ЕРМЕК ПЕН СЕРІКЖАН тергеу абақтысынан босатылмады

Обалы кімге?

 

Алматы қалалық соты қоғам белсенділері Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталинді екі айға тұтқындау туралы бұған дейінгі бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Оларға Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-тармағы бойынша «ұлтаралық араздық қоздырды» деген айып тағылған еді.

 

Алматы соты ғимара­ты­ның алдында қоғам белсендісі Макс Боқаев Мәмбеталин мен Нарымбаевты қудаламауды талап етіп, «Тіл кеспек жоқ» деген плакат ұстап, жал­ғыз өзі пикет өткізді.

Азаматтық ұстаны­мы­на берік, «алабөтен» ойы бар азаматтарға қатысты кез келген сот ісі дау-дамаймен басталатыны әдетке айналғаны қашан. Жаза-жаза жауыр болса да, қайталауға тура келіп тұр. Алдымен сот залына кірудің өзі бір машақат, қалалық соттың кіре бе­рісі «жабайы базардағы» саудаласқан жұртты ел­ес­­тетеді, сотқа кімнің кіруі тізімге алынып, ала­қандай қуысқа қысылып, полицейлерге құжаты­мызды көрсетіп, әрең кір­дік. Ал өзге сот ісіне қатысушылардың атын атап, шақырып, еркін кір­гізіп жатса, біз жаға жыртысып, үнемі айқай шу­дың арасында жүрміз.

Залға кіріп, отырға­ны­мыз сол еді, соттың хатшысы, террористер мен аса қауіпті қылмыскер­лерді жауапқа тартып жат­қандай, «шығың­ыз­дар, бұл – жабық іс» деді. Сіресіп отырып алған жұртты сүйреп шыға­ру­дан тайынатын түрлері жоқ. Судья Ардақ Ешеев апелляциялық арызды БАҚ және қоғамдық ұй­ымдар өкілдерінің қаты­су­ынсыз қарау туралы қау­лыны қолма-қол шы­ғарды.

Өзіміздің конс­титу­ция­лық құқымызды талап еткенімізге судья міз бақ­қан жоқ, шығып кетіп, басқа залға барды да, есігін тарс бекітіп алып, істі қарады. Қамауда от­ыр­ған екі азамат та сотқа шақырылған жоқ. Мәм­беталин мен Нарымбаев­тың да ісін судья Ардақ Ешеев бірінен соң бірін қарап болған соң, шы­ғарған шешімін жиылған жұртқа ежіктеп оқып берді.

Қылмыстық кодекстің «Әлеуметтiк, ұлттық, ру­лық, нәсiлдiк, қауымдық немесе діни алауыздықты қоздыру» деп аталатын 174-бабының 2-тармағы бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Жа­ңа­өзендегі қанды қыр­ғын­нан соң «Әлеуметтік араздық туғызу» айыбы азаматтық қоғамның бел­­­сенділеріне жиі тағы­луда. Адвокаттардың айтуынша, бұл – соттың соң­ғы шешімі. Екі айдан соң іс оңды шешілмеген жағдайда адам құқық­тары жөніндегі БҰҰ ко­митетіне шағым беріле­тінін мәлімдеді.

БҰҰ-ға шағым жеткенше, екі азаматтың жағ­дайы қалай боларын кім білсін, тәуелсіз сарап­шы­лардың айтуынша, бұл іске тапсырыс беруші Ре­сейдің «ФСБ» қызметі, ор­ындаушысы өзіміздің «КНБ» көрінеді. Ғалам­торда, әлеуметтік желіде «Тәуелсіздікке қауіп төн­діретін шовинистік пи­ғыл­дағы саясатты ашық сынағандары үшін қамау­ға алынған» деген пікір­лер шындыққа саяды. Әйт­песе ұлт араздықты ту­ғызатындай жазбалары «әк­кі тергеушілердің» зерт­­теуі неге сот ісін қа­раған кезде жария етіл­меді? Демек, екі айдың ішінде ондай дәлелдер ойдан құрастыры­латы­ны­на күмән жоқ. Тәуел­сіз­дік­тің ширек ғасырға жуық­таған кезеңіне «37»-нің қу­ғын сүргіні қайта айналып келгені ме деген үр­ейден құтылар күн қай­сы?..

Бақытгүл МӘКІМБАЙ,

«D»

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн