Суббота , 12 июля 2025

Гауһар Әлімбекова: МЕН ЕШҚАШАН өз әнімді ешкімге САТҚАН ЕМЕСПІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (308) от 29 октяб­ря 2015 г.

 

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

 

 

– Гауһар ханым, сіз көбі­не­се жур­на­ли­стер­ге сұх­бат беру­ден бас тар­та­ды екен­сіз. Неліктен?

– Ауыз тол­ты­рып, ел-жұр­тқа айта­тын­дай тың жаңа­лы­қтар бол­маған­нан кей­ін, ол жур­на­ли­стер­ге қай­та-қай­та не айта бер­мек­пін?! Бас тар­та­ты­ным – сол. «Өнер жолы – ауыр жол» деген­ді қай­та-қай­та қай­та­лап, газет-жур­налға орын­сыз жыл­ты­ң­дап шыға беруді жақтырмаймын.

 

– Ал біздің газет­ке сұх­бат беру­ге келі­се кет­кеніңізді қалай түсін­сек екен? Мәсе­лен, сіздің көп­те­ген әріп­те­стеріңіз, әсіре­се өздерін «жұл­дыз» санап жүр­ген әншілер біз­ден ат-тон­да­рын ала қашады…

– Маған «ДАТ» газеті ұнай­ды. Бұл газет көбіне шын­ды­қты жаза­ды: халы­қтың жоғын жоқтай­тын жана­шыр газет­тің бірі. Сон­ды­қтан «ДАТ» газетіне жүре­гім­нің төрін­де орын бар.

Ал әріп­те­стерім­нің ат-тонын ала қаша­ты­нын түсін­бей­мін: артық сұрақ қой­ыл­са, жоға­ры жаққа жақ­пай қала­мыз деп ойлай­тын болар.

 

– Енде­ше осы сұх­бат бары­сын­да сіз­ден біл­мек бір жәй­ті­міз – сіз басқа әріп­те­стеріңіз­ге қараған­да, соңғы кез­дері сахна­дан да, теле­жә­шік­тен де көрі­нуді азай­тқан сияқты­сыз. Әлде біз қате­лесіп тұр­мыз ба?

– Жоқ, шама­сы сіз менің шығар­ма­шы­лық жолым­нан бір­ша­ма бей­ха­бар қалған­сыз-ау (күл­ді). Әйт­пе­се мен жер-жаһанға жар­на­ма жаса­май-ақ, жыл сай­ын шығар­ма­шы­лық кешім­ді өткі­зе­мін. Ел-жер­ді ара­лап, кон­церт беріп жүре­мін. Сон­ды­қтан «көрін­бей кетуім» мүм­кін емес. Бұрын­да­ры үнде­мей, сахна­дан неме­се теле­ди­дар­дан көрін­бей кет­сем, мені білетін жұрт «клип түсіріп жүр­сің бе?» дей­тін еді. Негізін­де, өзінің шығар­ма­шы­лық жұмысын өзі қам­дай­тын әнші үшін клип түсіру­ден, сахнаға шығу­дан басқа да шаруа жетіліп-арты­ла­ды. Бір кон­церт­ті дай­ын­да­удың өзі бір­не­ше айлық жұмысты қажет ете­ді. Құдай­ға шүкір, үйде оты­рып, жазып тастаған бір­не­ше әндерім бар. Солар­ды кон­церт­тік жүй­е­ге кел­тірудің өзі сахна­дан тыс жұмыс.

Ал кон­церт бер­ген осы екен деп, қай­та-қай­та сахнаға шыға беруді жөн сана­май­мын. Кей­бір әріп­те­стерім сияқты бірер әнмен ел-жұрт­тың талғам-тәбетін алдау – мен үшін ұят жағ­дай. Бірақ был­ты­рғы жылы кон­цер­тім өтетінін көп­шілік­тің есті­мей қалға­нын ескеріп, тың­дар­ман тара­пы­нан сұра­ныс болған соң, шығар­ма­шы­лық кешім­ді қай­та­дан өткіз­генім рас. Бәл­кім, жар­на­ма жағы жұтаң бол­ды ма екен: бірер афи­ша мен интер­нет желісін­де­гі ақпа­рат жұрт­шы­лы­қтың наза­ры­на жет­пей қалған сияқты. Өзім­нен де бар: жал­пақ жұр­тқа айқай­ла­май, үнде­мей-түн­де­мей, кон­цер­тім­ді өткі­зетін бір өзім сияқтымын.

 

– Жал­пы, сіздің өз жар­на­маңы­зға, қазір­гі тренд­пен айтқан­да – ими­дж­дік «PR»-ыңызға көңіліңіз тола ма?

– Шетел­дер­ге елік­те­гені болар, көп әншілер­де пиар-мене­джер деген арнайы маман­дар бар. Бәл­кім, бұл дұрыс та шығар. Бірақ бұның өзі де қосым­ша қара­жат жұм­са­уды қажет ететін «ермек» бол­са керек. Алай­да қал­таң­да ақша бар болған күн­нің өзің­де де, оны босқа шашпай, бауыр­ла­ры­ма жәр­дем ретін­де бер­ген­ді жөн көремін.

Ал ими­дж­ге келер бол­сақ, көңілім өз бет-бей­не­ме әбден тола­ды: табиға­ты­ма сай киім кие­мін. Өзім­нің ағам­дай болып кет­кен Талған сән­гер-модель­шім менің әндері­ме лай­ы­қтап киім тігіп береді. Мыса­лы, биы­лғы мамыр айын­да өткізіл­ген кон­церт­ке үш-ақ көй­лек киіп шықтым. Ол да қара­пай­ым ими­дж­ге деген тән­тілік­тің бел­гісі деп білем. Үстін­де­гі киім­ді қай­та-қай­та ауы­сты­рып, сахнаға шама­дан тыс жыл­ты­рап шыға­тын­дар – әндерінің кем-кеті­гі мен «минуста­ры» білін­бесін дей­тін өз-өздеріне сенім­сіз әншілер. «Дүниенің кеңді­гі­нен не пай­да, аяқ киі­мің тар бол­са» демек­ші, адам­ның ішкі жан дүни­есі таза бол­ма­са, сырт кел­бетің жал­ты­раған­нан не пайда?!

 

– Кей­бір білетін­дер­дің айтуы­на қараған­да, сіз бүгін­де ауыл­дағы шаруа қожа­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын аға-бауыр­ла­ры­ңы­зға көбірек көңіл бөледі екен­сіз. Осы рас жағ­дай ма?

– Мен – қаза­қтың қызы­мын. Ал қазақ қашан да бауыр­ма­шыл ғой… Бой­ым­да қаза­қы тәр­бие болған соң, ауыл­дағы бауыр­ла­ры­ма көмек­те­суді жөн санай­мын. Даңға­за, даб­ы­ра тір­лік маған жат. Өткен­де бір жур­на­лист маған: «Неге кот­тедж үйде тұр­май­сыз, неге атағы­ңы­зға сай киініп, жарқы­рап жүр­мей­сіз?» деген сұрақтар қой­ды. Құдай­ға шүкір, әуелі – Алла­ның арқа­сын­да, екін­ші – өзім­нің азды-көп­ті табысым­ның көме­гі­мен алған үш бөл­мелі үйім бар. Мен ешқа­шан біре­у­ге көр­пе болып төселіп, аюға – апа, қасқы­рға – көке деп, жарам­сақ жан бағу­шы­лы­ққа барып көр­ме­ген адам­мын. Ауыр­дың үсті­мен, жеңіл­дің асты­мен жүр­ген күнім жоқ. Оның үстіне кот­тедж үйі жоқ екен деп, мені ешкім жазғыр­май­тын шығар… Менің кот­те­джім, менің бар дәу­летім – менің бауыр­ла­рым. Ауыл-елде­гі бауыр­ла­ры­ма көмек­тес­пей, өзім кере­мет болып жүре беру – менің көз ашқан­нан бер­гі тәр­би­е­ме жат қылық. Міне, менің «ауыл­дағы шаруа қожа­лы­ғы­на» бай­ла­ны­сты айта­тын ойым – осы.

 

– Енді біре­улер сізді Шым­кент­тен шық­пай­ды дей­ді ғой…

– «Шым­кент­тен шық­пай­ды» дегеніңіз­ге «КВН»-шының қал­жың-шыны ара­лас сөзін айтай­ын: «Дағ­да­ры­стың өзі Шым­кент­тен қашып кете­ді». Жақ­сы айты­лған астар­лы әзіл. Көп­шілік жұрт біледі – оңтүстік өңір­де той көп. Той көп болған соң, өзі­міздің ауыл­дың «қара қызы» деп, мені шақыр­ту­шы­лар да көп. Оның үстіне бір той­ды екін­шісіне жалғап, кім хабар­лас­са да: «Шым­кент­те жүр­мін» деп жау­ап бере­мін. Соған қараған­да, олар мені Шым­кент­те тұра­ды деп ойлай­ды. Алай­да мүл­дем олай емес: туып-өскен жерім Шым­кент, Жеті­сай бол­са, мені шабыт­тан­ды­рған, әндерім туған, халы­қтың бата­сын беріп, елге таны­тқан сүй­ік­ті қалам – Алма­тым. Сон­ды­қтан менің «Шым­кент­тен шық­пай­ты­ным» – ағай­ын-туы­стың той­ын­да жүруім ғана.

 

– Сіз қатар­лы құр­бы­ла­ры­ңы­здың біра­зы түр­лі тележо­ба­ларға қаты­сып: бірін­де – жүр­гі­зу­ші, енді бірін­де – қазы­лық ету­ші, тағы бірін­де – сарап­шы болып жүр. Бұл қатар­дан сіздің көрін­бе­уіңізді қалай түсі­ну­ге болады?

– Жуыр­да осы тек­тес сұрақты бір жур­на­лист қой­ған еді. Бұған мен не айтай­ын?! Қазір не көп – ада­сып жүр­ген адам көп: мұғалім – әнші, агро­ном – жыр­шы, эко­но­мист – биші… деген сияқты бір-бірін алма­сты­рып, жан баққан адам аз емес. «Жігіт­ке жеті өнер де аз» десе де, көгіл­дір экран­нан қай­та-қай­та көл­бең­деп көріне беру – менің табиға­ты­ма жат нәр­се. «Әлін біл­мей­тін әлек­тің» санын көбейт­кен­ше, үйім­де ән жазып оты­рға­ным әлдеқай­да артық емес пе?!.

 

– Негізі, сіз­де әншілік-саз­гер­лік өнер­ден басқа тір­шілік қамы үшін жасалған қосалқы кәсібіңіз бар ма?

– Ашы­ғын айт­сам, ондай­дан жұр­дай­мын. Қосалқы кәсіп ашу қолым­нан кел­мей­ді. Босқа тыр­баң­да­удан тағы да түк шық­пай­ды. Аны­ғын айт­сам, қолым­нан ән айту­дан, сәті түс­кен­де ән жазу­дан басқа түк те кел­мей­ді. Жал­пы, мен үй шаруа­сы­на бей­ім адам­мын. Егер әнші-саз­гер бол­маға­ным­да, нағыз қаза­қы әйел бола­тын едім: күй­е­уін күтіп, бала-шаға­сы­на қарай­тын. Өмір­де де, өнер­де де анам­ды пір тұта­мын. Кей­де біре­улер бой­ым­нан жақ­сы қаси­ет көріп жат­са, оны – анам­ның бер­геніне балай­мын, ал керісін­ше, кем­шілік­тірім­ді өзім­нен іздеймін.

 

– Сіз саз­гер ретін­де бір­не­ше ән жаз­ды­ңыз. Бүгін­де ол әндер­дің бірқа­та­рын басқа әншілер орын­дай­ты­нын естіп жүр­міз. Сон­да сіз сол әндер­дің орын­да­у­шы­лық құқын сатып жібер­діңіз бе, әлде оның басқа­дай келісім-уағ­да­сы бар ма?

– Білесіз бе, осы уақы­тқа дей­ін бір­де-бір әнім­ді сатқан емес­пін, шығар­ма­шы­лы­қты саудаға салу­дың жолын да біл­мей­мін. Керісін­ше, әнім­нің бағын жан­дыр­са екен, менен де кере­мет етіп жарқы­ра­тып орын­да­са деп, құр­бы-қызда­ры­ма теп-тегін беретінім бар. Ән деген менің балам секіл­ді: құт­ты орны­на қонып, бағы жан­са – мен үшін содан асқан бақыт жоқ! Айт­пақ­шы, мен әнім­ді сатып ала­мын дей­тін адам­дарға да тегін бере­мін. Ақша деген – қол­дың кірі, бүгін бар, ертең жоқ. Ал сенің жақ­сы әнің ел аузын­да ұзақ уақыт жүреді. Міне, менің «ән сату­дағы» тәжіри­бем осы ғана.

 

– Ал сахнаға бүгін шыққан әнші ертеңін­де өзі де ән жазып, ком­по­зи­тор ата­нып жүр­генін ести­міз. Сон­дай шала-шар­пы саз­гер­лер жазған әндер тура­лы қан­дай пікірдесіз?

– Мен осы нәр­сені түсін­бей­мін: бір-екі ән жаз­са, өзін саз­гер санай­тын­дар көп.

 

(Соңы 10/15-бет­те)

(Соңы. Басы 9/16-бет­те)

 

Бәз­біре­улер ән жазу­ды жер қашау сияқты көреді: біре­у­ге ән жаз­ды­рған­ша, өзім неге жаза сал­май­мын дей­тін сияқты. Ән жазу деген – әуен мен сөз қабысқан кере­мет өнер. Оны оты­ра қалып, жазып тастау мүм­кін емес.

Енді кей­біре­улері баста­пқы­да 2–3 ән жазып, кей­ін жоқ болып кете­ді. Ондай­лар­ды «ұры ком­по­зи­тор­лар» деп есеп­тей­мін. Шын мәнін­де бой­ын­да талан­ты мен қарым-қабілеті жетіп тұр­са, ары қарай жалға­сты­рар еді. Арғы жағын­да түп-тамыр бол­маған соң, несін жалғастырады?

Ал мен «жеті рет өлшеп, бір рет кес» демек­ші, жазған әнім­ді қай­та-қай­та тың­дап, әр нота­сы­на дей­ін тек­серіп оты­ра­мын. Кей әндер­ді тың­дап отыр­сам, ұрланған ән екенін іштей сезіп, мырс етіп күліп аламын…

 

– Қазір­гі шығар­ма­шы­лық жұмысы­ңы­здың бета­лы­сы қалай, тың­дар­ман қауы­мға қан­дай жаңа­лық дай­ын­дап жүр­ген жай­ы­ңыз бар?

– Құдай қала­са, жуыр­да 3–4 әннің тұса­уын кесе­мін. Алдағы уақыт­та тағы бір жеке шығар­ма­шы­лық кеш өткі­зу ойым­да бар. Атал­мыш шығар­ма­шы­лық кешім­де шәкірт­терім мен өнер­де­гі үзең­гілес доста­рым өнер көр­се­те­ді. Аллаға шүкір, ешкім­ге жалын­бай­мын, өз әндерім­ді өзім жазып жүрмін.

 

– Был­ты­рғы бір сұх­ба­ты­ңы­зда: «Шар­да­ра­да аты шыққан көріп­кел-емші Жәми­ла менің жан құр­бы­ма айнал­ды», – деген едіңіз. Әзіл-шынын ара­ла­сты­рып сұрар бол­сақ, сол жан құр­бы­ңыз сіздің қашан тұр­мысқа шыға­ты­ны­ңы­зды болжап, біліп бер­меді ме?

– Иә, бар­лы­ғы­ның аузы­на қақ­пақ жабу үшін, тұр­мысқа шығу керек шығар… Құр­бым­ның айтуы­на қараған­да, бір ойым күтіп тұрға­ны рас… Жасы кел­ген кей­бір қыз-келін­шек­тер менің жасым он сегіз­де дей­ді. Ал мен жасым­ды жасыр­май айта­мын – 40-тан асып бара­мын… Көріп­кел құр­бым­ның айтқан бар болжам­да­ры өмір­де сәй­кес келіп жатыр.

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн