Воскресенье , 20 апреля 2025

Димаш Құдайбергенов: Қазағымның көңілінен шығу – МЕН ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН БАҚЫТ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (331) от 07 апре­ля 2016 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

– Димаш, жуы­қта сіздің әлем­дік тур­не­ге шыға­ты­ны­ңыз жөнін­де бір хабар болған еді. Осы кон­церт­тік сапар­дың жай-жап­са­ры жөні­нен сұх­ба­ты­мы­зды бастасақ…

– Иә, бір апта ішін­де Еуро­па елдерінің үш қала­сы­на барып үлгер­дім. Сло­ве­ни­я­ның – Мари­бор, Австри­я­ның – Вена қала­сын­да және Сер­би­ядағы Бел­град­та өнер көр­сетіп қайт­тым. Бұл Қаза­қстан­ның Халық әртісі, әйгілі скрип­ка­шы Айман апай Мұсақо­жа­е­ва­ның баста­уы­мен өткен мере­келік кон­церт­тер бола­тын. Еуро­па бізді жақ­сы қар­сы алды. Бір меце­нат кісі Сер­бия елін­де жеке шығар­ма­шы­лық кешім­ді өткіз­гісі келетіні жай­ын­да ұсы­ныс жаса­ды. Бұй­ыр­са, алдағы уақыт­та шет мем­ле­кет­тер­ге кон­церт беру жос­па­рым­да бар. Бес күн­нен кей­ін алға­шқы тур­нем­ді Орал қала­сы­нан бастаймын.

– Сол Еуро­па­дағы кон­церт­тер­де «Дай­ди­да­уды» айт­ты­ңыз ба? Шетел­дік­тер қаза­қтың бұл әнін қалай қабылдады?

– «Дай­ди­дау» әнін есті­ген халық мені бір­ден танып жат­ты. Басқа­ларға қараған­да, осы «Дай­ди­да­уды» ерекше қабыл­дай­ды. Және «Сла­вян­ский базар-2015»-те жеңіс әкел­ген фран­цуз тілін­де­гі «D’un Terrien En Detresse» әнін орындадым.

– Бұған дей­ін қаза­қтан әлем­дік гастроль-кон­церт­ке қаты­сқан әнші болған-бол­маға­ны есім­де жоқ. Шама­сы, бол­маған сияқты. Енде­ше біздің елдің Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гі мен ақпа­рат-наси­хат құрал­да­ры әлем­дік аре­на­ны ара­лап шыға­тын жалғыз қазақ тура­лы жет­кілік­ті жазып жатыр деп ойлай­сыз ба?

– Барын­ша қол­дау көр­сетіп жатыр. Егер бұл өзім­нің жеке шығар­ма­шы­лық кешім бол­са, жария салып айтуға бола­тын еді. Аста­на­дағы «Шабыт» ұлт­тық өнер ака­де­ми­я­сы­ның ұйым­да­сты­руы бой­ын­ша барған мере­келік кон­церт болған соң, бел­гілі бір дең­гей­де айты­лып жатыр. Бұған еш рені­ші­міз жоқ.

– Бел­гілі зерт­те­уші, музы­ка­та­ну­шы-ғалым Берік Жүсіп: «Бұған дей­ін «Дай­ди­да­уды» сон­ша­лы­қты бір кере­мет ән деп ойла­мап едім…» деп жазған еді (abai.kz). Бұл, шама­сы, орын­да­у­шы­ның кере­мет­ті­гіне таң­да­ны­стан туған пікір бол­са керек. Ал сіз тағы қан­дай халық әндерін жаңа­ша қыры­нан таны­туға дай­ын­дап жүрсіз?

– Халық әнін орын­дау, оны шетел­ге наси­хат­тау – әр өнер­паз­дың пары­зы. «Дай­ди­дау» – менің өнер­де­гі «визит­тік кар­точ­кам». Біраз жыл өтсе де, кей­ін ол қор­жы­ным­дағы ең сүй­ік­ті әнім болып қала береді. Бола­шақта репер­ту­а­рым­ды тағы халық әндері­мен толы­қты­ра­тын бола­мын. Алдағы уақыт­та Ақан Серінің «Қара­торғай» әнін жазу­ды жос­пар­лап жүр­мін. Сәл жан­дан­ды­рып орын­дағым келеді. Деген­мен, әннің өзіне тән қаза­қы коло­ри­тін кетіріп алма­сам екен деп уай­ым­дай­мын. Біздің көп әншілер­дің қателі­гі, әсіре­се жастар халық әндеріне өзгеріс енгі­зе­мін деп, түбе­гей­лі әуенін бұзып жата­ды. Ең алды­мен әннің коло­ри­тін сақтап қалу керек.

«Дай­ди­дау» әнінің түп­нұсқа­сын есті­ген болар­сыздар? Ол жер­де «куль­ми­на­ция» жоқ негізі. Егер бай­қа­уда сол бой­ын­ша орын­даға­ным­да, жұр­тқа ән қат­ты ұнай қой­мас еді деп ойлай­мын. Коло­рит­тен алы­сқа ұза­май, сәл өзгеріс енгіздік. Негізі, шетел­ге кон­церт­ке барған әр өнер­паз ең алды­мен өзінің салт-дәстүрін, халқы­ның мінезін көр­се­тетін әндер­ді орын­дау керек. Сол кез­де ғана жеңіс­ке жете ала­ды. Еуро­па сти­лін­де­гі зама­на­уи әндер­ді орын­дап, біз шетел­дік­тер­ді таң­дан­ды­ра алмаймыз.

– Бірақ қазір­гі кез­де қаза­қстан­дық эст­ра­да жұл­ды­зда­ры еуро­па­лық стиль­ге көшіп жатыр…

– Бұл үлкен қателік. Иә, ол әндер­ді Қаза­қстан­ның ішін­де орын­да­уға бола­ды. Бірақ шетел­ге шыққан кез­де қаза­қтың халық әнін бірін­ші оры­нға қой­са деймін.

– Димаш, сізді өте қара­пай­ым жігіт, «жұл­ды­здық» дерт­тен ада әнші деген сөз­дер ести­міз. «Сла­вян базары-2015»-те бәй­ге алған­нан кей­ін, дәстүр­лі мақтан­шақ, даңға­за қазақ сияқты сіздің «кеудеңіз­ге нан пісіп» кет­пе­генін қалай түсіндіресіз?

– Көтер­ме сөзіңіз­ге үлкен рах­мет! Бұл әр адам­ның тәр­би­есіне, сана­сы­на бай­ла­ны­сты деп ойлай­мын. Атам мен әжем, ата-анам маған дұрыс тәр­бие бере алды. Бірақ өзім­ді «кере­мет тәр­би­елі бала­мын» деп те айт­пай­мын. Өйт­кені менің де кем­шін тұста­рым бар. Кей­де жасты­қтың буы­мен «тен­тек­тік» жасап қоя­тын кез­дерім болады…

Жұл­дыз – тек аспан­да бола­ды, ал жер­де­гі пен­денің бәрі бір­дей. Ешкім бір-бірі­нен артық та, кем де емес. Адам осы­ны жадын­да ұста­са, сіз айтқан­дай, «кеудесін­де нан пісу­ден» аман бола­ды. Ал азған­тай жетісті­гіне марқай­ып, «осы­мен тол­дым, бол­дым» дей­тін бол­са, ары қарай ізде­ну­ден қала­ды, «жұл­дыз ауруы­на» шал­ды­ға­ды. Бұл «дерт­тен» ада болуым­ның да өз себебі бар. Бір­де сүй­ік­ті әншілері­ме аман­да­суға барған мен олар­дың жағым­сыз қылы­ғын көр­ген­де, жағам­ды ұста­дым. Есім­дерін айт­пай-ақ қояй­ын, сол кісілер­ден көңілім қалған­нан кей­ін көкіре­гі­ме ой түй­дім: ешқа­шан да халы­қтан аспау керек деген.

– Бәл­кім, сол қара­пай­ым­ды­лы­қтың бел­гісі болар, жуы­қта әле­умет­тік желі­де кон­цер­тіңіздің билетін жар­на­ма­лап түс­кен сурет­теріңіз жүр­ді. Бел­гілі әнші Диа­на Шара­по­ва шығар­ма­шы­лық кешінің билет­терін өзі сатуға мәж­бүр. Сіз­де қалай, билет­теріңіз ойдағы­дай саты­лып жатыр ма?

– Кон­церт­тің бар­лық билет­тері өтіп кет­ті. Ешкім­ді билет алуға үгіт­теп жатқан жоқ­пыз, бәрі өз қала­у­ы­мен сатып алу­да. Халы­қты кон­церт­ке күш­теп жина­уға қар­сы­мын. Жеке кешім­де өнерім­ді шын жүре­гі­мен сүй­етін тың­дар­ман­ды ғана көр­гім келеді. Зал­да дау­сы­ң­ды, бол­мысы­ң­ды жақтыр­май­тын­дар­дың болға­ны көңіл-күй­іңді бұза­ды. Ондай­да ән айтқан­нан ләз­зат алмай­сың, сахна­да өзіңді еркін сезі­ну­ден қаласың.

Диа­на Шара­по­ва ханым­ның билет сатып жүр­генін өз көзім­мен көр­ме­ген соң, анау-мынау дей алмай­мын. Ол кісі осы күн­ге дей­ін қаза­қтың атын шыға­рып кел­ген өнер­паз. Өз басым Диа­на апай­ды кере­мет әнші деп білемін.

– Сізді ел-жұрт «Казах­стан­ский Витас» атап жүр. Басқа біре­уді қай­та­лап жүр­мін деп ойла­май­сыз ба?

– «Казах­стан­ский Витас» деп ең алғаш «Рос­сия» кана­лы атаған бола­тын. Бұл «теңеу» кей­ін­нен біз­ге де жет­ті. Мен Вита­сты қай­та­лап жүр­ген жоқ­пын. Бірақ ұқса­тып жат­са, еш рен­жі­мей­мін. Витас ол – Витас, Димаш ол – мүл­дем бөлек адам. Кей­де «неге ұқса­та береді» деген ойлар келіп, сәл қын­жы­ла­мын. Иә, ол – күл­лі әлем­ді мой­ын­датқан әнші. Кең дауы­сы бар болға­ны­мен, ол халық әнін айта алмай­ды. Оның да, менің де өзі­міз­ге тиесілі осал тұста­ры­мыз бар. Еке­уміз екі түр­лі адам­быз. Егер мені Нұр­лан Өнер­ба­ев, Жұба­ныш Жек­сенұ­лы сын­ды аға­ла­ры­мы­зға ұқса­тып жат­са, шын жүрек­тен қуа­нар едім. Әрине, оры­стың әртістерін тың­дай­мыз, сый­лай­мыз. Бірақ мен үшін оры­стың бір­де-бір әншісі қаза­қтың бұлбұл­да­ры­на тең кел­мей­ді. Мені кім­ге ұқса­тып, қан­дай баға бер­се де, халық өзі біледі. Ең басты­сы – қаза­ғым­ның көңілі­нен шық­сам болға­ны. Сол мен үшін ең үлкен бақыт, шексіз жетістік.

– Сіздің инста-парақ­шаңы­зда бір оқыр­ман­ның: «Мен осы бала­ның ән айтқа­нын түсін­бей­мін – айқай­лай ма, шыңғы­ра ма – түсін­гім-ақ келеді. Бірақ…» деген жаз­ба­сы жүр. Жал­пы, жұрт­шы­лы­ққа түсін­діріп қой­ған артық бол­мас: сіздің орын­да­у­шы­лық сти­ліңіз қандай?

– Мақтанға­ным емес, бірақ инста-парақ­шам­да мұн­дай пікір­лер өте аз кез­де­седі. Тір­ке­лу­шілер көбіне өнері­ме қызы­ғу­шы­лы­қта­рын таны­тып жата­ды. Жағым­сыз пікір жаза­тын аға-әпке­лері­ме, заман­даста­ры­ма еш рен­жі­мей­мін. Көңілі­ме алғым да кел­мей­ді. Өйт­кені әркім­нің өз қала­уы, өз сүй­ік­ті әншісі бар. Ең басты­сы – мен өз мақ­сат­та­рым­ды жүзе­ге асы­рып жүр­мін. Әрбір жетісті­гі­ме ата-анам қуа­нып жатыр. Сол кісілер­дің қуа­ны­шы үшін көп нәр­се­лер­ге баруға дай­ы­н­мын. Негізі, мен А.Жұбанов атын­дағы музы­ка­лық кол­ле­дж­дің опе­ра әншісі маман­ды­ғын бітір­ген­мін. Қазір­гі таң­да «Шабыт» ұлт­тық өнер ака­де­ми­я­сын­да вокал­да оқи­мын. Әнді жан­дан­ды­ру, жан-жақты шебер­лік­пен орын­дау – біздің ең басты мақ­са­ты­мыз. Кей­бір заман­даста­ры­мыз осы­ны дұрыс түсін­бей жата­ды. Өйт­кені талға­мы басқа. Алла дауыс бер­ген екен, енде­ше өз сәтін­де соны пай­да­ла­нып қалу керек деп ойлай­мын. Іште қай­наған өнер­ді қалай жауып таста­уға болады?!

– Шетел­ге гастроль­дік сапарға жиі шығып жүр­сіз: өз Қаза­қста­ны­ңы­зды, елді өзге­лер­мен салы­сты­рып көр­діңіз бе? Біз шыны­мен де «дамы­ған 30 елге» таяп қалып­пыз ба?

– «Өз үйім – өлең төсе­гім» демек­ші, шетел мың жер­ден кере­мет болға­ны­мен, Қаза­қстан­ның Аста­на мен Алма­ты қала­ла­ры­на жет­пей­ді екен. Көп­те­ген елдер­де бол­дым, туған жерім­нен асып түсе алмай­ды. Әр елдің өзіне тән жақ­сы тұста­ры бар. Кей­бір елде ғима­рат­тар әде­мі бол­са, енді бір мем­ле­кет­те сән әле­мі дамы­ған болуы мүм­кін. Бұрын мен де «басқа мем­ле­кет­тер­дің жағ­дайы біз­ге қараған­да жақ­сы ғой» деп ойлай­ты­н­мын. Олай емес екен…

– Сізді сахна саңлақта­ры­нан бастап, қара­пай­ым тың­дар­манға дей­ін «Сирек кез­де­сетін дауыс», «Нағыз талант­ты әнші» деп мақтап жата­ды. Бұл кім­нен жұққан құдірет?

– Халық білетін шығар, ата-анам Қанат пен Све­та Айт­ба­ев­тар да – өнер адам­да­ры. Маған дауыс сол кісілер­ден беріл­ген. Құдай­дың бой­ы­ңа дары­тқан талан­ты­мен ғана өмір сүру өте қиын. Оны шың­дап, ары қарай дамы­та түсу керек. Осы тұста кезін­де ана­ма сабақ бер­ген Марат Олжа­бай­ұ­лы Әйте­нов деген кісінің еңбе­гін айтып өткім келеді. Сол кісі­ден сабақ алған­мын. Және қазір­гі таң­да Қазақ Ұлт­тық өнер уни­вер­си­тетін­де Май­ра Дәу­лет­бақ деген тама­ша ұста­зым­нан дәріс ала­мын. Дау­сым­ды бір фор­ма­да ұста­уы­ма көп көмектесті.

– Ата-анаңыз Қанат пен Све­та Айт­ба­ев­тар­ды халық Димаш арқы­лы таны­ды деген пікір бар. Оған үлкен Құдай­бер­ге­но­втер реніш таны­тып жүр­ген жоқ па?

– Жоқ, олар мен арқы­лы таныл­ды деп айта алмай­мын. Димаш Құдай­бер­ге­нов болып жүр­генім – сол кісілер­дің еңбе­гінің арқа­сын­да. Олар маған дей­ін талай сахна­ның табал­ды­ры­ғын тозды­рған әншілер. Жетісті­гі­ме қуан­ба­са, ешқа­шан рен­жі­мей­ді. Атам мен әжем­нің, ата-анам­ның қол­да­уы­мен музы­ка­лық мек­теп­ке бара алдым. Содан Оқу­шы­лар сарай­ын­да, музы­ка­лық кол­ле­дж­де үздік деген ұста­здар­дан білім алдым. Жал­пы музы­ка­лық бағыт­та жақ­сы шың­да­луы­ма ата-анам себеп­кер бол­ды. Маған әрдай­ым бағыт-бағ­дар, кеңес беріп оты­ра­ды. Әкем Ақтө­бе облы­стық Мәде­ни­ет басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы, анам облы­стық мәс­ли­хат­та қыз­мет істей­ді. Сол себеп­тен де кей­де олар­дың сахнаға шығуға мүм­кін­шілік­тері бол­май қалады.

– Өзіңіз­дей әнші-сері жігіт­ке сезі­мін біл­діріп, маза­лай­тын ару­ла­ры­мыз көп шығар?

– Әрине, онсыз бол­май­ды… (күл­ді). Бірақ одан бұрын өнері­ме деген сүй­іспен­шілі­гін біл­діріп жат­са, қат­ты қуа­нар едім. Сезі­мін біл­діру­ші бой­жет­кен­дер­ге рах­мет­тен басқа айта­рым жоқ. Әде­мі қыздарға қалай рен­жу­ге бола­ды? Ең басты­сы көңіл­ге тиетін ауыр сөз­дер айт­па­са екен деп тілей­мін. Өйт­кені біз де адам­быз. Кей­де жүрек­ке жақын қабыл­дап қоя­ты­ны­мыз бар.

– «Арма­ным – ауыл­дың қызы» деп­сіз бір жер­де. Қия­лы­ңы­здағы ауыл­дың аруын жолы­қты­ра алды­ңыз ба?

– Әншінің жеке өмірі­нен гөрі өнеріне қызы­ғу­шы­лық таны­та­тын­дар көп бол­са, жақ­сы болар еді. Жиыр­ма жастағы жігіт­те қан­дай жеке өмір бол­сын? Бола­шақта ақыл тоқта­тып, ошақ басы­ның тіре­гін ұстай­тын­дай жасқа кел­ген­де, ештеңені жасыр­май айта­тын бола­мын. Он жыл­дан кей­ін ойым басқа болуы да мүм­кін. Ауыл­дың қызы­на деген сүй­іспен­шілі­гім­нің өшпе­генін қалай­мын. Қала бой­жет­кен­дерінің көңіліне тиіп қал­ма­сын. Бірақ ауыл­да жүріп, ата-ана­ның тәр­би­есін көр­ген қыздар­дан жаман­дық күт­пе­у­ге бола­ды. Сон­ды­қтан әзір­ге қала­у­ым – ауыл­дың қызы.

– Біраз бай­қау, фести­валь­дар­дың басын шалып таста­ды­ңыз. Енді бағын­ды­ра ала алмай жүр­ген қан­дай беле­стеріңіз қалды?

– Әлем­ге аты шулы «Евро­ви­де­ние» бай­қа­уы­на қаты­сқым келеді. Өз тара­пы­мы­здан бай­қа­уға қаты­суға өтініш жіберіп те қой­дық. Жау­ап күту үстін­де­міз. Айман Қожа­бекқы­зы мені бай­қа­у­ларға ары-бері сүй­реп, жүгіріп жүр. Осын­дай әпке­лерім бар кез­де көш­тен қалып кет­пей­мін деп ойлай­мын. «Евро­ви­де­ние» бол­май жат­са, онда «THE VOICE, AMERICA GOT TALENTS» деген әйгілі жобаға қаты­су ойым­да бар. Бірі бол­ма­са, бірі болар деп күтіп отырмыз.

– Өнеріңіз өрлей бер­сін, Димаш! Алдағы уақыт­та «Евро­ви­де­ние» бай­қа­уы­нан көрейік!

Сұх­бат­тасқан –

Анар АНАПИЯЕВА

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн