Понедельник , 7 июля 2025

Қазақстандық экономика: БЕЛДІ БЕКЕМ БУУ КЕРЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

Басқа басы­лым­дар не дейді?

 

Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы өсі­мінің бәсең­де­уін жалға­сты­ру­да. Бұған ста­ти­сти­ка­лық коми­тет­тің ағым­дағы жылғы қаңтар-тамы­здағы мәлі­мет­тері дәлел. ЖІӨ дина­ми­ка­сы­на әлем­де­гі мұнай мен басқа да шикі­зат баға­ла­ры­ның төмен­де­уі де кері әсерін тигізуде.

 

Тамы­здағы тең­генің құн­сызда­нуы өсім­ді сәл де бол­са ұстап тұра алса да, эко­но­ми­ка­дағы теріс қарқын­ды түбірі­мен өзгер­те алма­ды. Қаза­қстан стат­ко­ми­тетінің тамыз айын­дағы қоры­тындысы опти­мист болуға себеп емес. Ол Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на сыр­тқы теріс фак­тор­лар қысы­мы­ның артқа­нын жана­ма түр­де растайды.

Нәти­же­сін­де ағым­дағы жыл­дың 8 айын­дағы қысқа мерзім­ді эко­но­ми­ка­лық инди­ка­то­ры (ҚМЭИ) 2014 жыл­дың сәй­кес кезеңі­мен салы­сты­рған­да бар болға­ны 101% бол­ды. Еске сал­сақ, бұл көр­сет­кіш ауыл шару­а­шы­лы­ғы, өнер­кәсіп, құры­лыс, сауда, көлік және бай­ла­ныс секіл­ді қаза­қстан­дық эко­но­ми­ка­ның база­лық сала­ла­ры­ның өзгерісін біл­діреді, олар­дың үлесіне ЖІӨ-нің 67–68 пай­ы­зы тиесілі.

ҚМЭИ-дің осын­дай қара­пай­ым мәні атал­мыш сала­лар­дың жиын­тық өсі­мі ағым­дағы жыл­дың қаңтар-тамы­зын­да 2014 жыл­дың сәй­кес кезеңі­мен салы­сты­рған­да 1% құраға­нын біл­діреді. Салы­сты­ру үшін: ҚЭИ 2014 жыл­дың 8 айын­да 2013 жыл­дың сәй­кес кезеңін­де 102,8 пай­ыз бол­ды. Осы­лай­ша ағым­дағы жыл­дың қаңтар-тамы­зын­дағы ЖІӨ өсі­мінің аза­юы мен эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ділік­тің төмен­де­уі көз­ге анық көрініп тұр.

Өнер­кәсіп – эко­но­ми­ка төмен­де­уінің негіз­гі драй­вері болып оты­рға­ны таң қалар­лық жағ­дай емес. Осы қара­лып оты­рған кезең­де­гі өнер­кәсіп­тік өндіріс көле­мі 0,6%-ға төмен­де­ген. Бұл рет­те (өңде­уші өнер­кәсіп­те­гі өсім­нің 0,5% болға­ны­на қара­ма­стан) тау-кен өнер­кәсібі мен кен шыға­ра­тын орын­дар­ды өңде­уде төмен­деу 0,9%-ға жет­ті. Теріс қарқын­дар электр­мен жаб­ды­қтау, газ беру, бу және ауа­ны салқын­да­ту­да да тір­кел­ген. Ол 1,5%-ға жет­кен. Ал ең төмен­гі төмен­деу көр­сет­кі­ш­тері сумен жаб­ды­қтау, кәріз жүй­есі, қал­ды­қтар­ды жинау және бөлу сала­ла­рын­да орын алды – 9,2%.

Егер жеке­ле­ген сала­лар бой­ын­ша қара­сақ, онда мыс кенін өндіру­де көр­сет­кі­штің төмен­деп кет­кенін бай­қай­мыз. Осы жыл­дың қаңтар-тамы­зын­да 2014 жыл­дың сәй­кес кезеңі­мен салы­сты­рған­да ол 13,6% болған. Бұл рет­те алтын кен өндірісінің өсі­мі 15,5% болуы­на қара­ма­стан, қорға­сын-мырыш өнді­ру 24,6%-ға және хром кон­цен­тра­тын шыға­ру 4,8%-ға азай­ды. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы жал­пы өскен­мен, ет өнідірісінің қарас­ты­ры­лып оты­рған кезең­де 7,3%-ға кемуі назар ауда­рар­лық жайт. Бұл рет­те сүт өндірісін­де де төмен­деу бай­қалған – 9,2%, жар­ма да – 17,4%.

Егер мұнай-газ және көмір сала­сы тура­лы айтар бол­сақ, онда атал­мыш кезең­де мұнай өнді­ру – 0,5%, көмір өнді­ру – 7,3 пай­ы­зға азай­ған. Кен өнді­ру сала­сын­дағы төмен­деу дина­ми­ка­сын табиғи газ өндірудің 6,6%-ға және газ кон­ден­са­ты­ның 0,7%-ға өскені жақ­сар­та түс­кен­дей. Алай­да мұнай өнім­дерін өнді­ру сала­сын­да (тек сұй­ы­ты­лған про­пан мен бутан­ның 1%-ға өскені­нен басқа) жап­пай нега­тив бай­қал­ды. Бен­зин өндірісі – 2,2%-ға, мазут – 2,9%-ға, газойл – 4,5%-ға төмен­деді. Ал керо­син өндірісі тіп­тен төмен­деп кет­ті – 28,1%.

Жеке­ле­ген сала­лар бой­ын­ша нега­тив­ті көр­сет­кі­ш­тер­ден басқа қаза­қстан­дық экс­порт тура­лы көп­те­ген бағыт­тар бой­ын­ша стат­ко­ми­тет­тің ақпа­ра­ты да опти­мизм ұялат­пай­ды. Отан­дық ста­ти­сти­ка­ның соңғы мәлі­мет­тері бой­ын­ша, Қаза­қстан­ның экс­порт­тық өні­мі шіл­де айын­да ғана 2,8%-ға арзан­да­ды. Оның ішін­де түсті және қара металл кенінің баға­сы 8,4% дей­ін тіп­тен төмен­деп кет­ті. Ал табиғи газ құны 6,9%-ға төмен­десе, мұнай – 3,3%. Барын­ша аз арзан­даған­дар: мыс – 1,6%, қара металл иле­месі – 1,3%. Бұл рет­те қорға­сын барын­ша қым­бат­та­ды – 10,2%, фер­роқо­рыт­па­ның баға­сы да аздап көтеріл­ді – 1,6%.

Ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерінің экс­порт­тық баға­сы да төмен­деді. Арпа – 13,4%, мақта – 3%, бидай – 0,4%. Тек жүн баға­сы ғана 8,7% өскен. Осы көр­сет­кі­ш­тер бой­ын­ша жеке­ле­ген халы­қа­ра­лық инсти­тут­тар Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның осы және келер жыл­дар­дағы өсі­міне болжал­ды баға­ла­рын бер­ген. Мәсе­лен, Ази­я­лық даму бан­кі 2015 жылға Қаза­қстан ЖІӨ өсі­мінің болжа­мын 1,9%-дан 1,5%-ға дей­ін төмен­дет­ті, ал 2016 жылға – 3,8%-дан 3,3%-ға дейін.

Деген­мен Moody’s Investors Service рей­тинг­тік агент­ті­гі Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның бола­шағы­на аздап бол­са да үміт сый­ла­ды. Халы­қа­ра­лық рей­тинг­тік агент­тік болжа­мы бой­ын­ша 2015 жылы қаза­қстан­дық ЖІӨ өсі­мі –1,5%, ал 2016 жылы 2% құрайды.

Эко­но­ми­ка­дағы осын­дай нега­тив­ті қарқын мен Қаза­қстан­ның ЖІӨ өсі­мінің бола­шағы бой­ын­ша сарап­шы­лар­дың көңіл­сіз болжам­да­ры пес­си­ми­стік болжам­дар­дың орын алуы­на алып келеді. Бірін­ші­ден, Қытай эко­но­ми­ка­сы­ның өсі­мінің әлсіре­уі­нен еуро­ай­мақтағы про­бле­ма­лар мен Ресей­де­гі рецес­сия сал­да­ры­нан тамы­здағы кезек­ті тең­ге деваль­ва­ци­я­сы қаза­қстан­дық эко­но­ми­ка өсі­мін барын­ша ұстап тұра­ды деп айту қиын. Өз кезе­гін­де бұл Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на одан сай­ын кері әсер ете түсуі мүм­кін. Нәти­же­сін­де рес­пуб­ли­ка­ның ЖІӨ биыл сарап­шы­лар мен үкі­мет болжап оты­рған 1,5%-дан да төмен болуы ғажап емес.

Екін­ші­ден, ЖІӨ өсі­мі қарқы­ны­ның төмен­де­уі және мұнай­дың арзан баға­сы­ның сақта­луы елдің төлем қабілетіне кері әсер етуін жалға­сты­ра береді. Ал еркін тең­ге баға­мы жағ­дай­ын­да бұл ұлт­тық валю­та­ның кезек­ті деваль­ва­ци­я­сы­ның орын алуы­на алып келеді.

Үшін­ші­ден, эко­но­ми­ка­лық өсім­нің бәсең­де­уі сал­да­ры­нан бюд­жет­ке мұнай сала­сы­нан түсетін төлем­дер аза­яды. Бұл мемқа­зы­на тап­шы­лы­ғын арт­ты­рып, бюд­жет­тік шығын­дар­дың кезек­ті қысқа­руы­на алып келеді. Мұн­дай жағ­дай­да үкі­мет­тің жеке­ле­ген салы­қтар­ды көбей­туі неме­се жаңа­сын енгі­зуі мүмкін.

Төр­тін­ші­ден, Қаза­қстан­да ЖІӨ өсі­мі қарқы­ны­ның төмен­де­уі банк­тер­дің несие беру өсі­мінің қарқы­ны­на және олар­дың актив­терінің сапа­сы­на кері әсер ете­ді. Нәти­же­сін­де Ұлт­тық банк­тің жұмыс жаса­май­тын несие дең­гей­ін 2016 жыл­дың 1 қаңта­ры­на 10% дей­ін төмен­де­ту тап­сыр­ма­сын жеке­ле­ген банк­тер орын­дай алмауы мүмкін.

Бесін­ші­ден, күр­делі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай үкі­мет­ті импорт­тың жеке­ле­ген түр­леріне кво­та бөлу неме­се тый­ым салу арқы­лы «сауда соғы­сын» тұтан­ды­руға мәж­бүр­ле­уі мүм­кін. Егер бұл орын ала­тын бол­са, онда Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ аясын­да қай­шы­лы­қтар­дың артуы­на және ең алды­мен Қаза­қстан мен Ресей ара­сын­дағы инте­гра­ци­я­лық про­це­стер­ге кері әсер ете­ді, себебі соңғы­сы ЕАЭО-дағы біздің рес­пуб­ли­ка­мы­здың басты эко­но­ми­ка­лық әріп­тесі болып қала бермек.

Және ең басты­сы – қаза­қстан­дық эко­но­ми­ка­ның бәсең­де­уі жұмыс­сызды­қтың көбе­юіне, халы­қтың тұр­мысы­на кері әсер ете­ді. Ол қазір де орын алып жатыр. Стат­ко­ми­тет­тің ақпа­ры­на сәй­кес, ағым­дағы жыл­дың шіл­десін­де ғана орта­ша жан­ба­сы­лық ақша­лай кіріс Т63 664 құраған, бұл 2014 жыл­дың шіл­десіне қараған­да 0,9%-ға төмен.

 

Сер­гей

ЗЕЛЕПУХИН,

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн