Суббота , 5 июля 2025

МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕ «әкімшілік ресурстың» ТАБАНЫНА ТАПТАЛА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №11 (328) от 17 мар­та 2016 г.
Сай­ла­у­ал­ды сарап

МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕ
«әкім­шілік ресурстың»
ТАБАНЫНА ТАПТАЛА МА?

Биы­лғы сай­ла­уда мына бір жағ­дай назар аударт­ты: бұрын пар­ти­я­лық тізім­нің өзіне билік қат­ты шүй­лі­гетін. Олар сай­ла­у­ға дей­ін билік тара­пы­нан қат­ты қуда­ла­у­ға ұшы­рап, билік­тің ең мықты қаруы – «декла­ра­ция тол­ты­ру­дың» көме­гі­мен «тыр­нақ асты­нан кір» табы­лып, «түй­ме­дей­ді түй­е­дей етіп», ақыр соңын­да «жағым­сыз кей­іп­кер­ді» сай­лау бол­май жатып-ақ тоңқа­лаң астыратын.
Ал пре­зи­дент­тік­ке сай­ла­уда билік­тің қолын­дағы мықты қару – «тіл­дік емти­хан» қабыл­дау комис­си­я­сы болып кел­ді. Комис­си­ядан тіл біл­мей­тін­дер­дің талайы желіп өтіп, тіл білетін­дер­дің көбі қаза­қ­ша сай­рап тұр­са да – әп-сәт­те «сақау» деген атаққа ие болып шыға келетін-ді…
Биыл мәжіліс үміт­кер­леріне жасалған қысым аз бол­ды. Себебі пар­ти­я­лар­дан ұсы­ны­лған аза­мат­тар аз уақыт­та ың-шың­сыз, заң бой­ын­ша өз куәлік­терін алды. Біре­улер­ден арыз түс­кен дере­гі байқалмады.
Алай­да мәс­ли­хатқа қаты­сты бұл заң­ды­лық сақтал­ма­ды. Ол жаққа «жер­гілік­ті оппо­зи­ция» өкіл­дері ене алмай қал­ды. Баяғы сол «декла­ра­ция»! Мыса­лы, Аста­на­да Фати­ма Жан­до­со­ва 200 тең­ге­ге бола үміт­кер­лік­тен алы­нып тасталған екен. Ол тура­лы БАҚ жазып жатыр. Осын­дай фак­тілер басқа да өңір­лер­де де кез­де­су­де. Соған қараған­да, билік­тің сай­ла­у­ға қаты­сты так­ти­ка­сы­на бір­ша­ма өзгерістер болған сыңай­лы. Яғни, «әкім­шілік ресур­стар­дың» мәс­ли­хат дең­гей­ін­де күше­юі − билік­тің «қан тамыр­ла­ры» сана­ла­тын «жер­гілік­ті билік орган­да­ры­на» оппо­зи­ци­я­ны жібер­меу тала­бы­нан туын­даған ба деу­ге бола­ды. Ал мәжіліс аз да бол­са, пор­ци­я­лы түр­де «оппо­зи­ци­я­ны» қабыл­да­уға даяр­ла­нып жат­са керек… Біз осы мәсе­ленің мәніне үңіл­сек, қазір­гі сая­сат­тың аста­рын бір­ша­ма жақ­сы ұға ала­мыз. Кей­бір түй­ін­ді мәсе­ле­лер­дің шын­ды­ғы ашы­ла­ды. Енді соған тоқталайық:
1. Соңғы сай­лау мен қазір­гі сай­лау ара­лы­ғын­да билік оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­ді қат­ты қысы­мға алды. Халы­қа­ра­лық сынға қара­ма­стан, митин­гілер­ге толы­қтай тый­ым сал­ды. Тіп­тен нара­зы­лы­ққа шыққан жеке адам­ды қуда­ла­удан да бас тар­тқан жоқ;
2. Тәу­ел­сіз басы­лым­дарға қар­сы «жабық май­дан» жари­я­лан­ды. Нәти­же­сін­де бір­не­ше басы­лым­дар жабыл­ды, неме­се оларға мил­ли­он­даған тең­ге айып­пұл салынды;
3. Негіз­гі кон­струк­тив­ті оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар қуда­ла­нып, жұмысы тоқта­тыл­ды (Ком­му­ни­стік пар­тия, «Азат»). Біре­уі – жабыл­ды («Әділет» пар­ти­я­сы­ның жабы­луы билік­тің өзін­дік сая­си тех­но­ло­ги­я­сы бой­ын­ша бей­біт жағ­дай­да жүзе­ге асты);
4. Осы екі ара­лы­қта өмір­де «Әле­умет­тік араз­ды­қты қоз­дыр­ды» дей­тін 174-бап бой­ын­ша сот­тау жап­пай орын ала баста­ды. Ол заң − интер­нет желісін БАҚ-пен теңе­стір­ген жағ­дай­да еркін ойды тұн­шы­қты­ру­дың ең тиім­ді құра­лы­на айналды;
5. Әкім­шілік тара­бы өз жұмысын­да халы­қ­пен бай­ла­ны­сты күшей­ту­ге, қоғам­дық ұйым­дар­мен бел­сен­ді жұмыс істе­у­ге, кей жағ­дай­лар­да жар­ты­лай бол­са да ашы­қты­ққа қол жет­кі­зу арқы­лы халық нара­зы­лы­ғын жұм­сар­ту фор­ма­тын­да нақты қадам­дар жаса­ла баста­ды (Б. Бай­бек, Б. Сапар­ба­ев, А. Батталов).
Міне, осын­дай және тағы басқа іс-әре­кет­тер­дің нәти­же­сін­де оппо­зи­ция бұл сай­ла­у­ға өте әлсіре­ген күй­де жет­ті. Шынын­да да, бұрын оппо­зи­ци­я­лық басқа пар­ти­я­лар­дың көлең­кесін­де жүретін ЖСДП енді бір өзі жеке-дара оппо­зи­ция болып сай­ла­у­ға шықты.
ЖСДП-ның оппо­зи­ция ретін­де қабыл­да­нуы − елі­міз­де­гі пар­ти­я­лар­дың бәрі дер­лік «тұлға­лық пар­ти­я­лар» екен­ді­гі­нен туын­дай­ды. Жасы­ра­ты­ны жоқ, ЖСДП пар­ти­я­сы­ның жетек­шісі Жар­ма­хан Тұяқ­бай – тұлға ретін­де бұрын­нан мем­ле­кет­тік жоға­ры қыз­мет­тер­де болған адам. Сон­ды­қтан ұзақ уақыт бойы ақор­да­лық сая­си тех­но­лог­тар қоғам­дық пікір­ге «Тұяқ­ба­ев билік­тің ада­мы» деген сенім­сіздік­ті тық­па­лап әлек болды.
Бірақ өзге оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар­дың аре­на­дан кетуі − ЖСДП-ның оппо­зи­ци­я­лық тұғы­рын нығы­здап, пар­ти­я­ны шың­дай түсті. Өйт­кені өзге пар­ти­я­лар кет­кені­мен де, шеші­мін тап­паған про­бле­ма­лар ЖСДП-ға «қай­мағы бұзыл­маған» күй­де мұра болып қалған еді.
Міне, сөй­тіп ЖСДП-ның ортақ «оппо­зи­ци­я­лық тақы­рып­тан» айны­мауы – ақыр соңын­да пар­ти­я­ны халы­қтың «оппо­зи­ция» деп мой­ын­да­уы­на алып кел­ді. Қалай болған­да да, бұны оңды құбы­лыс деп сана­уы­мыз қажет. Соны­мен қатар мәсе­ле­лер­ді шешудің «оппо­зи­ци­я­лық жол­да­ры» да біры­ңғай бол­ды: ол – шынайы демо­кра­тия мен аза­мат­тық қоға­мға қол жет­кі­зу; сая­си рефор­ма­лар жүр­гі­зу; билік­тің жау­ап­кер­шілі­гін арты­ру; мем­ле­кет­тің ірге­та­сын нығай­ту; құн­ды­лы­қтар­ды мем­ле­кет­шілік бағы­тқа қарай бұру және тағы басқа.
ЖСДП осы іргелі сұрақтар­ды қоғам алды­на қою­дан тай­ма­ды, нәти­же­сін­де сай­лау қар­саңын­да жеке өзі «халы­қтық пар­тия» қыз­метін мой­ны­на арт­ты. Сол себеп­ті де пар­ти­я­ны «Нағыз Жел­тоқ­сан», «Кене­са­ры қоры», «Пар­ла­мен­та­ризмді дамы­ту қоры» сияқты қоғам­дық ұйым­дар қол­дап шықты. Олар­дың өкіл­дері пар­ти­я­лық тізім­ге енді. Мұн­дай «тағ­дыр» кез кел­ген пар­ти­я­ның маң­дай­ы­на жазыл­маған, әрі Қаза­қстан­ның сая­си тарихын­да бұрын-соң­ды болмаған!
Осы­дан келесі бір сұрақ туын­дай­ды. Мыса­лы, «про­бле­ма ортақ» дедік… Енде­ше бөліп-жарар не бар – неге бірік­пес­ке?! Бірақ заман тала­бы осы­лай екен деп, ондай «бірі­гудің» жүзе­ге асуы мүм­кін емес. Себебі, бірін­ші­ден, әр пар­ти­я­ның өз ұста­ны­мы бар.
Екін­ші­ден, ЖСДП-дан өзге пар­ти­я­лар­ды «оппо­зи­ция» қата­ры­на жатқы­за алмай­мыз. Өйт­кені дағ­да­ры­сты жағ­дай­ға жетуі­міз­ге «өзін-өзі таратқан» мәжілісте­гі пар­ти­я­лар­дың билік қателі­гін үнсіз мой­ын­дап кел­гені, кей­де ымы­раға келуі ықпал еткенін терістеу мүм­кін емес. Сон­ды­қтан қазір өткен­ді сына­уға ЖСДП-ның ғана мораль­дық құқы сақталған. Ал билік пар­ти­я­ла­ры­ның («Нұр Отан», «Ақ жол», ҚХКП) және билік­ті ашық қол­дай­тын өзге пар­ти­я­лар­дың («Бір­лік», «Ауыл») ондай құқы қоғам­дық сана тұрғы­сын­да сақтал­маған. Өйт­кені қазір­гі шын­дық жағ­дай­ы­мыз – алды­мен билік пар­ти­я­ла­ры қыз­метінің «жемісі»! Енде­ше оларға «сын айту» бұй­ыр­маған. Ол тарап­тан айты­лар кез кел­ген сын – жағ­дай­ға нара­зы жұрт тара­пы­нан «өзін-өзі қам­шы­мен сабау» секіл­ді қабыл­да­на­ры анық…
Ақыр соңы ЖСДП мәжіліс­ке өте ме? Бұл өте қиын да, күр­делі сұрақ болып тұр. Себебі ЖСДП бұл сай­ла­у­ға «Сай­лау тура­лы» Заң­ның заман тала­бы­на сай еме­сті­гі­нен ғана емес, әкім­шілік ресур­стың әбден күшей­іп, қаһа­ры­на мін­ген сәті­мен сәй­кес келіп тұр. Сон­ды­қтан жер­гілік­ті билік «артық ете­міз деп, тыр­тық етіп» алуы әбден мүм­кін. Мыса­лы, өткен сай­ла­уда пай­ыз көр­сет­кі­шін қуа­лаған «әкім­шілік ресурс» елба­сын ұятқа қал­ды­рған бола­тын. Оны сай­ла­удан кей­ін сөй­ле­ген елба­сы­ның сөзі­нен, ашу­лы жүзі­нен сая­сат­та­ну­шы­лар бір­ден бай­қаған-ды. Қазір де сол жағ­дай қай­та­лан­ба­са делік!
Деген­мен, бұрын мұнай баға­сы шары­қтап тұрған­да – билік жоға­ры­дан төмен­ге дей­ін «мем­ле­кет басқа­ру жау­ап­кер­шілі­гін» өзге­мен бөлі­суді қажет сана­ма­ды. Қаз­ба бай­лы­қтан түсетін табыст­ың көме­гі­мен қан­дай биік­ті бол­сын бағын­ды­ра­мыз деген эйфо­рия жете­гін­де жүр­ді. Тіп­тен бол­маған­да, «өгіз өлмей­тін, арба сын­бай­тын» күй­де бола­ры­на бек сенім­ді болды.
Қазір жағ­дай басқа­ша: енді экс­порт кірісі азай­ып, өндіріс дамы­м­аған, баға шары­қтаған кез­де «жау­ап­кер­шілік­ті бөлі­су» өзге­ге емес, билік­тің өзіне қажет екен­ді­гі айқын сезілу­де. Жоға­ры жақтан «қиын кез­де халық болып бірі­гу» мәсе­лесі де үздіксіз айты­лып жатқа­ны бекер­ден-бекер емес…
Иә, қазір­гі­дей дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да мем­ле­кет өзінің бар­лық ресур­сын «жұды­ры­қтай жұмыл­ды­руға» мін­дет­ті. Енде­ше халы­қтан қол­дау тауып оты­рған пар­ти­я­лар түгел­дей дер­лік жаңа мәжіліс құра­мы­нан орын алуы тиіс. Бірақ сон­да-дағы сай­ла­удың әділ өтеріне деген күдік сей­іл­мей тұр. Өйт­кені қазір де мем­ле­кет­тік мүд­денің «әкім­шілік ресурс» көлең­кесін­де қалып қоюы ғажап емес. Көп­шілік­ті осы толғандырады.
Сон­ды­қтан шен­ділер бұл сай­ла­удың елба­сы мен мем­ле­кет беделіне, оның бола­шағы­на тіке­лей қаты­сы бар екенін ұқса жақ­сы! Ал ұқпа­са ше? Онда одан әрмен оның қажеті бол­май қалуы да мүмкін…
Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ,
философ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн