Суббота , 5 июля 2025

Мақпал Жүнісова: ЕЛІМНЕН КЕТЕТІН ШЫҒАРМЫН

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №9 (326) от 3 мар­та 2016 г.
Жан дауыс

Мақ­пал Жүнісова:
ЕЛІМНЕН КЕТЕТІН
ШЫҒАРМЫН

Қаза­қтың ерке қызы көп­те­ген кон­церт­тер­де бой көр­сет­кені­мен, оны эфир­ге шығар­май­ды. Қай­да бар­са да, алды­нан кесе-көл­де­нең кедер­гілер шыға­ды. Оған кім себеп­кер? Наурыз айы­на жос­пар­ланған кон­церт нелік­тен сәуір айы­на ауы­сты? 35 жыл­дан бері сахна­да жүр­ген әйгілі әншінің жауы кімдер?
Осы және өзге де сұрақтар төңіре­гін­де Мақ­пал Жүні­со­ва­ның жур­на­лист Ай-Керім Самал­бекқы­зы­на бер­ген сұх­ба­ты­нан үзін­ділер жари­я­лап отырмыз.

Кон­церт­тің уақы­ты өтпе­уіне бір себеп – Рес­пуб­ли­ка сарай­ын жар­ты жыл бұрын жалға алып қою­шы­лар­дың әре­кеті. Арнайы кон­церт ұйым­да­сты­ру­мен айна­лы­са­тын жігіт­тер ұзақ уақыт бұрын зал­ды жалға алып ала­ды да, біз кон­церт берер шақта ақша талап ете­ді. Ол кез­де зал­ды жалға алу­дың баға­сы өзге­реді. Зал­дың өзіне шама­мен бес мил­ли­он­дай қар­жы жұм­са­ла­ды. Содан сол жігіт­тер­дің біріне наурыз айын­да кон­церт беретінім­ді айтқан едім.
Менің кон­цер­ті­ме билет құны шама­мен екі мың мен он мың тең­генің ара­сын құрай­ды. Орта есеп­пен бір орын­ның баға­сы 6–7 мың тең­ге бол­са, бір ғана кон­церт­тен жүз мың дол­ларға жуық қара­жат түседі екен. Қай­та біз билет құнын аспанға шары­қтат­пай­мыз, «зал­дың құнын өте­се бол­ды» деп, қаза­қи­лы­ққа салы­на­мыз. Осы Ресей­дің жұл­ды­зда­ры кел­се, билет баға­сы 30–50 мың тең­ге тұр­са да, халық үнде­мей-ақ бара­ды. Ұйым­да­сты­ру­шы жігіт маған он бес мың дол­лар беретінін, қалға­нын жар­на­ма сын­ды дүни­е­лер­ге жұм­сай­ты­нын айт­ты. Қан­ша жыл­дан бері Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да кон­церт беріп кел­сем де, қал­та­ма елу мың дол­лар салып көр­ме­ген адам­мын… Ұйым­да­сты­ру­шы­лар мүл­дем ұят­тан жұр­дай болып бара­ды. Кон­церт­ті беретін – мен, ән айтып шар­шай­тын – мен, бар­лық керек-жараққа (сахна­лық киім­дер, музы­кант­тар, зал­дың жары­ғы, теле­ар­на қыз­меті, т.б.) төлей­тін де мен, ал пай­да­сын басқа­лар көреді. Неге бұған көз жұма қара­уы­мыз керек? Олар жалғыз менен емес, қан­ша­ма әнші­ден қар­жы алып отыр.
Марқұм Зәкең (Заман­бек Нұрқа­ді­лов) бол­ма­са, мен де мұн­дай зәулім үйде тұр­мас едім. Бұл – Зәкеңнің шаңы­рағы. Неше жыл бұрын Зәкең мін­гіз­ген көлік­тің те тозы­ғы шықты. Соны көр­ген Болат Назар­ба­ев ағам достық пей­іл­мен жаңа көлік сый­ла­ды. Соған қарап, жұрт мені мил­ли­о­нер деп ойлап жүр. Алай­да мен­де ондай қар­жы жоқ.
Өмір­де артық бір тиын да жина­мап­пын. Айтқа­ным­дай, артық ақшам бол­са, бәрін тара­тып жүреді екен­мін. Бір үйім­ді сатып, депо­зит­ке сал­сам ба деп енді ойла­нып отыр­мын. Бәрі уақыт­тың еншісін­де. Қызым аман-есен мек­тебін аяқтап, жақ­сы оқуға түс­се дей­мін. Одан басқа мақ­сат-мұрат жоқ. Несі­бе­міз­ге қарай бұй­ы­рға­нын көре­рміз. Шақы­рған жер­ден қал­май, шақыр­маған жер­ге бар­май­мын. Жағ­дай­ым­ды жасай­тын бол­са, ән айтуға дайынмын.
Жұба­ны­шым да, өмірім­нің мәні де – Мерей. Оған қоса халқым­ның пей­ілі, тіле­гі мені аяққа тұрғы­зды. Ел болып, мен үшін қобал­жып, маған сенім артқан жан­дар бар­шы­лық. Бір-екі адам­ның жасаған арсызды­ғы үшін бәрі­нен баз кеш­кім кел­мей­ді. Егер соған бола құлар бол­сам, халық та мені өнер әле­мі­нен әлдеқа­шан сызып тастар еді.
Қазір қызым үшін ғана өмір сүріп жүр­ген сияқты­мын. Осы қызды өсіріп, адам етіп жет­кіз­сем, мен үшін содан асқан бақыт жоқ. Көз­ге көрін­бей­тін адам­дар мені­мен неше жыл­дан бері алы­сып келеді. Олар­дың кім екенін де, мені­мен не үшін арпа­лы­сып жүр­ген­дерін де біл­мей­мін. Қан­ша­ма әндер айтып жүр­мін, кон­церт­тер­ге қал­май қаты­са­мын. Бірақ эфир­ден мені кесіп тастай­ды. Неге? Оны да біл­мей­мін. Әсіре­се «Хабар», «Аста­на», «Қаза­қстан» секіл­ді халық көп көреді-ау деген арна­лар мені көр­сет­пей­тін бол­ды. Жақын­да ғана Құдай­бер­ген Бекі­штің шақыр­туы­мен «Жыл­дар. Әндер» атты кон­церт­ке қаты­стым. Мади­на Ера­ли­е­ва­ның, Арман Дүй­се­но­втің кон­цер­тін­де ән шырқа­дым. Бірақ, неге екені бел­гісіз, мені тағы да қиып тастапты.
Мүм­кін, қызым аяққа тұрған соң, өз елім­нен де кететін шығар­мын… Жасыр­май­мын, ондай ойым бар. Өзіңіз де көріп отыр­сыз, ешқай­да шығар­май­ды. Мен қашанғы жылай бер­мек­пін? Оған дей­ін зей­нет­ке де шығып қалар­мын. Басқа мем­ле­кет­ке баруым, не бол­ма­са туған жері­ме кетіп қалуым мүм­кін. Ауы­лы­ма барып, бауыр­ла­рым­ның жанын­да тып-тыныш өмір сүр­ген­ге не жетсін?
Зәкеңді өлтіріп кет­кен­нен кей­ін қат­ты үрей­леніп қал­дық. Жар­ты жыл бойы аме­ри­кан­дық дәрілер ішіп емдел­дім. Жүй­кем де әбден тозды, шашым да аға­рып біт­ті. Сол оқиға орны тол­мас ізін қал­дыр­ды. Уақыт емші дей­ді ғой. Бір­те-бір­те қал­пы­мы­зға келіп, жақ­сы нәр­се­лер­ді ойла­у­ға, адал ниет­ті адам­дар­мен ара­ла­сып, көңіл­ді ән тың­да­уға тыры­са­тын болдық.
Мен­де қор жоқ, ондай­мен айна­лы­спаған адам­мын. Деме­уші ізде­уің керек, тағы­сын тағы. Оның арты­нан әңгі­ме де көбей­еді. Болат Назар­ба­ев көлік сый­лаған­да, теріс ойлаған адам­дар да табыл­ды. Онда тұрған не бар, түсін­бей­мін? Марқұм Зәкең жоға­ры­дан бәрін көріп, бақы­лап оты­рған шығар. «Назар­ба­ев­тар­мен дос болып алып­ты» деп жүр. Енді дұшпан болуым керек пе? Бөкең маған дос ретін­де жақ­сы­лық жасап, қамқор­шы болып жат­са, неге ол кісінің кеудесі­нен ите­руім керек? Күй­е­у­ге шығай­ын деп жүр­ген он сегіз жасар қыз емес­пін ғой. Әрі ол кісілер ешқа­шан да маған дұшпан болған емес… Жал­пы адам­ды қара­лау қазір оңай болып кет­ті. Болат аға ондай мәши­нені жалғыз маған емес, талай жанға мін­гізді. Бірақ жұрт менікін көріп қояды…
Жасы бар, кәрісі бар, бар­лы­ғы тек қазақ музы­ка­сы­мен, қазақ өнері­мен сусын­да­уы керек. Ел біл­мей­тін, көлең­ке­де қалып қой­ған қан­ша­ма мұра­мыз бар. Солар­ды наси­хат­тап, ұлт­тық идео­ло­гия қалып­та­сты­ру қажет. Сон­да «қаза­қ­ша үйрен» деп айта берудің де қажеті бол­мас еді. Нелік­тен жаста­ры­мыз шетел­дің, баты­стың әуен­дерін шап­шаң қабыл­дап алып жатыр? Өйт­кені таң атқан­нан кеш батқан­ша оры­стың, не басқа ұлт­тың музы­ка­сын тың­дап жүр. Қаза­қ­ша тек сапа­сы төмен әндер көбірек наси­хат­та­лып жатыр. Жақ­сы әншілері­міз де жетер­лік. Сол жақ­сы әншілер­дің жақ­сы әндерін көбірек беру керек. Қазір ондай арна жоқ. Тың­дар­ман­да­рым: «Дом­бы­ра­мен неге айт­пай кет­тіңіз?» деп жаза­ды. Қан­ша кон­церт­те айтып жүр­мін ғой. Оны көр­сет­пе­се қай­те­мін? Кон­церт бересің, жылы­на бір рет арна­дан көр­сетіп қояды. Ол не бола­ды? Ком­по­зи­тор­лар­ды да аяй­мын. Маған әндерін алып келеді. «Бәрібір шығар­май­ды. Одан да шығып жүр­ген әншілер­ге берің­дер, әндерің наси­хат­тал­сын», — деп бас тар­та­мын. Бірақ теле­ар­на жары­ққа шығар­май жатыр екен деп үнсіз жатқан жоқ­пын, Құдай­ға шүкір, талай әндер­ді жары­ққа шығар­дым. Алдағы жеке кон­цер­тім­де орындаймын.

Ай-Керім Самалбекқызы,Сomode.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн