Суббота , 5 июля 2025

Ресей Сириядан НЕГЕ КЕТЕДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №11 (328) от 17 мар­та 2016 г.
Гео­са­я­си гәп

Ресей Сири­ядан
НЕГЕ КЕТЕДІ?

Науры­здың 14‑і күні Путин Сири­ядағы әскерінің «негіз­гі бөлі­гін» шыға­ру­ды бұй­ы­рып, әлем­ді таңқал­дыр­ды. Бес ай бұрын Ресей әскері Сири­яда әуе шабуы­лы­на кіріс­кен еді. Тосын шешім аста­рын­да не жатыр?

Сири­яда бес жылға созы­лған соғы­сты аяқтау тура­лы БҰҰ ұйым­да­сты­рған келіс­сөз бастал­ды, осы сәт­те Путин­нің бұл елден әскерінің көбін шыға­руы Сирия пре­зи­ден­ті Башар әл-Аса­дқа «келіс­сөз­ге кел­ген жөн» деген ескер­ту болуы мүмкін.
Өткен айда бүкіл Сири­я­ны бақы­ла­у­ға ала­мын деп уәде бер­ген Асад­тың жаны алқы­мға тірел­ген кез­де Ресей көмек­ке кел­мей қал­са, жағ­дайы мүш­кіл бол­мақ. Сири­ядағы соғы­сты тоқта­ту тура­лы келісім­ге кел­ген Ресей, АҚШ және басқа да мем­ле­кет­тер алдын­да Асад­тың осын­дай кеудем­соқ уәде беруі Мәс­ке­уді ашу­лан­ды­рған сияқты. Ресей­лік сарап­шы­лар «Кремль Асад­тың үстем сөй­леп, соғы­сты қай­та тұта­туы­на жол бер­мей­ді» деген­ді айтады.
Путин мен Асад­тың Сири­я­ның бола­шағы тура­лы жос­пар­ла­ры бір жер­ден шыға ма, жоқ па – оны ешкім біл­мей­ді. Асад­тың «әскер­ді шыға­руға қаты­сты Мәс­кеу мен Дамаск толық келісім­ге кел­ді» деген мәлім­де­месіне қара­ма­стан, екі тарап әске­ри әре­кет пен дипло­ма­ти­я­лық қадам­да­рын, Жене­ва келіс­сөз­дерін­де­гі пози­ци­я­ла­рын егжей-тег­жей­лі әрі ұзақ мерзім­ге үйле­сті­ре жос­пар­ла­мауы мүмкін.
Еуро­па­лық дипло­мат Reuters агент­ті­гіне «Ресей әре­кеті Аса­дқа көбірек қысым жаса­уды мақ­сат етуі мүм­кін, уақыт та соған ыңғай­лы» дей келіп, «мүм­кін деп тұрған себебім, Ресей­дің уәдесін орын­да­маған кез­дерін де көр­ген­біз» дей­ді. Қалай болған­да да, Путин Асад­тың билік­тен кетуі (өтпе­лі кезеңнің басын­да неме­се соңын­да, не кез кел­ген басқа уақыт­та) келіс­сөз­дер­дің алғы­шар­ты бола алмай­ды деген Ресей тала­бы­нан шегін­бей оты­рып, Аса­дқа ескер­ту жасай алған тәрізді.
Кремль­дің бас­пасөз хат­шы­сы Дмит­рий Пес­ко­втың айтуын­ша, Путин Аса­дқа қоңы­рау шалып, өз шеші­мі тура­лы хабар­лаған кез­де екі жақ Сирия пре­зи­ден­тінің бола­шағын талқыламаған.
Сири­ядағы Ресей әскерінің «негіз­гі бөлі­гін шыға­ру» тура­лы бұй­ры­ққа қоса, Путин соғы­сты аяқтау үшін Ресей­дің дипло­ма­ти­я­лық әре­кетін күшей­ту­ге бұй­ыр­ды. Путин­нің ойын­ша, Батыс оның осы әре­кетіне қарап, «Ресей Жене­ва­да бей­біт келісім жаса­лу үшін барын сал­ды» деген қоры­тын­ды­ға келуі керек тәрізді.
Науры­здың 15‑і күні Пес­ков «қазір­гі мін­деті­міз – бей­біт шешім­ге келу­ге жан-жақты ықпал ету» деді. АҚШ пен Еуро­па бұған ила­на ма, жоқ па – ол басқа мәсе­ле. Батыс елдері пікір түю­ге асы­қ­пай­ды, олар Ресей­дің Сирия соғы­сы ғана емес, Укра­и­на­дағы шие­леніс кезін­де­гі келіс­сөз­дерін көр­ген әрі ондағы әре­кет­терін ұмы­тқан жоқ. Ресей­дің уақыт ұту үшін қулық жасап, кей­ін «әске­ри әре­кетін» өзгер­те салуы мүм­кін екенін Батыс елдері біледі.
Путин­нің тосын мәлім­де­месі АҚШ-ты таңқал­ды­рған сияқты, Кремль­дің «Асад тағ­ды­ры­на бас қатыр­май­мыз» деген тұс­па­лын Вашинг­тон еске­реді. Путин­нің сөзі­нен кей­ін Оба­ма оны­мен теле­фон арқы­лы сөй­ле­сті. Ақ үйдің хабар­ла­у­ын­ша, Оба­ма Путин­ге «зор­лық-зомбы­лы­қты тоқта­ту үшін Сири­яға сая­си өзгерістер қажет екенін» баса айтқан.
Бірақ әскер­ді шыға­ру тура­лы хабар­ла­ма Асад қар­сы­ла­ста­рын «Ресей әуе шабуы­лы­нан Сири­яда 1700-ге жуық бей­біт тұрғын қаза тап­ты» деп сынау мүм­кін­ді­гі­нен айы­ра­ды. Кремль­дің бұл әре­кеті Ресей­ге өзін қорғай­тын әдіс пен өзге­лер­ді – Сирия оппо­зи­ци­я­сын, оның аймақтағы жақ­та­ста­рын, ал келіс­сөз оң шешім тап­па­са, Баты­сты кінәла­у­ға да мүм­кін­дік тауып беретін тәрізді.
Ту көтеріп, той­лат­па­са да, Путин­нің теле­ар­на­лар арқы­лы «Ресей қорға­ныс мини­стр­лі­гі мен қару­лы күш­тері алды­на қой­ған мақ­сат­ты орын­да­ды» деген мәлім­де­месі АҚШ-тың бұры­нғы пре­зи­ден­ті Джордж Буштың Ира­кқа қаты­сты «мис­сия орын­дал­ды» деген мәлім­де­месіне ұқсады.
Батыс бас­шы­ла­ры Ресей әуе шабуыл­да­ры­ның «Ислам мем­ле­кеті» (ИМ – Қаза­қстан­да тый­ым салы­нған тер­ро­ри­стік топ) содыр­ла­ры­на тиген кезі сирек десе де, Путин «Ресей Сирия әскерінің халы­қа­ра­лық тер­рорға қар­сы соғы­ста түбе­гей­лі бет­бұрыс жаса­уы­на көмек­те­сті» деп мақтан­ды. Яғни, өз елін­де оны құр­мет­тей­тін­дер көбейе түседі. Ресей мем­ле­кет­тік арна­сын көретін тұрғын­дар осы­ған дей­ін «шығын­сыз соғы­сып жатқан­да­ры­на» ила­нып келді.
Бірақ ресей­лік­тер­дің бәрі бір­дей бұған сенеді деу­ге бол­май­ды. «Эхо Моск­вы» сай­тын­дағы бло­гын­да жур­на­лист Арка­дий Баб­чен­ко әске­ри шешім қабыл­да­мас бұрын, оны көп­шілік талқы­сы­на салып, апта­лап, тіп­ті айлап ойла­на­тын елдер­ді Ресей­мен салы­сты­ра келе, «Таңер­тең бәрі тып-тыныш еді… кеш­ке аяқ асты­нан «Қым­бат­тым, Сири­яда жеңіс­ке жет­тік!» деп шықты» деп жаз­ды. Оның айтуын­ша, Путин «Қан­дай мақ­сатқа жет­тік, қан­ша адам­ды өлтір­дік, кім­дер­ді өлтір­дік, қан­ша адам­нан айы­рыл­дық, не үшін бар­дық, не үшін қайт­тық?» деген көп­те­ген сау­ал­ды жау­ап­сыз қалдырған.
Бірақ Путин ресей­лік­тер­ге «қиын жағ­дай­дан оңай сытыл­дым, Таяу Шығы­ста Мәс­ке­удің пози­ци­я­сын жақ­сар­тып, бүкіл әлем­ге ықпа­лым­ды күшейт­тім» деп бөсу мүм­кін­ді­гіне ие бол­ды. Ол бұған дей­ін де «Сири­ядағы Ресей әске­ри опе­ра­ци­я­сы­ның шығы­ны есеп­те­улі» деген еді. Нақты есеп­те­ген күн­нің өзін­де Сири­ядағы опе­ра­ция шығы­ны ресей­лік­тер эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­ден жапа шегіп жатқан қазір­гі уақыт­та да оның беделіне нұсқан келтірмейді.
Ресей­дің эко­но­ми­ка­лық про­бле­ма­ла­ры көбіне мұнай­дың арзан­да­уы­нан шықты. Ресей – мұнай экс­порт­тай­тын негіз­гі ел, бірақ АҚШ пен Еуро­па Одағы (ЕО) және басқа мем­ле­кет­тер Мәс­ке­удің Укра­и­на ісіне ара­ласқа­ны үшін енгіз­ген санк­ци­я­сы да бұл ел эко­но­ми­ка­сы­на зия­нын тигіз­бей қалмады.
Путин оған жау­ап ретін­де Батыс елдері­нен келетін азық-түлік өнім­дерінің біра­зын Ресей­ге кір­гізу­ге тый­ым сал­ды. Ресей Укра­и­на мен Сири­ядағы әре­кетінің ара­сын­да бай­ла­ныс бар екенін тері­стей­ді, ал Батыс елдері, оның ішін­де АҚШ та бар, Кремль­мен бұдан ары сана­са бер­мей­тін­дерін айтады.
Бірақ Сири­ядағы әскер­дің «негіз­гі бөлі­гін» шығарған Путин «Ресей­ге про­бле­ма шыға­ра­тын ел емес, істің шеші­мін табуға көмек­те­сетін ел ретін­де қара­уға жол ашы­ла­ды және Кремль Қырым­ды басып алып, Укра­и­на шығы­сын­дағы сепа­ра­ти­стер­ді қол­да­ды деп ЕО салған санк­ци­я­лар шіл­де айын­да алы­нып таста­ла­ды» деп үміт­те­нуі мүм­кін. Мәсе­лен, Ита­лия мен Вен­грия науры­здың 14‑і күні «санк­ци­я­ны авто­мат­ты түр­де созу­ды қоюы­мыз керек» деп мәлімдеді.
Мұның сыр­тын­да Путин «ғалам­дық және аймақтық мәсе­ле­лер­ді шешу ісін­де АҚШ-пен қатар оты­ру құқы­ғы­на ие бол­дым» деп те сенуі мүм­кін, өйт­кені ол қажет кезін­де күш көр­се­те ала­ты­нын дәлелдеді.
БАҚ Путин шеші­мін басты тақы­рып етіп, «Ресей Сири­ядан кет­ті!» деп жала­у­лат­са да, Ресей әскерін толы­қтай шыға­ру­ды жос­пар­лап оты­рған жоқ. Путин Ресей әске­ри күш­терінің Сирия соғы­сы­на дей­ін де Ресей фло­ты қол­да­нып кел­ген Жерор­та теңізін­де­гі Тар­тус пор­тын­да және Лата­кия про­вин­ци­я­сын­дағы Хмей­мим әуе база­сын­да қала беретінін мәлімдеді.
Ресей бұл екі база­сын­да шама­мен 1000-ға жуық әске­ри қыз­мет­керін қал­дыр­мақ­шы. Жене­ва­дағы келіс­сөз нәти­же­сі мен Асад­тың тағ­ды­рын, Сири­я­ның аумақтық тұта­сты­ғы сақта­лу-сақтал­мауын болжау қиын, сон­ды­қтан бұл база­лар Ресей­ге қажет­ті әске­ри тұғыр болып қала береді.
Дина­ра ӘЛІМЖАН,
Azattyq.org

Comments

Ресей Сири­яда болған 168 күн­де қан­дай табыст­арға жетті?
Әске­ри ұшақта­рын ұшы­ру үшін, 32 мил­ли­ард рубль жұмсады.
Арми­я­сын қам­та­ма­сыз ету­ге 500 мил­ли­он дол­лар жұмсады.
1 700 бей­біт тұрғын­ның өлі­міне себеп­ші болды.
Ресей арми­я­сы 20 гене­ра­лы­нан айырылды.
«Царь» басқарған елде құл­да­ры­на «отчет» бер­мей­ді, істе­ген қыл­мыста­ры­на халқы­ның алдын­да жау­ап бермейді.
АҚШ пен Баты­стың бас­шы­ла­ры бір елге әскер кір­гіз­бес­тен бұрын қабы­рға­сы­мен 20 рет сырласады.
Қор­тық «стра­тег» үшін өз елінің халқы – «пушеч­ное мясо».

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн