Среда , 25 июня 2025

Қайрат Лама Шариф: ХИДЖАБ КИЮ – ұлттық болмысымызды ЖОҒАЛТУ ЖОЛЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (318) от 8 янва­ря 2016 г.

 

Редак­ци­яға хат

 

 

«Қаза­қстан­ды­қтар­дың хиджаб киюі ұлт­тық бол­мысы­мы­здың жой­ы­луы­на әкеп соқты­руы мүм­кін», – деп есеп­тей­ді ҚР Дін істері агент­ті­гінің төраға­сы Қай­рат Лама Шариф. Оның пікірін­ше, хиджаб кию адам­ның мұсыл­ман неме­се мұсыл­ман емес екенін айқын­дай­тын басты бел­гі болып табыл­май­ды. «1981 жылы қабыл­данған Тунис заңын­да хиджаб ислам құн­ды­лы­ғы­ның негізі емес екені, ара­б­тар­дың, беду­ин­дер­дің мәде­ни­етіне көбірек негіз­дел­гені айты­ла­ды», – деп атап өтті Қ. Лама Шариф.

«Біздің елдің әйел­деріне мұсыл­ман елдерін­де­гі­дей хиджаб кию­ге рұқ­сат бере оты­рып, біз ұлт­тық бол­мысы­мы­зды жоғал­туға жол аша­мыз, – деп есеп­тей­ді ол. – Қаза­қстан­да бар-жоғы 10 мил­ли­он және шетел­дер­де бір­не­ше мил­ли­он ғана қазақ бар, сон­ды­қтан, ең алды­мен, біз ұлт­тық салт-дәстүрі­мізді сақта­уы­мыз керек, ал, екін­ші­ден, біз әрқа­шан пат­ри­о­тизм тура­лы ойла­нуға тиіс­піз. Менің жеке пікірім – хиджаб кию ислам­ның бірін­ші бел­гісі деп айтуға себеп бола алмайды».

adyrna.kz

 

 

«Ата жолы» қазаққа

НЕ БЕРДІ?

 

«Ата жолы» деген діни ұйым ба, әлде бір­ле­стік пе – бір жүйе құры­лып, Қаза­қстан­да жұмыс істей бастаған­да, билік тара­пы­нан оған кінә тағы­лып, жұмысы­на тый­ым сал­ды. Бірақ қаза­қтар­дың ара­сын­да әлі де бол­са «Ата жолын» жалға­сты­рып, уаха­бит­тік, сала­фит­тік ағым­дарға қар­сы қару ретін­де дәстүр­лі дінін осы­лай сақта­уға тыры­сқан әле­умет бар. Олар өрмек­шінің торын­дай етіп, мар­ке­тинг жүй­есін құрып, жұрт­ты алжа­сты­ру­дың жолын тапқан.

Екін­ші жағы­на кел­сек, елі­міз­де аузын­да «Алла», бірақ іс-қимы­лы басқа­ша уақаб­шыл­дар, сала­фит­тер деп ата­ла­тын сек­тант­тар тара­пы­нан ұлт­тық салт-дәстүр­ге ісләм дінін қара­ма-қар­сы қою белең алды. Ісләм дініне ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды қар­сы қою арқы­лы ұлт­ты түбе­гей­лі жоюға бола­ты­нын түсін­ген сыр­тқы жау­ла­ры­мыз ішкі топас­тар­ды әде­мі пай­да­ла­на білу­де. Әсіре­се «Алла» атын жамы­лған ісләм сек­тант­та­ры өшпен­ділік көзқа­рас­пен салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тый­ым­ды жек көр­ді. Қаза­қтың «әулие», «киелі», «қаси­ет­ті», «пір», «сәлем салу», тағы басқа иман­ды­лы­ққа бау­ли­тын дәстүріне кір­пі көр­ген жылан­дай жиы­ры­лып қала­тын бол­ды. Әру­ақтар жатқан зират­тар­ды қират­ты. Жоқтау айтқы­з­ба­ды. Қай­тыс болған кісіні «жұмаққа бара­ды» деп қуан­ды. Қаза­қтың ерте­де өткен хан, уәзір, бай, би, батыр­ла­рын мақта­нып айт­саң: «Алла­дан басқа­ны мадақта­мауың» керек, аллаға «ширк» кел­тіресің» – дей­ді. «Алла» деп айт­па, «Аллаһ» деген айт деп уағы­зда­ры­нан тек «өлім» сөзі түс­пей­ді. Олар­ды тың­дап отыр­саң, өмір сүріп кере­гі жоқ, тек өле салу керек – сон­да жұмаққа барып, «тама­шаға» тап бола­сың. Соның кесірі­нен қазір «жұмаққа» бара­мыз деп өзін-өзі өлті­ре сала­тын жастар көбей­іп кет­ті. Оны шала сау­ат­ты пси­хо­лог­та­ры­мыз «суи­цид» деп ат қой­ып, оның қай­дан шығып жатқа­ны­на мила­ры жет­пей жатыр. Алма­ты облы­сы, Пан­фи­лов ауда­нын­дағы жуан­ды­ғы алты адам­ның құшағы­на әрең сия­тын әулие аға­шын өртеп жібер­ді. Жеті ғасыр бойы ата-баба­мыз тәу етіп кел­ген алып ағаш дүние жүзін­де үш-ақ мем­ле­кет­те бар екен.

Әулие жер­лен­ген орын­дар көз­деріне әзірей­іл­дей көрін­ді, ұлт­тық кие­міз­ге тіл тигізді. Оларға Түр­кістан – «екін­ші Мек­ке емес», Ары­стан­баб, Қожа Ахмет Иас­са­уи кесе­несі – «ширк». Қай­тыс болған кісі­ге ас беру, жетісін, қырқын, жүзін, жылын өткі­зуді, ырым-тый­ым, дәм­ге, балаға, жастарға бата беру, шел­пек пісіруді, Науры­зды той­ла­удың бәрін іслә­мға жат деп жоққа шығарды…

Сон­да дей­мін-ау, «қажы­лық» деген атпен сый­ы­нып, Мек­ке­ге бар­саң, ісләм дінін халы­ққа тара­тып, негізін қалаған­дар да пен­де­лер емес пе? Мек­ке­де­гі саха­ба­лар­дың жер­лен­ген жеріне барып жүр­ген жоқ­пыз ба? Бұл да «Аллаға серік» қосу­дың бір түрі емес пе? Дәл солар­дай Түр­кі жұр­тын ісләм дініне кір­гізіп, құдай­ға құл­шы­лық жасаған Ары­стан­баб, Қожа Ахмет, Бекет ата­ларға неге сый­ы­нуға бол­май­ды? Адам­затты жара­ту­шы Алла жер­де емес, тек көк­те емес пе?

Ауы­лға уақаб­шы­лар кел­ді де: «Ада­мға сен­бе, Аллаға сен» деп, уағы­здар айт­ты. Тағы біре­уі: «Ұлт­ты – ұлт жана­шыр­ла­ры сақта­май­ды, иман­ды­лық санаға жет­кен­дер сақтай­ды», – дей­ді. Бұл енді діни сенім­мен ұлт­ты құр­ту­дың бір­ден-бір жолы екені айдан анық.

Әйел заты­на ашық денесін жауып жүру – өте дұрыс. Сол үшін неге тек ара­б­тың ұлт­тық киі­мі «хиджа­б­ты» ғана киюі керек. Хиджа­б­ты уағы­здай­тын­дар нағыз мұсыл­ман қазақ бол­са, бар­лық денесін жаба­тын киме­шек­тің неше түр­лісін қаза­қы оюмен сән­деп тігіп, соны жар­на­ма­лап неге кигіз­бей­ді? Хиджа­бқа қар­сы сөз айт­саң, Ара­би­ядан хиджаб әкеліп сатып, бай­ып жатқан ақы­мақ бай­лар шу ете түседі. Өйт­кені олар­дың ойын­да қаза­қы иман­ды­лық емес, ала­яқтық сауда жатыр. Қаза­ққа жаны ашы­са, оның орны­на әже­лері­міз киген тама­ша ұлт­тық киім­дер­ді қай­та­дан өмір­ге әкеліп, соны наси­хат­тап, әйеліне, қызы­на кигіз­сін. Ана­ла­ры­мыз, әже­лері­міз жар­ты­лай жалаңаш жүр­ген бе еді?

Бұлар үйіне қонақ шақыр­май­ды. Шақыр­са тек өздері сияқты «бауыр­ла­ста­рын», қаза­қты жек көретін­дер­ді шақы­ра­ды. Бұлар­дың үйін­де қаза­қтың күй­лері күм­бір­леп, әні шалқып, қазақ биі бол­мақ түгілі, қаза­ққа тән бір зат тап­пай­сың. Дом­бы­ра, қаза­қтың ұлт­тық киім­дері, ыдыс-аяқта­ры, ұлт­тық тағам­дар­ды ешқа­шан көр­мей­сің. Өздерінің де бұры­нғы қаза­қы атта­рын өзгер­тіп, араб­ша ат қой­ып алған. Батыр­лар жыры, қис­са, дастан­дар, мақал-мәтел­дер­ді жек көреді. Ұл-қызда­ры­на да «құран­нан» алдық деп, тек араб­ша ат қояды. Кіш­кен­тай қызда­ры­на да хиджаб кигізіп қой­ған. Мүл­дем надан­да­нып кет­кен­дері: «Қызда­ры­мыз нағыз мұсыл­ман болу үшін, ара­б­тарға күй­е­у­ге беру керек» дей­тін­дері де бар.

Олар­дың мына қылы­қта­ры қазақ ұлтын жою сая­са­тын іске асы­рып жатқа­нын дәлел­дей­ді. Осы уағыз­шы­лар­дың бір­де-бірі «Мен – қаза­қ­пын» деп, асты-үсті тола бай­лық осын­дай дар­хан дала­ны біз­ге қал­ды­рған хан, сұл­тан, би, бай, батыр баба­ла­ры­мы­здың өздерін, ұлағат­ты сөз­дерін уағы­зда­ры­на қосып айт­ты ма? Жоқ. Керек десеңіз, біздің дана баба­ла­ры­мы­здың айтқан сөз­дерін «анау сақа­ба айтқан», «мынау сақа­ба айтқан» деп, бөтен­ге теліп, біздің баба­ла­ры­мы­зды мәде­ни, руха­ни құн­ды­лы­қтар­дан жұр­дай ақы­мақтар сияқты қылып көр­се­те­ді. Уаха­бит пе, сала­фит пе, хиз­бут-тахрир ме – әйте­уір көз­ге көрін­бей­тін бір күш Қаза­қтың ұлт­тық әдет-ғұр­пы­на, ата сал­ты­на айна­лып кет­кен дәстүр­лер­ді діни сенім­ге нұқ­сан кел­тіреді деп қара­ла­уы – дін мен ұлт­тық мәде­ни­еті­мізді бір-біріне қара­ма-қай­шы қою­дың нақты белгісі.

«Ата жолы» теріс жол ма, әлде басқа ма мен бір нәр­сені біле­мін: 90-жыл­дар­дағы қиын-қыстау заман­да «Ата жолы­ның» «сұңқар­ла­ры» мен «аққу­ла­ры» ауыл-ауыл­ды ара­лап, діні­міз­ге шақы­рып, бес мез­гіл намаз, құран оқу­ды үйретіп, ісләм діні тура­лы мүл­дем түсіні­гі жоқ сол­түстік қаза­қта­рын, ата-дәстүр­лі діні­міз­ге беті­мізді бұр­ды. Сол кез­дер­де тарақан­дай қап­таған өзге дін­де­гі сек­тант­тар­дан қаза­қтың көп ауы­лын қорғап қал­ды. Аулы­мы­зда сау­а­ты бар имам жоқ. Жасы үлкен деп орта­мы­здан әліп­ті таяқ деп біл­мей­тін бір ақсақал­ды сай­лай сала­мыз. Ол тек біз­ге қай­тыс болған кісілер­дің жана­за­сын шыға­ру, ас бер­ген­де құран бағы­штау үшін керек бол­ды. Бірен-сара­ны бол­ма­са, тамы­ры­нан ажы­раған сол­түстік­тің бар қаза­ғы орыс­ша оқы­ды. Туған төл мәде­ни­еті­міз бен тарихы­мы­здан жұр­дай едік. Түр­кістан­ды Түр­кі­мен­стан­мен шата­сты­ра­тын, Шым­кент­ті Таш­кент­тің бір қала­сы деп білетін, оңтүстік­тің қаза­қта­рын «өзбек­тер» деп тани­тын біз­дер едік. «Ата жол­ды­қтар» «зия­рат» ете­міз деп, өрке­ни­ет­тің бесі­гі болған Оты­рар мен түр­кі дүни­есінің Мек­кесіне айналған Түр­кістан­дағы «Әзірет Сұл­тан» кесе­несі­мен таны­стыр­ды. Ауыл­дан аттап шығып, облыс орта­лы­ғын да көр­ме­ген көп қаза­қтар: қаза­қтың дар­хан дала­сын, Сары­арқа­сын, Балқаш көлін, Ұлы­тау, Ала­тау, Қара­тау, Қазы­ғұрт, Қызы­лқұм, Сыр­да­ри­я­сын көр­ді. Орта ғасыр­лық өрке­ни­ет бесі­гіне айналған Тараз, Мер­ке, Сай­рам, Шым­кент, Оты­рар, Түр­кістан, Қар­нақ, Сау­ран, Созақ, Алма­ты қала­ла­ры­мен таны­сты. Ежел­гі мәде­ни­еті мен тарихы­нан тамы­ры үзіліп қалған сол­түстік қаза­қта­рын ата-баба дәстүрі, әдет-ғұр­пы, ырым-тый­ым, салт-дәстүрі­мен қай­та қауы­штыр­ды. Оры­стың Мару­ся, Маша, Оля, Ната­ша­сы­нан басқа есті­мей­тін қазақ әйел­дерінің аузы­нан енді Айша бибі, Дома­лақ ана, Бибі Фати­ма, Әми­на түс­пей­тін бол­ды. «Алып қояй­ық» деген жаман сөзді «Алла» алма­стыр­ды. «Боже мой»-ды ұмы­тып, «Ой алла, біс­сі­міл­лә, аллаға шүкір» деп мұсыл­ман екені­мізді сезіндік…

«Ата жолын» ата жауын­дай көретін жазғыш, ақыл­дыс­ы­мақтар дәл осы­лар сияқты қазақ халқы­на еңбек сіңір­ді ме екен? Өзім тұра­тын Аста­на маңын­дағы Софи­ев­ка ауы­лын алай­ын. Тың иге­ру­ге кел­ген­дер бүкіл жаман­ды­ғын өздері­мен ала кел­ген еді. Қаза­ғы аз ауы­лға «Ата жолы» кел­мей тұрған­да екі күн­нің бірін­де ауыл болып «запой­ға» (жап­пай ішу) кететін кез­дері көп еді. Цели­но­град қала­сы­нан нешетүр­лі сек­тант­тар келіп, мек­теп­ке дей­ін уағыз жүр­гізіп, басы­мы­зды қатыр­ды. Осы кез­де тарих сахна­сы­на «Ата жол­ды­қтар» шықты. «Ата жол­ды­қтар­дың» үгіт-наси­ха­ты­нан соң, ауыл­дың оры­ста­ры­на дей­ін «өзбек­тер­дің елі» деп түсі­нетін оңтүстік өңір­лерін тану «зия­рат» арқы­лы жүзе­ге асты. Ресей отар­шы­ла­ры бір қаза­қты: оңтүстік, сол­түстік, шығыс, батыс деп бөліп тастаға­нын түсін­ді. Ауыл тұрғы­ны Хле­бо­ва Татья­на: «Ата жолын» ұста­нып жүр­ген Қасы­мқы­зы Гүл­нәрға еріп, Түр­кістанға барып кел­гелі, арақ ішпей, адам сияқты өмір сүр­гені­ме он жыл­дың жүзі бол­ды. Қазір ауыл­да бұры­нғы­дай көше­де арақ ішіп жүру, бұза­қы­лық жасап, отба­сы­ның бере­кесін алу сап тый­ы­лған. Өйт­кені қаза­қтар өз дін­дері­мен табысып таза­рды. Арақ ішіп мас болып жүру қаза­қтар­ды сый­ла­мау екенін түсін­ген өзге ұлт өкіл­дері ішсе де үйлерін­де тығы­лып ішетін жағ­дай­ға жет­ті», – дей­ді ағы­нан жарылып.

Бұл бірер ғана мысал. «Ата жол­ды­қтар­дан» басқа дәстүр­лі діні­мізді наси­хат­тап, қане, қай­сы­ңыз ауы­лға кел­діңіз? Кеңес Одағы­ның ате­и­стік қоға­мы­нан шақ­ша­дай басы­мыз шара­дай болған, одан 90-жыл­дар­дағы қиын-қыстау заман­да біз­ге кім қолын созды? Мүл­дем дін­нен хабар­сыз ауыл халқын қор­жы­ны тола ақша­сы бар сек­тан­тар мен дін­бұ­зар­лар­дан, қане, кім қорғап­ты? «Ата жол­ды­қтар» діни сау­ат­сыз бол­са да, өз уақты­сын­да қазақ ұлтын ісләм дініне ұйы­тып, тыны­шты­қты, ынты­мақты, бере­кені сақта­уға өз үле­стерін қосқа­нын ешкім жоққа шыға­ра алмайды.

Тоғай­бай НҰРМҰРАТҰЛЫ,

Аста­на қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн