Вторник , 13 мая 2025

Одақтас ОПА бермеді

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №10 (327) от 10 мар­та 2016 г.
Дерек пен дәйек

Одақ­тас
ОПА
бермеді
Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одағы (ЕАЭО) шар­ты жасалған 2014 жыл­дан бастап, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы дамуы жыл­ма-жыл бая­у­лап келеді. Кей сарап­шы­лар дағ­да­ры­сқа ЕАЭО-ның қаты­сы жоқ десе, енді бірі бұған осы одақты айыптайды.

Кеден одағы негізін­де құры­лған Қаза­қстан, Ресей, Бела­русь мем­ле­кет­тері Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одағы­ның (ЕАЭО) мақ­са­ты аймақтағы тау­ар-қыз­мет, жұмыс күші, капи­тал айна­лы­мын жақ­сар­ту арқы­лы мүше елдер эко­но­ми­ка­сын күшей­ту екені жари­я­ланған еді. 2015 жылы бұл эко­но­ми­ка­лық одаққа осы мақ­сат­пен Қырғыз­стан мен Арме­ния да қосылған.
Алай­да ЕАЭО шар­ты­на қол қой­ы­лған 2014 жыл­дан бастап, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы дамуы күрт бая­у­лай бастаға­ны аңға­рыл­ды. Қаза­қстан Эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі ста­ти­сти­ка агент­ті­гінің дере­гі бой­ын­ша, 2013 жылы Қаза­қстан жал­пы ішкі өні­мі (ЖІӨ) 243 мил­ли­ард 773 мил­ли­он АҚШ дол­ла­ры көле­мін­де бол­са, 2014 жылы 227 мил­ли­ард 439 мил­ли­он дол­лар болып, азая түсті. Ал 2015 жылы бұл көр­сет­кіш қазір­гі валю­та баға­мы­м­ен есеп­те­ген­де, 115 мил­ли­ард 604 мил­ли­он дол­лар көле­мін­де кеміп, жан басы­на шаққан­дағы ЖІӨ шама­мен 14 мың дол­лар­дан (2013 жылы) 6 мың 800 дол­ларға (2015 жылы) дей­ін қысқар­ды. Ал ең төмен­гі күн­көріс дең­гейі 2013 ж. – 116 дол­лар, 2014 – 106 дол­лар, 2015 – 57 дол­лар болған.
Тең­ге­мен көр­сетіл­ген мәлі­мет­тер бой­ын­ша да ЖІӨ өсі­мінің қысқа­рып келе жатқа­нын бай­қа­уға бола­ды. 2013 жылы ЖІӨ 5 трил­ли­он тең­ге­ге жуық (4 891 574) өскен, 2014 жылы 3 жарым трил­ли­онға жуық (3 669 505) ұлғай­ған. Ал 2015 жылғы ЖІӨ көле­мінің алдын­дағы жыл­дан аса айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ, болар-бол­мас өсім бай­қалған. Қаза­қстан эко­но­ми­ка мини­стрі Ербо­лат Доса­ев­тың болжа­мы бой­ын­ша, 2016 жылы жан басы­на шаққан­дағы ЖІӨ 7 мың дол­ларға жуық (6,9) болып қала бер­мек, өсі­мі 0,5 пай­ыз төмен­де­уі мүмкін.
Қаза­қстан пре­зи­ден­ті жанын­дағы стра­те­ги­я­лық инсти­тут­тың ғылы­ми қыз­мет­кері, эко­но­мист Вяче­слав Додо­нов «Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы бая­у­ла­уы тек мұнай баға­сы төмен­де­уі­мен бай­ла­ны­сты» деп санайды.
– Тау­а­ры­мы­здың көп бөлі­гі – шикі­зат. ЕАЭО ішін­де де солай. Шикі­зат сауда­сы бағаға тәу­ел­ді. Оған ЕАЭО әсер ете алмай­ды. 2010–2011 жыл­да­ры тау­ар айна­лы­мы көп болып, соңғы бір-екі жыл­да бәсеңсіп қал­ды. Бірақ Кеден одағы мен ЕАЭО құры­лға­лы басқа елдер­ден гөрі осы одақ мүше­лері­мен тау­ар айна­лы­мы­м­ыз бел­сен­ді дамы­ды, – дей­ді Вяче­слав Додонов.
Сарап­шы пікірін­ше, ЕАЭО нәти­же­лерін әлі де күте тұруға тура келеді.
ЕАЭО – тау­ар, қыз­мет, жұмыс күші мен капи­тал­дың еркін айна­лы­мы. Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на әсер ете ала­тын бұл төрт нарық қалып­та­сып үлгер­ген жоқ. Одақтағы бір-екі жыл тәжіри­бе­мен алдағы жағ­дай қалай бола­ты­нын болжа­уға бол­май­ды, – дей­ді Вяче­слав Додонов.
Эко­но­мист Петр Сво­ик­тің пікірін­ше, «ЕАЭО-ның ортақ нары­қта­ры­ның жемісін көру үшін эко­но­ми­ка­лық инте­гра­ци­ядан бұрын сая­си инте­гра­ци­я­ны іске асы­ру керек, сон­ды­қтан бәрі бола­шақта білінеді».
– Ортақ сая­си кеңістіксіз ешбір ортақ эко­но­ми­ка­лық кеңістік бола алмай­ды. Ортақ сая­си кеңістік­тің жоқты­ғы ортақ нары­қтағы келеңсіздік­тер­ге әкеп отыр. Бәрі алда. Ортақ еура­зи­я­лық пре­зи­дент керек. Оған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев сай деп ойла­мын, – дей­ді Петр Своик.
Ал сая­сат­та­ну­шы Расул Жұма­лы «эко­но­ми­ка­лық келеңсіз жағ­дай­лар ЕАЭО-дағы Кремль ықпа­лы­ның асып кетуі­нен бол­ды» деп санайды.
– Менің­ше, Кеден одағы мен ЕАЭО-ға Қаза­қстан­ның кіруі қате шешім бол­ды. Қар­жы жағы­нан, орта және шағын биз­нес жағы­нан, тең­генің баға­мы жағы­нан бұл нашар жағ­дай­ға алып кел­ді. Сон­ды­қтан «бола­шақта бір пай­да­сын көре­міз» дей­тін әңгі­ме­лер айты­луы заң­ды. ЕАЭО-да тең дәре­же­де ынты­мақ­та­су қағи­да­ла­ры ескеріл­меді. Эко­но­ми­ка­лық мүд­де­лер­ден Кремль­дің сая­си ықпа­лы басым түсті, – дей­ді саясаттанушы.
ЕАЭО Ресей Укра­и­на­ның Қырым түбе­гін аннек­си­я­лап алған жылы құрыл­ды. Одан кей­ін болған Батыс елдері мен Ресей ара­сын­дағы «санк­ци­я­лар соғы­сы» мен әртүр­лі кикіл­жің­дер, рубль­дің құл­ды­ра­уы мен мұнай баға­сы­ның арзан­да­уы осы одақтағы Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на да теріс әсерін тигізді.
Ресей руб­лі құл­ды­ра­уы сал­да­ры­нан қаза­қстан­дық тау­ар өндіру­шілері мен көлік инду­стри­я­сын­дағы кәсіп­кер­лер жапа шек­ті. Көп ұза­май қаза­қстан­дық тең­ге де дол­ларға шаққан­дағы құны­ның 80 пай­ы­здан аста­мын жоғалтты.
Осы ара­лы­қта Қаза­қстан билі­гі өкіл­дері «ЕАЭО-ның бола­шақтағы пай­да­сы» тура­лы бір­не­ше рет мәлім­деді. Ақпан­ның 25‑і күні Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Еура­зия эко­но­ми­ка­лық комис­си­я­сы­ның алқа төраға­сы Тиг­ран Сар­ки­сян­мен кез­де­суін­де «әлем­дік дағ­да­рыс ЕАЭО жұмысы­мен бай­ла­ны­сты емес екенін, түбін­де инте­гра­ци­я­лық бір­ле­стік пай­да­лы бола­ты­ны­на күмәні жоқ» екенін айтқан болатын.

Мәди БЕКМАҒАНБЕТ,
Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн