Суббота , 5 июля 2025

Авторитаризм, демократия және ТОЛЫҚҚАНДЫ ТӘУЕЛСІЗДІК

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №11 (328) от 17 мар­та 2016 г.
Пай­ым патшалығы

Авто­ри­та­ризм, демо­кра­тия және
ТОЛЫҚҚАНДЫ ТӘУЕЛСІЗДІК

(Жалға­сы. Басы газет­тің өткен санында)

Осы­дан біраз уақыт бұрын, сол кез­де­гі билік­тің ішкі сая­са­ты­ның идео­ло­ги­я­лық пара­диг­ма­сын, маз­мұ­нын, оған бай­ла­ны­сты қоғам­дық, ұлт­тық жағ­дай­ды тал­дап, елді мұратқа жет­кізіп оты­рған авто­ри­та­ризм­ге тиісті біраз ойлар айты­лып еді. Солар­дың ішін­де­гі ел бола­шағы­на және мына сай­ла­у­ға тиесілі екі пікір­ге тоқталайын.
Бірі – ұлт бола­шағын қам­та­ма­сыз ететін «күшті орта­лы­қтан­ды­ры­лған билік­тің» қажет­ті­гі (авто­ри­та­ризм, бұдан да күшті авто­ри­та­ризм қажет деу­ге ыңғай­сызданған болуы керек), екін­шісі – «демо­кра­тия тәу­ел­сіздік­тен айы­ра­ды» деу. Бірін­ші пікір сырт көз­ге мем­ле­кет­тілік­ті біл­діретін­дей, «ұлт­ты жұмыл­ды­руға, шоғыр­лан­ды­руға», қаза­қтан «үлкен жұды­рық» жаса­уға бағыт­талған ұтым­ды идея сияқты болға­ны­мен, елдің қазірі мен бола­шағы тұрғы­сы­нан қате ғана емес, оны­мен қоса қаза­қты дүни­е­жүзілік өрке­ни­ет жолы­нан ада­сты­рып, жоға­ры­да атқа­ны­мы­здай, ком­му­ни­стік тота­ли­та­риз­мнен заты ази­я­лық авто­ри­та­ризм­ге сүй­ре­лей­тін аран­да­ту сипа­ты да бар сияқты. Тал­дап көрейік.
Тарих­тың өткен бет­теріне үңіл­сек, «күшті орта­лы­қтан­ды­ры­лған билік­тің» өмір­шеңді­гі өлше­улі болға­нын көре­міз. Соңғы және біз­ге жақын мысал – КСРО. «Әрбір сом­ның жұм­са­луын, кадр мәсе­лесін «темір­дей» тәр­тіп­тен шешіп оты­ра­тын қан­дай мем­ле­кет еді», – деп, таң­дай­ла­рын тақыл­да­та­тын­дар әлі билік басын­да отыр. Ол «орта­лы­қтан­ды­ры­лған билік­тің» түбіне жет­кен кем­шілік­тер жет­кілік­ті айты­лған, біздің билік­пен ұқса­сты­ғы – бір­ге-бір. Елі­міз­де қаза­қи ма, «нұр­лы» ма, «күшті орта­лы­қтан­ды­ры­лған билік­тің» бұдан да күшей­генін қалай­тын­дар тра­ге­дия болған тарих қай­та­лан­са, тек фарс түрін­де бола­тын заң­ды­лық «ерекше жолға» түс­кен қаза­ққа тиесілі емес деп ойлай­ды, шама­сы. Шын­ту­ай­ты­на кел­сек, тарих заң­ды­лы­ғы біздің билік әсіре­се сақтағы­сы келетін «ерекшелі­гі­міз­ге» пысқыр­май­ды. Ақыл­дым­сы­нып оны жоққа шыға­ру­ды бағып көр­сек, ол заң­ды­лық бізді ақы­мақтық пен дамы­ған елдер «түсіністік­пен» жыми­я­тын май­мыл­дық шегіне апа­ра­ды. Оған көз жет­кі­зу үшін, аз ғана ес жиып, қазір­гі біздің «нұро­тан­дық» билік­тің біт­пей­тін, кеңей­тіл­ген бе, басқа ма – мәжілістерін, съез­дерін, мей­ра­мға ма, сая­си шараға ма – қаты­сты ашы­ла­тын өңдіріс орын­да­рын елба­сы­мен бір­ге іске қоса­тын «бақыт­ты», ерекше рух­танған еңбек­шілер­ді және т.т. айт­сақ жет­кілік­ті. Шынын­да да, соқыр көр­гені­нен жазбайды.
Кез кел­ген авто­ри­тар­лық «орта­лы­қтан­ды­ры­лған билік­тің» ең басты, түбе­гей­лі қателі­гі – мил­ли­он­даған, әрқай­сы өз мүд­десі, қызы­ғуы, ұмты­лы­сы, қажет­ті­гі үшін әре­кет жаса­у­шы адам­дар­дың іс-қимыл­да­ры­нан құры­лған, тек жал­пы бағы­ты ғана қажет­ті рет­те­лу­ге көнетін қоғам­дық үрдістің әр теті­гіне бақы­ла­у­шы, тек­се­ру­ші, сұра­у­шы қой­ып, халы­қты өздері дұрыс деп тапқан мақ­сат­тарға сүй­ре­леу. Біздің билік бар­лық дамы­ған демо­кра­ти­я­лық елдер­де­гі билік­тің негіз­гі басқа­ру жұмысы­ның қан­дай екенін ұқпа­ды, қабыл­да­ма­ды. Ол жақта билік­ке тиесілісі – адам­дарға қолай­лы, ұтым­ды, бұл­жы­май­тын заң­мен қорғалған қар­жы­лық, эко­но­ми­ка­лық, кәсіп­тік жағ­дай жасап, олар­дың еркін, өз бет­терін­ше, ақы­лы, білі­мі, жігері жет­кен­ше еңбек­теніп, баюы­на мүм­кін­шілік беру. Және осы, негізі­нен сти­хи­я­лы неме­се өз бетін­ше, іштей рет­теліп оты­ра­тын қоғам­дық үрдіс мем­ле­кет­тің тұрақты­лы­ғын, берік­ті­гін қам­та­ма­сыз ететін ең маңы­зды фак­тор болып табылады.
Ары қарай билік жұмысы – тек салық төлеу үрдісін қадаға­лау. Ешқан­дай «тари­хи» жол­да­у­мен «рух­та­ну», оны «бүкіл халық» болып, қалғып-мүл­гіп «талқы­лау», «қол­дау», елді ара­лап, мағы­на­сы – «пат­ша сен бей­ша­ра­лар­ды мүсір­кей­ді» деген керу­ен­дер аты­мен жоқ. Біздің билік­тің жара­ты­лы­сы­нан елді демо­кра­ти­я­лық, өрке­ни­ет­ті басқа­ру қолы­нан келмейді.
Екін­ші жағы­нан, ондай халық өзін күш ретін­де сезініп, еңсесін лай­ы­қты өмір­ге көтеріп, өз жағ­дай­ы­на өзі еге бола­тын­дай басқа­ру­дан өлер­дей қорқа­ды. Оның орны­на халы­қты тоқта­у­сыз наси­хат­пен есуасқа, тобы­рға айнал­ды­руға, бас көте­ре­рлерін түр­лі айла-тәсіл­дер­мен тіз­гін­деп, көн­бе­ген­дерін қол­дан жасалған «кінәлар­мен» түр­ме­ге тоғы­ту. Өзін-өзі қан­ша алда­у­сы­ратқан­мен, қоғам­дағы леги­тим­ді (заң­ды) негізі саяз екенін жақ­сы білетін билік жай­шы­лы­қта дұрыс сөз­дер­ді әде­мі айтқа­ны­мен, сая­си-құқы­қтық жағ­дай кенет шие­лен­се, ақыл­сызды­ғы мен қорқақты­ғы­нан (қару­сыз халқы­на от ату­ды ешкім ержүрек­тік демес) өзім­шіл, арсыз, жауыз бет-бей­несін дүние жүзі­нен қым­сын­бай-ақ көр­се­ту­ге бара­ды. Ұлы елдер­дің дүние жүзі сая­са­тын­да есеп­шіл екі­жүзділік­тің әзір­ше басым болып тұрға­ны­на сенім­ділік­тен болуы керек.
Ал елдің сыр­тқы мүд­де­лерін қорға­уға кел­сек, сол леги­тим­ділі­гінің әлсізді­гі­нен және өз ұлты­на арқа сүй­е­у­ге ақыл­ды мем­ле­кет­шіл­дік­тің жет­кіліксізді­гі­нен: Бай­қоңыр, геп­тил­ды «Про­тон­дар», табиғат­ты, жан-жану­ар­лар­ды қорғау мәсе­ле­лері, Ресей зымы­ран­да­ры­ның сынақ поли­гон­да­ры, Кеден одағы­нан Еура­зия одағы­на сүй­реті­лу, оның эко­но­ми­ка­лық, қар­жы­лық зардап­та­ры, тоқта­у­сыз өскен қым­бат­шы­лық, өз пай­да­сы­нан ұты­лу, көр­ші елдің сой­ы­лын соғып, өтірік айту, келесі сөзін­де одан жал­та­ру, тәу­ел­сіздік­ке лай­ы­қты бір де мінез көр­се­те алмау үрдісі қалып­та­са­ды. Авто­ри­тар­лық билік­тің іс жүзін­де ұлт мүд­де­леріне түбе­гей­лі, не қар­сы, не сатқын екенін сипаттай­тын масқа­ра­лық: аталған пут­ин­дік Ресей­дің өзім­шіл, шексіз озбыр­лы­ғы­нан болып жатқан мәсе­ле­лер­ге бай­ла­ны­сты қан­дай бол­ма­сын бей­біт, аза­мат­тық келіс­пе­ушілік біл­дір­ген­дер­ді ұрып-соғып, қамаудан бастап, қисық сот үкім­дері­мен түр­ме­ге жабу.

Ал «ұлт­тық жұмыл­ды­руға, шоғыр­лан­ды­руға», қаза­қтан «үлкен жұды­рық» жаса­уға кел­сек, бұл ұсы­ны­стар да бір көз­ге ұлт­жан­ды болып көрін­гені­мен, іс жүзін­де жалаң ұран: себебі елді болат құр­са­удай бірік­тіретін эко­но­ми­ка­лық қаты­на­стар не әлсіз, не бей­та­рап, не басқа елдер­мен бай­ла­ны­ста. Түп­теп кел­ген­де, жалаң ұран өз «маз­мұ­нын» тек ұлт­шыл­ды­қ­пен «нығай­тар». Әсіре­се «үлкен жұды­ры­қтың» артын­да ұлта­ра­лық қырғиқа­бақты­ққа апа­ра­тын ұлт­шыл­ды­қтың құлағы қыл­тиып тұрған сыңайлы.
Ал енді осы ұсы­ны­стар­ды қазір­гі «күшті орта­лы­қтан­ды­ры­лған билік» тұрғы­сы­нан алсақ, ол ұлт­тың «жұмыл­ды­ры­лған, шоғыр­лан­ды­ры­лған», әсіре­се аза­мат­тық қоғам ретін­де оған өз құқы­қта­рын сый­латқы­за ала­тын мәде­ни­ет­ті, өрке­ни­ет­ті «жұды­ры­ққа» айналға­нын түбе­гей­лі және мүл­дем қала­май­ды. Керісін­ше, оның ішкі сая­са­ты­ның маз­мұ­ны сол – аран­да­ту, жік салу, бір-біріне айдап салу, ман­сап пен атаққа құмар­ла­рын «жары­лқау», ұлтын опа­сызды­ққа итер­ме­леу, өтірік көтер­ме­леу, аз ғана қаза­қтың басын қалай­да бірік­тір­меу. Өз ұлты­нан өзі қауіп­те­нудің бір көрінісі – қазақ руха­ни­лы­ғы­на, ұлт­тық пси­хо­ло­ги­яға, мінез­ге жаңа сер­пін қосар­дай болып келе жатқан шетел­дік қан­даста­ры­мы­здың керу­енін жасан­ды себеп­тер­мен тоқта­ту. Бұл мәсе­ленің жер­гілік­ті қаза­қтар­ды ұял­та­тын, ойлан­ды­ра­тын да жағы бар: өз қара­көз­дерін әбден басы­нып, жүген­сіз кетіп бара жатқан билік­ке ұят­ты­сы – біз­ден гөрі басқа, тәр­тіп­ті сая­си-әле­умет­тік жағ­дай­дан кел­ген қан­даста­ры­мыз келіс­пе­ушілік­ті бірін­ші біл­діріп, қажет десе, қар­сы­лы­ққа көшетінін талай көріп жүр­ген жоқ­пыз ба?
Айты­лған ұсы­ны­стар­ды негіз­деу керек бол­са: «Билік мәде­ни-руха­ни, мате­ри­ал­ды-қар­жы­лық ресур­стар­ды жал­пы­ла­ма (?) халы­ққа ұсы­на­тын (?) бел­гілі бір тетік­тер жаса­уы керек (?). Сол кез­де бүкіл халық мем­ле­кет үшін жау­ап беру дәре­же­сіне жете­ді», – делін­ді. Бұл ойлар сая­си роман­тизм ба, жоқ қаза­қтың дәстүр­лі жана­ма­ла­на­тып айту әдеті ме – түсі­ну қиын.
Шыны­на кел­сек, бар­лы­ғын қара­пай­ым, қара­бай­ыр десек те бола­ды. Билік 90-жыл­дар­дың орта­сын­да халы­қа­ра­лық ала­яқтар­мен ымы­ра­ла­сып, талап-тара­жға салып, ыңғайы кел­генін өзі ием­деніп алған мате­ри­ал­ды-қар­жы­лық ресур­стар­ды жал­пы­ла­ма неме­се бөл­шек­теп бол­сын, өлсе де халы­ққа ұсын­бай­ды. Сол кез­де көп нәр­се­ден «аттап», ием­ден­ген «малы» негізі­нен халы­қтікі екенін ешу­ақыт­та мой­ын­да­май­ды, оны жасан­ды заң­дар­мен қор­шап, қорғап та қой­ды. Сон­ды­қтан мына билік тұрған­да, «халық мем­ле­кет үшін жау­ап беретін дәре­же­ге» ешу­ақыт­та жетпейді.
Мәсе­ленің шеші­мі де «қара­пай­ым»: ұлт­жан­ды аза­мат­тар баста­ма көтеріп, бүкілұлт­тық аза­мат­тық қозға­лыс екі идея төңіре­гін­де ұйы­суы керек. Бірін­ші – ұлт бай­лы­ғын оның иесі – халы­ққа қай­та­ру; екін­ші – өткен жыл­дар бойы офшор­ларға жасы­рын тығы­лған, ұлт бай­лы­ғы­нан жинақталған 200 млрд дол­лар қар­жы­ны елге қай­та­ру. Осы екі идея жүзе­ге асы­ры­лу бары­сын­да қазақ ұлты өз мем­ле­кетіне жау­ап беру дәре­же­сіне көтеріледі.
Осы тұрғы­да қазақ аза­мат­та­ры­на тари­хи сабақ: өткен ғасыр­дың 30-жыл­да­рын­да (ол кез­де БҰҰ-да, дүние жүзі қауым­да­сты­ғы да жоқ) қоғам­дық жағ­дайы арт­та қалған фео­да­лизм бола тұра, Ирак пен Иран сол кез­де­гі ең күшті отар­шыл ел – Ұлы­бри­та­ни­я­ны жері­нен, мұнай бай­лы­ғы­нан ығы­сты­рып, ұлы бай­лы­ғы­ның басым бөлі­гін өздеріне қай­та­рып алды. Халқы­ның бас көте­рер пат­ри­от­та­рын бірік­тір­ген, «ұйы­сты­рған» идея – ұлт бай­лы­ғын өздері иеле­ну бол­ды. Біздің қазір­гі қаза­қты да бірік­тіретін идея – ұлт бай­лы­ғын, жер қай­на­уын­да бол­сын, офшор­лар­да бол­сын, өзі­міз­ге қай­та­рып, басым бөлі­гі­міз итшіле­ген бей­ша­ра хал­ден, бар­лық ұлт­тың лай­ы­қты, бай, өрке­ни­ет­ті өмір­ге қол жет­кі­зуі. «Еге­мен­дік» деген қаси­ет­ті ұғым­ды күн­делік­ті өмірі­міз­де жүзе­ге асы­ру: жері­міз­ге, бай­лы­ғы­мы­зға, мем­ле­кеті­міз­ге, қазірі­міз бен бола­шағы­мы­зға өзі­міз, ешкім­нің нұсқа­уын­сыз, жол­да­уын­сыз толы­ққан­ды ие және жау­ап­ты болу. Ұлт­ты бірік­тіретін идея-ұран осы – ұлт бай­лы­ғын өзіне және елге қай­та­ру мен толы­ққан­ды егемендік.
Ал «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша Баты­ста білім алған және елдің алды­ңғы қатар­лы жоға­ры оқу орын­да­рын­да оқы­ған ақыл­ды, қабілет­ті, халқы­на жүре­гі жылы жас заң­гер­лер мен эко­но­ми­ка және қар­жы маман­да­ры­на айта­рым: мына билік­тің ішкі қаты­на­ста­ры мен қаси­ет­терін пай­да­ла­нып, оның құра­мын­да іс жүзін­де тек ала­яқты­қ­пен айна­лы­сып, бір­тін­деп өз пай­да­сын ғана білетін, адам­гер­шілік­тен айры­лған пасы­ққа айналған­ша, өзің мен ұлты­ң­ды мәде­ни­ет пен өрке­ни­ет­ке жете­лей­тін ірі мем­ле­кет­тік іске жігеріңді қос!
Қазір­гі қазақ қауы­мы­ның ширек ғасыр бары­сын­да өзге­ру нәти­же­лерін нақты, ғылым тұрғы­сы­нан айт­пай­ын­ша, кез кел­ген сөз қаза­қи «жақ­сы болай­ы­қтың» төңіре­гін­де ғана жүреді. Ғылы­ми нақты­лы­ққа негіз­дел­ген тал­дау ғана қазақ қауы­мы құра­мын­дағы күш­тер­дің сая­си мүд­де­лерін, ұмты­лы­ста­рын, мақ­сат­та­рын аны­қтап, олар­дың сая­си қаты­на­стар­дағы қай­шы­лы­қта­рын дәл болжа­уға мүм­кін­дік береді. Екін­ші жағы­нан, ғылы­ми нақты­лық қазақ қауы­мы құра­мын­дағы бола­шақ демо­кра­ти­я­лық, сая­си үстем­дік­ке қол жет­кі­зе ала­тын күш­тер­ді аңға­руға көмектеседі.

Соны­мен, көзі ашық әр қазақ ғылы­ми нақты­лы­ққа сүй­еніп, сәл ойлан­са, аңға­руға болар­лық қазір­гі қоғам­ның ішкі мәсе­ле­лерін тал­дап көрелік.
Бірін­ші­ден, елдің бұры­нғы Кеңес Одағы құра­мы­нан шығып, тәу­ел­сіз өміріне бай­ла­ны­сты оның эко­но­ми­ка­лық, сая­си-әле­умет­тік, руха­ни-пси­хо­ло­ги­я­лық жағ­дай­ла­ры­ның бір­тін­деп күр­делі өзге­руі – бұл жыл­дарға созы­лған қоғам­дық төң­керіс. Ал оның нәти­же­сі – қазақ қауы­мы өмірінің әр сала­сын­да көріне бастаған қай­шы­лы­қтар, қарама-қарсылықтар.
Екін­ші­ден, ұлт бол­мысы­на бұры­нғы қазақ пси­хо­ло­ги­я­сы­на тән, оған кеңес дәуірін қоса алған­да, өздерін тұтас, біры­ңғай дүние сезі­нуі, негіз­гі маз­мұ­ны ортақ дүни­е­та­ны­мы өзгер­ді. Бір-бірін айтқы­з­бай тани­тын ада­ми жылы­лық сезі­мінің орны­на Батыс қоға­мы­на ұқсай бастаған, қыз­метіне, табысы­на, білі­міне, мәде­ни­етіне, өмір жағ­дай­ы­на, ұмты­лы­сы­на, қызы­ғу­ла­ры­на, мүд­де­леріне бай­ла­ны­сты сая­си-әле­умет­тік, руха­ни-пси­хо­ло­ги­я­лық, керек десеңіз, дүни­е­та­ны­мы, өмір­лік ұста­ным­да­ры үйле­с­пей­тін әртүр­лі топ­тарға жік­те­лу келді.
Үшін­ші­ден, қаза­қи авто­ри­тар­лық билік­тің тіке­лей «туындысы» – мем­ле­кет­тік басқа­ру құры­лым­да­ры­ның бар­лық сала­ла­ры: банк, салық жүй­есі, сот, про­ку­ра­ту­ра, құқық қорғау, түзе­ту меке­ме­лері қыз­мет­кер­лері, бар­лық дең­гей­де­гі депу­тат­тар, білім беру, ден­са­улық сақтау және басқа халы­ққа қыз­мет көр­се­ту сала­ла­ры­ның бас­шы­ла­ры мен оларға «жақын­дар», әде­би­ет, өнер­де­гі билік «таң­да­улы­ла­ры», жур­на­ли­сти­ка­дағы билік­тің ішкі және сыр­тқы «ими­джін» жаса­у­шы­лар, билік жүй­есін­де «тірек­тері» мен «кры­ша­ла­ры» бар кіші және орта биз­нес өкіл­дері – сол жік­те­лудің нәти­же­сін­де халы­қтың 70%-нан мүд­де­лері түбе­гей­лі басқа, түр­лі топ­тар­дан құралған эли­та-сымақ қабатқа айнал­ды. Олар сол қоғам­дық төң­керіс әкел­ген сая­си, эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік, мәде­ни мүм­кін­дік­тер­ді қаза­қи «ерекшелі­гі­міз­ге» сай ымда­са, ымы­ра­ла­са пай­да­ла­нып, бекіп, бай­ып алған, тәу­ел­сіздік­ке мызғы­мас негіз бола­тын эко­но­ми­ка­ның, аза­мат­тық қоғам­ның кір­пі­шін қала­ды. Елді өркен­де­ту­ге іс жүзін­де не білі­мі, не қабілеті, не пат­ри­от­тық жігері жоқ, өзінің тек тәт­ті тамағы мен жылы төсе­гінің «тұрақта­лы­ғын» ғана қалай­тын қоғам­дық пара­зи­тар­лық топ­тар болып қалып­та­сты. Олар­ды қоғам­дық «пара­зи­тар­лық топ­тар» деуім кей­бір әсі­ре пат­ри­от­тар­дың шамы­на тиер.
Бірақ ара­ла­рын­да тым аз, адам­гер­шілік қаси­еті бой­ын­да жара­ты­лы­сы­нан және одан ешқан­дай жағ­дай­да айны­май­тын, әр сала­да, қыз­мет­те кез­де­сетін тұлға­лар болға­ны­мен, жүй­ені іші­нен білетін­дер оның тұтас «бей­несін» өзгер­те алмай­ты­нын өздері де мой­ын­дар. Мәсе­ле олар­ды пара­зи­тар­лық қоғам­дық жағ­дай­ға «бай­лап» қой­ған қоғам­дық қаты­на­стар­дың обьек­тив­ті, яғни жеке­лен­ген ерік-жігер­ге бағын­бай­тын, өз заң­ды­лы­қта­ры­на сәй­кес не оң, не теріс өң ала беретін және ең маңы­здысы – адам­дар­ды өз ырқы­на көн­діру­ге бей­ім, нақты бір қоғам­дық орта­ны құрай­тын табиғатында.
Мыса­лы, сіз өзіңізді дұрыс адам­мын деп ойлар­сыз, ал қыз­мет­тік орта, қоғам­дық қаты­на­стар тала­бы­на сай атқа­рып оты­рған жұмысы­ңыз сізді пара алуға, біре­уді заң­сыз қол­да­уға, жанып тұрған жасқа иттік жасап, жолын кесу­ге, түп­теп кел­ген­де, ұлты­ңа опа­сыз болып, өз қыз­метіңнің, орны­ң­ның берер «игілік­терін» ары қарай пай­да­ла­на беру­ге итер­ме­лей­ді. Әрине, сіз мұн­дай оңбаған өмір­ге шыдай алмай, қыз­метіңіз­ден кетуіңіз мүм­кін, алай­да жүйе болып қалып­тасқан қоғам­дық қаты­на­стар оған бүлк етпей­ді. Сіздің орны­ңы­зға басқа біреу келіп, жүйе өз жұмысын жалға­сты­ра береді.
Өмір­ден мысал. Бел­гілі әншінің, сол кез­де ән жаза бастаған, алай­да әлі аты шыға қой­маған досы (ойы – тек бала­ла­ры­на нан табу) поли­ция қыз­метіне кіреді. Бірақ жұмысын­да адам ата­уы­на деген түр­лі қия­натқа, оған еш арла­нып қинал­май, күн­делік­ті үйрен­шік­ті жұмыс ретін­де атқа­рып жүр­ген қыз­мет­кер­лер орта­сын­да зорға жүріп, бір­не­ше ай ғана шыдай­ды. Түсін­гені – дәл қазір, дәл осы қоғам­да поли­ци­яда қыз­мет ету үшін бой­ы­ң­да адам бала­сы­ның ең жиір­кені­шті қаси­ет­тері ғана болуы керек екен. Мен поли­ция қыз­меті адам­дар­ды түр­лі қауіп­тен сақтай­тын, іштерін­де адам­гер­шілі­гі мол, ержүрек, адал аза­мат­тар бар екенін біле­мін. Бірақ мәсе­ле жүй­е­де, оны дәл осы­лай құрып оты­рған авто­ри­тар­лық, қия­нат­шыл билік­те, сол билік­тің қалып­та­сты­рған қоғам­дық қаты­на­ста­рын­да. Меңін­ше, Жаңаө­зен оқиға­ла­ры құқық қорғау орган­да­ры­ның сол «қоғам­дық қаси­ет­терін» толы­ғы­мен көрсетті.

Соны­мен, біздің «мықты­лар», «ақы­л­гөй­лер», «пысы­қтар» пара­зи­тар­лы­ғы­ның бірін­ші жағы – билік қалып­та­сты­рған қоғам­дық жағ­дай­дың бар­лық жақ­сы­лы­қта­рын, жемістерін қаза­қтың басым бөлі­гін «жол шетіне» ысы­рып қой­ып, өза­ра ғана тала­сып, иеле­нуі, бар­лық сая­си-құқы­қтық, идео­ло­гия-наси­хат үрдістерін тек өз қажетіне пай­да­ла­нып, халы­қты сай­лау неме­се басқа жағ­дай­лар­да үнсіз, меңіреу, тіз­гін­де­улі, үйретіл­ген аю сияқты ұста­уды «дұрыс» сая­сат деп білетіні.
Екін­ші­ден, олар туған халқы­ның бай-бақу­ат­ты, мәде­ни­ет­ті өмір сүруіне мүм­кін­шілі­гі нелік­тен жыл санап азай­ып бара жатқа­нын біліп отыр. Және ұлт бай­лы­ғын кім-көрін­ген­ге сатып, көпіріп кел­ген қара­жатқа халық өз еңбе­гі­мен лай­ы­қты өмір­ге қол жет­кі­зе ала­тын, ғылы­ми негіз­дел­ген даму жолын табу­дың орны­на түр­лі «өзім білем» жоба­ларға халық қара­жа­тын одан бір сұра­май шашу ғана қолы­нан келетін билік­тің ішін­де жүр­ген­дік­тен, оның жара­ты­лы­сы мен қаси­ет­терін жет­кілік­ті ұққан. Осы­ның бәрін біле тұра, мына билік «болжап» қой­ған елдің бола­шағын сезе тұра, ешнәр­се істе­мей­ді. Керісін­ше, мүм­кін, сон­ды­қтан, бел­гілі сая­сат­кер айтқан­дай, жапа-тар­мағай «алу керек», «жеу керек», «үлге­ру керек» шығар. Бұл пара­зи­тизм­ның екін­ші жағы.
Үшін­ші – қазақ ұлты­ның бола­шағы­на тиісті «ұзақ емде­луді» қажет ететін сая­си-әле­умет­тік, пси­хо­ло­ги­я­лық зардабы. Қоғам­дық «қауіп­тілі­гі» – түр­лі мүм­кін­дік­тері мен ресур­ста­ры шексіз деу­ге келетін, дәл қазір­гі билік пен қоғам­ның өзге­руіне түбе­гей­лі қар­сы ең кон­сер­ва­тив­ті күш. Қалып­та­су көз­дерін алсақ – олар қазір­гі билік­тің түр­лі «про­дукт­тері», оның аман-саулы­ғын тіле­ушілері, рия­сыз сиынушылары.
Біздің «про­дукт­тер­дің» қазір­гі негіз­гі қоғам­дық «қыз­меті»: халы­ққа қажеті шама­лы, негізі өздерінің ала­бұр­тқан көңіл­дерін басып, аздап рух­та­нуы үшін ұйым­да­сты­ры­лған түр­лі сая­си шара­лар­да «көсем­ге» қай­та-қай­та ду қол шапа­лақтау, ұран­да­ту, қисы­нын тауып, аз ғана халы­қтың пәлен­дей жетістік­тер­ге жете қой­маған, әлі толы­ққан­ды тәу­ел­сіз емес жолын өтірі­гін көпір­тіп «нұр­лан­ды­ру», негіз­деу, насихаттау.
Бірақ олар өздерінің сүй­ік­ті билі­гінің «мәң­гілі­гін» қан­ша қала­са да, қоғам дамуын тоқта­ту мүм­кін емес. Іс жүзін­де қалып­та­су негізі күмән­ді, кри­ми­нал­ды неме­се осы­ған жақын болған­ды­қтан, «про­дукт­тер­дің» ұйым­дасқан, тұрақты қоғам­дық сая­си күш болуы екіта­лай. Олар­дың қол­да­ры­нан келетін кон­сер­ва­тив­ті қыз­меті сол: әр ұлты үшін отқа түсу­ден тай­ын­бай­тын, жан­ке­шті тұлға­ны түр­лі жасан­ды кедер­гілер­мен өзінің қаси­ет­ті аза­мат­тық ісін жасатқы­з­бау, арсыз итшілік­тер­мен ақыл-жігерін сарқы­тқы­зу, қажы­ту. Мына қоғам­дық жағ­дай­да олар өздерін құдірет­ті санар, бірақ мәң­гілік Ақиқат алдын­да олар ұлт тұлға­сы­ның аяғы­на оралған құбыжықтар.
Қалай болған­да да, мына леги­тим­дік негізі тай­қы билік қоғам жағ­дайы өзге­руіне бай­ла­ны­сты демо­кра­ти­я­мен ауы­са­ды. Алай­да «про­дукт­тер» қыз­мет­тері мен «аста­у­ла­ры­на» шыр­ма­лып, ама­лын тауып, жан сақтап, жаңа билік­тің ырқын ұға қой­ып, қоғам­дық жұмыстың алдын бер­мей, мем­ле­кет­тің, ұлт өмірінің шын мәнін­де жаңа­руы­на аяғы­на дей­ін кедер­гі жаса­у­шы­лар бола­ды. Бұл қазір­гі демо­кра­ти­я­лық елдер­дің тарихын­да сан рет болған жағ­дай. Ол елдер бұры­нғы «про­дукт­тер­ден» жаңа билік құры­лым­да­рын тазар­ту жол­да­рын да тапқан. Міне, осын­дай сая­си-құқы­қтық тәжіри­бе­ден жас қазақ демо­кра­ти­я­сы да сабақ алуы қажет.
Бұл топ­тар­ды авто­ри­тар­лық билік кей­де бола­шақ «орта тап» өзе­гіне балай­ты­ны бар. Ол сөз­дері арқы­лы елді ақы­мақ ету ме, жоқ осы топ­тар­ды той­ын­ды­рып, санын көбей­тіп, өзіне өлген­ше беріл­ген сая­си-әле­умет­тік негіз қалып­та­сты­ру­ды жос­пар­лай ма – түсі­ну қиын. Билік­тің ондай есебі жүзе­ге аспай­ты­нын мен жоға­ры­да ашып көр­сет­кен­дей бол­дым. Ол топ­тар­дың шынайы сая­си-әле­умет­тік, пси­хо­ло­ги­я­лық қаси­еті – тек өз пай­да­сы, есебі үшін көп нәр­се­ге «қабілет­тілі­гі», бірақ ешу­ақыт­та өз пай­да­сы­нан аттап, керек десеңіз, «сүй­ік­ті» билі­гі үшін сая­си әре­кет­ке бар­май­ды, мем­ле­кет, ұлт мүд­десі, мақ­са­ты деген­ді біл­мей­ді. Олар – мынау авто­ри­тар­лық билік негіз­гі сая­си-құқы­қтық түсінік­тер­ден, тұлға­ның адам­дық затын құрай­тын айны­мас ішкі руха­ни мораль­дық ұста­ным­дар­дан мей­лін­ше айы­рып, көз­сіз, жүрексіз, ұят­сыз құрал­да­ры­на айналдырғандар.
Ал Батыс «орта табы» – еркін рынок пен демо­кра­тия жағ­дай­ын­да өз беті­мен, еңбе­гі, ақыл-жігері, пысы­қты­ғы­мен орта табысты әле­умет­тік жағ­дай­ға көтеріл­ген­дер. Ең басты­сы – қазір­гі өмір жағ­дай­ын тек эко­но­ми­ка, қар­жы сала­ла­ры­ның ауы­тқуы­на ғана бай­ла­ны­сты­ра­тын, билік құры­лым­да­ры­ның ешқай­сы­ның алдын­да бас имей­тін, өзінің еркін­ді­гі мен құқы­қтық теңді­гін өмір­лік құн­ды­лы­қтар санай­тын әле­умет­тік топ­тар. Олар мем­ле­кет­тік билік­ті төле­ген салы­ғы­на, еркіне, сай­лау арқы­лы қала­у­ы­на тәу­ел­ді екенін жақ­сы білетін, халы­қтың 70%-ын құрай­тын, елінің тұрақты және бірқа­лып­ты дамуын қам­та­ма­сыз етіп оты­рған, Батыс социо­ло­ги­я­сы көр­сет­кен­дей, түр­лі топ­тар­дан құралған «стра­та» (қабат).
Әлім­хан НҰРЕКЕЕВ
(Жалға­сы бар)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн