–10, 1937 ж. 47 б.

34М. Олкут, 134 б.

35Қаза­қстан ауыл шару­а­шы­лы­ғын кол­лек­тив­тен­ді­ру. 2 т. 142 б.

36М. Олкут, 133 б.

37Сон­да, 135 б.

38В. Дани­лов, 293 б.

39М. Олкут, 128 б.

40Сон­да, 139 б.

41Б. Төле­п­ба­ев, 203 б.

42Ловин, Челябі трак­тор заводы­ның дирек­то­ры. А. ДЖ. Тав­дул­дың «Нью-Йорк Аме­ри­к­эн» 1935 жылғы 19, 20 авгу­сте­гі мате­ри­а­лы­нан кел­тіріліп отыр.

43Хру­шев есіне ала­ды: соңғы өси­ет. Нью-Йорк, 1976 ж. 72 б.

44Роберт Рупен. Мон­го­лия шын­ды­ғын­да қалай басқа­ры­ла­ды. Стэн­форд, 1979, 55 б. /Әрі қарай «Р. Рупен…»/

45С. Пид­хай­ни, 1935 ж. 2 ноябрь

46Дж. Литл­пейдж. 109–111 бб.

47Р. Рупен, 55 б.

48Пет­ро Гри­го­рен­ко. Естелік­тер. Лон­дон, 1983, 48 б.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн