Суббота , 5 июля 2025

Жеріңе ИЕ БОЛ, ағайын!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (331) от 07 апре­ля 2016 г.

 

Даб­ыл!

 

Соны­мен, дүлей дағ­да­ры­сты сыл­тау қылған Қаза­қстан билі­гі жер­ді аук­ци­он арқы­лы көтер­ме сауда­мен де (оптом), бөл­шек­теп сатуға да шығар­ды. Енді ата-баба­дан мұра болған қаза­қтың қаси­ет­ті жерін ақша­сы қал­та­сын жарған кім көрін­ген сатып ала ала­ды. Оған жаңа­дан қабыл­данған Жер кодексі толық мүм­кін­дік береді.

Бұл айғақ­сыз ашу­дың сөзі емес. Өткен апта­да ғана бір ресей­лік ком­па­ния қой­на­уын­да 40 тон­на алтын бар деп жоба­ланған тұтас бір кені­шті сатып алды. Бірақ Жер кодексін­де сауда-сат­тық ашық өте­ді деген талап тағы да әдірам қал­ды: Қаза­қстан үкі­меті құра­мын­да 40 тон­на алты­ны бар жер­ді қан­шаға сатқа­ны белгісіз.

Әрине, әзір­гі әңгі­ме ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін жеке­ше­лен­ді­ру мәсе­лесі төңіре­гін­де жүріп жатыр. Бірақ сол жер­дің өзі жари­я­лы түр­де, әрі қатар­дағы ауыл тұрғын­да­ры­мен және тиісті аймақтар­дағы шаруа қожа­лы­қта­ры­мен жан-жақты талқы­лаған­нан кей­ін ғана аук­ци­он­дық саты­лы­мға шыға­ры­луы тиіс. Ал бұл талап­тың орын­да­луы Ақмо­ла және Қоста­най облы­ста­рын­да басталған аук­ци­он­дық талан-тараж­дың нәти­же­сін­де бел­гілі болады.

Ал енді қазақ жерінің пышақ үсті­нен үле­стіріліп алы­нуы­на үкі­мет қана кінәлі ме? Әлбет­те, Кәрім-ака Мәсі­мов басқарған үкі­мет­тің жау­ап­кер­шілі­гі бола­шақ босаң заман­да сот жүзін­де сұра­ла­тын шығар. Бірақ оның да айтар жау­а­бы алдын ала дай­ын бол­са керек: «Мен пре­зи­дент­тің жар­лы­ғын орын­даған бей­күнә бей­бақ­пын» деуі әбден мүмкін.

Енде­ше осы жер­дің тари­хи иесі – қазақ халқы қай­да қарап отыр? Күні кеше ғана атың өшкір пар­ла­мент­те Жер кодексі талқы­ла­нып, заң жоба­сы­на осын­дай оңбаған оға­шты­қтар енгізіліп жатқан­да, бас көтеріп, қар­сы­лық біл­дір­ген бір қазақ бол­ды ма? Менің есім­де­гісі – Қаза­қстан Фер­мер­лер одағы (ҚФО) және оның жетек­шісі Әуез­хан Дары­но­втың шыр-пыр болып, қолы жет­кен жер­дің бәріне хат жол­дап жатқа­ны ғана. Соны­мен бір­ге жер­ді аук­ци­он арқы­лы сатуға ЖСДП тара­пы­нан нара­зы­лық біл­діріл­ген мәлім­де­ме­ден басқа бір адам­ның ашу арқа­лап, алаңға шыққа­нын көрмеппін.

Ең өкіні­штісі – жер­ді сатуға қар­сы­лық біл­ді­ру мақ­са­ты­мен газет бетін­де жари­я­ланған бір­не­ше жари­я­ла­ны­мға: «Әй, мынау не болып бара­ды?!» деп, үн қосқан қазақ тағы да бол­ма­ды. Енді, міне, сол салғырт­ты­қтың, бей-жай бой­күй­ездік­тің, қаза­қи қара жалқа­улы­қтың нәти­же­сі мынау: жер аук­ци­он арқы­лы саты­лы­мға шыға­рыл­ды. Бұл – бұдан былай қаза­қтың жерін қытай да, қал­мақ та, орыс та, оңбаған да сатып ала береді деген сөз. Ал, мәсе­лен, қытай сатып алған егін­дік жер­дің асты­нан алтын шық­са ше? Орыс олжа­лаған жер­ден мұнай атқы­ла­са неме­се ата­уы әзір­ге бел­гісіз бай­лық бүгіп жат­са ше? Оның иесі кім болғаны?

Әрине, жер асты бай­лы­ғы – мем­ле­кет­тік мұра сана­ла­ды. Бірақ сол бай­лы­қты иге­ру үшін, біз өз жері­мізді жер иесі­нен кері сатып алуға мәж­бүр бола­мыз. Бұл әлгі «мем­ле­кет­тік мүд­де үшін» деген желе­умен Алма­ты­ны айнал­ды­ра жол салуға жеке мен­шік­тің жерін сатып алған сауда-сат­тық сияқты кезек­ті афе­ра­дан айны­ма­стың кері боп шыға келері сөзсіз.

Басты мәсе­ле – жер­ді аук­ци­он арқы­лы сату бары­сын­да ауыл­дың аху­а­лы, ондағы халы­қтың мүд­десі ескері­ле ме? Жоқ әлде бүгін­нің өзін­де ауыл­дың маңы алпа­уыт­тарға саты­лып кет­кен­дік­тен, қол­дағы бірер бас малы­на жай­ы­лым таба алмай оты­рған халы­қтың кебі ешкінің кеп­кен тулағын­дай тары­ла түсе ме?

Жемқор­лар жай­лаған елде осы сан­сы­раған сұрақтар­дың жау­а­бы біз уай­ым қылған­дай болып шық­па­сы үшін, жер-жер­де жүре бастай­тын аук­ци­он­дар­ды қатаң бақы­ла­у­ға алу қажет. Бұл ком­пью­тер­дің түй­месін түр­тіп оты­рған­да, кәл­ләға келе қалған ой емес. Был­тыр Жер кодексі талқы­ға түсіп жатқан кез­де ҚФО-дан хат алған едік. Сон­да жер тағ­ды­рын уай­ым қылған Дары­нов мыр­за былай депті:

«Бұл рет­те «Бәке», «Сәке», «Мәке» және тағы басқа жалы­қты­рған ада­ми фак­тор­лар­ды бол­дыр­мау үшін, сауда-сат­ты­қтар жари­я­лы түр­де, элек­трон­ды фор­мат­та өтуі тиіс. Жер рефор­ма­сы бары­сын­да жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар фер­мер­лер­ге қысым жаса­уда қосым­ша тұтқаға ие бола­тын­ды­ғын, бұл ұждан­сыз шене­унік­тер­ге ыңғай­лы мүм­кін­дік екен­ді­гін біздің бар­лы­ғы­мыз түсі­не­міз. Құқық қорғау орган­да­ры­на аса үміт­тен­бей­міз, өйт­кені олар мұн­дай жағ­дай­лар­да озбыр­лы­ққа «көз­дерін жұма­ды», тіп­ті кей­де оған қаты­са­ды да. Жал­пы, тәжіри­бе көр­сетіп оты­рған­дай, фер­мер­лер­дің жоға­ры­ға жүгі­нуі еш нәти­же бер­мей­ді, шағым­дар қай­та­дан сол фер­мер­лер­ге қысым жасап оты­рған­дарға ора­ла­ды. Мұның бәрі жора­мал қорқы­ны­шты оқиға­лар емес, нақты өмір­де болып жатқан жайт. Осы­ның бәрі тура­ла­нуы тиіс», – деген екен Әуез­хан Дарынов.

Ол талап­тар кодекстің көлең­кесін­де қалай «тура­ланға­нын» итпен иіс­кеп білу қиын шығар. Деген­мен, алға­шқы аук­ци­он­дық саты­лым­дар бары­сын­да сауда-сат­ты­қтың кем-кеті­гі көріне баста­уы тиіс. Сон­ды­қтан үйін­де бүк түсіп жатқан қазақ бір уақ бой­ын тік­теп, аук­ци­он­ның айла-шарғы­сын аңдап оты­рға­ны жөн болар еді. Әгәр­кім, әлдебір әңгүдік әре­кет бай­қал­са бол­ды – даб­ыл қағу қажет. Дауы­сы дала­дан асып, қалаға – тиісті орын­дарға жет­пей­тін­дер бол­са, біздің газет­ке хабар­ла­суға бола­ды. Алма­ты­дағы қала­лық теле­фо­ны­мыз – 385−47−80. Элек­трон­ды пошта­мыз – [email protected] екенін еске саламыз.

Егін­дік түгілі, жай­ы­лым­дық пен шап­па­лық жерің­нен айы­рыл­саң, айда­ла­да қалға­ның – қалған, қазақ! Салғырт­ты­қтан сыты­лып шығып, ауы­лы­ң­ның маңы­на ие бол! Біздің газет сіз­дер қаққан даб­ыл­ды жал­пақ жұр­тқа, Ақор­да­ның айна­ла­сын­дағы аук­ци­он­шыл ағай­ын­дарға жет­кізу­ге даяр.

Ермұрат БАПИ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн