Суббота , 5 июля 2025

Қазақ ұлттық мемлекетінің ТҰҢҒЫШ БАСШЫСЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (331) от 07 апре­ля 2016 г.

 

Әли­хан Бөкей­ха­нов – 150

(Жалға­сы. Басы газет­тің өткен санында)

 

Жер-жер­де­гі пат­ша әкім­шілік­тері «17 қазан мани­фесін» халы­қтан барын­ша жасы­руға тыры­сқан еді, сон­ды­қтан да жаңа толқу­лар бой көр­сет­ті. 1905 жыл­дың күзін­де Қарқа­ра­лы­да үйездік кең­се алдын­да қалың ел қаты­сқан үлкен жиын өтті. Соңы көше-көшені ұран­да­та ара­лаған ірі демон­стра­ци­яға ұла­сты. Сол митин­гі­ге, Әли­хан Бөкей­ха­но­втың аны­қта­ма­сы­на қараған­да –«қара­жүздік­шілер­мен қыз­мет­тес болғы­сы кел­ме­ген­дік­тен, бостан­дық күн­дері доға­ры­сқа шыққан» миро­вой судья (негізі­нен ұсақ басбұ­зар­лық және аза­мат­тық істер­ді қарай­тын судья), шешен­ді­гі мен қоғам­дық-сая­си бел­сен­ділі­гі арқа­сын­да жұр­тқа тез таны­мал болған Жақып Ақпа­ев қатысты.

 

Бұл оқиға­ны Қарқа­ра­лы үйезінің басты­ғы Омбы­ға, Дала гене­рал-губер­на­то­ры кең­сесіне жол­даған ақпа­рын­да «бүлік», «тәр­тіп­сіздік» деп баға­лап, бұра­та­на­лар­ды жуа­сы­ту үшін көмек­ке әске­ри жасақ жіберілуін сұра­ды. Пат­ша чинов­ни­гінің осы­нау аран­да­ту­шы­лы­ққа тұнған жәді­гөй­лі­гін Әли­хан Бөкей­ха­нов «Степ­ной край» газеті бетін­де: «Қазақ халқын біл­мей­тін, оның, өкініш­ке қарай, сатра­пи­яға айнал­ды­ры­лған дала­сын біл­мей­тін қыл­мыс­кер адам­дар ғана осын­ша жеңіл­тек ой пішеді! Оссов­ский­дің әлдеқан­дай «бүлік» жөнін­де­гі доне­се­ни­есі – шып-шылғи өтірік», – дей келіп, халы­қтан Мем­ле­кет­тік тәр­тіп­ті жетіл­ді­ру жай­ын­дағы мани­фе­сті (пат­ша­ның 17 октябрь­де­гі мани­фесін) жасы­руға тыры­сқан, одан толқу­лар сырын бұр­ма­лаған пат­ша әкі­мінің жымысқы әре­кетін батыл әшкереледі.

Қаза­қтар­дың Ресей­де­гі бостан­дық үшін алы­сқан күрес­кер­лер­дің ардақты есім­дерін әзір­ге біл­мей­тінін, бірақ олар­дың Пестель сын­ды дарға асы­лған декаб­ри­стер­ден бастап, Шлис­сель­бург қама­лы­ның қазір­гі таң­дағы тұтқын­да­ры­на шей­ін­гі аза­ткер­лер­ді ұза­май-ақ танып-біліп ала­ты­нын, яғни олар­дың да алып импе­ри­я­ны шай­қай бастаған рево­лю­ци­я­лық қозға­лы­стың бел­сен­ді қаты­су­шы­сы бола­ты­нын сенім­ді түр­де жария етті. «Әмір­шіл құры­лы­стың қабір­шілері, қыл­мыста­ры­ң­ды көбей­те бер­мең­дер! Сен­дер­дің күн­дерің тау­сы­лып келеді. Сен­дер­мен біз оры­стың өкілет­ті жина­лы­сын­да есеп айы­ры­са­мыз!» – деген сөз­дер­мен қал­тыл­дап тұрған жүйе қыз­мет­шілеріне қаһар­лы ескер­ту жасады.

Қазақ ара­сын­дағы бірін­ші орыс рево­лю­ци­я­сы оятқан жаңа тұр­пат­ты сая­си қозға­лы­сты жан­дан­ды­руға Бөкей­ха­нов осын­дай уыт­ты пуб­ли­ци­сти­ка­лық мақа­ла­ла­ры­мен әрдай­ым қызу атса­лы­сып жүр­ді. Жоға­ры­да аталған Қарқа­ра­лы демон­стра­ци­я­сы­на орай Омбы­дан шығуы ықти­мал жаза­ла­у­шы экс­пе­ди­ци­я­ның жасақтал­мауы­на ол мерзім­дік басы­лым­дар арқы­лы тиісті қоғам­дық пікір туғы­зу, сон­дай-ақ зем­ство съезінің Мәс­ке­уде­гі бюро­сын хабар­дар ету жолы­мен ықпал етті. «Бостан­дық күн­дерін­де» түр­лі жиын­дар­дың шақы­ры­луы­на ұйы­тқы болып, жұмыста­ры­на қаты­сып жүр­ді. Зем­ство және қала қай­рат­кер­лерінің қара­ша­да өткен Мәс­кеу съезіне барып, «4,5 мил­ли­он­дық қазақ халқы аты­нан» пат­ша­лық режим­нің қыл­мыста­рын әшке­ре­ле­ген сөз сөй­леді. Бес қазақ облы­сы­нан кел­ген өкіл­дер­мен Орал қала­сын­да бас қосып, ұлт­тық-сая­си пар­тия құру жай­ын ақыл­да­сты. Тәжіри­белі қоғам қай­рат­кері, қала­мы жүй­рік пуб­ли­цист, бел­гілі ғалым адам­ның осын­ша бел­сен­ділік­пен сая­си жұмыстар жүр­гі­зуі жан­дар­ме­рия наза­ры­нан тыс қал­ма­ды, оның жүр­ген-тұрған ізін аңдып, қауіп­ті тұлға ретін­де ұдайы бақы­ла­уда ұстады.

Әли­хан Бөкей­ха­нов жұмысы­на қаты­сып жүретін зем­ство одағы қай­рат­кер­лерінің мұрын­дық болуы­мен, 1905 жыл­дың 12–18 қаза­нын­да Санкт-Петер­бург­те өткен құры­л­тай­шы съез­де жаңа сая­си пар­тия –кон­сти­ту­ци­о­на­лист-демо­крат­тар (кадет­тер) пар­ти­я­сы шаңы­рақ көтер­ген. Бұл оқиға әйгілі «17 қазан мани­фесінің» дүни­е­ге келуі­мен тұс­па-тұс орын алды.Одан пат­ша сол жылғы 11 жел­тоқ­сан­да шығарған жаңа пәр­мені­мен 6 тамы­зда қабыл­данған «Мем­ле­кет­тік дума сай­ла­уы тура­лы ере­жені» өзгер­тіп, қосым­ша ере­же­лер бекітті.

Бұл «17 қазан мани­фесін» дамы­ту орай­ын­да жасал­ды. Қаза­қтар­дың да Мем­ду­маға депу­тат болып сай­ла­нуы­на заң­ды мүм­кін­дік туды. Ұлт зия­лы­ла­ры жер-жер­де осы­нау жаңа жағ­дай­ды ұтым­ды пай­да­ла­ну жай­ын бас қосып ақыл­да­су­ды қолға алған. Сон­дай мақ­сат­пен Семей­де ашыл­мақ облы­стық съез­ге бара жатқан жолын­да Бөкей­ха­но­вты жан­дар­ме­рия қолға түсіреді. 1906 жылғы 8 қаңтар­да Ямы­ше­во посел­кесін­де (Тұзқа­ла­да) тұтқын­дай­ды да, Пав­ло­дар түр­месіне оты­рғы­за­ды. Содан жан­дарм басқар­ма­сы оны тер­ге­усіз, сот­сыз төрт айға жуық абақты­да ұстай­ды. Өйт­кені осы­нау үкі­мет­ке сенім­сіз, ойы бөтен, бұра­та­на­лар ішін­де беделі зор тұлға­ны Мем­ле­кет­тік думаға депу­тат сай­лау науқа­ны­нан оқша­у­лау мақ­сат етіл­ген еді.

Алай­да пат­ша түр­месі ұлт­тық қозға­лыс сер­кесінің халық ара­сын­дағы абы­рой­ын арт­ты­ра түсті. Ел-жұрт оны сырт­тай-ақ бір болы­стан выбор­щик (сай­ла­у­ға қаты­су үшін бір қауым ел аты­нан таң­дап жіберіл­ген өкіл) етіп сай­ла­ды. Сол себеп­ті қан­ша қала­маған­мен, пат­ша әкім­шілі­гі Әли­хан Нұр­мұ­ха­медұ­лы Бөкей­ха­но­вты 1906 жылғы 30 сәуір­де түр­ме­ден шығар­ды. Ал мау­сым айы­ның басын­да Семей­де өткен выбор­щик­тер жина­лы­сы оны Мем­ле­кет­тік думаға депу­тат етіп сайлады…

 

Мем­ле­кет­тік дума жұмысы­на қаты­су үшін Санкт-Петер­бург­ке жүрер қар­саң­да, 1906 жылғы 21 мау­сым­да, Бөкей­ха­нов Семей­дің қалың жұрт­шы­лы­ғы­мен кез­десіп, сөз сөйледі.Сөзінде ол жыл басын­да өткен екін­ші съезін­де «Халық бостан­ды­ғы пар­ти­я­сы» делі­нетін қосалқы ата­лым алған кадет­тер пар­ти­я­сы­ның бағ­дар­ла­ма­сын тарқа­та айт­ты, осы сая­си ұйым­ның азаттық үшін күре­сте­гі маңы­зды орны­на көп­тің наза­рын аудар­ды. Өйт­кені өзінің күл­лі сая­си қыз­метін Әли­хан Нұр­мұ­ха­медұ­лы кадет пар­ти­я­сы­ның ұста­ны­мы ауқы­мын­да жүр­гіз­ген­ді жөн көретін.

Ол импе­рия аста­на­сы­на алып-ұшып жет­кен­де, Таврия сарай­ын­да дуыл­даған дебат­тар кенет­тен тоқта­ты­лар сәт те тақалған еді. Жұмысын қазақ дала­сын­дағы сай­лау науқа­ны баста­лар­дан бұрын, 1906 жылғы 27 сәуір­де бастаған Дума­да пат­ша үкі­метіне жақ­пай­тын мәсе­ле­лер қара­лып, шын мәнін­де­гі рево­лю­ци­я­лық шешім­дер қабыл­да­на бастаған. Сон­ды­қтан да 72 күн жұмыс істеп, 40 пле­нар­лық мәжіліс, комис­си­я­лар­дың 18 оты­ры­сын өткіз­ген, мини­стр­лер­ге 261 депу­тат­тық сұрау салу жол­даған І Мем­ду­ма­ны импе­ра­тор «қоға­мға тыны­штық әке­лудің орны­на ала­са­пы­ран­ды­қты тұта­тып отыр» деген желе­умен 1906 жылғы 8 шіл­де­де арнайы мани­фест шыға­рып, тарқа­тып жібер­ді. Пат­ша пәр­меніне бірін­ші кезек­те кадет депу­тат­тар қар­сы­лық біл­дір­ді. Олар­ды Дума­дағы мұсыл­ман­дар фрак­ци­я­сы да қол­да­ды. Фрак­ция жетек­шілерінің бірі, башқұрт ара­сы­нан сай­ланған қазақ депу­та­ты Сәлім­ге­рей Жан­төрин мен Питер­ге соның алдын­да ғана кел­ген Әли­хан Бөкей­ха­но­вты осы нара­зы топ­тың Выборг­та түс­кен суреті­нен көру­ге бола­ды. Олар мұн­да үкі­мет тара­пы­нан рұқ­сат етіл­мей екі күн бойы өткен жина­лы­ста қабыл­данған «Халы­ққа халық өкіл­дері­нен» деп ата­ла­тын, ел тұрғын­да­рын түр­лі салық төле­уден бас тар­ту жолы­мен үкі­мет­ке пас­сив­ті қар­сы­лық көр­се­ту­ге шақы­рған үнде­у­ге қол қой­ған еді.

Осы «Выборг үнде­уіне» қол қою­шы­лар үсті­нен үлкен сот үдерісі жүр­гізіліп, бәріне үш айдан түр­ме­ге оты­ру жаза­сы кесіл­ді. Сөй­тіп, істі болған­дар қата­рын­да өзін де сай­ла­ну құқы­нан айрыл­дым деп санаған Бөкей­ха­нов ІІ Мем­ду­маға депу­тат таң­дап, сай­лау науқа­ны­на қаты­са алмай­тын­ды­қтан, Семей қаза­қта­ры ара­сы­нан лай­ы­қты кан­ди­да­ту­ра бел­гіле­у­ге атса­лы­сты. Рево­лю­ци­я­лық сипа­тын өзгерт­пе­уі сал­да­ры­нан ІІ Мем­ле­кет­тік дума да 1907 жылғы 3 мау­сым­да қуы­лған­нан кей­ін, «Выборг үнде­уіне» қол қой­ға­ны үшін өзіне Санкт-Петер­бург сот пала­та­сы төтен­ше мәжілісінің үкі­мі­мен кесіл­ген жаза­сын өте­у­ге, 1908 жыл­дың басын­да Семей абақты­сы­на түсті.

Босанған­нан соң аста­наға барып, біраз уақыт кадет­тер басы­лы­мын­да қыз­мет атқар­ды. Бірін­ші орыс рево­лю­ци­я­сы жыл­да­рын­да Ресей­ге қай­та оралған масон­дар ложа­сы­на қабыл­дан­ды. (Рево­лю­ция тарихын зерт­те­уші шын­шыл бас маман ретін­де мой­ын­далған, «ХХ ғасыр­дың басын­дағы орыс сая­си масон­ды­ғы» (1996) моно­гра­фи­я­сын жазған про­фес­сор В.И. Стар­цев­тің «Фран­цуз рәсі­мі және «Ресей халы­қта­ры­ның Ұлы Шығы­сы» ложа­ла­ры­на тір­кел­ген орыс сая­си масон­да­ры­ның тізі­мін­де» 23-рет­пен «Букей­ха­нов Али­хан Нур­ма­го­ме­то­вич» тұр.) 1909 жыл­дан Сама­ра­да, сон­дағы Дон егін­шілік бан­кінің бөлім­ше­сін­де жұмыс істе­ді. Халық бостан­ды­ғы (кадет­тер) пар­ти­я­сы­ның Сама­ра коми­тетіне енді, осын­дағы масон­дар тобын­да жетек­ші орын алып жүр­ді. Бір-екі жыл эсер­лер пар­ти­я­сы қата­рын­да бол­ды. Кадет әрі масон ретін­де демо­кра­ти­я­лық рефор­ма­лар­ды наси­хат­тау мақ­са­ты­мен құры­лған сая­си білім­дер үйір­месі жұмысы­на қаты­сып тұрды.

Осы жыл­да­ры Бөкей­ха­нов «Қаза­қтар» атты іргелі еңбе­гін жаз­ды (І910 жылы Санкт-Петер­бург­те шыққан «Қазір­гі мем­ле­кет­тер­де­гі ұлт­тық қозға­лыс түр­лері» атты жинаққа енген.) Бұл еңбе­гін­де ол қаза­қтар тұра­тын Қазақ және Түр­кістан өлке­лері мен Аст­ра­хан губер­ни­я­сы­ның ұлт­тық құра­мы­на демо­гра­фи­я­лық тал­дау жүр­гі­зе келіп, «қаза­қтар­дың шару­а­шы­лық тір­шілі­гі – малы­на жая­тын жер және суа­ра­тын өзен-көл ізде­умен үне­мі қоныс ауда­рып, бір орын­да тұрақта­май­тын жар­ты­лай жабайы көшпен­дінің қара­бай­ыр эко­но­ми­ка­сын көр­се­тетін қара­пай­ым фор­му­лаға сый­май­ды» деген бай­лам жасай­ды. Таза көшпен­ді мал шару­а­шы­лы­ғын ара­лас, егін­шілік-мал­шы­лық шару­а­шы­лы­қтар­дың алма­сты­ра бастаға­нын нақты цифр­лар­мен дәлел­дей­ді. Қазақ және кре­стьян бюд­жет­терін, олар­дың табыст­а­ры­ның түр­лерін тал­дай­ды. Әр жыл­дың екі-төрт айын ғана жай­ла­уда өткізіп, негізі­нен қыста­уда оты­ры­қ­шы­лы­қ­пен күнел­тетін қаза­қтар­дың шару­а­шы­лы­ғын­дағы тыныс-тір­шілік жай­ын қарас­ты­ра­ды. Олар­дың өмірін­де әртүр­лі жай­ы­лым, қорық, жазғы қотан­дар­дың қан­дай орын ала­ты­нын бай мәлі­мет­тер­мен өрнек­теп көрсетеді.

Сөй­тіп қазақ халқы ішін­де түзіл­ген әле­умет­тік-шару­а­шы­лық құры­лым­ды оқыр­ман алды­на біл­гір­лік­пен, көр­некі түр­де жай­ып сала­ды. Осы­нау ғылы­ми очер­кін­де қазақ дала­сын­дағы сая­си құры­лы­стың мән-жай­ын, қаза­қтар ара­сын­дағы сая­си-мәде­ни аху­ал­ды таны­сты­ра оты­рып, Әли­хан Нұр­мұ­ха­медұ­лы пат­ша үкі­метінің әрі қанап, әрі ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­ды­ра­тын отар­лау және оры­стан­ды­ру сая­са­тын түр­лі мысал­дар­мен қанын ағы­за әшке­ре ете­ді. Сон­дай-ақ қаза­қтар­дың ұлт азатты­ғын аңсап шын­дап ояна бастаға­нын, ұлт қозға­лы­сын дамы­ту­дағы сая­си бел­сен­ділі­гін көр­се­тетін маңы­зды деректер келтіреді.1907 жылғы ІІ Мем­ле­кет­тік дума­ны қуып, сай­ла­удың жаңа тәр­тібін жария еткен заң­ның («3 мау­сым төң­керісінің») «төрт жарым мил­ли­он­дық қазақ халқын сай­лау құқта­ры­нан айы­рға­нын» айта келе, қаза­қтың жер-суын зор­лы­қ­пен тар­тып алған үкі­мет енді Мем­ле­кет­тік дума­да осы халы­қтың өкіл­дері де оты­руын артық көр­ді деген жұм­сақ түй­ін жасайды.

Оның мұн­дай сыпайы ескерт­пе­сінің аста­рын­да қазақ халқы­на пар­ла­мент­тік жол­мен қан­дай да бір пай­да тигі­зу үміті үзіл­ме­ген­ді­гі жатқан. Шынын­да да, ол қазақ зия­лы­ла­ры­мен бір­ге ІІІ және ІV Мем­ду­ма­лар­дың кон­сти­ту­ци­я­шыл-демо­крат­тар (халық бостан­ды­ғы) пар­ти­я­сы мен мұсыл­ман фрак­ци­я­ла­ры жұмыста­ры­на мақ­сат­кер­лік­пен атса­лы­сып тұрды.

 

Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ

(Жалға­сы бар)

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн