Суббота , 5 июля 2025

ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАР социал-демократтарды ҚОЛДАЙТЫНТЕЗИС

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №10 (327) от 10 мар­та 2016 г.
Аза­мат­тық мінбер
ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАР
социал-демократтарды
ҚОЛДАЙТЫНТЕЗИС

Төмен­де­гі үндеу-хат­тың авто­ры Құр­манға­зы Рах­ме­тов – Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де сот­ты болып, кеңе­стік түр­менің түне­гін көр­ген аза­мат. Бүгін­де ол Қаза­қстан аза­мат­тық қоға­мы өкіл­дері аты­нан Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы (ЖСДП) тізі­мі бой­ын­ша ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісіне үміт­кер ретін­де тір­кел­ген. Қаза­қстан­дық жұрт­шы­лы­қтың наза­ры­на ұсы­ны­лған бұл үндеу-хатын­да «жел­тоқ­сан­шы» аза­мат өзі жетек­шілік ететін ұйым не себеп­ті ЖСДП-ны қол­дай­ты­нын төрт тезиспен атап өткен.

Біз – «жел­тоқ­сан­шы­лар», елі­міздің бар­лық аза­мат­та­ры сияқты тәу­ел­сізді­гі­мізді шат­та­на қар­сы алдық − алға­шқы қиын­шы­лы­қтар­ды жұрт­пен бір­ге бөлісіп, тәу­ел­сіздік­ті баян­ды ете­міз деп сен­дік. Бірақ содан бері 25 жыл уақыт өтсе де, өзі­міз сен­ген билі­гі­міз біз арман­даған қоға­мға халы­қты алып келе алма­ды! Елі­міз кор­руп­ция құр­са­уы­на бұға­у­лан­ды, қоғам жоға­ры­дан төмен қарай жағым­паз­дық дер­тіне ұшырады.
Сон­ды­қтан «жел­тоқ­сан­шы­лар» бүгін тәу­ел­сіздік баста­уын­да тұрған арман­дарға жету үшін жаңа күресін бастай­ды! Осы мақ­сат­та олар шын­ды­қты айту­дан жасқан­бай­тын ЖСДП-мен бір­ге халы­қтың өкілет­ті орга­ны − мәжілі­сте өкіл­дері­міздің болға­ны дұрыс деп білеміз.
Біз не себеп­тен ЖСДП пар­ти­я­сы­на қол­дау білдіреміз?
1.Біз қазір­гі қалып­тасқан оли­гар­хи­я­лық-эко­но­ми­ка­лық-авто­ри­тар­лық сая­си басқа­ру жүй­есі мем­ле­кеті­міздің одан әрі дамуы­на кедер­гі бола баста­ды деп мәлім­дей­міз. Осы уақы­тқа дей­ін бұл жүйе тек қана қаз­ба бай­лы­қтар­ды сату­мен шек­теліп, халы­қтың іскер­лік қабілетінің оянуы­на, тұр­мыстық жағ­дай­дың оңа­луы­на қол жет­кі­зе алма­ды. Билік мұнай мен басқа да тау-кен өнім­дерінің баға­сы шары­қтап тұрған кез­де түс­кен табыст­ың қомақты бөлі­гін мем­ле­кет эко­но­ми­ка­сын әрта­рап­тан­ды­руға, адам капи­та­лын дамы­туға, мем­ле­кет­тің азық-түлік және басқа қауіп­сізді­гін нығай­туға жұм­са­удың орны­на, олар табысты өза­ра клан­дық топ­тар мен шетел­дік кор­по­ра­ци­я­лар­дың пай­да­сы­на бұру жолын қала­ды. Қоғам­дағы аз ғана бай­лар тобы мен кедей­лен­ген бұқа­ра ара­сын­дағы жарқы­шақ күн­нен-күн­ге ажы­рап бара­ды. Соны­мен қатар тәу­ел­сіздік­тің стра­те­ги­я­лық кепілі сана­ла­тын қаз­ба бай­лық кешен­дерінің басым бөлі­гі шетел ком­па­ни­я­ла­ры мен шыққан тегі бел­гісіз жеке­ле­ген адам­дар­дың қолы­на күмән­ді жол­дар­мен өтіп кет­ті. Біз тәу­ел­сіздік­ке қатер төн­діретін осын­дай түбе­гей­лі қателік­тер­дің орын алуын − осы елдің егесі Қаза­қстан халқы­ның мүд­десіне қар­сы келу деп біле­міз. Сон­ды­қтан осы­мен күре­суді бастаған ЖСДП-ның ұста­ны­мын біз қолдаймыз!
2.Қазақстан осын­ша­ма мол бай­лы­қтың үстін­де оты­рып, шетел­ге қары­зы жағы­нан Орта Азия елдеріне қараған­да алға шықты. Оны елі­міздің эко­но­ми­ка­сы­на құй­ы­лған инве­сти­ция деп ата­сақ та, ол қарыз бола­шақта бәрібір қай­та­ры­луы керек. Қазір оның шама­сы әр ада­мға шаққан­да 10 мың дол­лар­дан асып кет­ті, ал қарыз алу әлі де жалға­су­да. Яғни, мұның бәрін біз өз ұрпақғы­мы­зға мұра болып қала­тын қарыз деп санаймыз.
Біз осы­ны арман­дап па едік? Жарай­ды, мақ­сат түзу бол­ды делік. Бірақ осы­ған дей­ін кел­ген инве­сти­ция қан­дай мақ­сатқа және қалай жұм­сал­ды? Оған неге есеп беріл­мей­ді? Елі­міз­де қан­дай ірі өндіріс ошақта­ры салын­ды? Салын­ба­са, жұмыс орын­да­ры ашыл­ма­са – 150 млрд дол­лар­дан астам қар­жы қай­да кет­ті? Керісін­ше, осы уақыт­та шетел­дер­де­гі офшор­ларға Қаза­қстан­нан қан­ша қар­жы кет­ті? Оның да жау­а­бы жоқ. Бұл мәсе­лені де ЖСДП эко­но­ми­стері үне­мі көте­ру­де. Біз ЖСДП-ның айтқан шын­ды­ғы­мен келі­се­міз! Сон­ды­қтан ЖСДП-ны өзі­міз­ге әріп­тес санап, оны­мен қосы­ла күрес жолы­на шығуға әзірміз!
3.Біз өз алды­на дер­бес­ті­гін алған тәу­ел­сіз мем­ле­кет­піз! Өз алды­на шаңы­рақ көтер­ген соң, оның билі­гі әрбір іргелі қадам­дар­ды өз халқы­мен ақыл­да­са оты­рып шешу­ге мін­дет­ті еді. Біз­де олай бол­ма­ды. Билік мем­ле­кет­тің мен­ші­гін шетел ком­па­ни­я­сы­на арза­нға бер­ген­де, неге халы­қ­пен ақыл­дас­пай­ды? Ал не себеп­тен шетел ком­па­ни­я­ла­ры елі­міз­ге келіп, Қаза­қстан заң­да­рын өрес­кел бұза оты­рып, аза­мат­та­ры­мы­здың құқы­ғын аяққа тап­та­са – өз аза­мат­та­ры­на қорған болу­дың орны­на, керісін­ше, олар­ды атуға дей­ін бара­ды? Олай бол­са, біздің «тәу­ел­сіз мем­ле­кет­піз» деп айтуға қан­дай қақы­мыз бар?.. Біз осы­ны арман­дап па едік 1986 жыл­дың аяз­ды жел­тоқ­са­нын­да?! Біз, қалай болған­да да шынайы әділет­тілік­тің болға­нын қалай­мыз! Сон­ды­қтан да әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­тірудің нақты жоба­сын ұсы­нып оты­рған ЖСДП-мен біргеміз!
4.Қазақстан халқы өрке­ни­ет­ке орта жол­дан килік­кен ел емес еді. Кеңе­стік қызыл импе­ри­я­ның қысы­мы­на қара­ма­стан, халқы­мыз жап­пай сау­ат­ты, тегін оқу және меди­ци­на­лық тегін емде­умен кәсі­би қорғалған бола­тын. Енді, тегін оқу көз­ден ғай­ып бол­ды. Әле­умет­тік-тұр­мыстық дең­гейі төмен мың­даған отба­сы­лар­дың небір алғыр бала­ла­ры оқу­дан тыс қалу­да. Олар­дың бағын бай­лай­тын кім және не? Осы мәсе­лені неге көтер­мей­міз? Мәсе­лен, біз­ден әлдеқай­да шағын Түр­кі­мен­стан мем­ле­кеті ұрпағын тегін оқы­тып, халқын тегін емдеп жатыр. Егер жақын бола­шақта олар «адам капи­та­лы дамуы коэф­фи­ци­ен­ті» жағы­нан біз­ден алға шық­са – оған таң қалуға бол­май­ды. Оқу-тоқу­дың аза­юы, оған жұмыс­сызды­қтың қосы­луы – халы­қты азды­рып жатыр. Біздің қоғам тек мате­ри­ал­дық бай­лық тұрғы­сы­нан емес, руха­ни-әле­умет­тік тұрғы­да әртек­ті болуға бет алды.
Иә, рефор­ма­лар арқы­лы эко­но­ми­ка­ны түзе­у­ге бола­ды. Ал қазір­гі жоға­лып жатқан руха­ни бол­мысы­мыз бен құн­ды­лы­қтар­ды қан­дай рефор­ма­лар­мен түзей­міз? Жоға­ры­дан тарай­тын жағым­паз­дық пен екі­жүзділік­тің зардаб­ын қалай жоя­мыз? Осы тура­лы ойла­нып көр­дік пе? Сон­ды­қтан осы мәсе­ле бой­ын­ша да біз ЖСДП-мен бірі­ге оты­рып, халы­қты келелі кеңес­ке шақы­ра ала­мыз деп үміттенеміз!
Біз осы үнде­уі­міз­де қоғам­дағы түйт­кіл­ді мәсе­ле­лер­дің азға­на шоғы­рын айта алдық. Қаза бер­се – ол тау­сыл­май­ды. Олар – адам құқы­ның қорға­луы, шынайы демо­кра­ти­я­лық үрдістер­ді қалып­та­сты­ру, заң алдын­дағы тең жау­ап­кер­шілік және т.с.с. жалға­са береді. Енде­ше мәжіліс­ке келу арқы­лы біз осы мәсе­ле­лер­ді үне­мі халық наза­ры­на салып, сіз­дер­мен бір­ге келелі кеңес­ке салып оты­ра­тын бола­мыз деп сенім­мен айта ала­мыз! Біз: «Ота­ны­мыз – біреу, мем­ле­кеті­міз – тіреу, бола­шағы­мыз – ортақ» бол­сын дейміз!
Құр­манға­зы РАХМЕТОВ,
«Нағыз Жел­тоқ­сан» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің жетекшісі,
мәжіліс депу­тат­ты­ғы­нан үміткер

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн