Среда , 27 августа 2025

Зәуреш Батталова: Мерзімсіз сайлау болса…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (310) от 12 нояб­ря 2015 г.

 

ДАТ!

 

 

Қоңыр күз – сая­сат алаңын­да әртүр­лі қау­е­сет­тер кезетін кезең: был­ты­рғы көк­тем­нен бері мез­гілі­нен тыс пар­ла­мент сай­ла­уы өте­ді-міс деген әңгі­ме де осы күз­де шын­ды­ққа айна­ла­тын сыңай­лы. Оның үстіне келер жыл­дың бюд­жетін қабыл­дау бары­сын­да бұрын­да­ры бұй­ы­ғы оты­ра­тын депу­тат­тар да дау­ры­ға баста­ды. Олар енді бет-бей­несіз қар­жы сек­то­ры­на, тең­генің тұрақ­сызды­ғы­на нара­зы бола бастады.

Осы орай­да пар­ла­мент­те­гі қар­ба­ла­стың қыр-сырын жақ­сы білетін экс-сена­тор Зәу­реш БАТТАЛОВА ханым­нан «ДАТ!» айда­ры­ның аясын­да осы мәсе­ленің мән- жай­ын сұраған едік. Сөйт­сек, депу­тат­тар­дың бел­сен­ділі­гі елге «көз қылу» сияқты шаруа екен, ақ-қара­сын өзіңіз ажы­ра­тар­сыз, оқыр­ман қауым!

 

– Зәу­реш ханым, тең­генің бүгін­гі жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты пар­ла­мент­те келер жыл­дың бюд­жетін қабыл­дау про­бле­ма­сы ушы­ғып бара жатқа­нын бай­қаған боларсыз…

– Пар­ла­мент­те бюд­жет­ті талқы­лап, соның төңіре­гін­де­гі пікір­та­ла­стар сырт көз­ге ушы­ғып бара жатқан­дай көрі­нетіні рас. Шын мәнісін­де мәсе­ле тіп­тен олай емес. Өйт­кені Қаза­қстан пар­ла­мен­тінің бюд­жет жасақта­уға өкілет­тілі­гі аз. Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ті үкі­мет дай­ын­дай­ды. Бюд­жет­тік комис­си­я­ның құра­мы­на сенат пен мәжілі­стен депу­тат­тар енгізіл­гені­мен, олар бар­лық депут­тар­дың талап­та­рын қоя алмай­ды. Орта­лы­қта дай­ын­далған бюд­жет­ті аймаққа, облы­сқа жібе­реді. Депу­тат­тар­дың да, аймақтар­дағы­лар­дың да бюд­жет­ке өзгеріс, ұсы­ныс енгізу­ге өкілет­тілі­гі шамалы.

Ал бюд­жет пар­ла­мент талқы­сы­на түс­кен кез­де, оны тал­да­уға депу­тат­тар­дың уақы­ты да, мүм­кін­ді­гі де жет­кілік­ті емес. Сөй­тіп бюд­жет­ті өзгер­ту­ге өкілет­тік­тері бол­маған соң, тек оған толы­қты­ру­лар енгі­зу жөнін­де ұсы­ныс қана жасай ала­ды. Жеке­ле­ген коми­тет­тер өзінің қоры­тындыс­ын ұсынады.

Оның үстіне үкі­мет жасаған құжат­тағы сан түр­лі цифр­лар­ды, сома­лар­ды, таб­ли­ца­лар­ды есеп­теп, оның ақ-қара­сын аны­қтап шығу депу­тат­тар үшін мүм­кін емес шаруа, тек үкі­мет­тің дай­ын­даған құжа­ты­на қол­дау біл­діру­мен тына­ды. Ең басты­сы, бюд­жет­тің бекітілуіне депу­тат­тар­дан бұрын үкі­мет алаң­да­уы тиіс, өйт­кені бюд­жет­тің әр тар­мағы «тілім-тілім» жыр­ты­лып жатыр. Осы жағ­дай­дың алдын алған сыңай­мен пре­зи­дент те, үкі­мет те дағ­да­ры­стың ден­де­генін жары­са мәлім­де­уде. Әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар қысқа­рып, елді қым­бат­шы­лық қысып, тең­ге тең­сел­ген­де, пар­ла­мент қан­ша жер­ден алаң­да­у­шы­лық біл­дер­се де, оның пәр­мені дәл осы мәсе­ле­ге жүре қой­май­ды. Себебі – депу­тат­тар­ды «қой­дан жуас» етіп қою үшін біздің елде­гі заң осы­лай жасалған.

– Қалай деген­мен де, осы жағ­дай пар­ла­мент­ті кезек­ті тарқа­туға сыл­тау бола­ды деп ойла­май­сыз ба?

– Иә, бюд­жет­тің бекітіл­ме­уі пар­ла­мент­ті тарқа­туға желеу болуы әбден мүм­кін. Егер жағ­дай осы­лай өріс алса, бұл – билік­тің кезек­ті көз­бо­я­у­шы­лық әре­кетінің бірі бола­ды. Ал қара­пай­ым жұрт үшін осы сыл­та­удың өзі «түй­е­дей» көрі­нуі мүм­кін. Сон­ды­қтан депу­тат­тар­дың бел­сен­ділі­гі әдет­те­гі бел­гілі бір қой­ы­лым­ның «ойы­ны» ғана. Тәу­ел­сіздік алған­нан бері сай­лау науқан­да­ры­ның ешқай­сысы да өз уақы­тын­да өткен емес, бұл жолы да сол сая­сат­тың кебін киері­міз­ге күмәнім жоқ.

– Ал сіз қалай ойлай­сыз: бүгін­гі ауыр эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­да пар­ла­мент­ті тара­ту қажет пе? Егер келесі сай­ла­на­тын пар­ла­мент бұры­нғы «қал­та­лы» қал­пы­нан өзгер­мей­тін бол­са, ел бюд­жетіне қажет­сіз сал­мақ салу­дың не кере­гі бар?

– Мен сіз­ге қар­сы сұрақ қояй­ын: бүгін­гі таң­да толық құзіреті жоқ, үкі­мет­тің қабыл­даған шеші­міне ықпал ете алмай­тын, өкілет­тілі­гі де шек­те­улі пар­ла­мент­тің қажет­тілі­гі қан­ша? Деген­мен, солай бола тұр­са да, жаңа­дан сай­ланған депу­тат­тар кор­пу­сы пар­ла­мент­тен орын алса, елдің жағ­дайы түзеліп кете­ді деген­ге де кім сенеді? Өйт­кені эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­спен бір­ге сая­си дағ­да­рыс елі­міздің еңсесін басып-жан­шып тастаған. Атқа­ру­шы орган­дар­дың өкілет­ті органға есеп бер­ме­уі, өз кезе­гін­де өкілет­ті орган­дар ел тұрғын­да­ры­ның, сай­ла­у­шы­лар­дың алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті өз мой­ын­да­ры­на алмауы елді басқа­ру құры­лы­мы­ның әлсіре­уіне әкеліп соқты. Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес билік­тің қай­нар көзі болып табы­ла­тын халық өзінің өкіл­дері – депу­тат­тар арқы­лы мем­ле­кет ісін басқа­ра ала­тын құқы бар. Бірақ іс жүзін­де сол депу­тат­тар өз халқы­ның мүд­десін қорғай алмай отыр, себебі – елі­міз­де ешу­ақыт­та әділ сай­лау өткен жоқ, халы­қтың шынайы қалаған аза­мат­та­ры пар­ла­мент­те оты­рған жоқ.

Ең сорақы­сы – елде­гі кез кел­ген кем­шілік­ті, қателік­ті пар­ла­мент­ке жаба салу әдет болып кет­кен. Пар­ла­мент – «атқа жеңіл тел­пек­бай­ға» айнал­ды. Жоғарғы билік әрдай­ым кем­шілік­тің себебін заң­на­ма­лық нор­ма­лар­дың жетіл­діріл­ме­уі­нен «тауып», үне­мі заңға өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізіп, про­бле­ма­ны жол-жөне­кей шешу­ге тыры­са­ды. Кей­бір заң­дар жылы­на бір­не­ше рет өзгер­ту­ге ұшы­рай­ды. Қол­да­ны­стағы бюд­жет­ті үш жылға арнап қабыл­даған бола­тын, ал оның қауқа­ры бір жылға да жет­пей, қай­та­дан талқы­ға түсуде.

Түп­теп кел­ген­де, мез­гілі­нен бұрын сай­лау бола қал­са, оны өткі­зу шығы­ны да осы бюд­жет­тен көрініс таба­ды. Ал біз – салық төле­ушілер жыр­тық-тесік бюд­жет қаза­нын әртүр­лі алым-салы­қтар­мен, түр­лі төлем­дер­мен тол­ты­руға мәж­бүр бола­мыз. Сон­ды­қтан пай­да­сыз сай­ла­уды өткі­зей­ік неме­се өткіз­бей­ік деп, халы­қ­пен сана­сып оты­рған билік жоқ. Қажет десе, қар­жы­лық қиын­шы­лы­ққа қара­май-ақ өткі­зе салады.

– Деген­мен, жеке­ле­ген сая­сат­та­ну­шы­лар мерзі­мі­нен бұрын өтетін пар­ла­мент сай­ла­у­ы­нан кей­ін елде сая­си транс­фор­ма­ция баста­ла­ды деген пікір айта­ды. Сіз ондай мүм­кін­дік­ті қалай баға­лай­сыз: бүгін­гі ел пре­зи­ден­ті сая­си өзгеріс жаса­уға бара ма?

– Бұл –жаңа буын­дағы сая­сат­та­ну­шы­лар өкіл­дері айтып жүр­ген пікір. Ал демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ция алаңын­да жиыр­ма жылға жуық мерзім жүр­ген біз­дер мез­гілі­нен тыс тара­ты­лған пар­ла­мент­тен кей­ін, елде сая­си өзгерістің бол­май­ты­ны­на көзі­міз әбден жет­кен. Кезін­де 2007 жылы пар­ла­мент­ті Кон­сти­ту­ция талап­та­рын іске асы­руға кедер­гі кел­тір­ді деген желе­умен таратқан бола­тын. Одан кей­ін­гі пар­ла­мент­тің жағ­дайы бел­гілі: Кон­сти­ту­ци­яға «кос­ме­ти­ка­лық» өзгерістер енгізіп, әрле­ген­дей бол­ды, бірақ одан елдің сая­си өмірі өзгеріп кет­кен жоқ. Ал пре­зи­дент­тің жеке-дара билік құры­лы­мы сол бетін­де өзгеріс­сіз қалды.

Сон­ды­қтан пар­ла­мент сай­ла­у­ы­нан кей­ін елі­міз­де жаңа леп, жаңа қадам­дар баста­ла­ды деп сену­ге бол­май­ды. Ең алды­мен Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жаса­луы тиіс, атқа­ру­шы билік­тің заң шыға­ру­шы орган – пар­ла­мент­ке есеп беру өкілет­тілі­гін кеңей­ту, ал пар­ла­мент­тің өзі сай­ла­у­шы­ла­ры­ның алдын­да жау­ап беруі Ата заң­да анық көр­сетіліп, бекітілуі тиіс. Сон­дай-ақ 1995 жылғы Ата заң­да бекітіл­ген пре­зи­дент өкілет­ті­гіне беріл­ген құзірет­ті пар­ла­мент­ке қай­та­рып беру талап етілуі тиіс. Билік­тің – сот, атқа­ру­шы, заң шыға­ру­шы тар­мақта­ры­ның өкілет­тілі­гі өза­ра тең дәре­же­де бөлініп, заң­мен шеге­ле­нуі керек. Өкілет­ті орган – пар­ла­мент­тің мәр­те­бесі айқын­да­лып, оған атқа­ру­шы билік­тің есеп беруі заң­мен бекітілуі қажет. Ал бүгін­гі билік «өз қолын өзі кесіп», дәл осын­дай рефор­ма жаса­уға құлы­қты деп ойлай­сыз ба?

– Сон­да кезек­тен тыс сай­лау тағы не үшін керек бола қалды?

– Пар­ла­мент сай­ла­у­ын өткі­зудің аста­ры басқа мәсе­ле­ге келіп сая­ды. Қаза­қстан­ның сая­си билі­гі үшін пре­зи­дент­тік таққа мұра­гер­лік мәсе­лесі шеші­мін тап­пай отыр. Өкініш­ке қарай, пре­зи­дент­тік билік­ті демо­кра­ти­я­лық жол­мен тап­сы­ру­дың әдісі елі­міздің заң­на­ма­лық нор­ма­сын­да дұрыс қарас­ты­рыл­маған. Супер­пре­зи­дент­тік билік­ті одан ары нығай­тып, пре­зи­дент­ке жақын жүр­ген үміт­кер үшін тақ мұра­гер­лі­гіне қажет­ті алғы­шар­ттар жаса­удың қамы үшін де пар­ла­мент сай­ла­у­ын өткі­зу қажет­тілі­гі туып оты­рған сыңайлы.

– Ал билік­ті осы­лай қол­дан-қолға өткізіп беру­ге қоғам көне ме?

– Билік­тің дегеніне көн­бе­ген күні­міз болып па еді?

– Рас, Зәу­реш ханым, ондай күн халы­ққа бұй­ыр­маға­ны шын­дық. Ал енді сая­сат­тан эко­но­ми­ка мәсе­лесіне қарай ойыс­сақ, тең­ге мен эко­но­ми­ка­ның ауыр аху­а­лы­на бірін­ші кезек­те кім неме­се не кінәлі деп ойлайсыз?

– Егер «кім» десеңіз, сая­сат­та, эко­но­ми­ка мен әле­умет­тік сала­да оңды шешім қабыл­да­маған жоғарғы билік кінәлі дер едім. Ал «не» десеңіз – оның мән-жайы бір­не­шеу. Бірін­ші­ден, тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да Қаза­қстан бюд­жеті тек қана мұнай­дың түсі­міне тәу­ел­ді болып қал­ды. Отан­дық ішкі биз­не­сті көте­ру­ге билік­тің мой­ы­ны бұрыл­ма­ды. Екін­ші­ден, мұнай­дын түс­кен қыру­ар қар­жы отан­дық өнер­кәсіп­ті өркен­де­ту­ге жұм­сал­ма­ды, керісін­ше, мем­ле­кет­тің, халы­қтың мен­ші­гі шетел­дік­тер­ге саты­лып кет­ті. Шағын және орта биз­не­сті дамы­туға маңыз беріл­меді. Соның сал­да­ры­нан азық-түлік пен күн­делік­ті тұты­на­тын тау­ар­лар­ды сырт­тан тасып әлек болу­да­мыз. Осын­дай келеңсіздік­тер Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын бүгін­гі тұра­лаған күй­ге тап қылды.

– Көп­те­ген сарап­шы­лар мұнай­дың әлем­дік баға­сы­на бай­ла­ны­сты туған дағ­да­рыс мұнай өндіру­ші және Жал­пы ішкі өні­мі көмір­су­те­гі шикі­за­ты түсі­міне бай­ланған елдер­ге ғана қаты­сты деген пікір айту­да. Яғни, әлем­де жап­пай эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс жоқ деген сөз. Енде­ше біздің ел бас­шы­лы­ғы жасаған бай­ба­лам­ның жасы­рын аста­рын­да үкі­мет­тің біліксізді­гі (ком­пе­тент­ность), кәсі­бисізді­гі (непро­фес­си­о­на­лизм) жатқан жоқ па?

– Бұның аста­рын­да «алды­мен – эко­но­ми­ка, содан кей­ін ғана – сая­сат» деген қате ұста­ным жатыр. Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма «жасап жатыр­мыз» деген даб­ы­ра құр даңға­за бол­ды. Елді жемқор­лық жай­ла­ды. Ешбір бақы­ла­у­шы орган­ның алдын­да есеп бер­ме­ген соң, атқа­ру­шы билік ойы­на кел­генін істе­ді. Ел эко­но­ми­ка­сын басқа­ру­да бей-бере­кет­сіздік орын алды. Сая­си рефор­ма­лар жүр­гізіл­ме­уі сал­да­ры­нан эко­но­ми­ка­ны «қол­мен басқа­ру» деген беле­се­бет ойла­нып табыл­ды. Елі­міз­де бірі­нен кей­ін бірі нешетүр­лі эко­но­ми­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар қабыл­данға­ны­мен, олар­дың іске асы­ры­луы­на жау­ап­кер­шілік арқа­лаған ешкім бол­ма­ды. Мұнай­дан түс­кен қар­жы­ға мәні мен мағы­на­сы жоқ той-тома­лақ өткізіп, халы­ққа пай­да­сы жоқ алып ғима­рат­тар салу­дың орны­на «инду­стри­ал­ды-инно­ва­ци­я­лық» деп, жалаң сөз­бен ұран­дат­пай-ақ, жаңа кәсі­по­рын­дар салын­са, жаңа жұмыс орын­да­ры ашыл­са, бұқа­ра­ның әле­умет­тік жағ­дай­ын көтер­се, елдің тұр­мысы оңа­лар еді. Енді, міне, осын­дай ора­шо­лақтық сал­да­ры­нан елді Ресей­дің, Қытай­дың, Бела­русь­тің тау­а­ры басып алды. Алы­сқа бар­май-ақ, осы аталған елдер­ге шығып жақтан қаза­қстан­дық тау­а­ры­мыз қайсы?

Тіп­ті көр­ші қырғы­здар да отан­дық өнім­дерін біз­ге әкеліп сауда­ла­уда. Ал дағ­да­ры­сқа қар­сы жос­па­ры жоқ үкі­мет­ті қалай­ша «кәсі­би», «білік­ті» деп баға­ла­у­ға бола­ды?! Ел басы­на қиын­дық туа­тын сәт кез кел­ген үкі­мет­тің қапе­рін­де жүруі тиіс еді: енді, міне, жет­кен жері­міз – осы болды!

– Иә, бире­сми деректер бой­ын­ша, жыл басы­нан бері халы­қтың азық-түлік тұты­ну қабілеті 40 пай­ы­зға жуық кемі­ген екен. Ал шетел­дер­ден келетін тау­ар­лар, мәсе­лен, дәрі-дәр­мек­тің құны 60 пай­ы­зға өскен. Осын­дай жағ­дай­да Қаза­қстан үкі­меті эко­но­ми­ка­ны салы­қтың көме­гі­мен құтқа­ру сая­са­тын ұста­нып отыр. Қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да, халы­қтың қал­та­сын қағу бастал­ды. Бұл сая­сат­тың соңы елде әле­умет­тік толқу­лар туды­руы мүм­кін бе?

– Осын­дай дағ­да­ры­сты жағ­дай­да халы­қтың қал­та­сы­на түсіп, салық жинау масқа­ра емес пе? Әрең күнін көріп оты­рған халы­ққа салық түр­лерін көбей­тіп, оның мөл­шерін өсіріп, зей­нет­кер­лер­ді тонау, баға­ны шары­қта­ту, оны­мен қой­май, әйел­дер­дің зей­нет­кер­лік жасын ұлғай­ту – тек жаны­а­шы­мас билік­ке ғана тән әре­кет. Ел тұрғын­да­ры­ның нара­зы­лы­ғын ушы­қты­руға билік­тің өзі мүд­делі ме деген күмән­ді ой осын­дай­да туа­ды. Елдің бүгін­гі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ын күн сай­ын өсіп жатқан базар баға­сы­мен өлше­уі­міз керек. Ал үкі­мет, керісін­ше, салық қамы­тын қысу арқы­лы халы­қтың есебі­нен эко­но­ми­ка­лық сая­сат жүр­гізіп отыр.

Сон­ды­қтан күн­көріс мөл­шеріне сәй­кес тұр­мысы нашар отба­сы­лар­дың жағ­дай­ын аны­қтап, көмек көр­се­ту шара­ла­ры жаса­луы тиіс. Әйт­пе­се кедей­лік қамы­тын киген аза­мат­тар­дың ашу-ыза­сы жап­пай нара­зы­лы­ққа ұла­сып кету қау­пін жоққа шыға­руға бол­май­ды. Билік ондай әре­кет­тер­ден де қорқа­тын түрі жоқ екеніне Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғын дәлел бол­ды. Ел аумағы кең, билік нара­зы­лық таны­тқан­дар­ды жер­гілік­ті жер­де басып-жан­шып тастау әдісін әбден мең­геріп алған.

Тіп­ті «Фейс­бук» желісін­де­гі пікірі үшін жала­лы болған Серік­жан Мәм­бе­та­лин мен Ермек Нарым­ба­ев жау­а­пқа тар­ты­луы да билік­тің «қоры­ққан бұрын жұды­рақтай­ды­ның» кері емес пе? Осы­дан бірер күн бұрын ғана Аста­на­дағы «Анти­геп­тил» қозға­лы­сы­ның бел­сен­ділері Болат­бек Біля­лов пен Мақ­сат Нұры­п­бай­ұ­лы да қамауға алын­ды. «Әле­умет­тік ала­у­ы­зды­қты қоз­дыр­ды» деген жала­ны кез кел­ген аза­матқа жауып, қыл­мыстық іс қозғау – жал­пы халы­ққа жаса­лып оты­рған сес екені белгілі.

– Елде ұйым­дасқан оппо­зи­ция жоқ кез­де билік­тің теріс сая­са­ты­на қар­сы қозға­лы­сты кім­дер баста­уы мүмкін?

– Жиыр­ма жыл­дан астам уақыт ішін­де билік­тің қуда­лау әре­кет­тері асқы­нып, мем­ле­кет репрес­си­я­лық маши­наға айналға­нын көзі­міз көріп, бас­сызды­ққа куә болып отыр­мыз. Шексіз авто­ри­тар­лық билік қолын­да қар­жы­сы, күші жоқ демо­кра­ти­я­лық алаң­дағы күш­тер­ге үстем­ді­гін ұлғайтты.

Екін­ші жағы­нан елдің алдын­да жүр­ген сая­си тұлға­лар­ды түр­ме­ге тықты, қуғы­нға сал­ды, тіп­ті қастан­ды­қ­пен атып өлтір­ді. Тәу­ел­сіз БАҚ жалған жала­мен жабы­лу­да, тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер қуғы­нға түсіп, сот­ты болу­да. Сон­ды­қтан оппо­зи­ция сая­си күре­стің әдіс-айла­сын өзгер­ту қажет­ті­гіне тап болған жағ­дай­да тұр. Билік­пен күш сай бол­маған­ды­қтан, бұры­нғы текетірес нәти­же бер­мей­тініне көзі­міз жетті.

Әлдекім­дер «оппо­зи­ция жоқ» деп, демо­кра­ти­я­лық алаң­ды біре­удің мен­ші­гіне беріл­ген моно­по­лия тұрғы­сы­нан қабыл­дай­ды. Аза­мат­тық құқы билік­тің таба­ны­на жан­шы­лған қазақ халқын, осы елдің тұрғын­да­рын оппо­зи­ция емес деп кім айт­ты? Көр де тұры­ңыз: ертең­гі қозға­лы­стың көш­ба­ста­у­шы­ла­ры осы жан­шы­лған халы­қтың ара­сы­нан шығады.

Билік өзінің қуда­лау әре­кет­тері арқы­лы өзіне қар­сы тұра­тын аза­мат­тар­ды тәр­би­е­леп жатқан сияқты. Шыдам­ның да шегі бар: аза­мат­тар­дың кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­мен «ойна­уға» бол­май­ды. Аза­мат­тық қоғам енді ғана қалып­та­сып келеді, билік­тің сая­си шешім­деріне ықпал ету­ге тыры­сып жатыр, сол жағ­дай ғана көңілі­міз­де аздап үміт отын ұялатады.

– «Халық» демек­ші, банк борыш­кер­лерінің мәсе­лесі де сіз­ге жақ­сы таныс. Қазір­гі дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да олар­дың күні не боп жатқа­ны­нан хаба­ры­ңыз бар ма?

– Сөз жоқ, тең­ге баға­мын еркін айна­лы­сқа жібе­ру банк­тен несие алған­дар үшін қиын­дық туғы­зу­да. Әсіре­се дол­лар­мен несие алған­дар­дың мәсе­лесі тіп­ті қиын­дап кет­ті. 2009 жылы банк­тер­дің заем­да­рын қол­дау үшін, бюд­жет­тен қар­жы бөлініп, ол ақша неси­есін уақы­тын­да төлеп оты­рған­дарға бөлін­ді деген еді. Ал қары­зын қай­та­ра алмаған­дарға ешқан­дай қол­дау көр­сетіл­меді. Күні бүгін­ге дей­ін сол про­бле­ма шешіл­мей, борыш­кер­лер шарқ ұрып, баста­рын тауға да, тасқа да соғу­да. Бас­па­на­сы­нан қуы­лу қау­пі туған жалғыз ғана пәтері бар аза­мат­тар үшін дол­лар­мен алған неси­есін дағ­да­рыс жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты қай­та­дан есеп жүр­гізу­ге ынта­лы банк құры­лы­мы жоқтың қасы.

Биыл да банк­тер бюд­жет­тен қар­жы­лай көмек алды. Ол ақша кім­де жалғыз ғана пәтер бар – солар­ды қол­дау үшін бөлін­ді деген. Ал шын мәнісін­де тұрғын­дарға сол қар­жы­ның иісі де жет­пе­гені анық. Сон­да ол қар­жы кім­нің қал­та­сы­на түсіп жатыр? Он бір мың­нан астам борыш­кер көмек сұра­уда деген мәлі­мет бар.

Бюд­жет қар­жы­сы­нан банк­тер­ге қол­дау көр­се­ту үшін беріл­ген қыру­ар қар­жы бола тұра, банк­тер­дің ипо­те­ка­лық зае­мы өте жоға­ры пай­ы­здық мөл­шер­де және соны­мен қоса ол дол­лар­мен беріл­ген. Өткен жыл­дан бері дол­лар­лық неси­ені тең­ге­ге айнал­ды­ру жөнін­де­гі тұрғын­дар­дың өтіні­шін банк­тер қанағат­тан­дыр­ма­ды. Нәти­же­сін­де үне­мі қай­та­ланған дағ­да­ры­стың кесірі­нен тұрғын­дар бір­не­ше есе ұтыл­ды. Бүгін дол­лар баға­мы өскен сай­ын, дол­лар­мен несие алған­дар­дың тауқы­меті одан әрмен асқы­нып бара­ды. Әсіре­се жалғыз ғана бас­па­на­сы­нан басқа үйі жоқ аза­мат­тар­ды осы мәсе­ле бой­ын­ша қол­дау мем­ле­кет­тің басты мін­деті дер едім.

– Ал мерзі­мі­нен бұрын пар­ла­мент­тік сай­лау өткен жағ­дай­да мем­ле­кет­тік ресми тір­ке­уі бар жалғыз оппо­зи­ци­я­лық пар­тия – ЖСДП-ға пар­ла­мен­тік ман­дат берілуі мүм­кін бе?

– Билік­тің бүгін­гі жағ­дай­ы­на қарап, пар­ла­мент­ке оппо­зи­ци­я­лық алаң­ның өкіл­дерін жібе­ре қоя­ты­ны­на сену қиын. Сая­си пар­ти­я­лар­ды тір­ке­у­ге рұқ­сат етпей, бей­біт жиын­дар­ды өткі­зу құқын шек­теп оты­рған билік пар­ла­мент­ке «ала­бө­тен» ойдың иесін жібер­мей­тіні – басы ашық мәсе­ле. Егер билік елдің пікірі­мен сана­сқы­сы кел­се, пар­ла­мент­те сая­си күш­тер­дің жаңа өкіл­дері орын алса, қоғам­дағы сая­си, әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­дің түй­інін шешу­ге жол ашы­лар еді. Сон­да ғана ел ішін­де­гі нара­зы­лық «көше­ге шығып» кет­пес еді. Осы тұрғы­дан кел­ген­де, тым құры­са ЖСДП-ның өкіл­дері пар­ла­мент­ке кіруі құп­тар­лық жағ­дай бола­ры хақ.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн