Понедельник , 12 мая 2025

ОСАЛ БІЛІМ – жастардың діншілдікке ойысуына ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (315) от 17 декаб­ря 2015 г.

 

Бола­шақ қай­дан басталады?

 

 

Қазір Қаза­қстан­да жыл сай­ын бұқа­ра­ның дін­ге ойы­суы артып, зай­ыр­лы­лы­ғы күң­гірт­теніп бара­ды, дін­шіл экс­тре­мизм және лаң­кест­ік деген­дер өршіп тұр.

 

Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры Қаза­қстан­дағы діни бір­ле­стік­тер­дің саны 4,5 мыңға жет­кен бола­тын. Дін­ге сену­шілер мен оның әдеп­терін ұста­ну­шы­лар да үне­мі өсіп отыр­ды. 2011 жылы «Діни қыз­мет және діни бір­ле­стік­тер тура­лы» жаңа заң қабыл­да­нып, тір­кеу қатаң тәр­тіп­пен өткізіл­ді. Қазір олар­дың саны 3088-ге түсті.

Діни меке­ме­лер­дің және оған қаты­на­у­шы­лар­дың көбе­юі – руха­ни­лы­қтың артуы­ның көр­сет­кі­ші емес. Бәрі керісін­ше, сақал­дың ұзын­ды­ғы – зер­денің қысқа­лы­ғын айғақтай­ды. Сақал­ды­ның аузы­нан шыға­ры бір сөз – аллаһу­ак­бар, істей­тіні бір әре­кет – қой­ны­на тро­тилл тол­ты­рып бер­ген­де, бала­бақ­ша мен мек­теп­ке қарай зытып бара жату. Ол бала­лар­дың не жазы­ғы бар, мен кім­ге өші­гіп жүр­мін, олар маған, менің елі­ме қан­дай кеса­пат­тық жасап еді, мен күре­стің осы фор­ма­сы­мен жеңіс­ке жете алам ба, мынау ғажап әлем­нен – мөл­дір суы, ашық аспа­ны, қызыл­ды-жасыл­ды гүл­дері өсіп тұрған дүни­е­ден кетіп қалға­ным­ның өзі дұрыс па, отба­сын құрып, өзге­лер­ше неге тір­шілік істе­мей­мін, жазы­қ­сыз бала­ны, әйел­ді, кәріні жер жастан­ды­руым­ның өзін құдай қалай баға­лай­ды… деген сұрақтар төңіре­гін­де толғанбайды.

Неге?

Лаң­кест­ік пен экс­тре­ми­стік әре­кет­тер­дің көрініс беруінің себеп­тері бір­не­шеу. Олар­дың ішін­де­гі басты­сы – мек­теп­те беріл­ген білі­мінің осалдығы.

Жал­пы сау­ат­тың төмен­ді­гі­нен, ғылы­ми дүни­е­та­ным­ның тар­лы­ғы­нан, мәде­ни­ет­тің кем­шін­ді­гі­нен адам­дар өмір­ге бей­ім­де­ле алмай­ды, қиын жағ­дай­лар­да қыспақтан шыға­тын жол таба алмай­ды. Жұмыс таба алмай, қолы­нан ештеңе кел­мей, мате­ри­ал­дық күй­зеліс­ке ұшырайды.

Сөй­тіп жүр­ген ада­мға мис­си­о­нер келіп, үгіт жүр­гіз­ген­де, жер­ден жеті қоян тапқан­дай, арты­нан еріп кете береді. Егер сепа­ра­ти­стік ұйым өкілі бел­гілі бір қыз­меті үшін, мыса­лы, дін­шіл әде­би­ет­ті таратқа­ны неме­се сек­таға жаңа мүше ертіп әкел­гені үшін аз бол­са да қара­жат ұсын­са, онда ол ұйым­ның бел­ді мүше­сіне айна­ла сала­ды. Өзі ғана емес, сек­таға отба­сы мүше­лерін, таны­ста­рын тар­та бастайды.

Мұн­дай­да мек­теп­те­гі мұғалім­нен есті­ген ұлт­тық, отан­шыл­дық, демо­кра­тия, келе­шек­те кере­мет болға­лы жатыр­мыз деген был­шыл­дар оның қапе­рі­нен тез шығып кете­ді. Сана­сы­на тық­па­ланған құқық, мәде­ни­ет, адам­гер­шілік, әділ­дік, ізгілік тек­тес тап­та­у­рын­дар енді кедей­лік зардаб­ын әбден тар­тқан оның асқа­за­нын айнытады.

Иә, мек­теп бітіру­ші есі­мін, тегін жаза ала­ды, ақша санай біледі. Өмір­лік прак­ти­ка оған ұялы теле­фон­ды пай­да­ла­ну­ды, тіп­ті авто­мо­биль жүр­гі­зуді үйре­те­ді. Кей­інірек ол діни-экс­тре­ми­стік ұйым­да жүріп, Калаш­ни­ко­втың авто­ма­ты­мен ату­ды, жары­лғы­штың дето­на­то­рын іске қосу­ды мең­ге­реді. Осы­мен оның таным үдерісі тоқта­ла­ды. Енді ол руха­ни ста­ти­ка­лық күй­ге түседі, ештеңе­ге қызы­қ­пай­ды, жеке басы­ның бақы­ты үшін де күре­спей­ді, өмір­лік ком­пе­тен­ци­я­сын шек­тей­ді, тұлға ретін­де қалып­та­су жолы­нан ада­са­ды, оның сана­сын­дағы рефлек­сия үдерісі үзіледі.

Құқы­қтық білім­нің бол­мауы­нан, адам­гер­шілік сана­ның төмен­ді­гі­нен, әле­умет­тік ком­пе­тент­тік­тің жетіс­пе­уі­нен адам өмір сүруді біл­мей­ді, жұмыс­сыз, кедей болып қала­ды. Тұр­мыстық ома­лу, ауру­дың мең­де­уі оны есір­ке­уші мен құтқа­ру­шы­ны енді дін­нен ізде­у­ге итер­ме­лей­ді, оның экс­тре­мист қолын­дағы құралға айналған­нан басқа ама­лы қалмайды.

Арғы жақта ислам орто­док­си­я­сы бой­ын­ша бәрі шешіліп қой­ы­лған: «Сенің басың – Алла­ның добы»; «Құдай – бір, құран – шын»; «қаси­ет­ті жиһад­тың» жолын­да жүр­ген сәл­делінің бұй­ры­ғын орын­да­саң бол­ды – жаның жан­нат­та, туы­ста­рың қам­та­ма­сызды­қта бола­ды. Міне­ки, өмірін дұрыс құруға ком­пе­тент­ті­гі жет­пей­тін мек­теп бітіру­шінің сана­сын қамауға түсі­ру үдерісі осындай.

Мек­теп­те ғылым негіз­дері қан­ша­лы­қты сапа­лы оқы­тыл­са, елде экс­тре­ми­стік ұйым­дар және оларға қаты­на­у­шы­лар­дың саны сон­ша­лы­қты аз болар еді. Интел­лек­тілік пен дін­шіл­дік әрқа­шан қара­ма-қар­сы кор­ре­ля­ци­я­лы бола­ды. Мек­теп­те­гі білім сапа­сы көр­сет­кі­ші дін­шіл сепа­ра­ти­стік ұйым­дар­дың және олар­дың мүше­лерінің саны­ның артуы­на кері про­пор­ци­я­лы. Мек­теп ғылы­ми дәй­ек­ті білім бере алмаған­ды­қтан, елде дін­шіл­дік­ке бой алды­ру­шы­лар­дың саны артып отыр. Бұл – өмір­лік прак­ти­ка­да жиі көрінісі­мен дәлел­деніп оты­рған аксиома.

Соңғы жыл­да­ры дін­шіл экс­тре­миз­мнің алдын алу үшін орта және жоға­ры оқу орын­да­рын­да дін­та­ну кур­сын оқы­ту қажет­ті­гі тура­лы дауы­стар үдей түсу­де. Бұл жер­ден біз тағы да қоғам­ды ауру­дан емес, симп­том­нан емдеу құбы­лы­сы­на тап болып отыр­мыз. Құбы­лы­стың себебін ескер­мей, сыр­тқы бел­гілеріне қарап әре­кет етудің нәти­же бер­мей­тінін білім беру сала­сын басқа­рып оты­рған­дар­дың ұғар түрі жоқ.

Дін­та­ну пәнін бар­лық оқу орын­да­рын­да оқы­ту – дін­шіл экс­тре­мизм мен лаң­кест­ік­ке тосқа­уыл қоя­тын қалқан бола алмай­ды. Мек­теп бағ­дар­ла­ма­сы­на «Дін­та­ну­ды» енгіз­ген­де, жастар адам­гер­шілік­ті және мей­ірім­ді болып шыға­ды деу – құбы­лы­стың себебіне үңі­ле алмау­шы­лы­қтан, сон­ды­қтан оның сал­да­ры­на қарап тон пішу­ден туған, үстірт түсінік. Лаң­кест­ік пен дін­шіл экс­тре­мизм ата­улы­ның бәрі тек ислам орто­док­си­я­сы­ның соңы­нан түсіп жүр­ген елдер­ден шығып отыр. Бұл құбы­лыс Қаза­қстан­да да ислам­ның ықпа­лы­ның артуы­на, дін­ді уағы­здай­тын меке­ме­лер­дің – мешіт­тер­дің көбе­юіне тура про­пор­ци­я­лы пай­да болып отыр. Мұн­дай­ды күн сай­ын құлақ­пен естіп, көз­бен көріп оты­рып, енді мек­теп­те білім маз­мұ­ны мен көле­мі ғылы­ми негіз­де айқын­дал­маған пән­ді кез­дей­соқ автор­лар­дың жазған сапа­сыз оқулы­ғы­мен, шала­са­у­ат­ты мұғалім­дер­дің күші­мен оқы­туға кірі­су­ге болмайды.

Білім беру стан­дар­ты­на жаңа пән енгі­зу жеке бір ақыл­ды бас­шы­ның ұсы­ны­сы­мен емес, ғылы­ми-педа­го­ги­ка­лық меке­менің жүр­гіз­ген зерт­те­улерінің қоры­тын­ды­ла­ры­на сүй­еніп, заң­ды меха­низмдер­мен жүзе­ге асы­ры­луға тиіс. Білім маз­мұ­нын өзгер­ту иде­я­сы алды­мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сын­да көр­сетіл­ген Қаза­қстан­ның келе­шек­те қан­дай қоғам құру­ды көз­деп оты­рған мақ­са­ты­на сай жүзе­ге асы­ры­ла­ды. ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 1‑бабында Қаза­қстан өзін келе­шек­те «демо­кра­ти­я­лық, құқы­қтық, зай­ыр­лы, әле­умет­тік мем­ле­кет ретін­де құра­ды» деп көр­сетіл­ген. Демек, білім маз­мұ­ны осы діт­те­улер­ге сай құры­луға тиіс.

Демо­кра­ти­я­лық, құқы­қтық, зай­ыр­лы, әле­умет­тік мем­ле­кет құру үшін, аза­мат­тар­ды осы сипатта­ма­ларға сай, ком­пе­тент­ті етіп тәр­би­е­лей­тін білім құра­мы мен маз­мұ­нын ірік­теп алу керек.

Жастар­дың түр­лі экс­тре­ми­стік ұйым­дар­дың соңы­нан ілесіп кетуін бол­дыр­мау үшін, керісін­ше, «дін­та­ну­ды» емес, мек­теп­те ғылы­ми дүни­е­та­ным­ды қалып­та­сты­ра­тын қоғам­дық білім негіз­дерін – сая­сат­ты, құқы­қта­ну­ды, әле­умет­та­ну­ды, мәде­ни­ет­та­ну­ды, адам­гер­шілік құн­ды­лы­қтар­ды (эти­ка­ны) және жара­ты­лы­ста­ну-мате­ма­ти­ка­лық білім негіз­дерін … дұрыс оқы­ту­ды жолға қою керек.

Шала білім адам­дар­ды әлдебір бұл­дыр сағым­ның соңы­на іле­стіріп, ақы­ры тұтас қоғам­ды ста­ти­ка­лық күй­ге түсіріп қоя­тын жағ­дай­лар өрке­ни­ет тарихын­да аз ұшы­рас­пай­ды. Мұн­дай­да көр­ке­мө­нер де бір басқы­шта, одан ары жыл­жы­май тұрып ала­ды. Қазір мұсыл­ман елдерінің бәрін­де дер­лік­тей орто­доксті ислам қағи­да­ла­ры­ның сана­да жаса­ла­тын рефлек­си­я­ның жолын бөгеп, өндірістік, тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­ги­я­лық ойла­уды мүл­дем тоқта­тып тастаға­нын аңға­ру қиын емес. Біз­де де солай – соңғы жыл­да­ры осы үрдіс белең алып келеді.

Көзқа­рас­та­ры түй­іс­пе­ген­дік­тен, бала­лар ата-ана­ла­ры­на қар­сы шыға­ды, аға­сы інісіне қол сала­ды, діни реңк­те­гі қыл­мыстар көбе­ю­де, қару­лы ради­кал-ислам­шы­лар тұта­стай елге, тіп­ті өңір­ге қауіп төн­діру­де. Осын­дай­дың бәрі біздің маңай­ы­мы­зда, кей­біре­улері біздің өзі­міз­де болып жатыр.

Қазір болып жатқан жағ­дай­ды бажай­лай оты­рып, келе­шек­ті болжа­уға бола­ды. Егер білім мен мәде­ни­ет­те­гі тоқы­рау бұдан былай­ғы уақыт­та жалға­са бер­се, аузын­да «аллаһу­ак­ба­ры», қой­нын­да қопар­тқы­шы бар сақал­ды­лар көбейе бер­се, онда тая­у­дағы жыл­дар­да-ақ Қаза­қстан XVII ғасыр­да өмір сүр­ген Т.Гоббс айтқан­дай кеп­ті киетін бола­ды. Ағы­л­шын фило­со­фы мүм­кін болар аху­ал­ды былай сипаттаған бола­тын: «Қалып­ты аза­мат­тық күй орна­маған­да,.. адам­дар­дың бір- біріне табиғи зұлым­дық тіле­уі нор­маға айна­лып,.. әркім әркім­нің жауы­на айна­лып, бәрі бәріне қар­сы соғы­са­тын» (Гоббс Т. Леви­а­фан. Соч. Т. 2. М.: Мысль, 1964. 152‑б.) жағ­дай қалып­та­са­тын бола­ды. Ондай қоғам «егін екпей­ді,.. сауда жаса­май­ды,.. уақыт сана­май­ды»,.. Ондай қоғам­да «еңбек­ті сүю­ге орын жоқ, өнер­мен, әде­би­ет­пен ешкім айна­лы­спай­ды»,.. «адам­дар тек мәң­гілік қорқы­ны­шпен, біреу өлтіріп кете ме деген үрей­мен, жалғы­зды­қта, тұңғиы­қта, кедей­лік­пен, жары­қ­сыз, топас қысқа өмірін сүріп жата­ды» (сон­да. Гоббс Т. 152−153− б.б.).

Қоғам­дағы білі­ми-интел­лек­тілік дең­гей­дің төмен­де­уі­нен туын­дап оты­рған бұл қауіп дін­нің бар­лық шеп­те­гі шабуы­лы­мен есе­лей түсу­де. Қаза­қстан­дағы білім берудің фор­ма­лы­ла­нуы мен про­фа­на­ци­я­сы ары қарай жалға­са бер­се, онда қоғам­да сақал­ды­лар мен сәл­делілер­дің үстем­ді­гін­де, үне­мі аза­мат соғы­сы жағ­дай­ын­да өмір сүретін аху­алға тап болар күн алыс емес.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ,

kzhukesh@mail.ru

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн