Суббота , 5 июля 2025

Аралдағы балық зауыты ҚАЛАЙ ҚОЛДЫ БОЛДЫ?

Елге таны­мал болған «ДАТ» газетіне хат жол­дай оты­рып, «Новая газе­та-Қаза­қстан» газетін­де басы­лған (03.03.16 ж.) «Бай­қоңыр» әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы­ның басқар­ма төраға­сы Т.Кенжебаевтың Арал­дағы «Ата­ме­кен­ба­лы­қө­нер­кәсібі» зауы­ты тура­лы мақа­ла­сы­на осы кәсі­по­рын­ның арда­гері ретін­де жау­ап беруді пары­зым сана­дым. Ал «ДАТ»-қа жүгін­ген себебім – Қызы­лор­да елі негізі­нен қаза­қ­ша сөй­лей­ді, менің пікірім қазақ тілін­де оқыл­сын деген ойым еді.

Рес­пуб­ли­ка­мыз тәу­ел­сіздік алған­нан бері мем­ле­кет­тің және халы­қтың эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік жағ­дай­ын жақ­сар­ту мақ­са­тын­да елге шетел­ден инве­сти­ция тар­тып, бұры­нғы қара­жат тап­шы­лы­ғы­нан тоқтап қалған әртүр­лі шару­а­шы­лық сала­сын жолға қою­ды қолға ала бастады.
Осы мақ­сат­пен Арал ауда­ны­ның бел­гілі тума­ла­ры 2007–2008 жыл­да­ры Оңтүстік Корея мем­ле­кеті­нен балық өндеу зауы­ты­ның зама­на­уи жоба­сын өндіріс жаб­ды­қта­ры­мен, инфрақұры­лым­да­ры­мен, маман­да­ры­мен әкеліп, облыс түгілі, Орта­лық Азия көле­мін­де жоқ, балық шару­а­шы­лық сала­сын­дағы дүни­е­жүзілік талап­та­ры­на сәй­кес зауыт­ты Арал қала­сын­да салып, оны 2009 жылы іске қосты. Оның жыл­дық қуа­ты – 6 мың тон­на балық өні­мін құрайтын.
Бірақ елдің аза­мат­та­ры жасаған пер­зент­тік боры­шы іспет­тес бұл игілік­ті істі аймақтық билік дұрыс баға­ла­май, зауыт­тың толы­ққан­ды, кедер­гісіз жұмыс жаса­уы­на өз тара­пы­нан қажет­ті қол­дау көр­сет­пе­ді. Керісін­ше, нешетүр­лі кедер­гілер туғы­за бер­ді. Соның ішін­де­гі ең ауы­ры – теңіз­ден балық аула­у­ы­на бекітіл­ген арнайы учас­ке­лер бермеуі.
Жал­пы, өңір­дің балық шару­а­шы­лы­ғын­да тұра­лап қалған мәсе­ле­лер тура­лы мен неше дүр­кін БАҚ арқы­лы, қоғам­дық ресми-бей­ре­сми кез­де­су­лер­де билік өкіл­дерінің, елдің наза­рын ауда­рып келе­мін. Соның ішін­де – «Айқын» газетін­де (08.10.11 ж.) «Арал­да балық неге қым­бат?» деген сұх­ба­тым­да жағ­дай ашық көр­сетіл­ген еді.
Арал теңізі­нен балық аулау учас­ке­лері 2006 жылы жеке кәсіп­кер­лер­ге он жыл мерзім­ге тен­дер­мен бекітіліп беріл­ген бола­тын, ал «Ата­ме­кен­ба­лы­қө­нер­кәсібі» зауы­ты 2009 жылы іске қосы­лған. Сон­да да қосым­ша өткізілетін тен­дер­лер­ден үміті бол­ды. Ол тен­дер­лер­ге қаты­суы­на, жеңім­паз ата­нуы­на толық заң­ды сәй­кест­і­гіне қара­ма­стан, зама­на­уи қуа­ты бар зауыт қасақа­на ысы­ры­лып қала бер­ді. Есесіне, мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сы бол­ма­са да, көп­те­ген жеке серік­те­стік­тер­дің су айды­нын қол­да­нуға 10 жылға келісім-шар­тта­ры бар.
Осы­лай­ша балық аулау учас­ке­лері бол­маған­ды­қтан, зауыт өзінің өндірістік қуа­тын­да балық аулап, қабыл­дап, өнім шыға­ру мүм­кін­дік­терін пай­да­ла­ну­дан шек­те­ле бер­ді. Шикі­затты балық аула­у­ға кво­та­лық қаға­зы бар тұлға­лар­дан қым­батқа сатып алып, жұмыс жүр­гізу­ге мәж­бүр болды.
Деген­мен, зауыт бас­шы­лы­ғы 2009–2013 жыл­да­ры ара­лы­ғын­да білік­ті жұмыс­шы­лар мен маман­дар қабыл­дап, мем­ле­кет­тен ешқан­дай неси­е­ге қара­жат алмай-ақ, бірқа­лып­ты жұмыс жаса­ды. Жаңа өндіріс орны 150-дей жұмыс­сыз арал­ды­қтарға қыз­мет орнын ашып, жаға­ла­удағы ондаған балық шару­а­шы­лы­қта­ры­на тап­сы­рыс беріп, Евро­одақтың шар­тта­ры­на сәй­кес өнім­ді экс­порт­та­уға евро­код алып, өнім­нің сапа­лық дәре­же­сін дәлел­дей­тін дүни­е­жүзілік сер­ти­фи­кат­тар мен лицен­зи­я­ларға ие бол­ды. Қыры­ққа жуық шағын және орта тон­на­ж­дық флот жаб­ды­қтал­ды. Катер-көлік­тер­ді қажет кез­де балы­қ­шы­ларға беріп тұрды.
Шыға­ры­лған жоға­ры сапа­лы өнім­дерін ТМД асып, Евро­па­ның бір­не­ше елдеріне жөнел­тіп, әріп­те­стік қаты­на­ста­рын нығай­та түсті. Өнім үлгілері сан түр­лі көр­ме­лер мен сауда жары­ста­ры­на қаты­сып, арнайы жүл­де­лер­ге қол жет­кізді. Соның ішін­де Ұлт­тық мара­пат – «Алтын сапа» дипло­мы да бар.
Сөй­тіп, бұл зауыт аудан­дағы ең ірі балық өндеу орта­лы­ғы­на айнал­ды. Аты­на заты сай өндіріс ұжы­мы­на бас­шы­ла­ры үне­мі сапа­лы әле­умет­тік қамқор көр­сетіп кел­ді. Ауы­сым­дық қыз­мет­кер­лер­ге жұмыс орны­на қаты­най­тын арнайы авто­көлік, ыстық тағам дай­ын­дай­тын асха­на, ерлер­ге, әйел­дер­ге душ бөл­ме­лері, тек шетел­дік кино­лар­дан көретін сен­сор­лық әжет­ха­на­лар, жұмыстық киім мен ком­пью­тер­лен­ген кең­се­лер, интер­нет желісі, дүкен, т.б. бұрын-соң­ды арал­ды­қтар көр­ме­ген мүм­кін­дік­тер­ге қол жет­кізіл­ді. Зауыт­тың фут­бол мен шах­мат­тан жеке коман­да­ла­ры құры­лып, жер­гілік­ті жары­старға үне­мі қаты­сып, жүл­де­лер алып жүрді.
Сон­дай қамқор­дың бір бел­гісі – арда­гер­лер ұйы­мы­ның пай­да болуы еді. «Ата­ме­кен­ба­лы­қө­нер­кәсібі» зауы­ты жал­пы мүге­дек­тер мен жалғыз басты қарт­тарға, көп бала­лы отба­сы­ларға, жесір­лер мен жетім­дер­ге, әле­умет­тік әлжу­аз жер­ле­стері­міз­ге, дарын­ды жастарға сан алу­ан көмек түрін көр­сетіп тұрды.
Содан 2013 жылы облы­сқа жаңа әкім болып Қырым­бек Көшер­ба­ев мыр­за кел­ген­нен кей­ін, аудан нысан­да­рын ара­лаған кезін­де, біздің зауыт­тың жұмысы­мен де таны­сты. Ұжым­мен кез­де­су бары­сын­да кәсі­по­рын басы­нан кешіп оты­рған қиын­шы­лы­қтар­дан құлағ­дар болып, зауыт­тың бірқа­лып­ты жұмыс істе­уіне бет­бұрыс жасап, көмек­те­сетінін айтқан бола­тын. Сол жина­лы­сқа мен өзім қаты­сып, бір­не­ше сау­ал қойдым.
Алай­да ара­да екі-үш ай өтпей-ақ, облыс бас­шы­сы­ның пиғы­лы кері өзгеріп, зауыт­тың басы­на қара бұлт төн­ді десем, артық айты­лған болмас.
Облы­стың және «Каза­гро­фи­нанс» ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­лы­ғы бір­ле­се оты­рып, кенет­тен бұры­нғы зауыт­тың бар­лық жұмыс­шы­ла­рын аудан әкі­мі про­ку­ра­ту­ра мен поли­ци­я­ның көме­гі­мен күш­теп, бір күн­де зауыт­тан қуып шықты. «Каза­гро­фи­нанс» бас­шы­лы­ғы тез ара­да зауыт­ты алды­мен Қараған­ды балық өсі­ру питом­ни­гіне бер­ді. Одан кей­ін «Қызы­лор­да ЭКО» ЖШС-не, сонан соң кәсіп­кер Т. Жұқа­шев басқарған «Арал­ба­лы­қ­за­уы­ты» ЖШС-не беріп, зауыт­тың атын өзгерт­ті. Бірақ ол өзгері­стен зауыт зыр­лап тұрған жұмысын жалға­сты­рып кете алмады.
Ақы­ры 2015 жыл­дың орта­сын­да облыс әкі­мі Қырым­бек Көшер­ба­ев­тың ара­ла­суы­мен зауыт әлім­жет­тік­пен, «Каза­гро­фи­нанс» АҚ-ның келісі­мін­сіз «Бай­қоңыр» Әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы­ның (ӘКК) «Қара­ша­лаң» сер­ви­стік дай­ын­дау орта­лы­ғы­на беріл­ді. Бұл өте теріс шешім бол­ды, себебі «Бай­қоңыр» ӘКК-сы – «Ата­ме­кен­ба­лы­қө­нер­кәсібі» зауы­ты­на бес қай­на­са, сор­па­сы қосыл­май­тын айда­ла­дағы тұлға.
Күні бүгін сол «Қара­ша­лаң» орта­лы­ғы зауыт қыз­мет­кер­лерін ақы­сыз дема­лы­сқа тара­тып, күзет­шілерін ғана қал­ды­рған. Зауыт­ты дамы­та­мыз деп мақтанған жетісті­гі осы бол­са, олар­ды есек­ке теріс мің­гізу­ге бола­ды екен.
Менің ортам­дағы арда­гер­лер, таныс шен­ді-шек­пен­ділер мен ауыл­дың қара­пай­ым тұрғын­да­ры­ның бұл мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты пікірі ортақ – облыс әкі­мі, оның нешетүр­лі кеңес­шілері мен қол­да­у­шы­ла­ры қаза­қтың ниетіне жат, теріс іспен айна­лы­сып, өз баба­ла­ры­ның елін­де айдың ама­нын­да қарақ­шы­лық жасаға­ны. Дос болып келіп, дұшпан­ды­ққа барға­ны – біздің сана­мы­зға сый­май­тын нәрсе.
Біздің білуі­міз­ше, облыс әкі­мінің қамқо­рын­дағы «Қара­ша­лаң» орта­лы­ғы «Бай­қоңыр» ӘКК-нан қөп көлем­де несие алып, екі жыл­дан бері Ресей жерін­де балық өңдеу зауы­тын салып жатыр. Бұл жағ­дай Арал­дағы көп­шілік­ке бел­гілі. Сон­да Елба­сы­мыз Н. Назар­ба­ев­тың үкі­мет оты­ры­сын­да айтқан: шетел­дер­ден елге инве­сти­ция тар­тып, ал сыр­тқа бір тиын шығар­мау керек деген нұсқа­уы қай­да қала­ды? Бұл талап­ты Елба­сы тая­у­да өткен «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның съезін­де облыс, рес­пуб­ли­ка бас­шы­ла­ры­на тағы қатаң тап­сы­рған бола­тын. Бұл тап­сыр­ма­ны қызы­лор­да­лық әкім­дер қалай жүзе­ге асы­рып жатқа­ны осы жағ­дай­дан бел­гілі бол­са керек. Егер сыр­тқа, басқа елдің мүд­десіне жұм­са­лып жатқан қара­жат көзін аны­қтау қажет бол­са, мем­ле­кет­тің Бас про­ку­ра­ту­ра­сы мен Қауіп­сіздік коми­теті тек­серіп, мен кел­тір­ген деректің дұрыс-бұры­сын аны­қтай ала­ры сөзсіз.
Қыз­мет­шілері жұмыс­сыз қалған «Ата­ме­кен­ба­лы­қө­нер­кәсібі» зауы­ты­ның осын­ша­ма сер­гел­дең­ге түсуіне жоға­ры­да оты­рған қолы ұзын бас­шы­лар­дың бір-бірі­мен бар­мақ басты, көз қысты сыбай­ла­сты­ғы – жемқор­лы­қтың айқын бел­гісі бол­са керек. Тиісті тек­се­ру­ші орын­дар осы жағ­дай­дың анық-қаны­ғы­на жетіп, зауыт­тың бұры­нғы жұмыс ырғағы­на қай­та ора­луы­на жәр­дем жасай­ды деген сенім­де­мін. Зауыт­ты қарақ­шы­лы­ққа салған­ды қоя­тын уақыт жет­ті ғой: неге жоға­ры­дағы бас­шы­лар соны түсінбейді?
Жылқы­бай АРҒЫНҒАЗИЕВ,
«Ата­ме­кен­ба­лы­қөң­деу зауы­ты» ЖШС-інің
арда­гер­лер ұйы­мы­ның төрағасы,
Арал ауда­ны­ның құр­мет­ті азаматы,
Қызы­лор­да облысы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн