Воскресенье , 6 июля 2025

ҮНЕМДЕУДІ депутаттардан БАСТАЙЫҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

Уақыт уыты

 

Депу­тат — халы­қтың билік­те­гі өкілі. Халық сай­лау арқы­лы депу­тат­тарға өкілет­ті билік­ті сеніп тап­сы­ра­ды. Жоға­ры заң шыға­ру орга­нын­да бүгін­де 154 депу­тат халық аты­нан сөй­леп отыр.

 

«Сөй­леп отыр» дегені­міз­бен, көбіне олар­дың үнін есті­мей­тіні­міз рас. Қабыл­да­нып жатқан заң­дар сапа­лы әрі халы­қтың мүд­десі­нен шыға­тын­дай болуы үшін, сол депу­тат­тар ара­сын­да пікір алу­ан­ды­ғы қалып­та­суы тиіс екені айт­па­са да түсінік­ті. Бір­не­ше пар­ти­я­ның өкілі­нен тұра­тын пар­ла­мент депу­тат­та­ры, былай қараған­да, демо­кра­ти­я­лық қоға­мға лай­ық инсти­тут­ты құрап оты­рған­дай көрі­неді. Алай­да пікір алу­ан­ды­ғы­на кел­ген­де, бұлай айта алмаймыз.

Теле­ди­дар­дан көр­ші елдер­дің депу­тат­та­рын көр­ген­де, кей­де әуе­сті­гі­міз келеді. Заң қабыл­да­уда бір-бірі­мен тала­сып, сөз жары­сты­рып, тіп­ті төбе­лесіп те жата­ды. Төбе­лесіп жатқан тәр­тіп­сіздік­теріне әуе­сті­гі­міз кел­мей­ді, әрине, олар­дың өз ұсы­ныс-пікір­лерін өткі­зу жолын­дағы прин­ципшіл­ді­гіне қызы­ға­мыз. Олар­дың әрқай­сысы арты­мы­зда пәлен­бай мың, мил­ли­он халық тұр деп, өз қыз­мет­теріне аса жоға­ры жау­ап­кер­шілік­пен қарайды.

Ал біз­де ше? Рас, ауы­з­бір­шілік­те жұмыс жасаған жақ­сы ғой. Пар­ла­мент ринг емес, төбе­ле­се кететін. Бірақ біздің мәжілі­сте үш сая­си пар­ти­я­ның және Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­ның – яғни, төрт бір­дей сая­си ұйым­ның өкіл­дері оты­рға­ны­на қара­ма­стан, қашан­да бәрінің ойла­ры бір жер­ден шыға­ты­ны таң қал­ды­ра­ды. Өзін­дік ой-пікір­лері жоқ десек, бәл­кім, аса қым­бат тұра­тын, мил­ли­он­даған, мил­ли­ард­таған тең­ге­лер­мен есеп­те­летін ар-намыста­ры­на тиіп кететін шығар­мыз, алай­да бас шұлғу­ды жақ­сы мең­гер­ген мәжілісмен­дер­ге басқа дұры­стау баға­ны қиғың да кел­мей­ді екен.

Өздеріңіз ойлап қараңы­здар­шы, біз­ге келіп түс­кен заң жоба­ла­ры­на бай­ла­ны­сты қар­сы дауыс беретін депу­тат бар ма? Әй, қай­дам, ондай­ды көр­мей жүр­міз. Кей­де бір­ді-екісі бай­қа­май қар­сы дауыс беріп жібер­ме­се, неме­се алда­рын­дағы ком­пью­тер, неме­се қол­да­рын­дағы ұялы теле­фон­мен ойнап оты­рып, дауыс беру­ге қол­да­ры тимей, қалыс қалып қой­ған­да­ры бол­ма­са, бар­ша­сы бір­дей ләм деме­стен біра­уы­здан кез кел­ген заң жоба­сын қол­дап, дауыс бере қояды. Мұн­дай ауы­з­бір­шілік­теріне сүй­сін­бес­ке лажың жоқ. Оның үстіне бұл аса қым­бат сана­ла­тын уақыт­ты да үнем­де­у­ге тап­тыр­мас жол ғой. Салғы­ла­сып, уақыт өткізіп не керек, мини­стр­лік өкілі заң жоба­сын таны­стыр­ды ма – уақыт өткіз­бей бір­ден қол­дай сал. Осын­дай­ы­ның арқа­сын­да емес пе, пар­ла­мент күн сай­ын бір­не­ше заң­ды оп-оңай қабыл­дай сала­тын болып жүр. Мұн­дай жыл­дам­ды­қта­ры Гин­нес­стің рекорд­тар кіта­бы­на тір­ке­у­ге әбден лай­ық болға­ны­мен, құр­мет­ті депу­тат­та­ры­мыз ондай атақ-даңққа қызы­қ­пай­тын болған­ды­қтан, қол қусы­рып отырмыз.

Депу­тат­та­ры­мыз мүл­де үнде­мей­ді десек, әрине, мұны­мыз жөн бол­мас еді. Өздерінің бар екенін біл­діріп қою үшін, олар анда-сан­да әу деп қой­ып, депу­тат­тық сау­ал жол­дап жата­ды. Өкіні­штісі, олар өз сау­ал­да­ры­ның нақты кім­ге жол­да­ну қажет­ті­гін біл­ме­се керек – дені пре­мьер-мини­стр­дің аты­на жол­дай­ды. Пре­мьер-министр өз кезе­гін­де ол сау­ал­ды тиісті мини­стр­лік­тер­ге жібе­реді. Осы­лай сау­ал-жау­ап мини­стр­лік­тер­ді ара­лап жүріп, біраз уақыт жоғал­та­ды. Оны­сы депу­тат­тар­ды қызы­қтыр­май­ды да. Өйт­кені сау­ал­да­ры­на қан­дай жау­ап келетіні онсыз да бел­гілі емес пе? Жол­данған депу­тат­тық сау­ал­дар бой­ын­ша қол жет­кізіл­ген нақты нәти­же­лер жөнін­де есті­мей­тіні­міз сон­ды­қтан. Керісін­ше, депу­тат­та­ры­мы­здың өздері «сырғыт­па жау­ап ала­мыз, жау­ап­тарға қанағат­тан­бай­мыз» деп «жылап» оты­рған­да­ры. Енде­ше біз­ге осын­ша­ма депу­тат­тың қажеті қанша?

Қазір дағ­да­ры­стың уақы­ты. Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өзі қатаң үнем­деу сая­са­ты­на көшу керекті­гін бір­не­ше мәр­те қай­та­лап айт­ты. Пре­зи­дент­ті аса қадір­лей­тін, ол кісінің сөз­дерін дана­лы­ққа балай­тын депу­тат­та­ры­мыз неге осы тұста елба­сы­ның үнем­деу тура­лы айтқа­ны­на бір кісі­дей қол­дау білдірмеске?!

Айтай­ын дегені­міз – мәжілі­сте 107 депу­тат бол­ды не, 7 депу­тат бол­ды не – нәти­же­сі біреу ғана ғой. Пар­ла­мент­ке келіп түс­кен заң жоба­сы бәрібір қар­сы­лы­қ­сыз қабыл­да­на­ды. Қол­дап дауыс бере салу дегені­міз – тіп­тен оңай шаруа. Шыны керек, бұл жау­ап­кер­шілік­ті мәжіліс ғима­ра­ты­ның еденін жуып жүр­ген бір әйел­ге тап­сы­ра сал­сақ та бола­тын еді. Еден жуып жүріп «қол­дап дауыс бер­дім» дей сал­са, сол жет­кілік­ті емес пе? Оны­сы үшін еден жуу­шы артық ақы да сұра­мас еді. Сон­да 107 мәжілісмен­ге төлеп оты­рған шығы­ны­мыз үнем­деліп, бюд­жет қал­та­сын­да қалады.

Бірақ бұны­мыз демо­кра­ти­я­лық заң­ды­лы­ққа қай­шы болып қалуы мүм­кін. Сон­ды­қтан тым қат­ты «сараң­ды­ққа» салын­бай, 7 депу­тат­ты қал­ды­рай­ық. «Ақ жол» пар­ти­я­сы мен ком­му­ни­стер­ден және ҚХА-дан бір-бір депу­тат және «Нұр Отан­нан» 4 депу­тат (сай­ла­уда көп дауыс алға­нын ескеріп). Әрқай­сысы бір-бір коми­тет­тің жетек­шісі бол­сын. Бол­ды – жете­ді. Ал қалған 100 депу­тат­ты «дема­лы­сқа» жібе­рей­ік. Қай­та олар өздерінің биз­не­стері­мен айна­лыс­са, мем­ле­кет­ке сол пай­да­лы­рақ шығар.

Енді осы 100 депу­тат­ты қысқар­ту арқы­лы үнем­де­летін ақша­ны есеп­теңіз. Әр депу­тат­тың айлы­ғы мил­ли­он тең­ге­ге жетеға­был. Оның үстіне әрқай­сысы­ның жанын­да көмек­шілері бар, қыз­мет­тік үй мен көлік шығы­ны. Одан басқа түр­лі ісса­пар­ларға, кең­се қажет­тілік­теріне жұм­са­ла­тын қар­жы­ны қосы­ңыз. Басқа да шығын­да­ры жетіп-арты­ла­ды. Сон­да кемін­де әр депу­тат үшін ай сай­ын бюд­жет­тен орта­ша есеп­пен 3 мил­ли­он тең­ге­дей қар­жы жұм­са­луы мүм­кін. 100 депу­тат үшін – 300 мил­ли­он тең­ге. Кемітіп айтқан­ның өзін­де, бір жыл­да 3 мил­ли­ард тең­ге. Міне, әжепте­уір қар­жы­ның басы көрінді.

Сенат­та да осын­дай қысқар­ту­лар жаса­сақ, 5 мил­ли­ард тең­ге бюд­жет­те қалуы мүм­кін. Енді осы 5 мил­ли­ард­ты кәсібін енді бастаға­лы оты­рған жас кәсіп­кер­лер­ге қай­та­рым­сыз несие ретін­де 1 мил­ли­он тең­ге­ден бөліп бер­сек, елі­міз­де 5 мың жаңа жас кәсіп­кер пай­да бола­ды екен. Әр кәсіп­кер 5 ада­мға жұмыс тауып берер бол­са, елі­міз­де 25 мың адам жұмыспен қам­тыл­мақ. Оның үстіне кәсіп­кер­лер ел эко­но­ми­ка­сы­ның көтерілуіне сеп­ті­гін тигі­зеді, салық төлеу арқы­лы бюд­жет қар­жы­сын толы­қты­ра­ды. Және олар­дың жұмысы бір жыл­мен шек­тел­мей­ді, биз­не­стерін дамы­тып жат­са, алдағы жыл­дар­да бюд­жет­ке мил­ли­ард­таған тең­ге салық түсі­ру­лері мүмкін.

Енді өздеріңіз ойлап қараңы­здар­шы, «бір­дей ойлай­тын», «бір пікір­де­гі» сон­ша депу­тат­ты асы­рап оты­рған пай­да­лы ма, әлде олар­ды қысқар­ту арқы­лы үнем­дел­ген қар­жы­ны кәсіп­кер­лік­тің дамуы­на бөл­ген олжа ма? Әрине, екіншісі.

«Бұлай істе­у­ге заң ерік бер­мей­ді» деп қын­жы­лар­сыздар. Түк те қиын­ды­ғы жоқ. Біздің депу­тат­тарға заң­дарға өзгеріс енгі­зе салу ши сын­ды­рған­нан да оңай емес пе? Іштері­нен біре­уі суы­ры­лып шығып, «осы­лай істей­ік, бүгін­гі­дей қиын-қыстау кезең­де елба­сы сая­са­ты­ның жүзе­ге асуы үшін осы­лай көмек жасай­ық» деп ұсы­ныс жасап, баста­ма­шы бол­са – болға­ны: ертеңіне қажет­ті заң­да­ры­мы­здың бәріне өзгеріс енгізіледі де, бар­лы­ғы оп-оңай жүзе­ге аса қояды.

Тіп­ті қалған 7 депу­тат үшін еңселі ғима­рат­ты босқа ұстап оты­ру­дың да қажеті жоқ. Одан да оны биз­нес өкіл­деріне жалға бер­сін де, өздері екі бөл­мелі пәтер жал­дап, кең­се етсе де бола­ды. Тіп­ті оған да қар­жы шығын­да­маудың жолы бар. Мини­стр­лік­те­гілер заң жоба­сын әле­умет­тік желі­ге жари­я­ла­сын, оған депу­тат­тар «лайк» бас­са, қол­дап дауыс бер­ген­дері болып сана­лып, бір­ден пре­зи­дент­тің қол қоюы­на жөнел­ті­ле бер­сін. Сон­да қалған депу­тат­тар үйін­де теле­фо­нын шұқы­лап оты­рып-ақ кез кел­ген заң жоба­сы­на дауыс бере ала­ды. «Пәлен лайк жина­дым» деп, заң жоба­сы­ның автор­ла­ры да мәз бола­ды. Есесіне пар­ла­мент­тің еңселі ғима­ра­тын жалға беру арқы­лы жыл сай­ын тағы да мил­ли­ард­таған тең­ге табыс табамыз.

Оған жүз­де­ген депу­тат­тан босай­тын қыз­мет­тік пәтер­лерін қосы­ңыз. Эли­та­лық ол пәтер­лер­дің әрқай­сысын «су тегін кет­ті» деген­нің өзін­де айы­на 2 мың дол­ларға жалға беру­ге бола­ды. Сон­да бір жыл­да 100 пәтер­ден 2 мил­ли­он 400 мың дол­лар табыс табуға болады.

Бұл – «үнем­де­у­ге ілік­кен» мәжілісмен­дер­дің босаған пәтер­лері­нен таба­ты­ны­мыз. Сенат­ты­қтар­ды қос­сақ, 4 мил­ли­он дол­ларға жақын­дай­ды екен­біз. Бұл аз десеңіз, олар­дың қым­бат шетел­дік көлік­терін саудаға қояй­ық. Осы­лай­ша шаше­тек­тен табысқа кенел­гелі оты­рған жоқ­пыз ба?

Міне, осын­дай-осын­дай жол­дар­ды қарас­ты­рар бол­сақ, бұл дағ­да­ры­стан өту жеңілірек бола­тын еді. Сон­ды­қтан халы­қтың қала­у­лы­ла­ры халы­қтың дағ­да­ры­стан қинал­май өтуі үшін, айты­лған ұсы­ны­старға құлақ асқан­да­ры жөн деп есептейміз.

Ербол ЖАЛПОШЕВ,

Azattyq.org

 

 

 

Редак­ци­яға хат

Тоғыз ауыл­да сегіз мың адам

ЕМХАНАСЫЗ ҚАЛДЫ

Қаза­қстан­ның қиыр сол­түсті­гін­де­гі Қулы­көл ауы­лы­ның (Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы, Уали­ха­нов ауда­ны) бір топ тұрғы­ны ҚР пре­мьер-мини­стрі Кәрім Мәсі­мо­втің аты­на хат жазып, оның көшір­месін ҚР пре­зи­дент әкім­шілі­гіне, Ден­са­улық сақтау ведом­ст­во­сы­на, СҚО облы­стық ден­са­улық сақтау басқар­ма­сы­на жол­даған екен. Бірақ алыс ауыл­дың тұрғын­да­ры атал­мыш билік орын­да­ры­ның бір­де-бірі­нен күні бүгін­ге дей­ін жау­ап бол­маға­нын жазып, газет редак­ци­я­сы­на хат жолдапты.

Біз тұра­тын Қулы­көл ауы­лы облыс орта­лы­ғы­нан шалғай­да – Пав­ло­дар және Ақмо­ла облы­сы­на шек­тес жер­де орна­ласқан. Біз­бен көр­шілес Қара­тал, Бере­ке, Қай­рат, Жасқай­рат ауыл­да­ры қоныстанған.

Аулы­мы­здағы 35 орын­дық емха­на бар­лық дәрі­гер­лік құрал-жаб­ды­қтар­мен толық қам­та­ма­сыз етіл­ген еді. Пав­ло­дар облы­сы­ның Сілеті, Қызы­лағаш, Бұлан­ды, Шолақ­сор ауыл­да­ры­ның адам­да­ры біздің емха­на­мы­зға келіп, ем-дом ала­тын. Бас дәрі­гері­міз Сай­лау Ыды­ры­сов зей­нет­кер­лік­ке шыққан­ша, емха­на­ның бар­лық бөлі­мі толық жұмыс істе­ді. Ал қазір «дәрі­гер­лер жоқ» деген сыл­та­у­мен бар­лық жаб­ды­қтар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ген емха­на­ны жауып, күн­діз ғана көрі­нетін он адам­дық «ФАП» дең­гей­ін­де қал­ды­ра­мыз деген шешім­мен аудан, облы­стық ауру­ха­на бас­шы­ла­ры ауы­лы­мы­зға келіп кетті.

Қулы­көл ауы­лы аудан орта­лы­ғы­на­нан – 200, облыс орта­лы­ғы­нан 600 шақы­ры­мға жуық қашы­қты­қта орна­ласқан. Мұн­да қыс түгілі, жол қаты­на­сы жаз­ды күн­нің өзін­де де өте нашар. Қар­лы боран­дар­да апта­лап жол қаты­на­сы бол­май­ды. Мұн­дай жиі кез­де­сетін жағ­дай­да Қулы­көл ауы­лы­ның екі мыңға жуық ада­мы және аталған сегіз елді мекен­нің тұрғын­да­ры толық дәрі­гер­лік көмек бере алмай­тын «ФАП»-қа ғана қарап қал­сақ, күні­міз не бол­мақ?! Ал мұн­дағы толық қам­та­ма­сыз етіл­ген дәрі­гер­лік қон­ды­рғы­лар қол­ды болып кет­пе­уіне кім кепіл?!

Бұл мәсе­ле­мен аудан бас­шы­ла­ры хабар­дар бол­са да, біз алда­ры­на қой­ып оты­рған жағ­дай нақты­лы шеші­мін әлі тапқан жоқ. Ондағы­лар аудан­дық ден­са­улық сақтау бөлі­мінің ауыл емха­на­сын жабу жөнін­де­гі шеші­мі­мен келіс­кен тәрізді. Қар­жы тап­шы­лы­ғын сыл­тау етіп, бюд­жет­ті үнем­дей­міз деп, жұмыс істеп тұрған және халы­ққа аса қажет емха­на­ны жауып тастау – көре­ген шешім бол­ма­сы анық. Қазір ауы­лы­мы­здың бүкіл халқы емха­на­мы­зды жауып тастай­ды деген қорқы­ны­шты күн­ді басы­нан кешуде.

Біз Қулы­көл тұрғын­да­ры аты­нан сіз­дер­ден өтіне сұрай­ты­ны­мыз – емха­на­ны өз дең­гей­ін­де қал­ды­руға көмек жаса­саңы­здар екен. Бұл біздің ғана емес, Пав­ло­дар облы­сы­ның Сілеті, Қызы­лағаш, Шолақ­сор, Бұлан­ды ауыл­да­ры­ның тұрғын­да­ры­ның да өтініші.

Тоғыз елді мекен­де­ген тұрғын­дар атынан :

Аута­ли­пов Т., Ауба­ки­ров Ғ., Жәр­ке­нов М., Геф­тин В., Маха­нов Т., Бөле­ге­нов Е., Бөле­ге­нов Қ., Рах­мет­тул­лин Қ., Оспа­нов А., Кен­дір­ба­ев М., Кәке­нов Б., Тұр­лы­ба­ев Б., Ахме­тов Б., Нұр­па­у­еде­нов Қ., Қажта­ев Ж., Сады­ғұ­лов Д., Қай­да­ров Қ., Жек­сен­ба­ев Ж., Кәка­ев З., Баса­ро­ва О.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн