Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚ НЕЛІКТЕН Кәрім Мәсімовті ЖАҚТЫРМАЙДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Ақор­даға – «алтын сырға»


Елі­міз­де­гі орыс мек­теп­терінің басты кем­шілі­гі – қаза­қ­ша білу дең­гей­інің бәсеңді­гі. Сон­ды­қтан орыс мек­тебін­де мем­ле­кет­тік тіл сабағы орыс тілі мен ағы­л­шын тілі сабақта­ры есебі­нен күшей­тілуі керек.

 

Мен өз басым үш тұғыр­лы емес, екі тұғыр­лы тіл сая­са­тын қол­дай­мын. Айта­лық, екі тіл­ді, яғни қазақ тілі мен ағы­л­шын тілін при­о­ри­тет қыл­сақ, орыс тілін қаза­қтың 25%-ы біл­се, біз үшін осы­ның өзі жақ­сы нәти­же болар еді. Ал мек­теп­те­гі оқу қазақ пен ағы­л­шын­ша болға­ны дұрыс. Бәрі­міз ағы­л­шын тілін игеріп кет­пе­сі­міз анық. Біз­ге қазақ қауы­мы­ның 20%-ы ағы­л­шын­ша біл­се де жетеді.

Енді кіші­гірім мысал кел­тірей­ік. Мәсе­лен, әлем «бақыт­сыз Ниге­рия» мен «бақыт­ты Малай­зия» деген елдер­ді жақ­сы біледі. Ниге­рия – ағы­л­шын тіл­ді мем­ле­кет. Оның үстіне олар­да хри­сти­ан­дар көп. Мұнайы да мол. Сөй­те тұра, Ниге­рия – бақыт­сыз мем­ле­кет. Мұн­да созыл­ма­лы аза­мат соғы­сы, тер­ро­ризм қау­пі елдің бере­кесін кетіріп біт­ті. Ниге­ри­яға ұқсас Либе­рия да хри­сти­ан­дар елі. Ағы­л­шын­ша сөй­лей­ді, тәп-тәуір демо­кра­ти­я­сы бар. Бірақ ол да – бақыт­сыз ел.

Ал Малай­зия бол­са – ұлт­жан­ды мем­ле­кет. Малай­зи­я­ның сая­си эли­та­сы өз халқын этни­ка­лық қытай­лы­қтар­дың доми­нан­та­сы­нан суы­рып алды. Малай­лар­дың сая­си эли­та­сы ең алды­мен төл халқы­ның мәсе­ле­лерін көтеріп, ұлт кон­со­ли­да­ци­я­сын жүзе­ге асыр­ды. Осы арқы­лы олар эко­но­ми­ка­лық және инду­стри­ал­дық модер­ни­за­ци­яға қол жеткізді.

Енді өзі­міз­ге келей­ік. Қазақ нелік­тен Кәрім Мәсі­мо­вті жақтыр­май­ды? Мәсе­ле Мәсі­мо­втің «мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­мей­тін­ді­гін­де» емес, мәсе­ле оның «оры­сты­ғын­да» жатыр. Иә, солай, Мәсі­мов мыр­за өзін оры­стіл­ді қазақ ретін­де көр­сет­кісі кел­ді. Ал біздің қазақ сая­си орыс­шыл­дар­ды жек көреді. Сөй­те тұра, ол қағаз­дан оқып, қаза­қ­ша сөй­ле­уі арқы­лы өзіне қазақ жақтыр­май­тын кері пиар жасап ала­ды. Осын­дай себеп­тер «Мәсі­мов орал­ман­дар­дың ата­ме­кен­ге қай­туы­на қар­сы» деген секіл­ді күдік­тер туғызуда.

Кәрім Мәсі­мо­вті қаза­қтың жақтыр­май­ты­ны­ның екін­ші фак­то­ры – әкесінің ісі. Кәрім Мәсі­мо­втің әкесі біраз қазақ бас­пасөзін шулат­ты, ол шу негізді ме, негіз­сіз бе – біл­мей­мін, бірақ бұл жайт Мәсі­мо­втің онсыз да мәз емес ими­джін бұзды.

Үшін­ші фак­тор, Қаза­қстан­ның бір кез­де­гі бас­шы­сы – Исма­ил Юсу­по­вқа қаты­сты. Исма­ил Юсу­пов Қаза­қстан­ның бас­шы­сы ретін­де қазақ алдын­да абы­рой­сыз болды.

Бүгін­гі таң­да қаза­қ­ша­ны өз беті­мен үйреніп, қаза­қ­пен құда-жек­жат бола­тын этнос бар. Соның ішін­де, мыса­лы, ұйғыр­лар да жетер­лік. Қаза­ққа ең көп сіңіп келе жатқан этно­стар­дың ішін­де қарақал­пақтар мен ұйғыр­лар көш бастап тұр. Егер де Мәсі­мов баста­пқы кез­де орыс­шыл­ды­қтан бас тар­тып, қаза­қ­шыл­ды­ғын көр­сет­се, ол бүгін­гі­дей қаза­ққа жат бол­мас еді. Сон­дай-ақ елі­міз­де­гі өзге этнос өкіл­деріне Мәсі­мов үлгі болар еді.

Мәсі­мов сын­ды шене­унік­тер­дің орыс тілі­нен бас тар­та алмауы себебі­нен елі­міз­де жоға­ры­да айтқан қазақ тілі мен ағы­л­шын тілін иге­ру­ге жол ашыл­май тұр.

Мен «бақыт­сыз Ниге­рия» секіл­ді елге айна­лу­дан қорқамын.

 

Әзім­бай

ҒАЛИ,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн