Воскресенье , 20 апреля 2025

ОТАН ДЕГЕН НЕМЕНЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №8 (325) от 25 фев­ра­ля 2016 г.

Мез­гіл мерезі
ОТАН ДЕГЕН НЕМЕНЕ?

(Жалға­сы. Басы газет­тің 18 ақпан­дағы санында)

Қай­ран Әли­хан! Биыл ЮНЕ­СКО-ның ауқы­мын­да 150 жыл­ды­ғы ата­лып өтетін Ала­штың бет­ке ұстар көсе­мі жері­міздің астын­дағы, үстін­де­гі бар бай­лық қаза­қтікі екенін айта келіп: «Оның әрбір түй­ір тасы қаза­қтың өңіріне түй­ме болып қада­луы керек», «Қаза­қтың жерін­де өндіріл­ген «бір уыс» жүн сол мем­ле­кет­тің аза­мат­та­ры­ның үстіне тоқы­ма болып киілуі» керек, қазақ мем­ле­кетін­де мем­ле­кет құру­шы ұлт­тың тіл, дін, діл үстем­ді­гі болуы керек», – деген екен. (Ә.Бөкейхановтың иде­я­ла­ры­ның бәрі ала­шта­ну­шы Т.Жұртбайдың жаз­ба­ла­ры­нан алын­ды. – Авт.) Әлем таны­ған тәу­ел­сіз еңселі елміз, дүние жүзі елдерінің бас­шы­ла­ры­ның бәрі де сана­са­тын шоқты­ғы биік ұлт көсе­мі – пре­зи­ден­ті­міз бар, «қой үстіне бозторғай жұмыр­тқа­лаған» заман­да­мыз дейміз.
Осы­ны айтқан кез­де Алма­ты­дағы, Аста­на­дағы елдің бет­ке ұстар қай­мақта­ры дей­тін ақсақал-көк­сақал ақын-жазу­шы, ака­де­мик-ғалым, өнер саңлақта­ры атанған аға-апа­ла­ры­мы­здың аузы-аузы­на жұқ­пай, әй, бір тіл­дерін безеп көсіледі-ау, ә?! Шір­кін­дер-ай десей­ші! Әйт­кен­мен, біз ақиқа­ты­на жүгі­ней­ік­ші, қаза­ғы үшін құр­бан болған, шын мәнін­де­гі ұлт көсе­мі дең­гей­іне көтеріл­ген Ә.Бөкейханов бағ­дар етіп ұсы­нып, ама­нат ұра­ны ретін­де қал­ды­рған мем­ле­кет­тік иде­я­лар­дың қай­сысын жүзе­ге асырдық?
Жоқ!..
Олай бола­ты­ны – біз­де мем­ле­кет атын алған ұлт­тың арты­қ­шы­лы­ғын батыл айту былай тұр­сын, ғасыр­лар бойы қор­лық пен зор­лық көру­ден көзі ашыл­май келе жатқан қазақ халқы үшін барын беріп, арын арлай­тын билік те, сол билік­тің төңіре­гіне топ­тасқан мем­ле­кет­шіл тұлға­лар да жоқ. Егер бар бол­са, онда неге эко­но­ми­ка­лық, руха­ни, мәде­ни, әле­умет­тік жағы­нан тұра­лаған, бай, ықпал­ды елдер­ге кіріп­тар, солар­дың бер­ген қарызы­мен ғана өмір сүретін даму­шы елдер­дің қата­ры­на қосылдық?
Енді осы ойы­мы­зды одан да терең, нақты да дәлел­ді етіп айту үшін ірік­те­ген деректері­міз­ге жүгін­сек: «International Living» жур­на­лы­ның жазуын­ша, «Қаза­қстан ТМД елдері ара­сын­да өмір сүру дең­гейі жөні­нен ең соңғы орын­дар­дың ара­сын­да» екен; «Bank of Amerika Merrill Lynch» инве­сти­ци­я­лық тобы­ның хабар­ла­у­ын­ша, Қаза­қстан дефолт қау­пі төніп тұрған, халі ауыр жағ­дай­дағы он елдің ішін­де; «Bloomberg» агент­ті­гінің 2015 жылғы жасаған сарап­та­уы­на сен­сек, Қаза­қстан әлем­де­гі эко­но­ми­ка­сы құл­ды­раған он елдің қата­рын­да; Дүни­е­жүзілік банк­тің ақпа­ры­на қара­сақ, елі­міз алған қары­зын қай­та­ра алмай титы­қтаған елдер­дің алғы шебін­де жүр; Дүни­е­жүзілік Ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның мәлі­меті де жан түр­шік­тіреді: Қаза­қстан­да әр сағат сай­ын өзіне-өзі қол жұм­сап, өлім құшу оқиға­сы тір­ке­леді… Әрбір оты­зын­шы қаза­қстан­дық нашақор, әрбір бесін­ші адам араққа салы­нған… Тастан­ды сәби­лер­дің саны­ның көп­ті­гі жөні­нен де бұрын-соң­ды бол­маған дең­гей­де­міз… Елде­гі жұмыс­сыздар қата­ры­ның көп­ті­гі қат­ты алаң­да­тар­лық дәре­же­де еді, жаңа жыл­дан кей­ін­гі қысқар­ту­лар­дан соң тіп­ті есе­леп өсті. Демек, жаса­ла­тын қыл­мыс, ұрлық-қар­лық, қор­лық-зор­лық, кісі тонау оқиға­ла­ры көбей­ген үстіне көбей­еді. Олай бола­ты­ны – еңбек ету­ге қабілет­ті, бой­ын­да күш-қуа­ты тасып-төгіл­ген жастар­дың жап­пай жұмыс­сыз сен­де­луі еріксіз осы­ған алып келеді.
Осы жер­де «бұл ненің жемісі?» деген заң­ды сұрақ өз-өзі­нен жан алқым­нан ала­ды. Оны сана­сы сәу­лелі жұрт­тың бәрі билік пен оның айна­ла­сын­дағы сыбай­ла­стар­дың – халы­қтың жет­піс жыл­дан астам уақыт бойы қасық қанын аямай қорғап, тір­нек­теп жиған бар бай­лы­ғын өза­ра бөліс­ке салып, талан-тараж жаса­уы­нан, шетел­дік­тер­ге ауыз арзы­май­тын бағаға сату­мен әуе­стеніп, жонып жеуі­нен және халы­ққа өз күніңді өзің көр деген жаны ашы­май­тын сая­сат жүр­гі­зуі­нен болған­ды­ғын өте жақ­сы біледі. Аңқау да момақан ел билік тіз­гінін ұстаған­дарға тура кеше­гі Ком­му­ни­стік пар­тия мен үкі­мет­ке сен­генін­дей, құлай сен­ді. Купон деп құр қағаз­ды қол­да­ры­на ұста­тып, мына жеке­ше­леніп жатқан мен­шік­те сен­дер­дің де мол үле­стерің бола­ды деп алдап, ауы­зда­рын қу шөп­пен сүр­тіп кететінін, әрине, біл­ген жоқ. Енді бүгін «тап­сы­рған сол купон­да­ры­мыз қай­да, одан не ала­мын деп сұрай­тын қор­лар (ұзын саны 170-тей бола­тын) мен олар­дың иелері­нен кім бар?» деңіз­ші. Олар­дың сай­да саны, құм­да ізі қал­маған, зым-зия… Ешкім­ді таба да, ұстай да алмайсыз.
Алай­да әр қор­дың таса­сын­да кім­дер­дің сұл­ба­ла­нып көрі­нетінін ішіңіз сезеді. Бүгін­де жеке­ше­лен­ді­ру, мем­ле­кет иелі­гін­де­гі ақы­рғы, ең ақы­рғы халы­қтық мен­шік­тер­ді сатып алу науқа­ны қоғам­ның бай­лы­ғы есебі­нен бай­ы­ған­дар ара­сын­да қызу жүріп жатыр. Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің жеке­ше­лен­діру­ге шығарған нысан­да­ры­ның тізі­мі басын­да «Қаза­қстан темір жолы», «Қаз­мұ­най­газ», «Қаза­том өнер­кәсібі», «Самұрық-Энер­го», «Бәй­те­рек», «ҚазА­гро», «Қаза­қ­те­ле­ком», Қазақ-Бри­тан тех­ни­ка­лық уни­вер­си­теті, «Жола­у­шы­лар тасы­ма­лы», «Тұл­пар Таль­го» секіл­ді хол­динг­тер мен ком­па­ни­я­лар тізіліп тұр. Бәрі де мем­ле­кет­ке кіріс әке­летін, стра­те­ги­я­лық маңы­зы зор құры­лым­дар. Солар­дан кей­ін Пав­ло­дар мұнай-химия заво­ды, Аты­рау мұнай өңдеу заво­ды, «Қаза­қстан тұрғын-үй жинақ бан­кі», Алма­ты электр стан­ци­я­сы, «Қорғас» халы­қа­ра­лық шека­ра­лық әріп­те­стік орта­лы­ғы АҚ, «Қаз­гео­ло­гия» гео­ло­ги­я­лық бар­лау ұлт­тық ком­па­ни­я­сы, «Аста­на» халы­қа­ра­лық әуе­жайы, «Қаз­по­шта» АҚ, «Эйр Аста­на», Пав­ло­дар әуе­жайы, Ақтө­бе халы­қа­ра­лық әуе­жайы… және «Фар­ма­ция БК», «Қаз­мед­тех», «Ұлт­тық ғылы­ми меди­ци­на­лық орта­лы­ғы», «Қазав­то­жол», «Ядро­лық тех­но­ло­гия пар­кі», «Алма­ты шипа­жайы», «Аста­на қонақ үйі», «Арқа шипа­жайы», «Арман шипа­жайы», «Қаза­қстан шипа­жайы», Ш.Айманов атын­дағы «Қаза­қ­фильм» кино­сту­ди­я­сы, «Бөбек» ұлт­тық ғылы­ми-өндірістік, сау­ат­тан­ды­ру және сауы­қты­ру орта­лы­ғы, Қоста­най халы­қа­ра­лық әуе­жайы, Шым­кент әуе­жайы, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­зи­ден­ті іс басқар­ма­сы­ның меди­ци­на орта­лы­ғы» орта­лық кли­ни­ка­лық ауру­ха­на­сы, тағы басқа­ла­ры болып тізіліп кете береді.
Біз бей­бақ осы­лай деп жазып оты­рған сәт­те осы­лар­дың біра­зы, Н.Назарбаевтың өзі айтқан­дай, «ашық та жари­я­лы» түр­де сауда­ла­нып, нақты иелерін тапқан да шығар. Қалған­да­ры да сатыл­май қал­май­ты­ны­на кәміл сене беріңіз. Өйт­кені күні кеше ғана Аста­на­да өткен «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның XVII съезін­де елба­сы­ның өзі зал­да оты­рған­дар мен көгіл­дір экранға көз алмай қадалған елге қара­тып ағы­нан ақта­ры­ла сөй­леді. Біз көп­те­ген бай адам­дар­ды, мил­ли­ар­дер­лер­ді тәр­би­е­леп шығар­дық. «Forbes» жур­на­лын­да сурет­тері бар. Осы ақша­лар­ды табуға Қаза­қстан мүм­кін­дік бер­ді. Енді мені қашан ұстап әке­те­ді деп үрей­леніп оты­рған­ша, шетел­дік банк­тер­де­гі сол ақша­ла­ры­ң­ды әкелің­дер. Жеке­ше­лен­діру­ге шыға­ры­лған нысан­дар­ды сатып алы­ң­дар деді.
Нұре­кең осын­дай мәсе­лені бұған дей­ін де қозғаған. 141 мил­ли­ард­тан астам дол­лар­дың шека­ра­мы­здан асып, шетел бан­кілерін­де сақта­лып, қозға­у­сыз жатқа­нын сөз еткен. Тар­тып ала­ды деп қоры­қ­паң­дар деген. Жігер­лен­дір­ген, алдан­бай­тын­да­ры­на сен­дір­ген. Енді қайт­сін-ай?!. Айтуын – айтып-ақ жатыр.
Алай­да іс онша ман­ды­ма­ды. Олай дей­тіні­міз, үкі­мет­тің бұл науқанға бел­гіле­ген кесім­ді уақы­ты 2014 жыл­дың қыр­күй­е­гін­де баста­лып, 2015 жыл­дың соңын­да қоры­тын­ды­ла­нуы керек бола­тын. Жел­тоқ­сан­ның 1‑іне дей­ін 424 млрд тең­ге ғана жария етіл­ді. Сол себеп­ті К.Мәсімовтың үкі­меті жария ету мерзі­мін ұзар­туға және «аталған науқанға қоғам сені­мін шек­те­ген» шар­тта­рын жеңіл­де­ту­ге мәж­бүр болды.
«Жаңа түзе­ту­лер­дің бірі – банк шот­та­ры­нан жария етіл­ген ақша­ны мерзі­мі­нен бұрын алу кезін­де жария ету­ге 10 пай­ыз алым алы­нып тастал­ды. Соны­мен қатар аталған нор­ма­ның кері күші бар. Мәсе­лен, осы алым­ды төле­ген­дер­дің бәрі өз ақша­ла­рын бюд­жет­тен қай­та­рып ала ала­ды», – деп, өткен жыл­дың қара­ша айын­да жаңа заң­на­маға енгізіл­ген өзгеріс­ке түсінік бер­ді Қар­жы мини­стрі Б.Сұлтанов. Соның арқа­сын­да науқанға қызы­ғу­шы­лық артып, жасы­рып-жапқан бай­лы­ғын жария ету­шілер қата­ры сәл қозға­лақтай бастаған секіл­ді. Ол дүние-мүлік­тер біздің елі­міз­де бола ма, жоқ әлде әлем­нің әр түк­пірін­де­гі басқа мем­ле­кет­тер­де бола ма, бәрібір заң­да­сты­ры­луы керек. «Кей­ін деген іс кем бола­ды», осы мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып қалы­ң­дар деді билік тіз­гінін ұстағандар.
Өстіп ұры-қары­ларға да, табан ақы, маң­дай теріне иек артып, азын-аулақ дәу­лет­тің басын құраған басқа­ларға да бел­гілі бір кезеңдік кеңдік жаса­ды. Арты қалай бола­ды, кезі кел­ген­де, оны да көре жатар­мыз. Ал әзірге…
Иә, жеке­ше­лен­ді­ру мәсе­лесіне қай­ы­ра ора­лай­ық. Оған шетел­дік­тер­дің де бел­сене қаты­суы­на әбден бола­ды деді елба­сы­ның өзі. Осы сөзін аңдып-ақ отыр екен, қытай­лы­қтар­дың көз­дері шыра­дай жанып шыға кел­ді. «Біздің кәсіп­кер­лер Қаза­қстан­дағы жеке­ше­лен­діру­ге бел­сене ара­ла­са­ды, – деді жур­на­ли­стер­мен өткіз­ген кез­де­суін­де елі­міз­де­гі елшісі Чжан Хань­ху­эй. Тіп­ті қол­мен қой­ған­дай етіп нақты мәлі­мет­ті де жай­ып сал­ды. – Біз өндірістік қуат­ты тасы­мал­дау бой­ын­ша 52 жоба­ны таң­дап алдық, олар­дың жал­пы құны 24 млрд АҚШ дол­ла­ры», – деп оны да жай­ып салды.
Әлбет­те, Қытай ала­мын десе, ала­ды. Содан соң арты қалай бола­ды? Міне, бұл бәрі­міз үшін ойла­на­тын үлкен мәсе­ле! Өйт­кені еркін ойлы газет­тер­ді оқып жүр­сеңіз, Қаза­қстан­ның мұнай­ы­на тұм­сы­ғын тыққан қытай­лық ком­па­ни­я­лар­дың жер­гілік­ті халы­қты қалай қор­лап, кем­сі­тетінін, әрбір­ден кей­ін қаза­қтар­мен салы­сты­рған­да қытай­лы­қтар еңбек ақы­ны әлдеқай­да аз төлеп, ара­да ала­у­ы­здық туды­ра­ты­нын талай рет оқы­ды­ңыз. Сабақ ала­тын­дай, ауыз күй­етін­дей ой түй­дік қой. Бірақ ондай­ға мой­ын бұра­тын билік көрін­бей­ді. Өйт­кені «алмақтың да сал­мағы бар». Үсті-үстіне есе­леп алған қары­здың қыспағы уақыт озған сай­ын тыпыр­шы­та түсуде.
Бас бан­кі­міздің бер­ген ақпа­ры­на сүй­ен­сек, 2015 жыл­дың 30 қыр­күй­е­гіне дей­ін­гі сыр­тқы бере­ше­гі­міз 197,1 млрд Аме­ри­ка ақша­сы болып­ты. Инве­сти­ция деп АҚШ-тан – $58,5 млрд, Нидер­ланды­дан – $18,9 млрд, Ұлы­бри­та­ни­ядан – $16,6 млрд, Ресей­ден – $7,5 млрд, Жапо­ни­ядан – $5,2 млрд, Гер­ма­ни­ядан – $5 млрд… өстіп, бір сөз­бен айтқан­да, «арты­мы­зға қара­май» анау елден де, мынау елден де ағы­лған ақша­ны, Құдай бере салған­дай көріп, ала беріп­піз, ала беріп­піз. Дүние жүзін­де­гі мем­ле­кет­тер­дің жар­ты­сы­на қарыз болыппыз.
Енді солар­дың үсте­месін қосып қай­та­ра­тын сын саға­ты жет­ті. Әр қары­здың келісіл­ген кесім­ді уақы­ты бар. Биыл $17 млрд қай­та­руы­мыз қажет бол­са, оның келер жылға бел­гі­лен­ген мөл­шері – $ 117 млрд. Жұмыс істеп, тоқта­у­сыз өнім шыға­ра­тын кәсі­по­рын­да­ры­мыз жоқтың қасы. Ана аймақта ашы­лған, мына өңір­де пре­зи­дент­тің өзі лен­та­сын қиған өндіріс ошақта­ры­ның ауыз тол­ты­рып айта­тын бірі бар ма? Әкім­дер өтірік­тен тау тұрғы­зып еді, әбден үрленіп жары­лған шар сияқты, ол тау да құла­ды. Билік пен оның айна­ла төңіре­гін­де­гілер­дің бәрін ісін­діріп-кебін­дір­ген қаза­ғы­мы­зға Құдай­дың жомарт­ты­қ­пен бер­ген жер асты бай­лы­ғы – мұнай еді, оның баға­сы құл­ди­лаған сай­ын, эко­но­ми­ка­мы­здың қан­ша­лы­қты «гүл­дене дамып» кет­кен­ді­гі бады­рай­ып шыға бер­ді. Н.Ә.Назарбаев елді 2015 жыл­дың қаңтар-ақпа­нын­да біз кри­зи­стен қоры­қ­пай­мыз деп сен­дір­ген. Мұнай баға­сы одан да төмен құл­ды­рай бастаған­да, елі­мізді қыспақты жағ­дай­дан құтқа­ра­тын бала­ма­лы бағ­дар­ла­ма­мыз үкі­мет бас­шы­сы­ның үстелін­де жатыр деді. Баға құлаған үстіне құлап, бас бер­мей бара жатқа­ны­на күл­лі әлем куә.
Алай­да елба­сы айтқан үкі­мет­тің елді қым­бат­шы­лы­қтан құтқа­ра­тын, эко­но­ми­ка­мы­здың құл­ды­ра­уын тежей­тін кере­мет бағ­дар­ла­ма­ла­ры іске қосыл­ма­ды. Соған қараған­да, үкі­мет бас­шы­сы елба­сын алда­ды неме­се елба­сы елі­міздің бар үміті мұнай­ға тірел­ген қауқар­сызды­ғын біл­дір­меу үшін елді алда­у­сы­рат­ты. Қар­жы тап­шы­лы­ғы қинаған үстіне қинап бара­ды. Не істеу керек? Қыспақты қиын хал­ден қалай құты­луға бола­ды? Міне, осы кез­де Талап­кер Иман­ба­ев «тонап» кетіп, одан кей­ін 20 жылға жуық уақыт­тан бері қозға­у­сыз жатып, қор­да­ланған халы­қтың зей­не­тақы қоры ойға орал­ды. Оның нағыз иесі халық болға­ны­мен, тағ­ды­рын шешетін – билік. Сон­ды­қтан билік оған да қол салды.
Талғат Айтбайұлы,
публицист-жазушы
(Соңы газет­тің келесі санында)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн