Суббота , 12 июля 2025

Мектеп – саяси биліктің АСПАБЫНА АЙНАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (308) от 29 октяб­ря 2015 г.

 

 

Бола­шақ қай­дан басталады?

 

 

 

(Жалға­сы. Басы өткен сандарда)

 

Қаза­қстан­дағы білім беру: Рефор­ма­лар мен стандарттар

Иә, біз­де Қаза­қстан­да білім беру сала­сын­да рефор­ма­лар жүр­гізіл­ді. Сон­ша­лы­қты жедел де жемісті бол­ма­са да, құп­тар­лық жақта­ры да бол­май қой­ған жоқ. Алай­да бәрі қисын­ды жеріне жете алма­ды. Жоға­ры оқу орын­да­рын­да басталған жаңа­ша енгі­зу­лер кей­ін бетал­ды ағы­сқа жіберіл­ді. Мәсе­лені орта білім беру­ге қаты­сты алып қараған­да, аху­ал старт­тық нүк­те­ден жыл­жы­ға­ны­мен, мұрат­ты мәре­ге жет­пей, салақтап қалған­дай күй­ге түсті.

Дәлірек айтқан­да, бұлар тек құры­лым­дық рефор­ма­лар болып шықты. Білім кон­тен­ті бұры­нғы­ша қалып қой­ды. Өйт­кені білім берудің құра­мы мен маз­мұ­нын айқын­дай­тын ғылы­ми сараб­дал тұжы­рым­да­ма болған жоқ, ол қазір де жоқ.

Бір жағы­нан, игеріл­мей­тін ака­де­ми­я­лық білім­дер­мен бала­лар­дың басын қаты­ра­тын, екін­ші жағы­нан – олар­ды қоғам­ның сая­си-құқы­қтық шынай­ы­лы­ғы­нан ажы­ра­тып тастай­тын, ескі зна­ни­е­цен­ри­стік жүй­енің сал­да­ры­нан құн­ды­лы­қтар төң­керіліп түсті, ұлт­тық мәде­ни­ет тығы­ры­ққа тірел­ді, өсіп келе жатқан ұрпақтың мақа­у­ла­нуы жалға­сын табуда.

Зна­ни­е­цен­тризм тура­лы сөз болған­да, аттап өтпе­у­ге бол­май­тын бір ұста­ным­ды нәр­се бар. Ол – білім беруді рефор­ма­ла­удың басты ком­по­нен­ті – бази­стік оқу жос­па­рын құру.

Қаза­қстан­дық бiлiм стан­дарт­та­ры маз­мұ­ны жағы­нан ғана емес, мем­ле­кет­тiк құжат­ты дай­ын­дау про­це­ду­ра­сы мен әдiстерi жағы­нан да ресей­лiк­тер­дiкiне ұқсас бол­ды. Қаза­қстан­дық педа­гог­тар үне­мі ресей­лік әріп­те­стерінің құжат­та­рын (кей­бір арнайы ерекшелік­терін еске­ре оты­рып) көшіріп алу­мен айна­лы­сып келеді.

Рефор­ма­лар мен стан­дарт­тар жөнін­де РБА ака­де­ми­гі А.Новиков былай деген еді: «Дәстүр­лі білім­дік тұрғы (зна­ни­е­цен­тризм – Автор) тура­лы әңгі­ме­лер­ді қоры­тын­ды­лай келе, өкіні­шпен былай деу­ге бола­ды: бар­лық мек­теп «рефор­ма­ла­ры» мен «жар­ты­лай рефор­ма­лар», рефор­маға тал­пы­ны­стар соңғы қырық жыл­дан астам уақыт ішін­де бір­дей құры­лып келеді. Алды­мен «рефор­ма­ның» жал­пы­ла­ма, күң­гірт және нақты­лан­баған мақ­са­ты қой­ы­ла­ды, сонан кей­ін оқу жос­па­ры­ның «тоқа­шын» бөлу, демек, «пән маман­да­ры­ның» қайт­кен күн­де оқы­туға бөлін­ген сағат­тар­ды мей­лін­ше көбірек қам­тып қалу әре­кеті баста­ла­ды. «Тоқаш бөлі­су» аяқталған соң, оқу кур­сы бұры­нғы­дай, ұста­ным­ды ешқан­дай өзгерісі жоқ, ескі маз­мұн­мен тол­ты­ры­ла­ды. Соңғы онжыл­ды­қтар­да жүр­гізіл­ген мек­теп рефор­ма­ла­ры­ның тығы­ры­ққа тіре­луінің түп­кілік­ті себебі осы­лар­мен түсін­діріледі» [А.Новиков. Содер­жа­ние обще­го обра­зо­ва­ния: от шко­лы зна­ний к шко­ле куль­ту­ры // Народ­ное обра­зо­ва­ние, 2005,    № 1. 41-бет].

Өзін­ше ойлап, әре­кет етуді үйрен­бе­ген­ді­гін тағы дәлел­де­ген қазақ педа­гог­та­ры 2002 жылғы қабыл­данған білім беру стан­дарт­та­рын да Сама­ра­дан «қазақ әріп­те­стеріне көмек­ке арнайы кел­ген» про­фес­сор      Е. Коган басқарған ресей­лік педа­гог­тар­дың қолы­на ұста­та салған бола­тын. Шығар­ма­шы­лық ерік­тің орны­на әдет­тер мен тап­та­у­рын­дар мең­де­ген олар тағы ресей­лік­тер­дің ескі жолы­ның шаңын бұрқы­ра­тып кете бар­ды. Пән­дер­ді оқы­туға бөлін­ген сағат­тар­ды жоба­ны дай­ын­дау үдерісін басқарған­дар «пышағы бар сүй­генін жей­ді» ұста­ны­мы­м­ен өздеріне икем­деп бөліп алды. Олар­дың дені жара­ты­лы­ста­ну-мате­ма­ти­ка цик­лінің өкіл­дері болған­ды­қтан, стан­дарт авто­мат­ты түр­де зна­ни­е­цен­три­стік сипатта бол­ды да шықты.

 

***

Білім беру үдерісі

қалай басқа­ры­ла­ды:

педа­го­ги­ка қағи­да­ла­ры­мен бе, әлде сая­си айла­лар­мен бе?

Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да Қаза­қстан­ның білім беру кеңісті­гін­де сала­у­ат­ты ойлау шең­беріне сый­май­тын бірқа­тар оғаш құбы­лы­стар бол­ды. Олар руха­ни даму заң­ды­лы­қта­ры­мен таныс адам­ның жаға­сын ұста­та­тын, ешбір сала­у­ат­ты сая­сат­шы, ой кеше білетін фило­соф, балаға жаны аши­тын педа­гог бара алмай­тын бірқа­тар анти­пе­да­го­ги­ка­лық әре­кет­тер ретін­де сипат алды. Олар­дың бәрі білім беру жүй­есінің жұмысын ұйым­да­сты­руға инсти­ту­ци­о­нал­дық өзгерістер енгі­зу­мен бай­ла­ны­сты көрініс берді.

Сала­ның жұмысын ұйым­да­сты­руға инсти­ту­ци­о­нал­дық өзгерістер енгі­зу «Білім тура­лы» заң­ның 3‑бабы бой­ын­ша мек­теп ашу, жабу, оған дирек­тор тағай­ын­дау, боса­ту, кадр қабыл­дау істерінің білім мини­стр­лі­гі құзіреті­нен алы­нып, жер­гілік­ті атқа­ру­шы билік­тің қара­уы­на берілуі­нен көрініс тап­ты. Бұл прак­ти­ка бұдан былай білім беру меке­ме­лерінің жұмысы педа­го­ги­ка­ның қағи­да­ла­ры­мен емес, сая­си амал­дар­мен басқа­ры­ла­ты­нын, мек­теп­тің атқа­руға тиісті функ­ци­я­сы маңыз алар­лы­қтай өзге­ретінін көр­сетіп берді.

Осы­дан кей­ін мек­теп аспап рөлін атқа­ра­тын режім­нің («инстру­мен­таль­ная власть» тер­минін Батыс пост­мо­дер­ни­стері жиі қол­да­на­ды. Ол билік­ті ием­деніп алған­дар­дың оны аспап – инстру­мент ретін­де пай­да­ла­нуы деген­ді біл­діреді) бір буы­ны болып шықты. Мек­теп білім және тәр­бие беру­шілік қыз­меті­нен екін­ші қатарға ысы­ры­лып, бағ­дар­ла­ма­дан тыс әре­кет­тер­мен айна­лы­суға көбірек тар­ты­ла баста­ды. Мұғалім­дер билік тара­пы­нан өткізіліп жатқан сая­си сипаттағы шара­ларға көбірек жау­ап­ты бола­тын бол­ды. Мек­теп оқу­шы­ла­рын ата-ана­лар­ды «дұрыс» дауыс беру­ге, демек, жер­гілік­ті билік ұсы­нған тізім­де­гі кан­ди­дат­тар­ды қол­дап шығуға көн­діру­ге жұм­са­ды. Тәу­ел­сіз ұйым­дар сая­си шара өткізу­ге тап­сы­рыс бер­ген алаңға олар­дан бұрын келіп алып, түр­лі жарыс неме­се өзге бір «мәде­ни» шара­лар өткіз­ген болып, ол ұйым мүше­лерін алаңға жібер­меу мін­детін атқар­ды. Мұғалім­дер әскер қата­ры­на шақы­ры­лу­шы­лар­дың тізі­мін жаса­уға, тұрғын­дар санағын өткізу­ге қаты­сты. Бұған қоса, мұғалім­дер­ді газет­тер мен жур­нал­дарға сыр­ты­нан жаз­ды­ру, жер­гілік­ті иле­уден өткен арти­стер­дің кон­церт­теріне қаты­су­ды мін­дет­теу орын алды. Оқу­шы­лар мен сту­дент­тер түр­лі шара­ларға қаты­су­шы көп­шілік­тің рөлін ойна­ды, ста­ди­он­дар­ды, алаң­дар­ды, зал­дар­ды тол­тыр­ды. Осы­лай білім беру меке­ме­лері билік­тің сая­си ойын эле­мен­тіне айна­лып шыға кел­ді. Жаңа «жұмыс беру­шінің» нұсқап оты­рған мін­дет­терін орын­да­мауға мұғалім­дер­дің қауқа­ры болмады.

Білім беру жүй­есінің жұмысын басқа­руға арнайы инсти­ту­ци­о­нал­дық өзгеріс енгізіп алмай, жер­гілік­ті әкім­шілік мек­теп­тің білім беру үдерісіне ара­ла­са алмас еді, оны бағ­дар­ла­ма­дан тыс мақ­сат­ты шара­ларға жұм­сай алмас еді. Инсти­ту­ци­о­нал­дық өзгерістер­ден кей­ін мек­теп іс жүзін­де Білім және ғылым мини­стр­лі­гі жүй­есін­де­гі иерар­хи­я­ларға бағын­бай­тын бол­ды. Аудан­дық, қала­лық, облы­стық білім депар­та­мент­теріне берілетін есеп фор­ма­лы сипат алды. Жер­гілік­ті билік иелері өздері тағай­ын­даған дирек­тор арқы­лы мек­теп­ті уысын­да ұстап отырды.

Мек­теп оқы­ту­дың сан­дық көр­сет­кі­ш­терін ғана қам­та­ма­сыз ететін меке­ме­ге айнал­ды. Енді мек­теп әкім­шілі­гінің өзі емти­ханға жібер­ген оқу­шы­лар­дың ҰБТ тап­сы­ру нәти­же­лері білім меке­месі жұмысы­ның сапа­сын баға­ла­удың жаңа кри­те­риіне айналды.

 

***

Мек­теп­тің білім және тәр­бие беру функ­ци­я­сы­ның өзге­руі сала­ның қыз­метіне үлкен зала­лын тигізді. Алды­мен ондағы кадр­лар­дың ұсақта­уы­на әкеліп соқтыр­ды. Өз ісін тыңғы­лы­қты атқа­ра ала­тын, осы кәсіп­ке жүрек қала­у­ы­мен кел­ген, балаға білім мен тәр­бие беру­ге кәсі­пқой қызы­ғу­шы­лы­ғы бар мұғалім­дер мек­теп­ке керексіз болып қал­ды. Олар­дың жастарға білім мен тәр­бие беру­ге ізгі ниет­ті ұмты­лы­сы­на сұра­ныс бол­май қалды.

Солай бола тұра, кәсі­пқой мұғалім­дер мек­теп­ті өзінің имма­нент­ті функ­ци­я­сы­нан ажы­ра­тып таста­удың білім мен тәр­би­енің сапа­сы­на кері әсері бола­ты­нын, білім беру үдерісінің фор­ма­лы­лы­ққа ойы­сып бара жатқа­нын айтып, нара­зы­лық біл­діруді жалға­сты­ра бер­ді. Олар жер­гілік­ті билік өкіл­дері­нен мек­теп­тің атқа­руға тиісті төл мін­детіне – білім мен тәр­бие беру ісіне кедер­гі жаса­мауды, бағ­дар­ла­ма­дан тыс шара­ларға қаты­сты­ру­ды тоқта­ту­ды талап етті. Тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дың ішін­де олар­дың дауы­сы алы­стан бол­са да естіліп жататын.

Талап­шыл кадр­лар бір­тін­деп мек­теп­ті тастап кетіп жат­ты. Олар­дың орнын өзге түсім­ді жұмыс тап­паған соң, білім беру жүй­есіне еріксіз кел­ген адам­дар басты. Олар бала оқы­тып, тәр­би­е­ле­у­ге әуе­сті­гі мен қызы­ғу­шы­лы­ғы бол­ма­са да, жоға­ры­дан кел­ген нұсқа­уды талқы­ла­май, сөз­сіз орын­дап отыр­ды. Бұдан кей­ін­гі кезең­дер­де кадр құра­мы толы­ғы­мен сүреңсіз педа­го­ги­ка­лық планк­тон­мен ауы­сты­ры­лған соң, талап­шыл мұғалім­дер­дің үні өшті. Қазір мұғалім­дік қыз­мет­ті жүрек қала­у­ы­мен, әуе­сті­гі­мен таң­дап алған, барын салып бала оқы­тқы­сы келетін, кәсі­пқой мұғалім­дер мек­теп­тер­де жоқтың қасында.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ

[email protected]

(«Тіл фило­со­фи­я­сы» атты кітаптан)

 

 

Comments. Abai.kz

Мұғалім­дер – қазір­гі билік­тің құл­да­ры. Ол құл­дар мек­теп­те тура өздері сияқты билік­ке адал қыз­мет ететін, «шүкір­шіл», «тәу­бе­шіл» құл­дар­ды дай­ын­дап шығарады.

 

Мұғалім­дер­ді сый­ла­май, осы­лай құл қылып қой­ған билік­те­гі көзқа­ман-мәң­гүрт­тер мек­теп­те оқы­ған­да екілік­тен көз­дері ашыл­маған кеще-топас­тар бол­са керек ?! Ақыл-есі дұрыс адам мұғалім­дер­ді бұлай қор­ла­ма­са керек еді!

 

Мұғалiм, дәрi­гер­лер, «мент­тер», мемқыз­мет­шілер – олар өкі­мет­тiң мал­да­ры ғой: кай­да айдай­ды – сон­да бара­ды! Немiстер­дiң мұғалi­мiне солай айт­шы, көзiне көк шыбын үймелетсiн!

 

Кон­церт­ке билет ала­тын да – мұғалім;

Қоқыс жинап, жаға­тын да – мұғалім;

Жина­лы­сқа бара­тын да – мұғалім; 

Ең аз табыс таба­тын да – мұғалім;

Сай­лау десе шаба­тын да – мұғалім; 

Қары­зға көп бата­тын да – мұғалім; 

Ұста­зы­ң­ды қадір­лей біл, қазағым!

 

Обал­да­ры жоқ, о баста мой­ы­нға мін­гізіп нелері бар, бір мін­ген екен, енді есек­ше сал­пы­тып екі құлақтан теуіп, өлдім десе де түспес.

Мек­теп­тің дирек­тор­ла­ры оқу бөлім­дерінің қарғы­ба­у­лы иттері сияқты. Қара­мағын­дағы мұғалім-қой­лар­ды овчар­ка сияқты айдап, иіріп оты­ра­ды. Мек­теп­ті әке­лері мұра ғып тастап кет­кен­дей шіре­неді… Біздің қоғам­ның ең бір іріп тұрған, көз­ге көрін­бей­тін рак сияқты ауруы – осы.

 

Құр­мет­ті ұста­здар! Өзіңізді өзіңіз құтқар­ма­саңыз, сіз­дер­ді ешкім құтқа­ра алмай­ды! Қол­ба­ла-құл­дан кім оңай­лы­қ­пен ажы­рас­ын? Өзіңізді құтқа­ру үшін, сіз өз маман­ды­ғы­ңы­здың нағыз шебері болып қана қой­май, ҚР заң­да­ры мен өз меке­меңіз­де­гі еңбек тәр­тібін мүл­тіксіз сақта­у­ла­ры­ңыз қажет! Яғни, бас­шы­ла­ры­ңыз сізді бопса­ла­у­ға мысқал­дай да мүм­кін­дік қал­дыр­мауға тиістісіз­дер. Олай бол­маған жағ­дай­да, құл болға­ны­ңыз – болған!

 

Бұл пікір­лер біздің қоғам­дағы ащы шын­дық. Былай қараған­да, мұғалім­дер түгел­дей дер­лік жоға­ры білім­ді, көзі ашық, абзал жан­дар. Елі­міздің бола­шағы­на жау­ап­ты білім­ді шәкірт­тер даяр­лай­тын негіз­гі тұлға­лар. Енде­ше неге өз құқы­қта­рын аяқ асты еткі­зеді? Сая­си тап­сы­ры­сты орын­дай­тын ұстаз қай уақыт­та бала оқы­та­ды? Қай жер­де жүріп, шығар­ма­шы­лы­қ­пен айна­лы­са­ды? Міне, осы­дан кей­ін мек­теп­тер­де қан­дай білім сапа­сы болуы мүм­кін? Қысқа­сын айтқан­да, еріксіз түр­де ұста­здар білі­мі төмен, ар-намысты біл­мей­тін, өзін-өзі сый­лай алмай­тын шәкірт­тер­ді тәр­би­е­ле­уде. Бұл біздің қоғам­ның айы­қ­пас дер­тіне айналға­лы қашан?!

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн