Суббота , 5 июля 2025

Ернар Айдар: ӨНЕРДЕГІ ӨЗІМДІ сынап жүрген адаммын

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №8 (325) от 25 фев­ра­ля 2016 г.

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

Ернар Айдар:
ӨНЕРДЕГІ ӨЗІМДІ
сынап жүр­ген адаммын

Эст­ра­да сахна­сы­на соңғы кез­дері кел­ген жас әншілер ара­сы­нан көре­рмен қауым­нан лай­ы­қты мақтау да, әсі­ре дат­тау да естіп жүр­ген өнер­паз­дар­дың бірі – Ернар Айдар. Біздің бүгін­гі «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет­те» осы екі жағ­дай­ға қаты­сты да сөз өрбіді.

– Ернар мыр­за, сізді сұх­бат­та­суға шақы­руға интер­нет желісін­де­гі бір хабар себеп бол­ды. Мұн­да желі қол­да­ну­шы­лар Қаза­қстан­ның он үздік жас әншілерінің рей­тин­гін жасаған екен: сізді сол тізім­де Қай­рат Нұр­та­стан кей­ін­гі екін­ші оры­нға орна­ла­сты­рып­ты. Сіз бұдан хабар­дар­сыз ба?
– Шыны керек, мен бұл ақпа­рат­тан хабар­сыз екен­мін. Мені Қай­рат Нұр­та­стан кей­ін­гі екін­ші оры­нға орна­ла­сты­рған көп­шілік­ке рах­мет айта­мын! Бәл­кім, кім біл­сін, дауыс беру­шілер­дің ойы бой­ын­ша сол оры­нға лай­ы­қты шығармын…
– Бұл рей­тинг субъ­ек­тив­ті пікір­лер жиын­ты­ғы бол­са да, сіз елде­гі жас әншілер ара­сын­да алды­ңғы қатар­да ата­нып жүр­геніңіз­ге қалай қарайсыз?
– Әрине, жаман емес… Талай мықты­лар­дың ара­сын­да бағы жанып, бабы шап­пай тұрған әншілер қан­ша­ма?! Кім еңбек ете­ді – соның жемісі көп бола­ды. Мей­лі, мен екін­ші, я соңғы орын­да тұр­сам да, ең басты­сы – тың­дар­ма­ны­ма жақ­сы дүние беріп, қаза­қи жүрек­ке жетер­лік ән айтып жүру.
– Деген­мен, сізді тың­дар­ман жұрт үне­мі Қай­рат Нұр­тасқа ұқса­тып, тіп­ті Қай­рат­тың жасаған дүни­е­лерін қай­та­лай­ды дей­ді. Ел ара­сын­дағы осы сөз сіз­ге де жет­кен шығар?..
– Бұл жур­на­ли­стер тара­пы­нан қой­ы­ла­тын жауыр болған сұрақ. Бірақ мен жау­ап беру­ден жалы­қ­пай­мын. Себебі біз тың­дар­ман­ның тала­бы қан­дай дүниені ұнат­са, соны ұсы­на білуі­міз керек. Менің айта­рым – қай­дағы бір шетел­дік­ке ұқсат­пай, өзі­міздің қаза­қтың бала­сы қара дома­лақ Қай­рат Нұр­тасқа теңе­стіріп жат­са, оның несі айып?! Рахмет!
Деген­мен, менің өзім­нің қол­таң­бам қалып­та­сып қал­ды деп ойлай­мын. Мұны өз тың­дар­ман­да­рым да мой­ын­дай баста­ды. Иә, біздің – Қай­рат еке­уміздің ішкі жан-дүни­е­міз, табиға­ты­мыз, бол­мысы­мы­з­бен талға­мы­м­ы­здың ұқса­сты­ғы бар. Өз бол­мысым­нан жасан­ды­лық таны­тқан кез болған емес. Кей­бір кон­церт­тік кеш­тер­ге Қай­рат­тың келетінін біл­мей де қала­мын. Содан болар, бір кон­церт­ке еке­уміз бір­дей аяқ киім киіп келіп­піз. Бірақ оны ел көр­ме­се де, жаны­мы­здағы доста­ры­мыз бай­қап қалып, қат­ты таңқалған еді. Бұл, шама­сы, біздің талғам-таным­ның шыны­мен де ұқса­сты­ғы­нан шығар, кім білсін…
– Иә, кей­ін­гі шыққан жас әншілер­ге қазір сын көп айты­ла­ды: «бір-бірі­нен аумай­ды», «дауы­ста­рын­да кре­а­тив жоқ», «олар үлкен сахна емес, той арқы­лы таны­лған», «бар­лы­ғы Жүр­ге­нов теат­ры­ның маңын­да жүр­ген­дер» деген сияқты түр­лі кей­іс таны­тқан пікір­лер­ді жиі ести­міз. Жас әншілер­ге қаты­сты осын­дай ойларға не айтар едіңіз?
– Менің айт­пағым – қаза­қтың мүд­десіне қажет­ті кез кел­ген дүние пай­да­лы. Ең басты­сы – ұлтқа деген жана­шыр­лы­ғың жүре­гіңнің түбін­де жат­са болға­ны. Біздің әні­міз, жал­пы өнері­міз ұлтқа қыз­мет етуі тиіс. Егер сенің өнерің­де ұлт­тық нақыш бол­ма­са, онда бет-бей­неңнің бол­маға­ны. Тіп­ті өз елінің намысы үшін жарыс жолы­на шыға­тын спорт­шы­дан да ұлт­тың иісі аңқып тұруы керек.
Шыным­ды айт­сам, шашта­рын қызыл-жасы­лға бояп, құлақта­ры­на сырға тағып, әлем-жәлем шай­танға ұқсаған жігіт­тер­ді сахна­дан көр­гім кел­мей­ді. Мұн­дай «өнер­паз­дың» әнін ұлт­тық намысы бар, есі дұрыс адам тың­дай­ды деп ойла­май­мын. Құдай­ға шүкір, өнер­де жүр­ген, соларға қарап елік­тей­тін талай-талай аға­ла­ры­мыз көп қой: Мей­рам­бек Бес­па­ев, Қай­рат Нұр­тас, Жұба­ныш Жек­сенұ­лы, Тоқтар Сері­ков, Досым­жан Таңа­та­ров, Сәкен Май­ға­зи­ев, тағы­сын тағы… Өзім осы кісілер­ге қарап, бой түзеп өстім, елік­те­дім. «Ат тұяғын тай басып» келе жатқан кей­ін­гі ізба­сар­лар Төреға­ли Төреәлі мен Серік Ибра­ги­мов секіл­ді әншілер­ге елік­теп өссе, жаман бола қой­мас… Менің­ше, қаза­қтың жігіт­тері қазақ деген атқа сай болуы тиіс.
– Әйгілі әнші Май­ра Іли­я­со­ва бір сұх­ба­тын­да: «Қай­рат Нұр­тас, Айдар­бек Рыс­бек, Ернар Айдар деген әншілер­дің бәрі жақын ара­да сахна­дан кетері анық», – деген еді. Атақты апаңы­здың осы пікірі сіз­дер­ді мұқа­туға емес, қам­шы­ла­у­ға арналған жоқ па?
– Мұн­дай пікір­ді бір Май­ра апай­дан ғана емес, өнер­де­гі біраз аға-әпке­лер­ден естіп жүр­мін. Оның үстіне мен ешкім­ге ақыл айта­тын жаста емес­пін: керісін­ше, өнер­де­гі өзім­ді сынап жүр­ген адам­мын. Аға-әпке­лер­дің ақыл-кеңесін тың­дап, көшім­ді жүре түзей­тін жастағы жет­кін­шек­пін. Қан­ша­ма адам­нан мұн­дай сын естідім, «өнер ада­мы емес­сің» деп айтқан­дар да бол­ды. Бірақ мен ондай сөздің ешқай­сысы­на рен­жі­ген жоқ­пын: өнер түгілі, өмір­дің өзін­де алды­ңғы толқын аға­ларға қарап өсу – заң­ды­лық бол­са керек. Жаңа шыққан әншіні жұрт­тың бар­лы­ғы бір­ден мой­ын­дап, көк­ке көте­ре бер­мей­ді. Абай ата­мыз айт­пақ­шы, «Ортаға өнерің­мен емес, мінезің­мен сыя­сың» деген­дей, біре­у­ге – мінез­бен, енді біре­у­ге – өнерің­мен ұнай­сың. Мұның бар­лы­ғын қалып­та­сты­ру – өнер табал­ды­ры­ғын енді ғана аттаған мен сияқты жас жігіт­ке айнал­ды­рған төрт жыл­дың ішін­де оңай шаруа емес. Құдай қала­са, Май­ра апай­ы­мы­зға да бір жақ­сы қырым­нан ұнап қалар­мын деген ниет­те­мін. «Адам­ды мақтау емес, шын сөз шира­та­ды» демек­ші, маған сын айтыл­май, мақтау сөз­дер айты­ла бер­се, мен мұн­дай жетістік­ке жет­пес едім. Май­ра апа­ның мені тіл­ге тиек етіп оты­рға­ны­на да рахмет!
– Сол сияқты сіздің инста-парақ­шаңы­зға бір оқыр­ман мына­дай пікір қал­ды­рып­ты: «Қазақ әндері тек той-биз­нес өлең­дері­нен аспай бара­ды, ара­сын­да құлақ құры­шын қан­ды­ра­тын саз­ды әндер күте­мін». Сіз оқыр­ман­ның осы сау­а­лы­на не айтасыз?
– Қазір әле­умет­тік желінің арғы жағын­да оты­рған оқыр­ман ойлан­бай жаза сала­тын әдет қалып­тасқан. Кез кел­гені: «Неге той әнін жаза бересің­дер?» неме­се «мағы­на­лы, саз­ды әуен неге жаз­бай­сы­ң­дар?» деп жабы­ла жары­са жаза­ды. Біз саз­ды әуен­ді де, той­дың әнін де шыға­рып жатыр­мыз. Құдай­ға шүкір, саз­ды әуен­дер жетер­лік. Егер интер­нет желісін­де аты-жөнім­ді теріп жаз­саңыз, биы­лғы жылғы төрт жаңа әнім шыға келеді. Ол әндер: «Тулай­ды жүрек», «Сен көрін­бей­сің», «Сағы­на берем, сағы­на», «Тәт­ті үнің». Бұл төрт әнді тың­дар­ман­да­ры­ма арнайы арнап шығарғанмын.
– Біздің жас әншілер шетел­дік әндер­дің мақа­мын ұрлай­ды деген сөз тағы бар. Мәсе­лен, сіздің «Сен маған ұна­дың» бей­не­ба­я­ны ресей­лік әнші Доми­ник Джо­кер­ден аумай­ды дей­ді. Бұл жай ғана сәй­кест­ік деп ойлай­сыз ба?
– Жал­пы, өзім шетел­дің әндерін көп тың­да­маған баламын.
Шыны керек, Доми­ник Джо­кер­дің кім екенін де біл­мей­мін. Егер менен «Досым­жан Таңа­та­ров кім?» деп сұрай қал­са, бұл кісінің өнері мен үшін алын­бас арман сияқты көрі­неді дер едім. Ал ресей­лік Доми­ник­ті маған тың­дар­ман­да­рым таныт­ты. Тіп­ті атал­мыш бей­не­ба­ян­ның мон­та­жы­на да ара­ласқан жоқ­пын – тек өз про­дю­серім мен режис­сері­ме сен­дім. Маған бей­не­ба­ян­ның сюжеті мен иде­я­сы ұна­ды. Кей­інірек, тын­дар­ман­да­рым айтқан соң, ресей­лік әншінің бей­не­к­ли­піне қара­дым. Шыны керек, Доми­ник Джо­кер­дің әніне қараған­да, менің бей­не­ба­я­ным да, әнім де әлдеқай­да әде­мі келіп тұр. Бәз­біре­улер «өзің­де идея жоқ па?» деп айтып жата­ды. Өзім­нің иде­ям бой­ын­ша түсіріл­ген 6–7 бей­не­ба­я­ным бар. Бір ғана бей­не­ба­я­ным осы­лай түсіріп қалған еді, бәрі мені жан-жақтан жал­мап жібе­ре жаз­да­ды. «Тұрған жеріңді шың деме, шың­ның да шыңы бар» дей­ді ғой…
– Айт­пақ­шы, интер­нет­тен сіз тура­лы мәлі­мет іздеп оты­рға­ным­да, сіздің орын­да­уы­ңы­здағы «Тым бол­ма­са» әніне жазы­лған сынға кез бол­дым. Мақа­ла авто­ры: «Осы әні­мен бұл әнші жастарға қан­дай тәр­бие беріп жатыр? Осы­ны ән деп тың­дай­тын жастар­дың да жетесіне таңым бар. Алдап-арбау тек қудың ісі бол­са, бұл әннің көз­де­ген мақ­са­ты не?» деп­ті. Сіз осы­ған қан­дай уәж айтасыз?
– Бұл мақа­ла­ның авто­ры өмірін­де бір дүние жасап шығарған ба екен?! Егер сын айт­са, сахнаға шашта­рын бояп шыға­тын жігіт­тер­ге де неге сын айт­пай­ды? Осын­дай дәлел­сіз сын­дарға таңым бар. «Тым бол­ма­са» деген әннің мағы­на­сын тіке­лей түсі­нудің қажеті жоқ: «хаба­ры­ң­ды бер», «қай­да­сың», «сыр­ты­ң­нан қарап жүрей­ін», «сағы­нып кет­тім» деген жастарға тән сезім­нің әуені. Осы­дан жастарға қан­дай зиян келетінін түсінбедім!
– Айт­пақ­шы, әріп­те­стеріңіз сая­сат алаңын­да бой көр­се­те баста­ды, депу­тат­ты­ққа үміт­кер­лер­дің тізі­міне ілін­ген әншілер жөнін­де айта­ры­ңыз бар ма?
– Менің айт­пағым – тек қана сәт­тілік! Мен сіз­бен сұх­бат­та­сып оты­рып, әлдекім­ге сыр­ты­нан анау-мынау деп әңгі­ме айтқа­ным жарас­пас. Сай­ла­удың тағ­ды­рын халық шешуі тиіс. Біздің дана халық бәрін біліп отыр. Сол сияқты сая­сат­та бой көр­се­те бастаған өнер­де­гі аға-әпке­лері­міз де халы­қтың жағ­дай­ын жақ­сы біледі. Оның үстіне өнер­де жүр­ген адам­дар­дың жүре­гі жұм­сақ болып келеді. Олар­дан халы­ққа кесір келе қояды деп ойламаймын.
– Ал сая­си пар­ти­я­лар­дың бірін қол­дау жөнін­де сіз­ге қолқа салған­дар болған жоқ па?
– Әрине, ондай ұсы­ны­стар бол­ды. Бірақ бұл әзір­ге құпия болып қалсын.
– Алда қан­дай шығар­ма­шы­лық жос­па­ры­ңыз бар?
– Алма­ты­дағы Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да 7 наурыз күні жеке ән кешім­ді өткіз­бек­ші­мін. Биы­лғы елі­міз тәу­ел­сізді­гінің 25 жыл­ды­ғы­на орай әзір­лен­ген әндерім бар. Осы уақы­тқа дей­ін менің репер­ту­а­рым­да пат­ри­от­тық әндер бол­мап­ты. Ән қор­жы­ным­да 80-нен аса әнім бол­са да, дуэт­пен айты­лған бір­де-бір ән де жоқ екен. Бұй­ырт­са, өнер­де жүр­ген аға-бауыр­ла­рым­мен дуэт айт­пақ­пын. Құдай қала­са, кон­церт­тен кей­ін кино түсіре­міз деген ниеті­міз тағы бар.
– Енде­ше жоралғы ойла­ры­ңы­здың жүзе­ге асуы­на тілектеспіз!
Сұхбаттасқан –
Жан­сая ЕРТАЙ,
«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн