Суббота , 5 июля 2025

«ҚЫЗДЫҚ» ҚАЙДА КЕТТІ?!

 

Осы­нау өте нәзік тақы­ры­пқа кел­ген­де дәрі­гер­лер жеке адам­дарға тек өзіне ғана құпия жау­ап беру­ге тыры­са­ды. Өйт­кені бұл шынын­да заң жүзін­де қорға­ла­тын адам­ның жеке басы­на ғана қаты­сты мәсе­ле. Десе де, осы тақы­рып­тың аясын­да жан­жал жиі шыға­ды. «Қыз емес екен» деген ар-намысқа тиетін әңгі­ме талай отба­сын шай­қал­тып, талай әйел­дің көз жасын көл­дет­ті. Жағ­дай­дың мәнісін шынайы білу үшін дәрі­гер­ге барып жат­пай­ды, есесіне отба­сы­лық жан­жал­дан бас ары­л­та алмауы ғажап емес.

 

Соны­мен «қыздық» дегені­міз не? Қыз бала­сы­ның ең алғаш жыны­стық қаты­на­сқа баруы­на дей­ін сақта­ла­тын өте жіңіш­ке, нәзік тамыр­лар­мен жалғасқан тін. Қыз бала­ның жасы 18–20-ға кел­ген­де, бұл тін өте иіл­гіш келеді. Ал жыл­дар өткен сай­ын 30–35-ке жақын­даған­да, иіл­гі­шті­гін мүл­де жоғал­та­ды. Қыздық пер­де жыны­стық қаты­на­сқа дай­ын­ды­қ­пен кел­ген­де, ағза­ның қат­ты қозуы кезін­де иіл­гі­шті­гі­нен өзді­гі­нен ашы­ла­ды, яғни қанамайды.

Сүй­ген жігіті­мен алға­шқы төсек қаты­на­сы­на барып, өз қызды­ғы­ның қай­да кет­кеніне жау­ап тап­паған қыздар көп. Бұн­дай­дан кей­ін, иіл­гіш қыздық пер­де ағза қалып­ты күй­ге түс­кен кез­де, ол да қал­пы­на келеді. Ал тұрақты түр­де қаты­нас болған жағ­дай­да иіл­гіш пер­де қынап тініне жабысып қалып қояды. Бұл дегені­міз – қыздық пер­де жары­лған жоқ.

Кей әйел адам­ның қыздық пер­десі иіл­гіш бол­май­ды деседі сек­со­па­то­лог дәрі­гер­лер. Мұн­дай­да жасы­рын зор­лық жаса­удың қажеті жоқ, өйт­кені пер­дені күшпен жару сал­да­ры­нан қынап жарақат­та­нып, соңы қай­ғы­лы болуы да мүмкін.

Ерте кез­дері қыз бала­сы 16-ға тол­май жатып-ақ күй­е­у­ге тиген және көп­шілі­гінің ықти­яр­сыз болға­ны­на, ағза­сы қозып, төсек­тес бол­маға­ны­на заман куә. Бұн­дай жағ­дай­да қыздық пер­де зор­лы­қ­пен жары­ла­ды және әжепте­уір қан аға­ды. Сон­дай-ақ қыздық пер­де сыр­тқы физи­ка­лық соққы алған­да да, физи­ка­лық жат­ты­ғу­лар­ды абай­сыз жасаған­да да жары­луы мүмкін.

Бүгін­де төсек қаты­на­сы­на қаты­сты сау­а­ты аз адам­дар «әйел­дер­дің бәрі бұзы­лып кет­кен» деп, шала бүлі­нуі де осы түсін­бе­ушілік­тің сал­да­ры шығар. Құқық қорға­у­шы­лар­дың айтуын­ша, жас отба­сы­лар ара­сын­да осы тақы­рып­та бола­тын дау-жан­жал жыл сай­ын көбей­іп келеді.

Бүтін отба­сы – мем­ле­кет­тің бір бай­лы­ғы. «Қыздық» мәсе­лесіне әркім­нің сау­ат­ты қара­уы отба­сы­ның бей­біт келісім­де өмір сүруіне ықпал ете­ді. Лай­ым жас шаңы­рақтар құла­ма­сын деп тілеймін.

Гүл­жан ІЗТАЙ,

жур­на­лист, жазушы,

Abai.kz

Редак­ци­ядан: Түп­нұсқа­дағы тақы­ры­бы – «Пәк­тік қай­да кетті?»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн