Суббота , 5 июля 2025

Қайраткер қалай «ЕҢБЕК СІҢІРЕДІ»?

Мара­пат­тың мәні

 

Ақпа­рат ағы­ны­нан бел­гілі болған­дай, Тәу­ел­сіздік күніне орай әртүр­лі дәре­же­де­гі мем­ле­кет­тік мара­патқа ие болған 200-ден астам қаза­қстан­ды­қтар­дың ара­сын­да бір топ өнер өрен­дері «Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері» атағын алды. Олар­дың қата­рын­да Медеу Арын­ба­ев, Айгүл Иман­ба­е­ва, Ғани Құл­жа­нов, Саят Меде­уов, Мұқа­сан Шах­за­да­ев, Жанар Дұға­ло­ва және Тұр­сын­бек Қаба­тов бар.

 

Бүгін­де өзін қай­рат­кер санай­тын қазақ көп: «қоғам қай­рат­кері», «өнер қай­рат­кері», «мәде­ни­ет қай­рат­кері»… Бірақ ол қай­рат­кер­лі­гі мем­ле­кет­тік мара­пат­пен аны­қталған кез­де төс­бел­гі иелерін түстеп шығу­дың кемісті­гі бол­май­ды. Себебі осы атақтың ата­уын­дағы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы…» – елдің бәріне ортақ ұғым. Оның үстіне «еңбек сіңір­ген» деген тір­кесі бар атақ лай­ы­қты иегеріне табыс етілуіне ел пре­зи­ден­ті ғана емес, бар­ша жұрт­шы­лық мүд­делі бол­са керек.

Соны­мен, маңы­зды мара­патқа ие болған өнер иелері «еңбек сіңір­ген­дер» сана­ты­на лай­ық па? Қазақ өнері мен эст­ра­да­сы сахна­сын­да біраз жыл­дар­дан бері таны­лып жүр­ген Медеу Арын­ба­ев, Айгүл Иман­ба­е­ва, Ғани Құл­жа­нов, Саят Меде­уов, Мұқа­сан Шах­за­да­ев тура­лы тулап сөй­ле­удің реті жоқ: «еңбек сіңіретін» және осы­ған орай атақ ала­тын кез­дері кел­ді. Тек бұл атақ Мұқа­санға беріл­се, оның топ­тағы сыңа­ры Нұр­лан Қоны­с­ба­ев неге қатар­дан қалыс қал­ды деген сұрақ тууы әбден орын­ды. Себебі өзін­дік дауы­сы­мен ерекше­ле­нетін Мұқа­сан­ның «еңбек сіңір­генін» құп көр­сек те, ол соло-солист емес екенін бар­ша жұрт біледі. Сахна­дағы сыңа­ры қалай ғана «еңбек сіңір­мей» қал­ды екен?

Егер «еңбек сіңі­ру» кате­го­ри­я­сы әлдебір үлкен жетістік­ке, мәсе­лен, «Түр­ківи­жен» халы­қа­ра­лық бай­қа­уы­ның бас бәй­гесін алып кел­ген Жанар Дұға­ло­ва­ның атақ алу жағ­дай­ын­да беріл­ген бол­са, бұл мара­патқа қаза­қы қалып­пен дау айту­дың жөні жоқ. Қаза­қтың эст­ра­да өнерін түр­кі дүни­есін­де дүр­кірет­кен дүл­дүл Дұға­ло­ваға дау айтуға бол­мас. Әйт­пе­се қан­ша­ма талант иесі бол­са да, Жанар­дың «еңбек сіңір­геніне» небәрі бірер жыл ғана болған әнші екенін екінің бірі біледі…

Ал егер «еңбек сіңіруді» ұзақ жыл­дар мысқал­данған еңбек­пен баға­лар бол­сақ, қаза­қта атақ алар кезе­гін күтіп жүр­ген­дер аз емес. Олар­дың ара­сын­да сол атаққа жете алмай-ақ, басқа дүни­е­ге кетіп қалған­дар да бар. Осы тұрғы­дан алған­да, аталған екі топқа Тұр­сын­бек­тің қалай қосы­лға­ны бірер қай­ы­рым сел­кем сөздің ұшы­ғын суырт­пақтай­ды. Талант­ты әзілқой жігіт­тің сай­қы­ма­за­қтар сахна­сын­дағы өнеріне бұл атақ «аван­спен» беріл­ген бол­са керек…

Әйт­пе­ген­де құры­лға­ны­на бес жыл бол­маған Тұр­сын­бек­тің теат­ры             20 жыл­дық тарихы бар «Шан­шар­ды» шаң қап­тыр­ды деп айта алмай­сың. Әлде сол «Шан­шар­дағы» Уәли­бек Әбдірай­ы­мо­втың елге «еңбек сіңі­ру» мезеті әлі толы­сып-тума­ды ма? Ал сөй­лер сөзі түгілі, тұрған бой­дағы түрінің өзі күл­кі туды­ра­тын Жүсіп Ақшо­ра­ев ше? Ол қашан «еңбек сіңіріп» болады?

Жо-жоқ, «бай­дың малын бай­құс қызғанған» емес, Тұр­сын­бек те «сіңір­ген еңбе­гінің» ақы­сын алсын. Оның сахна­дағы бүгін­гі өнеріне өзге сөз айту – көп­тің көңіліне топы­рақ шашу­мен бір­дей. Бірақ Уәли­бек пен Жүсіп сол өнер­ге кен­де қыз­мет қылып па? Мәсе­ле – осында.

Мәсе­ле – «қай­рат­кер­лік­тің» ұзын-қысқа­лы­ғын, жуан-жіңіш­келі­гін, үлкен-кішілі­гін бағам­дап жүр­ген өкі­мет­тің өлше­мін­де жатыр. Жаны­на жаққа­нын өзіне тар­тып, өзгесін өңмен­нен ите­ру – өнер­ге өлшем де, баға да бола алмай­ды. Әйт­пе­се Қаба­то­вқа қара­тып, басқа­дан бұрын «еңбек сіңіріп» қой­дың деудің қисы­ны жоқ: алған атағы құт­ты болсын!

Тек бір ғана уай­ым бар: Жүсіп пен Уәли­бек­ті «еңбек сіңі­ру­лері­мен» құт­ты­қтай­тын күн қашан туар екен? Әлде ел таны­ған тар­лан­дарға атақ алу (беру) артық болар.

…Ежел­гі Ресей арми­я­сын­дағы офи­цер­лер ара­сын­да «награ­дой не уни­жен» деген сөз болған екен. Бәл­кім, бүгін­де сол сөздің құны қым­бат шығар.

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн