Суббота , 5 июля 2025

СТУДЕНТТЕРДІ АУЫЛҒА НЕГЕ «ҚУАЛАП» ЖАТЫР?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №11 (328) от 17 мар­та 2016 г.
Сай­ла­у­ал­ды сақтық

СТУДЕНТТЕРДІ АУЫЛҒА
НЕГЕ «ҚУАЛАП» ЖАТЫР?

Біз уни­вер­си­тет­те оқып жүр­ген жыл­да­ры 16 жел­тоқ­сан қар­саңын­да сту­дент­тер­ді ауы­лға қуа­лай­тын «дәстүр» бар еді. Жастар­дан қоры­ққан секем­шіл билік­тің «бұй­ры­ғын» орын­да­май, «барар жер, басар тауы­мыз жоқ» деп жатақ­ха­на­дан кет­пей қоя­тын­быз. Жатақ­ха­на­ның аузын­да бір мұғалі­мі­міз кезек­шілік­ке тұрып, біз секіл­ді «бұй­ры­ққа бағын­бай­тын­дар­дың» қай­да барып, қай­дан келетінін жазып ала­тын. Енді осы «дәстүр» сай­лау алдын­да да «қол­да­ны­ла» бастапты.
Мен қазір Алма­ты­дан отыз шақы­рым жер­де, ауыл­да тұра­мын. Екі-үш күн бол­ды, теле­фонға тыным жоқ. Туы­ста­рым­ның бала­ла­ры, бауыр­ла­рым, бал­ды­зда­рым: «Аға, сай­ла­у­ға орай дема­лыс беріп еді. Бір-екі күн­ге ауы­лға шапқы­лаған­ша, сіз­дер­дікіне бара сал­сақ деп едік», – дей­ді. Қазақ қонақ кел­се, қуан­бай ма? «Келің­дер» дей­міз қуанып…
Енді, міне, бүгін­нен бастап, менің екі бөл­мелі үйім сту­дент­тер жатақ­ха­на­сы­на айналады.
Бауыр­лар­дың басын қосар сай­ла­у­ға мың рах­мет. Десе де, мен біздің билік­тің кей­бір қылы­ғын түсіне алмай­мын. Білім іздеп, Алма­ты­ға кел­ген сол жастар­ды он күн бұрын Алма­ты­дан қуып, үрей­ле­нетін­дей, баста­ры­на не күн туды?! Сол сту­дент­тер­дің денінің тір­кел­ген жері – жатақ­ха­на. Яғни, олар дауы­сты сол уни­вер­си­тет­тің жанын­дағы сай­лау учас­кесі­нен беруі тиіс. Ауы­лға кет­кен жастар сон­да сай­ла­у­ға қалай қаты­спақ? Олар­дың дау­сы маңы­зды емес пе? Олар­ды кей­бір оқу орын­да­ры дауыс беру құқы­ғы­нан айы­рып оты­рған жоқ па?
Тағы да өзім­нің сту­дент кезім есі­ме түседі. Сай­лау күні таң атпай жатақ­ха­на­лар­ды ара­лап, топ-тобы­мы­з­бен мал қай­ы­рған­дай қай­ы­рып, дауыс беру­ге апа­ра­тын. Мен сияқты­лар баяғы қыңыр мінезі­міз­ге салып (сай­ла­удың әділ­ді­гіне деген сені­мі­міз аз еді), бар­май қою­шы едік. Кеш­кісін доста­ры­мыз келіп, «Сен­дер­дің атта­ры­ң­нан біз дауыс бер­дік» деп келетін.
Осы оқиға есі­ме түсіп, Алма­ты­дан қуа­ланған сту­дент­тер­дің дау­сы қай пар­ти­яға берілетінін күні бұрын болжап қойдым.
Біз қан­дай демо­кра­ти­я­лы елміз!
Жаса, ТӘУЕЛСІЗДІК!
Шәрі­п­хан Қайсар,
Abai.kz

«Декла­ра­ция» деген
ҚАРУ ШЫҚТЫ

Мәс­ли­хат депу­тат­ты­ғы­на үміт­кер­лік­ке тір­ке­ле алмай қалған аза­мат­тар табыс декла­ра­ци­я­сын тол­ты­рған кез­де сүрін­ген. Ал декла­ра­ци­я­ны тап­сы­ра алған­дар сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның кең­шілі­гіне разы.

Аты­рау облы­стық мәс­ли­ха­ты­на 3‑сайлау окру­гі­нен дауы­сқа түс­пек болған құқық қорға­у­шы, «Заман» қоғам­дық қоры­ның жетек­шісі Әсел Нұрға­зи­е­ва (сурет­те) табыс декла­ра­ци­я­сын дұрыс тол­тыр­маға­ны үшін кан­ди­дат­ты­қтан сызы­лып қалға­нын айтады.
– Екін­ші дең­гей­лі бір банк­тің маған бер­ген аны­қта­ма­сын­да ешқан­дай есеп-шотым жоқ бола­тын. Салық орын­да­ры тек­се­ре кел­ген­де, ол банк­те менің 40 тең­гем бар болып шықты. Зей­не­тақы қорым­да да осын­дай бол­ма­шы қар­жы айыр­ма­шы­лы­ғы шықты. Осы­ны желеу етіп, округ­тік сай­лау комис­си­я­сы сай­лау дода­сы­нан алып таста­ды. Енді сотқа жүгі­не­мін, – дей­ді ол.
Мәс­ли­хат сай­ла­у­ы­на үміт­кер­лік­ке тір­ке­ле алмай қалған соң, сотқа жүгін­генін айтқан бел­сен­дінің бірі – аста­на­лық Арнұр Ысқақов. Бірақ ол «сот­та декла­ра­ци­яға қаты­сты шағым­мен жеңіс­ке жету мүм­кін емесін түсінген».
– Салық меке­месі қыз­мет­кер­лері­нен қай­та-қай­та сұрап, солар­дың айтқа­ны бой­ын­ша тол­тыр­дық. Кей­ін оны­мыз қате болып шықты. Сот­та дұрыс тол­тыр­мауға қыз­мет­кер кінәлі емес болып шықты, – дей­ді Арнұр Ысқақов.
Мәс­ли­хат сай­ла­у­ы­на қаты­су­дан үміт­кер­лер­дің ара­сын­да табыс декла­ра­ци­я­сын тол­ты­рған кез­де бір­ден сот­ты ойла­у­шы­лар да бар. Сон­дай аза­мат­тар­дың бірі, аста­на­лық кәсіп­кер Серік Түсі­пов «сай­лау дода­сы­нан шыға­рып тас­та­са, сот­та керек болар» деген оймен Аста­на­дағы банк­тер­дің 28-іне барып, есеп­шо­ты жоқ бол­са да, олар­дан бір­не­ше мәр­те аны­қта­ма алған. Ол халы­ққа қыз­мет көр­се­ту орта­лы­ғы­на барып, 10 жыл бұрын сатып жібер­ген көлік­терін де өз аты­нан шығартқан.
– Ал зей­не­тақы қоры­нан заң­да көр­сетіл­ген мерзім – 1 қаңтар бой­ын­ша мәлі­мет сұратқан­мын. Олар 2 қаңтар­мен шыға­рып беріп­ті. Кей­ін қай­та­дан барып, 1 қаңтар­дағы жағ­дай­ға алдыр­тқан едім, бір күн­нің айыр­ма­сы­на 80 тең­ге шықты. Оны түзет­тім. Бұрын несие алған едім. Соның 15 тиы­нын артық төлеп­пін, оны да жасыр­май көр­сет­тім, – дей­ді Серік Түсіпов.
Мәс­ли­хат сай­ла­уы дода­сы­нан шығып қалған аста­на­лық Аида Жек­се­но­ва (төмен­гі сурет­те) табыс декла­ра­ци­я­сын және басқа да құжат­тар­ды дұрыс тол­ты­ру үшін нақты ақпа­рат табу қиын екенін айтады.
Ол сай­лау окру­гінің комис­сия мүше­лері­нен кеңес сұраған – «бірақ дені мұғалім­дер мен дәрі­гер­лер­ден құра­ла­тын комис­сия мүше­лері сай­лау заң­на­ма­ла­рын жақ­сы біл­мей­тін болып шыққан».
Тұрғын­дарға заң жөнін­де кеңес беретін «Құқы­қтық баста­ма» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төраға­сы Болат Тәжі­ба­ев­тың сөзін­ше, мұның басқа да себебі бар.
– Декла­ра­ция тол­ты­ру ісі бел­сен­ділер­ді сай­ла­нуға емес, таң­да­луға қол­да­нып жатыр. Округ­тік сай­лау комис­си­я­ла­ры кан­ди­дат­тарға декла­ра­ци­я­ла­рын­да қыз­мет­кер­лер қателі­гі­нен болған бол­ма­шы айыр­ма­шы­лы­қты түзе­ту­ге мүм­кін­дік беру­лері тиіс, – дей­ді Болат Тәжібаев.
Бірақ ЖСДП пар­ти­я­сы­ның Аста­на бөлім­ше­сінің жетек­шісі Асхат Рахым­жа­нов сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның ондай мүм­кін­дік бере­ріне күмәнданады.
– Жер­гілік­ті сай­лау комис­си­я­ла­ры негізі­нен билік пар­ти­я­сы арқы­лы құралған­ды­қтан, ондай жақ­сы­лы­ққа бар­май­ды, – дей­ді Асхат Рахымжанов.
Алай­да Алма­ты облы­сы Қара­сай аудан­дық 13-сай­лау окру­гі­нен үміт­кер Мақ­сат Мәлі­ков бұл пікір­мен келіс­пей­ді. «Округ­тік сай­лау комис­си­я­сы халы­ққа қыз­мет көр­се­ту орта­лы­ғы мен салық орын­да­ры бер­ген аны­қта­ма­да қар­жы­лық алшақтық бар екенін ескер­тіп, оны түзетіп келуі­ме мүм­кін­дік бер­ді», – дей­ді ол.
Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы (ОСК) 11 науры­зда таратқан мәлі­мет бой­ын­ша, Қаза­қстан­да жер­гілік­ті мәс­ли­хат депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат болғы­сы кел­ген үміт­кер­лер­дің 300‑і салық декла­ра­ци­я­сын­дағы сәй­кес­сіздік кесірі­нен тір­ке­ле алмай қалған.
Мәс­ли­хатқа кезек­тен тыс депу­тат­тар­ды сай­лау науры­здың 20-сы күні Қаза­қстан пар­ла­мен­ті мәжілісі сай­ла­у­ы­мен қатар өте­ді. ОСК ақпа­ра­ты бой­ын­ша, мәс­ли­хат­тарға ел бой­ын­ша 3335 депу­тат (облы­стық мәс­ли­хат­тарға – 550 адам, қала­лық мәс­ли­хат­тарға – 625 адам, аудан­дық мәс­ли­хат­тарға 2160 адам) сайланады.
Рус­лан БОТАЙҰЛЫ,
Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн