Суббота , 5 июля 2025

Авторитаризм, демократия және толыққанды тәуелсіздік

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №10 (327) от 10 мар­та 2016 г.
Пай­ым патшалығы

Авто­ри­та­ризм, демократия
және толы­ққан­ды тәуелсіздік

Елі­міздің Ала­штан басталған тра­ге­ди­я­лық тари­хи кезеңі енді зардабы ауыр және ұзақ «емде­луді» қажет ететін фар­сқа ұла­сты. Оған көз жет­кі­зу үшін қазір­гі билік­тің сая­си-идео­ло­ги­я­лық, заң­на­ма­лық «негіз­де­уі», пси­хо­ло­ги­я­лық өзге­руінің негіз­гі «беле­стерін» шолып шық­сақ жеткілікті.

Билік­тің ішкі, жасы­рын өз-өзіне сенім­сізді­гі мен абы­р­жуы­нан ба, соңғы, енді сай­ла­у­ал­ды деу­ге бола­тын сөз­дері әде­міле­ген сан­ды­раққа ұқсай­ды. Мыса­лы, ғасыр орта­сын­да аса дамы­ған 30 елдің қата­ры­на қосы­лу «жаңа (?!) қаза­қстан­дық арман… кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­лау бары­сын­да пай­да болып (?!).., бүкіл халы­қтық (?!) арманға» айна­лып­ты! Мұны кім, қашан аны­қта­ды? Әлде ол кез­де бар қазақ Айға сая­хатқа кетіп пе еді?!
Мағы­на­сыз сөз­дер тіз­бе­гінің келесі мыса­лы: «…Жаңғыр­ту үдерісі – ой-ниеті табысы­ның шешу­ші теті­гі». (Әсіре­се «ой-ниеті табысы­ның» деген тір­кес­ке көңіл бөліңіз). Менің­ше, қаза­қтар­дың азы ғана елба­сы аузы­нан орыс тілін­де­гі нұсқа­сын естіп, тәт­ті арман мен ғажай­ып қия­лға беріліп мау­жы­рай­ды, қалған­да­ры қазақ тілін­де­гі нұсқа­сын мүл­дем оқы­май­ды деп, құра­с­ты­ру­шы­лар сенім­ді болған.
Екін­ші жағы­нан, елба­сы­ға сөз дай­ын­дай­тын­дар мәтін­нің қазақ тілін­де­гі мағы­на­сы қан­дай екенін біл­мей­ді ме дей­мін. Мыса­лы: «Ассам­блея – біздің қаза­қстан­дық бір­тек­тілік­тің негізі» екен. «Тек» адам­ның түп нәсілін, арғы ата­сын біл­діретін ұғым. Сон­да қалай, ассам­блея қаза­қстан­ды­қтар­дың түп нәсілін біры­ңғай ету­ге кірі­се ме? Бар­лық этно­стар­дың ең «асыл тұқы­мы» ара­ла­са­тын үлкен қазан, ары қарай ғала­мат инку­ба­тор, одан шыпыр­лап шығып жатқан бір­тек­ті бақыт­ты «қаза­қстан­ды­қтар» көз алды­мы­зға келуі керек. Сұрақ: түр­лі этнос өкіл­дері, әсіре­се мына мем­ле­кет­тің негізін құрай­тын қаза­қтар, билік «ақыл­ды­ла­ры­ның» «Бола­шағы бір­тұ­тас ұлт­ты» (қан­дай сүй­кім­сіз сөз­дері еді!) қалай қалып­та­сты­ру­ды жос­пар­лап оты­рға­нын біледі ме екен? Олар­дың мақ­са­ты – «аза­мат­тық бір­тек­тілік негізін­де ұлт­ты… қалып­та­сты­ру». Бұл жер­де «аза­мат­тық» деген сөз­ге алдан­бай, басты сөз «бір­тек­тілік» екенін түсі­нуі­міз керек.
Дұрыс-ақ сияқты ой тіз­бе­гінің абсур­дқа, яғни нақты өмір­мен қисы­ны жоқ сан­ды­раққа айна­луы орыс пен қазақ тілін­де­гі мағы­на­ла­ры екі түр­лі сөзді бір мағы­на­лы ретін­де қол­да­ну­да болып тұр. Біре­уі – адам­ның түп нәсіліне тиесілі ұғым, екін­шісі – адам пси­хи­ка­сы­ның қаси­еті. Орыс тілін­де «иден­тич­ность» – өзін адам пси­хи­ка­сы­на тән түр­лі әле­умет­тік, ұлт­тық, кәсібіне, тіліне және т.т. бай­ла­ны­сты топ­тарға тиесілі­гін сезініп, сол топ­тар­дың топ­тық неме­се қауым­дық қаси­ет­терін бой­ын­да қалып­та­сты­рған ада­мға ұқса­сты­ру. Елі­міз­ге тиісті айт­сақ, «иден­тич­ность» – ота­ны­мы­зда тұра­тын әр адам­ның пси­хи­ка­сын­да көрініс беретін ортақ елі, дең­гей­лері жақын әле­умет­тік жағ­дай­ла­ры, ортақ эко­но­ми­ка­лық мүд­де­лері, кәсібі, тіл­дік, діни, нәсіл­дік жақын­ды­ғын сезі­нуі. «Бір­тек­тілік» емес, жақын­ды­ғы ғана.
Бір­ден айту керек, мына билік­тің сая­са­ты осы­лай жалға­са бер­се, елі­міз­де тұра­тын адам­дар­дың пси­хи­ка­сы­на тән аталған жақын­дық ешу­ақыт­та қалып­тас­пай­ды. Керісін­ше, өмір қиын­ды­қта­ры­нан бір-біріне орын­сыз реніш, қырғи-қабақтық, қай­шы­лы­қтар­дың өткір­ле­нуі, «кінәлілер­ді» іздеу баста­луы мүм­кін. Себебі эко­но­ми­ка жағ­дай­ы­ның ары қарай ауыр­ла­у­ы­на бай­ла­ны­сты әле­умет­тік жағ­дай­да кедей­шілік қанат жая береді; кәсіп­кер­лік мәсе­ле­лерін тек жемқор билік құры­лым­да­ры­на жана­сып шешу ғана мүм­кін бола­ды; халы­қтың негіз­гі бөлі­гі қара жұмыс неме­се қара­пай­ым тех­ни­ка­мен жұмыс жасай­ды; өмір жағ­дай­ы­на нара­зы көп адам­дар түр­лі дін­дер­ден жұба­ныш іздеп, әсіре­се қаза­қтар­дың руха­ни жік­те­луі күшей­еді. Осы қоғам­дық үрдістер­дің жиын­тық нәти­же­сі сол – ортақ ота­нын, бола­шағын сезі­ну қаза­қтар­дың ара­сын­да мәсе­ле­ге айна­лып бара­ды ма деймін.
Қоғам мен мем­ле­кет­ті қам­ты­ған терең сая­си-құқы­қтық, әле­умет­тік, руха­ни-пси­хо­ло­ги­я­лық дағ­да­ры­стың тағы бір сипатты көр­сет­кі­ші – өз құра­мы­на ең білім­ді, ақыл­ды­лар­ды жинаған­дай, билік­тің халы­ққа ұсы­нған иде­я­ла­ры­ның сыр­ты ғана ғылы­ми іспет­тес, ал іс жүзін­де бос қиял, не қисын­сыз сан­ды­рақ түрінде.
Екін­ші жағын­нан, мына авто­ри­тар­лық билік бұры­нғы ком­му­ни­стік дог­ма­лар­дың инер­ци­я­сы­мен қазақ, орыс, укра­ин, ұйғыр, кәріс және т.т. ұлт­тар­дың тегі мәң­гі және сол ұлт­тар­дың бола­шағын қам­та­ма­сыз ететін гено­фон­ды, ал түр­лі тек­тер­дің ара­ла­суы ғасыр­ларға созы­ла­тын, құра­мы­ның аз ғана пай­ы­зы­на тиісті этно­са­ра­лық үрдіс бола­ты­нын ескер­гісі кел­мей­ді. Жоқ, оған тезірек елдер­дің алды­на түсіп, ұран­да­тып, іс жүзін­де ұлт­тар өміріне, ұлта­ра­лық қаты­на­старға зиян­ды химе­ра­ны өз наси­ха­ты­ның өзе­гіне айнал­ды­ру керек. Қызы­ғы – мүм­кін, билік­тің бағы­на, оның химе­ра­ла­рын қазақ қауы­мы, басқа этнос қауым­да­ры мұқи­ят қарас­ты­рып, өз мүд­де­лері­мен өлше­мей­ді. Ал әр этно­стан кел­ген ассам­блея мүше­лері билік­тің қисық сызған бағы­ты­нан ешқай­да ауы­тқы­май­ды. Міне, бұл сала­дағы билік сая­са­ты­ның маз­мұ­ны осы…
Ал халық ара­сын­да ортақ өмір­ге бай­ла­ны­сты қалай­да қалып­та­са­тын ада­ми жылы­лы­ққа кел­сек, ол тек демо­кра­тия жағ­дай­ын­да басқа этно­стар­дың жақ­сы адам­да­ры саны жағы­нан басым қаза­қтар­дың кей­бір пси­хи­ка­лық қаси­ет­терін үгіт-наси­хат­сыз, ешкім­нің күш­те­уін­сіз жан дүни­есіне еркін сіңіруі мүм­кін. Мыса­лы, адам бала­сы­на деген жылы­лы­қты, ешкім­ді кем­сіт­пе­уді, төмен­дет­пе­уді, қор­ла­мауды, қалай болған­да да адам­гер­шілік­тен атта­мауды, кең­пей­іл­ділік­ті, қанағат­тан аспауды…
…Бірақ билік­тің сай­ла­у­ал­ды даб­ы­ра шара­ла­ры­на қара­май, қалың қаза­қтың көңілі уай­ым­ды. Оның тек той­шыл бөлі­гінің ақы­мақты­ғы­мен той­ы­нып, тулап жүр­ген­дер дәстүр­лі «хала­у­ляй­ын» үдет­пе­се, одан бір айнымады.
Оларға қара­сақ, қазақ маза­сызда­нуы­на пәлен­дей негіз жоқ: ел бағы­на туған елба­сы ішкі сая­сат­тың бағыт-бағ­дар­ла­ма­сын бүге-шігесіне дей­ін сызып беру екпіні­нен әлі тай­ған жоқ, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сты жеңу ісін өзі басқа­рып отыр. Жағ­дай­дың жақын ара­да-ақ оңал­ма­сы­на бұл сенім­ді кепіл.
Оны­мен қатар сөз ара­сын­да «дағ­да­рыс жаңа сер­пін беретін игілік» – деп те қояды. Жанын­да: «Ағай, игілік біз сияқты шикі­заттық елге емес, дамы­ған көпса­ла­лы эко­но­ми­ка­сы мен биз­несі бар елдер­ге шығар», – деп, ең бол­маған­да мің­гір­лей­тін ешкім жоқ.
«Дағ­да­рыс – игілік» – деген сөз­дер біздің елге тиесілі айтыл­ды десек, мүм­кін, билік, әсіре­се жек көретін, түсіні­гін­ше, бір тиын пай­да­сы жоқ, не өліп тын­бай­тын зей­нет­кер­лер сияқты өмір «аут­сай­дер­лерін» мег­зе­ген болар? Бар­лы­ғы осы­лай жалға­са бер­се, келесі 5 жыл­да мына билік­ке тіке­лей бай­ла­ны­сты қоғам­дық жағ­дай­дан әбден түңіліп, елден кетіп жатқан мың­даған ақыл­ды, білім­ді, қабілет­ті жас қаза­қтар­ды айт­паған­да, момын­ды­ғы мен сая­си-құқы­қтық надан­ды­ғы ұлт­тық қасірет бола бастаған, қол­да­ры­нан асы­лып, не өзін-өзі басқа­ша өлті­ру ғана келетін­дер, лақты­ры­лған нәре­сте­лер, «өз бет­терін­ше жұмыс істей­тін-мыс», табысы нан мен шай­дан басқаға жет­пей­тін, мас­кү­нем­дік пен өкпе ауру­ла­ры­нан ерте өлетін­дер, зей­не­тақы­сы тек түр­лі төлем­дер­ге ғана жететін қала кәрілері, осын­дай тағы­сын тағы­лар­дан «босап», ел «кемесі» едәуір жеңіл­дей­тіні сөз­сіз. Тағы бір-екі «игі» дағ­да­рыс бол­са, кім біледі, жанын­дағы «ақыл­ды­лар» «2030 жылға елде­гі адам капи­та­лы сапа­сы жағы­нан осы­лай-ақ АҚШ-тың адам капи­та­лы сапа­сы­на жақын­дай­ды», – деп аңғал аға­ны сен­діріп қой­ды ма?
Соны­мен, ел керу­ені жылап-сықта­уы, ойын-сауық жын-шай­та­ны ішін­де, өзі­мен-өзі Ұлы Дала­мен ілбіп кетіп бара­ды. Керу­ен­ба­сы нөкер­лері­мен өз «бас ауру­ла­ры» өздерін­де, ат шап­ты­рым жер­де – алда. Ара­да жан­дай­шап­та­ры халы­қты тек «нұр­лы арман­ның» өзі-ақ бақыт пен қуа­ны­шқа кенел­тіп жатқа­нын лепіріп жет­кізіп жатыр. Іші­на­ра өзінің қан­ша­лы­қты «бақыт­ты» екенін баға­лай біл­мей­тін «сана­сыздар­ды» жаса­уыл­дар қақ­пай­лап, керу­ен тобы­ры­на қуып тығып келеді. Сырт көз­ге бәрі тамаша!..
…Бірақ ақыл­ды, білім­ді, ұлтын ойлай­тын ұл-қызда­ры­мыз бар дей­тін ақ жүрек момын қаза­ғы­мы­зды қай­те­міз?! Аз ғана қарын той­ған­нан ақы­мақтық па, өзім­шіл пасық пен­де­шілік пе, ойсыз, сана­сыз опа­сыздық па – ең бол­маған­да, аз ғана ес жисақ болар еді…
Ары қарай ойы­мы­здың негізін құрай­тын ұста­ным­дар­ды аны­қтап алай­ық. Бірін­ші­ден, билік қан­ша шірен­се де, мем­ле­кет­тік жүй­енің мей­лі басты, бірақ бір теті­гі ғана. Ең маңы­здысы, қалай десек те, ұлт­тың өз қажетіне жасаған құра­лы. Сон­ды­қтан, екін­ші­ден, мем­ле­кет, оны құраған ұлт билік­тен биік және құдірет­ті. Әр билік­тің өмірі өлше­улі, мем­ле­кет пен ұлт мәңгі.
Бұған дей­ін­гі ойларға өз ақы­лын қосып, ұлт­жан­ды жүре­гін тың­даған әр көзі ашық аза­мат келі­сер: өтпе­лі кезең­де объ­ек­тив­ті қажет­тілік-мыс деп билік идео­лог­та­ры­на кей­бір сая­сат­та­ну­шы­лар қосы­лып негіз­де­ген; іс жүзін­де халы­қтың бұры­нғы ком­му­ни­стік сая­си-идео­ло­ги­я­лық тепе­рі­шіне үйрен­шік­ті пси­хо­ло­ги­я­сын пай­да­ла­нып, бір­тін­деп ұлт бай­лы­ғы есебі­нен өзіне қажет­ті эко­но­ми­ка­лық-қар­жы­лық негіз құрап, одан кей­ін сая­си-құқы­қтық тұрғы­дан бекіп алған авто­ри­та­ризм, енді халы­қты сая­си фак­тор ретін­де онын­шы кезек­те ғана есеп­ке ала­тын; оппо­зи­ци­я­ны тап­тап, қинал­май, өз сая­си үстем­ді­гін орнатқан­дай болға­ны­мен, өрке­ни­ет­ті мем­ле­кет­тілік тұрғы­сы­нан сая­си-идео­ло­ги­я­лық, құқы­қтық, руха­ни-пси­хо­ло­ги­я­лық ресур­ста­рын толы­ғы­мен тауы­сып, көсем­шіл фар­сқа айналды.
Менің­ше, қазір бар қазақ есін жиып, ота­ны­ның тәу­ел­сіз болған­нан бері ең маңы­зды тари­хи қадам алдын­да тұрға­нын терең ұғы­нуы керек. Ол қадам – сан рет қол­дан жасалған сай­лау нәти­же­лері негізін­де халы­қтың сені­мін өзі ада қылған, бір­тін­деп сая­си сау­ат­сыз тобы­рға айнал­ды­рған ұлты­на енді сыр­тқы теге­урін­ге қар­сы арқа сүй­ей де алмай­тын; қыр­сыз, үнсіз елдің мем­ле­кетін өзінің ынғай­лы ойын­шы­ғы­на айнал­ды­рған; енді қалың қаза­қты мұратқа жет­кі­зу қолы­нан кел­ме­уден бұрын, тереңі­нен алсақ, өз өмір­шеңді­гі тұрғы­сы­нан оны қала­май­тын авто­ри­та­ризмды әр қаза­қты оның адам тәрізді емес, енді елінің, мем­ле­кетінің қазірі мен ертеңі соған бай­ла­ны­сты адам болуы сая­си-қоғам­дық өмір­дің негіз­гі шар­ты деп білетін; оған жара­ты­лы­сы­нан берілетін, ажы­ра­мас адам құқы­қта­ры­мен қоса, әділ, бұзыл­май­тын заң­мен қорғалған еңбе­гі мен лай­ы­қты өмірін, өзіне, бала­ла­ры­на тиесілі ұлт бай­лы­ғы­ның игілі­гі жанұя­сы­ның бақы­ты мен елінің өркен­де­уін қам­та­ма­сыз ететін демо­кра­ти­я­мен алмастыру.
Әр қазақ мына­ны білуі керек – бұл қоғам заң­ды­лы­ғы: біз не авто­ри­та­ризм жете­гі­мен кері кете­міз, елі­міз кедей­лене береді, қазір­гі эко­но­ми­ка­лық негіз­де­луі көбіне күмән­ді түр­лі құры­лыс, инно­ва­ци­я­лық-мыс ошақтар уақыт өте тоза­ды, дамы­ған елдер­дің шикі­за­тқа сұра­ны­сы төмен­де­уіне бай­ла­ны­сты қажет­ті жөн­де­уден өткізіп тұруға қара­жат жетіс­пей­ді, олар қазір­гі төмен тиім­ділі­гінің өзі­нен айы­ры­ла­ды, өмір­дің ауыр- лау­ы­на бай­ла­ны­сты ұлт руха­ни тоза­ды, мәде­ни­ет пен өнер арзан, мағы­на­сыз ақша жасау «туын­ды­лар­дан» тұн­шы­ға­ды; не елі­міз­ге қалай­да келетін демо­кра­тия баста­пқы кезең­де әр кеудесін­де жаны бар­ды тізер­ле­ген, жал­тақ, тәу­ел­ді, кедей, бей­ша­ра­лы­қтан еңсесін көтеріп, өзін ажы­ра­мас құқы­қта­ры бар адам екенін ұқты­рып, ары қарай руы­на, жүзіне, ұлты­на қара­май­тын аза­мат­тар болып бір-бірін сая­си, құқы­қтық, әле­умет­тік, руха­ни-пси­хо­ло­ги­я­лық қол­да­уға үйре­те­ді. Бір­тін­деп, мына билік адам тәріз­де­стер­ге айнал­ды­рған­дар­дан – адам­дар, ары қарай баста­пқы аза­мат­тық қаси­ет­тер қалып­та­сты­рған түр­лі топ­тар – енді өздерінің қоғам­дық орны билік­тің қисық қадам­да­рын «қол­дап», ұран­да­ту емес, өз мүд­де­лерін оның қыз­меті арқы­лы жүзе асы­ры­луын қадаға­лап, олақ билік­ті заң негізін­де еркін және батыл ауы­сты­рып, мем­ле­кет­ті, эко­но­ми­ка­ны, қоғам­ды өз қала­у­ла­ры­мен жөн­де­у­ге, жақ­сар­туға кірісіп және өздерін мүд­де­лері жақын халық екенін сезіне бастай­ды. Осы­лай елі­міздің әр ұлт­ты аза­мат­та­ры бірі­гіп, қажет бол­са, демо­кра­ти­я­лық билік­тің зан­сыз қателік­теріне, қадаға­лау­сыз еркін­сі­нуіне, заң аясын­да ұйым­дасқан не жеке бей­біт, ұстам­ды және табан­ды келіс­пе­ушілік біл­діруді үйре­неді. Сон­да біздің де елі­міз­ге, «сал­тат­ты» дала демо­кра­ти­я­сы­ның орны­на негіз­гі сипатта­ры евро­па­лық, «гал­стук пен костюм­ды» демо­кра­тия келеді.
Тарих қан­ша «басқа­ша болар едіні» қабыл­да­маған­мен, «әтте­ген­нің» қоғам­ның қазірі мен бола­шағы­на берер сабағын ешкім жоққа шыға­ра алмай­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты КСРО құлаған­нан кей­ін, оның құра­мы­нан шыққан кей­бір мем­ле­кет­тер­де авто­ри­тар­лық билік­тің орна­уы тари­хи заң­ды­лық емес еді. Оған бірін­ші дәлел – КСРО құра­мы­нан шыққан бар­лық мем­ле­кет­тер­де­гі 80-жыл­дар­дың аяғы – 90-жыл­дар­дын орта­сы­на дей­ін­гі өңдері түр­лі болға­ны­мен, негіз­гі өзе­гі ұқсас сая­си-қоғам­дық үрдістер. Олар­дың бар­лы­ғы­ның бағы­ты бір – демо­кра­тия еді.
Бірақ кей­бір мем­ле­кет­тер­де­гі демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің әлсіз, быты­раңқы­лы­ғы, бұрын болған демо­кра­ти­я­лық сая­си мәде­ни­ет­тің, ең бол­маған­да, Бал­тық жаға­ла­уы елдерін­де­гі­дей халық жадын­да сақтал­мауы авто­ри­та­ризм­ның орна­уы­на әкелді.
Ол – қоғам­ның табиғи эво­лю­ци­я­лық жолын өзім­шіл есеп­пен бұрған; бұрын ком­му­ни­стік жүй­енің халы­қты сая­си-идео­ло­ги­я­лық күш­те­уін, құқы­қтық тық­сы­руын сүй­е­гіне сіңір­ген; сана­сыз көп­шілік­ті мұратқа жет­кі­зетін тек дұрыс идея деп сеніп кет­кен; оның ішкі номен­кла­ту­ра­лық ойын ере­же­лерін жақ­сы мең­геріп, қитұрқы әдістеріне жеке қабілетін қосқан субъ­ек­тив­ті фак­тор әре­кетінің нәти­же­сі еді.
Мұн­дай жағ­дай­да мем­ле­кет­тің бұры­нғы ресур­ста­рын қолын­да сақтап қалған ком­му­ни­стік номен­кла­ту­ра тез ара­да өңін өзгер­тіп, жаңа рито­ри­ка­ны игеріп, ұлт­тық мем­ле­кет­тілік­ті сақтағыш-мыс алды­ңғы қатар­дағы қай­рат­кер­лер болып шыға кел­ді. Яғни, іс жүзін­де орнаған және күшейе бастаған авто­ри­та­ризм сол ком­му­ни­стік жүй­енің «заң­ды» сая­си, идео­ло­ги­я­лық, руха­ни-пси­хо­ло­ги­я­лық жалға­сы бол­ды. Айыр­ма­шы­лы­ғы – ұлт­тың «иесіз» бай­лы­ғын өза­ра бөлісіп, шексіз бай­ып алуы. Елі­міздің Ала­штан басталған тра­ге­ди­я­лық тари­хи кезеңі енді зардабы ауыр және ұзақ «емде­луді» қажет ететін фар­сқа ұла­сты. Оған көз жет­кі­зу үшін қазір­гі билік­тің сая­си-идео­ло­ги­я­лық, заң­на­ма­лық «негіз­де­уі», пси­хо­ло­ги­я­лық өзге­руінің негіз­гі «беле­стерін» шолып шық­сақ жеткілікті.
Авто­ри­та­риз­мнің билік ретін­де қоғам эво­лю­ци­я­сы тұрғы­сын­нан заң­сызды­ғы­на және бұры­нғы ком­му­ни­стік номен­кла­ту­ра­ның іс жүзін­де билік­ті халы­қтан «ұрлап» алған­ды­ғы­на дәлел – орнаған билік­тің өз халы­қта­ры­на ешқан­дай сен­бей­тін­ді­гі, қауіп­те­нетіні, оларға ойлан­бай оқ атуға баруы, халы­қта­рын тіз­гін­деп ұстау үшін түр­лі сая­си-құқы­қтық ала­яқтық жаса­уы. Керісін­ше, демо­кра­тия орна­уы­ның заң­ды­лы­ғы­на дәлел – Бал­тық жаға­ла­уы мем­ле­кет­терінің 80-жыл­дар­дың аяғы­нан бері жүріп өткен жол­да­ры мен қазірі, қалай десек те, Укра­и­на­дағы соңғы он жыл­дағы қоғам­дық-сая­си үрдістер, оған қоса, Гру­зия «көк­те­мі» және әсіре­се біз­ге жақын Қырғыз­стан­ның жүріп өткен қоғам­дық-сая­си жолы.
Қырғыз қоғам­дық-сая­си тәжіри­бесін айт­сақ, кей­бір шын пиғы­лы бел­гісіз­дер қаза­қтар­дың алды­на өткен қырғыз оқиға­ла­ры мен пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка­ның қазірін алға тар­тар. Ал пиғы­лы дұры­стар келі­сер: қырғы­здар­дың көп мәсе­ле­лерінің тамы­ры елдің ком­му­ни­стік дәуір­ден қалған сая­си мәде­ни­етінің дең­гейі мен кедей­шілі­гін­де жатыр. Соған қара­ма­стан, елде­гі оң өзгерістер­дің нәти­же­сі: өз мұқта­жын өтеу үшін біз­ге 15 жыл жыр болған мұнай өңдеу зауы­тын салып алғаны.
Қалай десек те, өткен қателік­тері мол, бірақ жал­пы бағы­ты демо­кра­ти­я­лық-пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­каға әкел­ген үрдістер елдің қазір­гі еркін, әділ­дік пен теңдік­ке ұмты­лған өміріне негіз құр­ды. Менің­ше, қазір­ден бастау алып оты­рған дұрыс бағыт­тағы сая­си-құқы­қтық, әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық, руха­ни-мораль­дық өзге­ру­лер әлі жақ­сы жемісін береді. Қазір­гі қырғы­здар­дың қаза­қтар­дан ең басты қоғам­дық арты­қ­шы­лы­ғы сол – билік­тің түр­лі басы­нуы­на көн­біс, бола­шағын іші­нен шыққан опа­сыз «пысы­қта­ры» «нұр­лы жолға» бай­лаған қаза­ққа қараған­да, әр қырғыз өз өмір­лік жағ­дайы, елінің, мем­ле­кетінің қазірі мен бола­шағы оған бай­ла­ны­сты екенін бар ада­ми бол­мысы­мен, еркін және батыл сезі­неді. Міне, демо­кра­ти­я­ның баста­пқы қара­пай­ым лебінің қырғыз халқын өзгер­ту­де­гі маңы­зды нәти­же­сі осы.
Роза Отун­ба­е­ва­ның пре­зи­дент­тік лау­а­зы­мы елін аза­мат­тық теке-тіре­су­ден құтқа­рып, бар­лық ішкі жағ­дай­ды тара­зы­лап, лау­а­зы­мы­нан өз еркі­мен кетіп, қырғыз мем­ле­кетін ары қарай, бей­біт демо­кра­ти­я­лық сая­си-құқы­қтық үрдіс арқы­лы пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­каға айна­луын қам­та­сыз етуі – Орта­лық Азия елдері ара­сын­да бол­маған, ерекше сая­си және ұлт­жан­ды­лық мәні бар, әр қырғыз мақтан тұтуға лай­ы­қты тари­хи оқиға.

Біз­де­гі момын халы­ққа «кемең­гер көсем­дер­дің» сон­дай тұлға­лық жоға­ры сая­си мәде­ни­ет­ке, ота­ны алдын­да терең ада­ми жау­ап­кер­шілік­ке қаси­ет­тері жетер ме екен?! Роза Отун­ба­е­ва сияқты тұлға тек демо­кра­тия көк­те­мін­де ел ара­сы­нан шыға­тын Адам екенін білуі­міз керек.
Бұған дей­ін мен орыс тілін­де осы пікір­ді екі-үш рет айтқан едім. Біздің «елба­сы­ның орны­на, бол­ма­са да, ұқсай­тын біреу кел­се» деген орыс тілін­де айтыл­са да, иде­я­лық маз­мұ­ны объ­ек­тив­ті түр­де қаза­қи және билік басын­дағы­лар­дың көк­се­генін біл­діретін, шын­ту­ай­ты­на кел­ген­де, қаза­қтың демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет орна­тып, Батыс дамы­ған елдері үлгісі­мен тәр­тіп­ті, мәде­ни­ет­ті, өрке­ни­ет­ті қоғам­дық өмір құруға қабілетіне сен­бей­тін­дер авто­ри­та­ризмді тағы бір іс жүзін­де соның жалға­сы бола­тын­дай билік­пен ауы­са­ды деп болжай­ды. Яғни, сая­си қаты­на­стар­дың негізі – қоғам­дық жағ­дай пәлен­дей өзгеріс­сіз осы­лай жалға­са береді деп ойлай­ды. Мүм­кін, ондай ой айта­тын­дар елдің ішкі сая­си-әле­умет­тік жағ­дай­ын, ұлт­тың көңіл-күй­ін біле­міз дей­тін де болар.
Кезін­де Жаңаө­зен­де­гі айларға созы­лған жағ­дай­ды орта­лық билік пен жер­гілік­ті әкім­шілік, күш­теу құры­лым­да­ры бақы­ла­у­ын­да ұстап, бел­сен­ділер мен кей­бір сая­сат­кер­лер қол­да­ны­стағы заң аясын­да бағыт­та­уға тыры­сқа­ны­мен, нәти­же­сін бәрі­міз біле­міз. Сон­ды­қтан елдің ішкі жағ­дай­ы­на тиесілі пай­ым­да­у­лар тек жал­пы топ­шы­лау дең­гей­ін­де қала берер. Билік­тің шексіз үстем­ді­гі жағ­дай­ын­да жүр­гізіліп жатқан социо­ло­ги­я­лық өлше­улер не ағым­дағы сая­сат­тың өзе­гі­нен шық­пай­ды, не аз ғана қала қауы­мы­ның құбыл­ма­лы көңілін сурет­тей­ді. Ал ауыл­дар­да және әле­умет­тік, мәде­ни, сая­си-құқы­қтық дең­гейі, пси­хо­ло­ги­я­лық ерекшелік­тері ауыл тұрғын­да­ры­на жақын кіші қала­лар, посе­л­ок­тар, қала­лар­дың шет аймақта­рын­да тұра­тын, ұлт­тың кем деген 65 % құрай­тын қаза­қтар­дың өмір­лік жағ­дай­ла­ры мен көңілі социо­ло­ги­ядан тыс жатқан дүние. Ал қоғам­ның сол терең қабат­та­рын­дағы үрдістер­ді ашуға, жау­ап­кер­шілік пен шынайы тал­да­уға ешкім­нің құлы­ғы жоқ білем. Осы­ған бай­ла­ны­сты адам өмірі­мен өлше­улі авто­ри­тар­лық билік­тің кенет тоқта­уы ешкім күт­пе­ген, ойла­маған қозға­лы­старға түрт­кі болуы мүм­кін. Демек, қоғам­ның про­гре­стік эво­лю­ци­я­сы тұрғы­сы­нан таза субъ­ек­тив­ті фак­торға бай­ла­ны­сты авто­ри­та­ризмді, оның басты эле­мен­ті сая­си өмірін тоқтатқан­нан кей­ін, ары қарай созу – мем­ле­кет­тің, елдің еркін, табиғи және өрке­ни­ет­ті дамуы­на қия­нат деген жөн болар.
Екін­ші­ден, авто­ри­та­ризм бар­лық ресур­ста­рын тауы­су­мен қатар халы­қтың, қалай десек те, білім­ді, ақыл­ды, қабілет­ті, әр сала­да өз бетін­ше бел­сен­ділік­ке ұмты­лған, қазір­гі Батыс өрке­ни­етін, қоға­мын жақ­сы білетін, жоға­ры мәде­ни­ет­ті өкіл­дерін өзінің маз­мұ­ны «ағай­шыл» пат­ри­ар­хал­ды-фео­дал­дық ұста­ным­да­ры­мен тек намыстан­ды­ра­тын, жирен­діретін хал­ге жет­ті. Яғни, авто­ри­та­ризм өзін қан­ша әде­мілеп, евро­па­ша әрле­гені­мен, ішкі шынайы мәде­ни­етінің, руха­ни­лы­ғы­ның төмен­ді­гі­нен ұсақ мақтан­сүй­гіш, жағым­паз­ды­ққа құлағыш қаза­қи­лы­ғын жасы­ра алмай­ды. Демек, авто­ри­та­ризм – елдің интел­лек­ту­ал­ды-руха­ни, мәде­ни жемісті дамуы­на үлкен сая­си-қоғам­дық кедергі.
Үшін­ші­ден, қалай десек те, өткен ширек ғасыр­лық тәу­ел­сіздік халы­қтың білім­ді бөлі­гін өзгерт­ті. Өмір­ге мүл­дем басқа ұрпақ кел­ді. Оны авто­ри­та­ризм өз еңбе­гіне жатқы­зар. Бірақ мәсе­ле басқа­ша. Дәлірек айт­сақ, ол жиын­ты­қты қоғам­дық нәти­же, елді бұры­нғы­дай жабық күй­ін­де ұста­уды аңсай­тын авто­ри­та­риз­мнің емес, оның еркі­нен тыс, өрке­ни­ет­ті дүние жүзіне ашық, жан-жақты ықпа­лын қаза­қтың сти­хи­я­лы түр­де қабыл­да­уын­да және соған бай­ла­ны­сты өзге­руін­де. Ал ол өзгерістер мағы­на­сы мен мәні жағы­нан авто­ри­та­ризм­ге түбе­гей­лі қар­сы, оның халық сана­сын­дағы жасан­ды пси­хо­ло­ги­я­лық негізін жұқар­тып, бола­шақ сая­си терісте­удің руха­ни алғы шар­тта­рын қалыптастыруда.
Төр­тін­ші­ден, авто­ри­та­ризм әсіре­се соңғы уақыт­та күшейе бастаған көсем­шіл­дік ғасыр­лар бойы дала демо­кра­ти­я­сы жағ­дай­ын­да өмір кеш­кен, сол кез­де­гі билік­тің басты тұлға­сы ханға әр ерік­ті қазақ «Дат, тақ­сыр!» – деп сөзін айта ала­тын ұлт­тық сая­си-қоғам­дық құры­лы­сқа жат. Сон­ды­қтан тақ төңіре­гі­нен бой көр­сетіп жүр­ген зия­лы­сы­мақтар­дың әсіре­ле­уі ұлт руха­ни­лы­ғы мен пси­хо­ло­ги­я­сы тұрғы­сы­нан жиір­кені­шті, қалың қазақ ғасыр­лық заты­мен іштей қабыл­да­май­тын көріністер. Оны өз пасық есеп­тері­мен қызыл сөзді көпір­тетін­дер де сезеді, ұяты қалған­да­ры сөз­дері­нен өздері ыңғай­сызда­на­ды. Ал сая­си-қоғам­дық толқы­н­мен халық ең жоға­ры лау­а­зы­мға сай­лап, сенім мен мем­ле­кет­тік жау­ап­кер­шілік­ті жүк­те­ген адам­ды біре­гей, ұлт­тың тағ­ды­ры соған тәу­ел­ді тұлға ету – еркін және ерік­ті қаза­қты, оның басқа ақыл­ды, білім­ді, жоға­ры қабілет­ті ұл-қызда­ры­ның намысын жер ету…
(Жалға­сы газеті­міздің келесі санында)

Әлім­хан НҰРЕКЕЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн