Воскресенье , 20 апреля 2025

ҚАРАБАҚ ЖАНЖАЛЫ: Түркі елдері ынтымағы СЫНҒА ТҮСПЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (331) от 07 апре­ля 2016 г.

 

Мәсе­ленің мәні

 

Қара­бақта не болып жатыр?

Өткен сен­бі­де Әзір­бай­жан мен Арме­ния ара­сын­дағы Тау­лы Қара­бақ дауы қай­та тұта­нып, қару­лы қақты­ғы­стар орын алды. Әзір­бай­жан Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің мәлі­мет­теріне сүй­ен­сек, Арме­ния бірін­ші болып Халы­қа­ра­лық бей­біт­шілік келісім­дерін бұзған. 2 сәуір күні екі тарап ара­сын­дағы ұзақ жыл­дарғы жан­жал қай­та тұта­нып, әске­ри соғыс шара­ла­ры басталған.

Қақты­ғы­стар кезін­де Арме­ния қару­лы күш­терінің 6 тан­кісі, 15 артил­ле­ри­я­лық қон­ды­рғы­сы және инже­нер­лік жаб­ды­қтар жой­ы­лып, 100-ден астам әскері жарақат алған және 18 сар­ба­зы көз жұмған.

Ал Әзір­бай­жан арми­я­сы Арме­ния шабуыл­да­ры­на қар­сы соққы жүр­гіз­ген. 12 әзір­бай­жан­дық сар­баз қаза тауып, 1 тан­кі істен шыққан және «Ми-24» тікұ­шағын Арме­ния ҚК‑і атып түсір­ген. Екі мем­ле­кет ара­сын­дағы әске­ри қақты­ғы­стар Қара­бақтағы Агде­ре-Тер­тер-Агдам және Ход­жа­венд-Физу­ли жер­лерін­де жүріп жатыр.

Қазір­гі таң­да Әзір­бай­жан Қару­лы күш­тері Талыш елді мекенін Арме­ния әскері­нен азат еткен. Сон­дай-ақ шабуыл­дар Герен­бой ауда­ны мен Наф­та­лан қала­сын­да және Сей­сұлан елді мекенін­де де болған.

Әзір­бай­жан­дық БАҚ-тың мәлі­мет­терін­де дәл қазір атал­мыш елді мекен­дер­де әске­ри соғыс режі­мі енгізіліп, қару­лы қақты­ғы­стар­дың екін­ші кезеңіне дай­ын­ды­қтар жүр­гізіліп жатқа­ны айтылады.

Оңтүстік-кав­каз­дық екі мем­ле­кет ара­сын­дағы жан­жал­дар 1988 жыл­дан бері жалға­сып келеді. Тау­лы Қара­бақ пен оның құра­мы­на кіретін жеті аудан (бұл Әзір­бай­жан тер­ри­то­ри­я­сы­ның 20 пай­ы­зын құрай­ды – Ред.) Арме­ни­я­ның оккупациясында.

Ал 1994 жыл­дың мамы­рын­да екі тарап қару­лы қақты­ғы­стар­ды доға­ру және мәсе­лені бей­біт жол­мен шешу тура­лы келісім­дер­ге кел­ген. Содан бері ЕҚЫҰ-ның Минск тобы­на мүше Ресей, Фран­ция және АҚШ ара­сын­да келіс­сөз­дер жүр­гізіліп келеді. Әзір­ге бұл келіс­сөз­дер­дің ешбірінің нақты нәти­же­сі жоқ.

Арме­ния окку­па­ци­я­лаған Тау­лы Қара­бақ тер­ри­то­ри­я­сын Әзір­бай­жанға қай­та­рып беру тура­лы БҰҰ-ның 4 резо­лю­ци­я­сын Серж Сар­го­сян басқа­ра­тын мем­ле­кет әлі орындамаған.

Ресей­лік «gazeta.ru» басы­лы­мы­ның деректерін­де Әзір­бай­жан Қорға­ныс мини­стр­лі­гі Қара­бақ аумағын­да қару­лы қақты­ғы­старға жол бер­меу тура­лы бей­біт келісім­дер­ді Арме­ния ҚК 130 рет бұзған­ды­ғын айтқа­ны жазылған.

«Арме­ния қазір атал­мыш аумақта 60, 82 және 120 мил­ли­метр­лік мино­мет­тер мен үлкен калибр­лі пуле­мет­тер қол­да­нып жатыр», – дей­ді Әзір­бай­жан Қорға­ныс мини­стр­лі­гі бас­пасөз қыз­метінің бас­шы­сы Вагиф Дяр­гах­лы. Сон­дай-ақ Дяр­гах­лы мыр­за 200-ге жуық әзір­бай­жан­дық сар­ба­з­дың көз жұмға­нын теріс­ке шығарған.

Ал Арме­ния пре­зи­ден­ті Серж Сар­го­сян мыр­за 18 армян сар­ба­зы­ның Қара­бақтағы қақты­ғы­стар кезін­де опат болға­нын рас­таған. Бұл тура­лы ресей­лік «vesti.ru» сай­ты жаза­ды. Сар­го­сян мыр­за­ның айтуын­ша, Әзір­бай­жан ҚК Қара­бақ аумағын­да тан­кі және ауыр артил­ле­ри­я­ны қолданған.

Әзір­бай­жан­дық «Oxu.az» сай­ты­ның хабар­ла­у­ын­ша, Қара­бақтағы қақты­ғы­стар кезін­де қаза тапқан­дар ара­сын­да бей­біт тұрғын­дар да бар.

Әзір­бай­жан пре­зи­ден­ті Иль­хам Әли­ев Арме­ния тара­бы Минск келісім­дерін бұзға­нын және БҰҰ тер­ри­то­ри­я­лық тұта­стық тура­лы шеші­мін орын­да­май оты­рға­нын айтқан.

«Өкініш­ке орай, Арме­ния окку­па­ци­я­лаған Қара­бақ жерін қай­та­рып беру үшін бір­не­ше талап­тар қой­ып отыр. Біз барын­ша бей­біт жол­мен мәсе­лені шешу­ге бар күші­мізді сал­дық. Біз Әзір­бай­жан­ның тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғын сақтап қалу үшін бәріне дай­ын­быз. БҰҰ осы­дан 20 жыл бұрын Қара­бақты қай­та­рып беру тура­лы 4 резо­лю­ция қабыл­да­ды. Арме­ния осы­лар­ды әлі күн­ге дей­ін орын­даған жоқ», – дей­ді Әли­ев мырза.

«Нaqqin.az» сай­ты­ның мәлі­мет­теріне сүй­ен­сек, екі тарап ара­сын­дағы жан­жал­дың қай­та тұта­нуы­на күні кеше ғана АҚШ-та өткен анти­яд­ро­лық сам­мит себеп­кер болған. Әли­ев пен Сар­го­сян қатар қаты­сқан сам­мит­те Әзір­бай­жан пре­зи­ден­ті Арме­ни­я­ның БҰҰ шеші­мін орын­да­удан бас тар­тып оты­рға­нын ашық айтып, айып­таған. Осы­дан кей­ін Сар­го­сян өзінің қорға­ныс мини­стрі­мен кеңес өткіз­ген. Ал екін­ші күні Қара­бақта қақты­ғы­стар орын алған.

Тағы бір әзір­бай­жан­дық «trend.az» сай­ты­ның жазуын­ша, Тау­лы Қара­бақтағы қақты­ғы­стар­дың қай­та тұта­нуы­на Түр­кия пре­зи­ден­ті Тай­ып Ердоған мен Әли­ев­тің кез­де­суі себеп­кер болуы мүмкін.

Ердоған­ның Әли­ев­пен туы­стық қарым-қаты­на­ста екенін және Ердоған­ның Әзір­бай­жанға жылы қарай­ты­нын БАҚ біраз­дан бері айтып-ақ келеді. Тіп­ті түр­кі жұр­ты­ның ортақ арми­я­сын құру тура­лы иде­я­ны ұсы­нған Ердоған өз кезе­гін­де Түр­кия мен Әзір­бай­жан әскер бірік­тіретінін айтқан еді.

Түр­ки­я­лық «Anadolu.tr» басы­лы­мы­ның хабар­ла­у­ын­ша, Қара­бақтағы қақты­ғы­старға қаты­сты Түр­кия пре­зи­ден­ті Әли­ев­ке арнайы хабар­ла­сып, көмек қолын созуға дай­ын екен­ді­гін жет­кіз­ген. Бұл ақпа­рат­ты Әзір­бай­жан пре­зи­ден­тінің бас­пасөз қыз­меті де рас­тап отыр.

«Мinval.az» агент­ті­гінің хабар­ла­у­ын­ша, қазір­Пәкістан Рес­пуб­ли­ка­сы арнайы теле­грам­ма жол­дап, Тау­лы Қара­бақ жан­жа­лы­на бай­ла­ны­сты Әзір­бай­жанға әске­ри көмек көр­се­ту­ге дай­ын екен­ді­гін білдірген.

 

Қара­бақ жан­жа­лы Ресей­ге пайдалы

МАСЕЛЕНИН МАНИ КАРАБАХ ЖАНЖАЛЫ1Дәл осы тақы­рып­та болжам жасау қиын болға­ны­мен, Қара­бақ жан­жа­лы кім­дер­ге тиім­ді? Бажай­лап көр­сек, бұл соғыс бірін­ші кезек­те Вла­ди­мир Путин­ге пай­да­лы. Өткен жолғы Түр­ки­я­мен ара­да болған «Су-24» ұшағы­на қаты­сты оқиға­да Әзір­бай­жан Анка­ра­ның пози­ци­я­сын ашық қол­даған еді. Әрине, Кремль қожай­ы­ны бұған тиісін­ше жау­ап қай­та­руы керек-тін. Сон­ды­қтан Путин Түр­ки­яға кет­кен есесін Әли­ев арқы­лы алу­ды жөн көреді. Ердоғанға тіке­лей соғыс аша алмаған­ды­қтан, Арме­ни­я­ны қостап, Әзір­бай­жанға қар­сы қоюы да мүм­кін. Себебі Арме­ния – ЕАЭО-ға мүше, хри­сти­ан­дық Ресей­дің форпосты.

Екін­ші­ден, АҚШ пен Ресей ара­сын­дағы бәсе­ке­ле­стік­те Ресей тағы бір мәр­те жеңіліс тапқан еді. Сири­ядағы жан­жал­дар­ды бей­біт жол­мен шешу­де АҚШ дипло­ма­ти­я­сы жеңіс­ке жетіп, Ресей Асад елі­нен өз әскерін қай­та­рып алға­ны бел­гілі. Демек, Қара­бақ жан­жа­лын қай­та өршіту арқы­лы Кремль реванш алу­ды көздейді.

Сце­на­рий сол баяғы – Арме­ния Қара­бақта про­во­ка­ция жасай­ды, нәти­же­сін­де бір­не­ше бей­біт тұрғын қаза бола­ды. Арме­ния мен Әзір­бай­жан ара­сын­дағы жан­жал күшей­ген тұста Мәс­кеу ағай­ын­дық жасап, әскерін кір­гі­зу арқы­лы жағ­дай­ды рет­те­уші рөл­ге ие болады.

Сол сол-ақ екен, Әли­ев Вашинг­тон­да анти­яд­ро­лық кеңе­сте жүр­ген кез­де Арме­ния про­во­ка­ция жаса­ды. Алай­да Путин үлкен сенім біл­дір­ген Арме­ния Қару­лы күш­тері алға­шқы шай­қа­ста-ақ жеңіліп қал­ды. Арме­ни­я­ның Қара­бақта 20 жыл бойы құрған әске­ри күші Әзір­бай­жан­ның бірін­ші шабуы­лы­на төтеп бере алмады.

Сар­го­сян ақы­рын­да өзінің мәс­ке­улік қожай­ы­ны­нан көмек сұра­ды. Әзір­бай­жан алға­шқы жеңісін той­лап жатқан­да, РФ Қорға­ныс мини­стрі Сер­гей Шой­гу бірін­ші болып, одан кей­ін РФ СІМ Сер­гей Лав­ров бар, ақы­рын­да РФ пре­зи­ден­ті Путин­нің өзі теле­фон соғып, тарап­тар­ды соғы­сты тоқта­туға шақырды.

Бұл жер­де ресей­лік БАҚ-тың да рөлі басым еді. Қара­бақ жан­жа­лы қай­та тұтанған сен­бінің түнін­де ресей­лік БАҚ Қара­бақта жүр­ген еді (қан­дай жол­мен және соғыс ошағын­да ресей­лік БАҚ қалай жет­ті – бел­гісіз). Дез­ин­фор­ма­ци­я­лық сая­сат­ты жақ­сы ұстанған ресей­лік БАҚ ресей­лік про­па­ган­да­ны наси­хат­та­уға кірісті. Дәлірек айт­сақ, Қара­бақтағы қақты­ғы­старға АҚШ пен Ердоған­ды кінәлау бастал­ды. Бұл өз кезе­гін­де Укра­и­на дағ­да­ры­сын еске түсіреді.

Ал про­во­ка­тор­лық жасап, жан­жал­ды тұтан­ды­рған Арме­ния алға­шқы жеңілі­стен кей­ін Халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа шағым­да­нып, әзір­бай­жан­дық агрес­си­я­ны доға­ру­ды талап етті. Алай­да Сар­го­сян мыр­за соғы­стың Әзір­бай­жан тер­ри­то­ри­я­сын­да жүріп жатқа­нын ескер­ме­ген бол­са керек. Ал Әзір­бай­жан­ның мем­ле­кет­тік тер­ри­то­ри­я­сын­да Арме­ния арми­я­сы қай­дан жүр? Тағы бір пародокс.

Вашинг­тон­дағы Әли­ев пен АҚШ мем­хат­шы­сы Джон Кер­ридің кез­де­суін­де (анти­яд­ро­лық сам­мит аясын­да) Қара­бақ мәсе­лесі де сөз болған. Онда Тау­лы Қара­баққа қаты­сты АҚШ Әзір­бай­жан­ды қол­дай­ты­нын және мәсе­ленің бей­біт жол­мен шешілуіне күш сала­ты­нын жет­кіз­ген. «Біз Тау­лы Қара­бақтағы мәсе­ленің тез ара­да және бей­біт жол­мен шешілуін қалай­мыз. Қара­бақтағы жағ­дай­лар­ды және Әзір­бай­жан­ның тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғын сақтау үшін бірін­ші кезек­те келіс­сөз­дер жүр­гізілуі керек», – дей­ді Дж. Керри.

Неміс бун­дес­та­гы­ның депу­та­ты Марк Гауп­т­ман Тау­лы Қара­бақтағы қақты­ғы­старға қаты­сты мәлім­де­ме жасап, Әзір­бай­жанға қол­дау көр­се­тетінін айт­ты. «Гер­ма­ния және ЕО Арме­ни­я­ның Тау­лы Қара­бақты окку­па­ци­я­ла­у­ын заң­сыз деп тани­ды. Минск тобы­ның келісім­деріне сәй­кес, БҰҰ, ЕҚЫҰ және Еуро­па кеңесінің шеші­мін Арме­ния тез ара­да орын­да­уы тиіс», – деді ол.

Қазір­гі таң­да Тау­лы Қара­бақтағы жан­жал­дарға қаты­сты Әзір­бай­жан­ның пози­ци­я­сын қол­дап, Арме­ни­я­ны басуға шақы­рған мем­ле­кет­тер мен Халы­қа­ра­лық ұйым­дар мына­лар бол­ды: Түр­кия, Гер­ма­ния, Пәкістан, Гру­зия Әзір­бай­жанға әске­ри көмек көр­се­ту­ге дай­ын екен­дік­терін жет­кіз­се, Иран, Лат­вия, АҚШ және НАТО соғы­сты тоқта­туға шақы­рған. Соны­мен қатар Фран­ция, Укра­и­на, Ресей пре­зи­дент­тері Қара­бақтағы жан­жал­дарға қаты­сты пікір біл­дір­се, одақ­та­сы­мыз Бело­рус­сия пре­зи­ден­ті Алек­сандр Лука­шен­ко Әзір­бай­жан пре­зи­ден­ті­мен теле­фон арқы­лы сөй­лесіп, соғы­сты тоқта­туға шақырған.

Қара­бақтағы жан­жал­дар­дан кей­ін НАТО, ЕО, Еуро­па кеңесі және БҰҰ бас­шы­ла­ры да шұғыл кеңес өткізіп, қару­лы соғы­сқа жол бер­ме­удің, тер­ри­то­ри­я­лық дауды бей­біт жол­мен шешудің жолын іздестірген.

Орта Ази­ядағы түр­кі мем­ле­кет­тері Әзір­бай­жанға көмек­те­су­ге қауқар­сыз болған­ды­қтан, әзір­ге үнсіздік таны­ту­да. Осы­ған дей­ін Түр­кі­мен­стан пре­зи­ден­ті Бер­ді­мұ­ха­ме­дов Әзір­бай­жан­ды қол­дай­ды деген ақпа­рат­тың жалған екен­ді­гін айтып, ақта­лып үлгерген.

Ал 2014 жылы Арме­ния Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа кіретін кез­де Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Арме­ни­я­ның окку­па­ци­я­лаған тер­ри­то­ри­я­сы – Қара­бақ Арме­ния құра­мы­на кір­мей­тінін айтып, Әзір­бай­жан­ның тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғын қол­дай­ты­нын біл­дір­ген. Тіп­ті Назар­ба­ев ол кез­де Сар­го­сянға уль­ти­ма­тум қой­ып, егер ЕАЭО-ға мүше болғы­сы кел­се, Қара­бақты Әзір­бай­жанға қай­та­рып беруі керек екен­ді­гін айтқан еді.

Қазір қазақ пре­зи­ден­ті Куба­да ресми ісса­пар­мен жүр­ген­дік­тен, Қара­бақтағы қақты­ғы­старға қаты­сты қан­дай да бір мәлім­де­ме жасамаған.

Ал Қырғыз­стан осы­ған дей­ін Түр­ки­ядан гөрі Путин­нің инте­гра­ци­я­сы­на ынты­қты­ғын байқатқан.

Сон­ды­қтан Қара­бақтағы жағ­дай­да түр­кі жұр­ты­ның ынты­мағы сынға түсетіні тағы да рас.

Нұр­гел­ді

ӘБДІҒАНИҰЛЫ,

Abai.kz

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн