Суббота , 5 июля 2025

Шындықты ӨТІРІК жеңе алмайды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (309) от 05 нояб­ря 2015 г.

 

 «Жап­тың – жала, жақтың – күйе»

 

Өткен сей­сен­бі күні Алма­ты қала­сын­дағы Алма­лы ауда­ны­ның №2 сотын­да Ж.Зекейұлының (сурет­те) ар-намыс, беделін қорғау, мораль­дық шығын­ды өтеу тура­лы талап-ары­зы­на қаты­сты оты­рыс жалға­сты. Ескер­те кетей­ік, бұл сот Тибет меди­ци­на­сы орта­лы­ғы­ның жетек­шісі Жасан Зекей­ұлы­ның шағы­мы бой­ын­ша өтіп жатыр. Шағым­да­ну­шы «Жас Алаш» газетінің шығуын алты айға тоқта­тып, басы­лым мен тағы үш ада­мға жиы­ны 400 мил­ли­он тең­ге өтем төле­туді сұрай­ды («Жас Алаш» газеті­нен – 100 мил­ли­он тең­ге және өзінің бұры­нғы әйелі, бұры­нғы қай­ын ата­сы және «Жас Ала­штың» бір оқыр­ма­ны­нан 300 мил­ли­он тең­гені тең­дей өндіріп беруді талап еткен. Соны­мен бір­ге Жасан Зекей­ұ­лы өзі­нен газет­тің жаз­ба­ша түр­де кешірім сұра­уын да талап етіп отыр.

Өткен сот оты­ры­сы бары­сын­да шағым­нан қорға­ну­шы жақ төраға­лық ету­ші А.Бейсеуоваға талап­шы­ның шағы­мы­на қар­сы­лық біл­дір­ді. Төмен­де сол қар­сы­лы­қтың ықшам­далған нұсқа­сын жари­я­лап отырмыз.

 

Сіздің өндірісіңіз­де қара­лып жатқан аза­мат­тық іс бой­ын­ша Жасан Зекей­ұлы­ның талап арызы­мен біз толы­ғы­мен келіс­пей­міз, біз­ге қар­сы беріл­ген талап арыз негіз­сіз, заң­сыз. Төмен­де­гі көр­сетіл­ген мән жай­ларға бай­ла­ны­сты ол қара­у­сыз, қанағат­тан­ды­ру­сыз қал­ды­руға жатады.

Бірін­ші­ден, заң талап­та­ры­на сәй­кес, «ар-намысы­ма нұқ­сан кел­тір­ді» деген талап­кер сотқа ары­здан­бас бұрын, ең алды­мен мақа­лаға бай­ла­ны­сты бас­пасөз бетін­де терісте­ме беруді сұра­уы, талап етуі тиіс. Ж.Зекейұлы сол құқы­ғын пай­да­лан­ды. Редак­ци­яға хат жаз­ды. «Жап­тым жала, жақтым күйе» деген тақы­рып­тағы мақа­ла­сы толық көле­мін­де, еш өзгеріс­сіз «Жас Алаш» газетінің 46-нөмірін­де жарық көр­ді. ҚР Аза­мат­тық кодексі 143-бабы­ның 4‑тармағында «Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да теріс­ке шыға­ру­ды не жау­ап­ты жари­я­лау тура­лы аза­мат­тың неме­се заң­ды тұлға­ның тала­бы, егер бұқа­ра­лық ақпа­рат орга­ны мұн­дай жари­я­ла­ным­нан бас тарт­са, не бір айдың ішін­де жари­я­ла­ным жаса­ма­са, сон­дай-ақ ол тара­ты­лған рет­те сот­та қара­ла­ды» деп көр­сетіл­ген. Газет жау­ап­ты жари­я­ла­удан бас тарт­па­ды және бір айдан асы­рған жоқ. Редак­ция тара­пы­нан заң талап­та­ры мүл­тіксіз орын­дал­ды. Ал талап­кер заң­да бел­гі­лен­ген дауды алдын ала сотқа дей­ін шешудің мін­дет­ті тәр­тібін сақта­ма­ды. Яғни, терісте­ме тұрғы­сын­дағы хаты­ның газет­те жари­я­ланға­ны­на қара­ма­стан талап-арыз жаз­ды. Мұн­дай жағ­дай­да сот ҚР Аза­мат­тық іс жүр­гі­зу кодексінің 249-бабы­ның 1‑тармағы негізін­де ары­зды қара­у­сыз қал­ды­руы тиіс. Яғни, істі сот­та қара­уға негіз жоқ.

Екін­ші­ден, талап­кер­дің ары­зын­да газет­ке, бол­ма­са авторға, неме­се мақа­ла ішін­де­гі әлдебір сөз, сөй­лем, дерекке бай­ла­ны­сты нақты­лы айып тағыл­маған, жал­пы­ла­ма жазы­лған. Бұр­ма­ланған, шын­ды­ққа жана­спай­тын, ар-ожданға, абы­рой­ға нұқ­сан кел­тіре­рлік деректері, жала жабу­шы­лық мысал­да­ры кел­тіріл­ме­ген. Жау­ап­кер­дің бірі сана­тын­дағы Г. Әли­ханқы­зы «Ака­де­мик» неге отба­сы­мен сот­та­сып жүр» деген мақа­ла­дағы жайт­тарға қаты­сты деректер­ді өткен сот оты­ры­сын­да жік­теп-жілік­теп, дәлел­деп айтып бер­ді. Айғақ ретін­де мем­ле­кет­тік орын­дар­дан алы­нған құжат­тар­ды, аны­қта­ма­лар­ды, сот­тар­дың шешім­дерін, қаулы­ла­рын көр­сет­ті. Газет тіл­шісі мақа­ла­ны сол құжат­тар­ды негіз­ге алып жазды.

Үшін­ші­ден, талап-арыз иесі өзі тура­лы өте жоға­ры пікір­де­гі адам. Ары­зы­ның әлқис­са­сын өзін дәріп­те­уден баста­уы­на қарап-ақ оны бір­ден аңға­ра­сыз. Ара­сын­да нүк­тесі жоқ ұзақ сонар сөй­лем­дерін сол қал­пын­да кел­тірей­ік: «…Үлкен лау­а­зым­ды «Елін сүй­ген – Елі сүй­ген», бел­гілі дәрі­гер, білік­ті ғалым «Алтын қол­ды дәрі­гер» атанған меди­ци­на ғылым­да­ры­ның док­то­ры, ҚР Ден­са­улық сақтау ісінің үзді­гі, Вена халы­қа­ра­лық уни­вер­си­тетінің құр­мет­ті про­фес­со­ры, Халы­қа­ра­лық ғылым ака­де­ми­я­сы, халы­қа­ра­лық Ресей шығар­ма­шы­лық ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, Халы­қа­ра­лық «Сократ» орденінің иегері… бар­лық жақ­сы атақ бір басы­нан табы­ла­тын аза­мат Жасан Зекей­ұ­лы – меди­ци­на ғылы­мы­нан екі патент­тің иегері, 50-ден астам ғылы­ми еңбек­тің авто­ры, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның мүше­сі, елба­сы­ның қолы­нан алғыс хат алған пара­сат­ты аза­мат­тың… ыза­ла­нуы­на, түңілуіне, ашуға, ұятқа, қажуға және бүт­кіл Қаза­қстан халқы­ның алдын­да жай­сызды­ққа әкеліп соғуы, эмо­ци­я­лық-өзін­дік жан күй­зелісіне түсуі себеп болып отыр».

40 жыл­дық жур­на­ли­стік тәжіри­бем­де дәл осын­дай атағы­нан ат тұр­мақ түйе үркетін адам­ның сон­ша­лы­қты сау­ат­сыз, түсініксіз, жүй­есіз жазуын бірін­ші рет көріп отыр­мын… Атаққұ­мар­лық, мақтан­гөй­лік – ол да дерт. Оған шал­ды­ққан адам­дар үне­мі мадақ есті­гісі келеді де тұра­ды, қол­пашта­уға дан­дай­сы­ған соң, сын пікір­лер­ді қабыл­дай алмай­тын хал­ге жете­ді. Қар­сы сөй­ле­ген­дер­ді жау санай­тын ыза­ланғыш, күй­зел­гіш, ашу­ланғыш, түңіл­гіш мінез­ге бой алды­ра­ды. Жүй­кені тозды­рған газет­тің мақа­ла­сы ма, әлде бақыт­ты өмір сүр­ген отба­сы­ның ойра­нын шығарған, дүние-мүлік­ті бөлі­су­ге қимаған өзінің сәт­сіз әре­кет­тері ме? Міне, мұны аны­қта­уы­мыз қажет. Біз, әрине, Жасан Зекей­ұлы­на зор ден­са­улық тілейміз.

Төр­тін­ші­ден, талап­кер­дің ары­зы­на қараған­да, ол тек қана пай­да табу­ды көз­де­ген сияқты. Төрт адам­ның әрқай­сысы­нан 100 мил­ли­он тең­ге­ден ақша өндіруді сұрай­ды. Жар­ты мил­ли­ар­дқа жуық ақша! Сон­да сот осын­дай пай­да­кү­нем­дер­дің ығы­на жығы­лып, осын­дай арыз-шағым­дар­ды қарай­тын бол­са, сосын ондай­лар­дың айтқан талап-тіле­гін қанағат­тан­ды­рып, сон­ша­ма ақша өндіріп бер­се, онда сот заң мәсе­лесін қара­у­шы емес, пай­да­кү­нем­дер­мен ауыз жаласқан дел­далға айнал­май ма?! Әділет­тілік, заң қай­да қала­ды? Сон­ды­қтан қомақты ақша көр­сетіп, арыз жаз­ды екен деп, про­цесс жүр­гі­зу – заңға да, ақы­лға да сый­май­ды. Ондай­лар­дың жете­гін­де кету жарға жығады.

Жау­ап­кер­лер­дің жал­пы санын көбей­ту­де­гі мақ­са­тын пай­да­кү­нем­дік­тен тумаған деп айту қиын. Ж.Зекейұлы өзінің қай­ын ата­сы Әли­хан ақсақал­ды және «Жас Ала­штың» оқыр­ма­ны Мұқанұ­лы Қабен­ді жау­ап­кер­лер қата­ры­на қосып­ты. Не үшін екені бел­гісіз. Талап-ары­здың бас жағын­да ғана олар­дың аты-жөн­дері тір­кел­ген, одан әрі­де бұл кісілер тура­лы сөз жоқ. Бұл «жау­ап­кер­лер­дің» атал­мыш мақа­ла­да сөзі де, көлең­кесі де көрін­бей­ді. Талап­кер­дің «ар-намысы­ның тап­та­луы­на» тіп­ті де қаты­ста­ры жоқ. Мұн­дай ары­зды сот қалай қабыл­да­ды, нелік­тен олар­ды сот оты­ры­сы­на шақыр­ды? Мұн­дай қисын­сыз талап-арыз сот­та қарал­май, кері қай­та­рыл­сын деген талап қоямыз.

Мораль­дық залал ретін­де талап­кер 100 000 000 тең­ге­ден әр жау­ап­кер­ден бар­лы­ғы 400 000 000 тең­ге өндіруді сұрап отыр. Осы мөл­шер­де­гі залал­ды қалай, қан­дай дәлел­дер­ге сүй­еніп сұраға­ны талап-ары­зда анық көрсетілмеген.

Бесін­ші­ден, Ж. Зекей­ұлы­ның сот­тан сұраған жау­ап­кер­лер­ге қаты­сты 4 тала­бы да заң­сыз. 1‑талабы – «Ака­де­мик» отба­сы­мен сот­та­сып жүр» деген мақа­ла­ны заң­сыз деп тану». Қабыл­данған қаулы­лар­ды, шешім­дер­ді, келісім- шар­ттар­ды, мәміле­лер­ді, т.б. сот заң­сыз деп тану тура­лы ұйға­рым шыға­ра ала­ды. Ал мақа­ла «заң­ды» неме­се «заң­сыз» деп таныл­май­ды, өйт­кені оның ешқан­дай заң­дық күші бол­май­ды. 2‑талабы – сөз­бе-сөз кел­тіре­міз: «Жаз­ба­ша кешірім сұра­уға мәж­бүр­ле­у­ге, тек­серіл­ме­ген, жала жабу фак­тісіне негіз­дел­ген, айғақтал­маған айып­та­уға құрған мақа­ла­ны жари­я­ланға­ны үшін, «Жас Алаш» газетінің шыға­ры­лы­мын 6 (алты) айға дей­ін тоқта­та тұру­ды; нақты іс-әре­кеті­мен келе­шек­те осын­дай келеңсіз жағ­дай тудыр­мауға ескер­ту жасау үшін жеке қау­лы шыға­руға, қаулы­ның көшір­месін жоғарғы саты­дағы басы­лым­дар­ды бақы­лау коми­тетіне жіберуге».

Бұл тәу­ел­сіз басы­лым­ды шыға­ру­ды жар­ты жылға тоқтат­ты­ру­ды сұрау арқы­лы «Жас Ала­шта» әшке­ре­леніп жата­тын билік басын­дағы­лар­дан одақ­тас тап­сам, сот менің пай­да­ма шешім шыға­ра­ды деген дәме­гөй­лік болар. Неме­се бұл «Жас Ала­шты» шығарт­пай таста­уды көз­де­ген билік­те­гілер­дің тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша қосы­лған ұсы­ныс па екен? Қалай­да ол заң аясы­нан тыс, сая­си мәсе­ле екен­ді­гі дау­сыз. Ал сот­тың сая­сатқа ара­ла­суға құқы жоқ.

40 мың­нан астам оқыр­ман­ды 94 жыл бойы шығып келе жатқан газеті­нен айы­руға әре­кет жасау – есі кет­кен­нің ісі. Бәрі­нен де ақиқат­ты қым­бат санай­тын, шын­ды­қты жари­я­ла­удан жасқан­бай­тын, шынайы халы­қ­шыл басы­лым­ды халы­қтың өзі қорғай­ды. Пре­зи­дент­ті, ауы­са беретін үкі­мет бас­шы­ла­ры мен мүше­лерін, сот­тар­ды, билік­тің басқа да тар­мақта­рын­дағы шен­ділер­ді ағат­ты­қта­ры үшін аяу­сыз, өткір сынай­тын «Жас Алаш» газетін аяқтан шалғы­сы келетін­дер­ге мына­ны ескер­те­міз: бұл газет Ста­лин мен Голо­ще­кин­нің дик­та­тор­лық зама­нын­да да жабылмаған!

3‑талабы – «Аталған жау­ап­кер­лер­дің әрқай­сысы­нан Жасан Зекей­ұлы­ның пай­да­сы­на 100 000 000 тең­ге мораль­дық шығын өндіру­ге шешім шыға­ру­ды» сұрау да негіз­дел­ме­ген. Мұн­дай қисын­сыз сұра­уға қаты­сты пікір­ді жоға­ры­да баяндадық.

4‑талабы – «…жаз­ба­ша түр­де кешірім сұрау». Бұған ешбір себеп жоқ. Газет те, оның тіл­шісі де, талап­кер­ден зәбір көр­ген оның отба­сы­ның мүше­лері де Ж.Зекейұлының ар-намысы­на нұқ­сан кел­тіре­рлік әре­кет­ке барған жоқ.

Талап­кер­дің ары­зын­да «Жас Алаш» газеті және оның тіл­шісі Мәди С. жау­ап­кер ретін­де көр­сетіл­се де сотқа шақыр­тыл­ма­ды, талап-арыз таны­сты­ру үшін беріл­меді. Біз сот­тың бола­тын­ды­ғын Г. Әли­ханқы­зы­нан естідік. Сон­да сот про­цесіне газет өкілін, мақа­ла авто­рын қаты­стыр­май, сырт­тан шешім шыға­ру­ды ойла­сты­рған­сыздар ма? Нелік­тен былай болған­ды­ғын түсін­ді­ру­леріңізді сұраймыз.

Кел­тіріл­ген дәлел­де­ме­лер­ді, заң­на­ма­лық негіз­дер­ді тұжы­рым­дай келе және төмен­де­гі заң талап­та­рын бас­шы­лы­ққа ала оты­рып, Ж.Зекейұлының талап-ары­зын қара­мауды, қанағат­тан­ды­ру­сыз қал­ды­ру­ды сұраймыз:

*  Аза­мат­тық және сая­си құқы­қтар тура­лы Халы­қа­ра­лық пак­тінің 19 ‑бабы­на, ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 20-бабы­на, ҚР Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры тура­лы заңы­ның 20-бабы­на сәй­кес – «Жур­на­ли­стің ақпа­рат­ты ізде­стіруді жүзе­ге асы­руға, сұра­туға, алуға, тара­туға… құқы­ғы бар».

ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 20‑б.1т., БАҚ тура­лы заң­ның 2- б.1 т., 17 б.3т. сәй­кес Сөз, шығар­ма­шы­лық бостан­ды­ғы­на, өз көзқа­рас­та­ры мен сенім­дерін тара­туға кепіл­дік берілген.

ҚР АІЖК 249-бабын­да «Сот, егер талап қою­шы осы санат­тағы істер үшін заң­да бел­гі­лен­ген дауды алдын ала сотқа дей­ін шешудің мін­дет­ті тәр­тібін сақта­ма­са және осы тәр­тіп­те қол­да­ну­дың мүм­кін­ді­гі жоғал­ма­са, ары­зды қара­у­сыз қал­ды­ра­ты­ны» көрсетілген.

ҚР Аза­мат­тық кодексінің 141- бабын­да «Қорғау тура­лы талап қой­ған адам өзінің мүлік­тік емес өзін­дік құқы­ғы­ның бұзы­луын нақты дәлел­де­у­ге тиісті­гі» жазы­лған. Алай­да талап­кер Ж.Зекейұлы талап-ары­зын­да да және оған қосым­ша­сын­да да өзінің құқы­ғы­ның газет бетін­де қалай бұзы­лға­ны тура­лы ештеңе жаза алмаған. Жал­пы­ла­ма айту, бай­ба­лам салу – істі қара­уға негіз бол­ма­са керек.

* Талап­кер өз ары­зын­да мақа­ла­дағы бір­де-бір деректі тері­стей алған жоқ. Шын­ды­қты өтірік жеңе алмайды.

Сот­тың жоға­ры­да көр­сетіл­ген себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты Ж.Зекейұлының талап-ары­зын және талап-ары­зға қосым­ша­сын қара­у­сыз, қанағат­тан­ды­ру­сыз қал­ды­ра­ты­ны­на сенім артамыз.

Рыс­бек Сәрсенбай,

Меру­ерт Тұрлыбекова

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн