Суббота , 5 июля 2025

«ОРАЛМАННЫҢ» ОРНЫНА қандай сөз қолданамыз?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (309) от 05 нояб­ря 2015 г.

 

Тәңір тіле­уін берсін

 

Орал­ман» тер­мині­нен бас тар­ту керек. Сена­тор Икрам Адыр­бе­ко­втің бұл пікірі елді елең еткізді.

«Егер біз­де бір ұғым, қан­дай да тер­мин пай­да бол­са, соған аяғы­на дей­ін бай­ла­нып қала­мыз. Қазір­гі күні біз­де «орал­ман» тер­минінің өзі бір­ша­ма кері түсінік туды­рып жүр. Аза­мат­тық алған­дар өздерінің мәр­те­бесін ауы­сты­рып, «орал­ман» мәр­те­бесі­нен айы­ры­ла­ды деп жатыр. Мен бұған келіс­пей­мін. Өйт­кені басы­нан бастап оған «орал­ман» деген­дік­тен, ол ауыл­даста­ры үшін де, сол өңір үшін де орал­ман болып қала береді», – дей­ді сенатор.

Бұл пікір­ге қаты­сты қоғам өкіл­дері, сая­сат­кер­лер, зия­лы қауым не дей­ді екен? Abai.kz қысқа­ша сау­ал­на­ма жүр­гіз­ген еді.

 

Ауыт Мұқи­бек,

ақын:

– «Орал­ман» деген сөздің құлаққа түр­пі­дей тиетіні рас. Негізі бұл ата­уды Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы да жек көреді. Анау бір жылы төрт-бес жур­на­ли­сті арнайы қабыл­даған сұх­ба­тын­да: «Осы атау маған ұна­май­ды! Өзгер­ту керек!» дегенін бүкіл дүние жүзі естіді. Елба­сы сөзінің неге атқа­рыл­маға­нын біл­мей­мін. Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өзі де таяу жыл­дар­дан бері «орал­ман» деген сөзді қол­да­нып жүр­ген жоқ, ылғи да «қан­дас», «қан­дастар», «қан­даста­рым» деп жүр… Осын­дай бет­бұрыс кезең­де «орал­ман» ата­уын өзгер­тіп, алы­стан кел­ген ағай­ын­да­ры­мы­зға елба­сы айта­тын «қан­дастар» деген тер­мин қол­данға­ны­мыз өте дұрыс болар еді.

 

Нұр­лан Сейдін,

сая­сат­та­ну­шы:

–Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алға­лы 1 млн. қан­да­сы­мыз елі­міз­ге көшіп кел­ді. Сол мил­ли­он аза­мат­тың тала­бын ескеріп, «қан­дастар» деген секіл­ді ұлт­ты бірік­тіретін атау қой­ға­ны­мыз жөн. Қой­ы­ла­тын ол ата­уды ғалым­дар, сая­сат­кер­лер, қан­дастар, жал­пы қазақ болып талқы­ға салып, шешім шығарған дұрыс. Өйт­кені қазір орал­ман деген сөз өзге­лер­ді былай қой­ып, өз қаза­ғы­мы­здың ара­сын екі­ге бөліп отыр. Ауы­лға бар­саңыз, қара­пай­ым халы­қтың өзі «ой, олар орал­ман­дар ғой» деп сыр­тқа тебеді. Біз қаза­қтың бір-бірін бауыр­ла­сты­ра­тын идео­ло­гия жүр­гі­зуі­міз қажет.

 

Әзім­бай Ғали,

сая­сат­та­ну­шы:

– Жал­пы, шетел­ден келіп жатқан қан­дастар­дың ста­ту­сын біл­діретін сая­си тер­мин болға­ны дұрыс. Егер де «орал­ман» деген сөз ұна­май жат­са, оның орны­на басқа сая­си тер­мин енгі­зу қажет. Мыса­лы, дүние жүзін­де «репа­три­ант» деген тер­мин бар. Әлем елдері тари­хи ота­ны­нан оралған аза­мат­тар­ды «репа­три­ант» деп атай­ды. Мен өз басым осы халы­қа­ра­лық тер­мин­ді пай­да­ланған дұрыс болар деп ойлаймын.

 

Дәу­рен Бабамұрат,

сая­сат­та­ну­шы:

–Қазақ қай­да бол­са да – қазақ. Бір-бірі­нен анау айтқан­дай айыр­ма жоқ. Олар­ды жер­ге, мем­ле­кет­ке қарап, бөл­шек­те­у­ге, олар­ды шым­кент­тік, алма­ты­лық, қытай­лық, моңғо­ли­я­лық деп бөлу­ге құқы­ғы­мыз жоқ. Шет­тен келіп жатқан ағай­ын – біздің бауыр­ла­ры­мыз. Сол бауыр­ла­ры­мы­здың көші саябыр­сып қалып еді. Мем­ле­кет қазір заң­ды қай­та қарап, аза­мат­тық алу­дың жол­да­рын жеңіл­детіп жатыр. Осын­дай кезең­де қан­даста­ры­мыз елге көп­теп ағы­лу үшін «орал­ман» сөзін қол­да­ны­стан алып тастаған жөн.

Дай­ын­даған –

Шәрі­п­хан Қайсар,

Abai.kz

 

«ТАНЫМ»

жұмысын баста­ды

 

«ТАНЫМ» пікір­сай­ыс клу­бы 05.11.2015 жылы сағат 11.30-да «Қазақ көші қаңта­ры­лар қашанғы?» деген тақы­рып­та өзінің кезек­ті оты­ры­сын өткі­зетінін хабар­лай­ды (өтетін орны – Қасте­ев көше­сі, 49-үй, Вату­тин көше­сінің қилы­сы). Бай­ла­ныс теле­фон­да­ры:                   8 777 356 9696, офис – 8(727) 291 21 73.

ҚР «Көші-қон тура­лы заңы­на» енгізіл­ген соңғы өзгер­ту­лер мен қосым­ша­лар тура­лы негіз­гі баян­да­ма­ны: тарих ғылы­мы­ның док­то­ры, әл-Фара­би атын­дағы ҚазҰУ-дің про­фес­со­ры – Нәби­жан МҰХАМЕТХАНҰЛЫ, «Жебеу» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің атқа­ру­шы дирек­то­ры – Рақым АЙЫПҰЛЫ жасайды.

Келем деушілер­ге есік ашық!

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн