Суббота , 5 июля 2025

Жеркомның Қызылорда жиыны ҮГІТ БРИГАДАСЫНА ҰҚСАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Көрген-білген


Жер рефор­ма­сы жөнін­де­гі мем­ле­кет­тік комис­си­я­ның кезек­ті оты­ры­сы Қызы­лор­да облы­сы­ның Нағи Илья­сов атын­дағы ауы­лын­да өтті. Жасы­рын түр­де өтті десек те бола­ды, себебі халы­ққа алдын ала хабар­лан­ба­ды. Біз де кез­дей­соқ естіп қалып бардық.

 

Бұл жиын­да бір­ден көз­ге түс­кені – комис­си­я­ны мем­ле­кет­тік комис­сия деп ата­уға кел­мей­тіні. Бұл комис­сия емес – үгіт бри­га­да­сы. Жер­ді сату­ды, шетел­дік­тер­ге жалға беруді жар­на­ма­лап жүр­ген кәдім­гі үгіт бри­га­да­сы. Үгіт­шілері де жүзік­тің көзі­нен өткен­дей емес, қара­бай­ыр әрі жал­тақ. Жер мәсе­лесін үгіт­тей ала­тын­дай білік­ті маман­дар емес. Әлде бар маман­да­ры­ның өздері іштей жер рефор­ма­сы­на қар­сы, сон­ды­қтан «үгіт­тері» – үгіт емес, түбіт.

Мәсе­лен, комис­сия төраға­сы Асқар Мыр­за­хме­тов «жер­ді сату-сат­пау тура­лы қашанғы айта бере­міз, онан гөрі оның жалға берілетін шек­ті көле­мі тура­лы әңгі­ме­лей­ік» деген­ге сая­тын өз ұсы­ны­сын тық­па­ла­ды. Мына жұрт неге дүр­лі­гіп жүр, не дегісі келеді, бұлар неге жер­ге қада­лып қал­ды? Бұл сұрақтар Жер­ком төраға­сын қызы­қтыр­май­тын сияқты. Керісін­ше, билік­тің түп­кі пиғы­лын көп­шілік­ке тық­па­лап әлек болу­да. Билік­тің сой­ы­лын соққан комис­сия мүше­лерінің сөз­дері­нен «сен­дер қай­да бара­сы­ң­дар, бәрібір біздің дегені­міз бола­ды» деген сыңай аңғарылады.

Жер­ком­ның Қызы­лор­да жиы­нын­да төраға­дан беделі бір де кем емес ака­де­мик Кен­жеға­ли Саға­ди­ев та сөй­леді. «Жер­ді сатуға неме­се шетел­ге жалға беру­ге мен де қар­сы­мын… бірақ, беру керек», – дей­ді ол. Оның осы сөзіне қарап, бұл қари­я­ны қинап жүр­ген қай құдай деген ойға қала­сың. Қар­сы бол­са, қар­сы­мын демей ме? Қар­сы бола тұра, «беру керек» дейді.

Ал Коса­рев­тің «халы­қ­шыл» ком­му­ни­стері қата­ры­нан алы­нған комис­сия мүше­сі ұзақ діл­мар­сы­ды, бірақ шетел­ге жалға беру керек пе, жоқ бер­меу керек пе – ештеңені нақты кесіп айта алма­ды. Есесіне облы­стағы оның өкілі «жер­ді шетел­ге жалға беру керек» деді. Яғни, комис­си­я­ның дөкей мүше­сі өзі айта алмаған ойын қара­мағын­дағы ада­мға айтқы­зып, әлек болды.

Комис­си­ядағы Ауған соғы­сы арда­гер­лері өкілінің «өлеңі» әлі тау­сыл­мап­ты. Оған ауған соғы­сын­да опат болған­дар: «тірі қалған­да­рың жер­ді саты­ң­дар» деме­ген болар. Жер­ді сатуға қар­сы­ларға көбірек дікең­де­ген де осы ауған арда­гері екенін айтуға тиіспіз.

Ал комис­си­ядағы қалған сөзі де, сал­мағы да жоқ мүше­лер тура­лы айт­пай-ақ қой­сақ бола­ды. Олар­дың бәрі бір­дей «сатай­ық та, берей­ік» деп сай­ра­ды, әрине. Бірен-саран қоғам­дық пікір­ді біл­діріп жүр­ген жігіт­тер бол­ма­са, комис­сия түгел­дей жер­дің саты­луын, шетел­ге жалға берілуін наси­хат­та­ды. Сонан ғой – олар­ды «үгіт бри­га­да­сы» дей­тіні­міз. Комис­сия деген халы­қтан түс­кен ұсы­ныс-пікір­лер­ді сарап­тап, соның нәти­же­сін жари­я­лау керек емес пе? Ал олар халы­қты тың­да­удың орны­на, өздерінің көз­де­ген­дерін тық­па­лап, «қар­сы­ларға» жекіп, тұқыр­тып тастап отыр­ды. Олар­дың тұқыр­тқа­нын халық тың­даған жоқ, «қар­сы­лар­дың» қара­сы көп болды.

Қысқа­сы, жер­ді сату мен шетел­ге жалға беруді қол­да­у­шы­лар негізі­нен билік­шіл комис­сия мүше­лері, жиы­нға қаты­сқан билік өкіл­дері және бірен-саран солар­дың төңіре­гін­де­гі жер­гілік­ті бай­шы­ке­ш­тер бол­ды. Олар­дың тізі­міне көз жүгір­тіп көріңіз: Қызы­лор­да қала­сы­ның бұры­нғы әкі­мі, сена­тор Б.Досмамбетов; облы­стық мәс­ли­хат­тың депу­та­ты, облыс әкі­мінің жанын­дағы қоғам­дық комис­сия төраға­сы С.Имандосов; облыс әкі­мінің бұры­нғы орын­ба­са­ры А.Камышев; облы­стық ішкі сая­сат басқар­ма­сы­ның басты­ғы Н.Жәлиев; «Нұр Отан» пар­ти­я­сы облы­стық фили­а­лы­ның орын­ба­са­ры Ж.Базартай; Н.Назарбаев атын­дағы саябақтың дирек­то­ры П.Архабаев.

Әрине, «қар­сы­лар» жер сату­ды «қол­да­у­шы­лар­дан» әлдеқай­да көп бол­ды және солар­дың бар­лы­ғы қара­пай­ым адам­дар мен орта буын кәсіп­кер­лер еді. Сон­дай-ақ «қар­сы­лар­дың» ішін­де сена­тор Мұрат Мұха­ме­до­втың жүр­гені атап өту­ге тұрарлық.

Комис­сия мүше­лері ака­де­мик Ора­за­лы Сәб­ден, қоғам қай­рат­кері Дос Көшім мыр­за­ларға елдің риза­шы­лы­ғы ерен бол­ды. Халы­қтың ара­сы­нан шыққан, елге таны­мал тұлға­лар­дың іші­нен ағай­ын­ды Аңса­то­втар халы­қтың көкей­ін­де­гіні дөп басып жат­ты. Жастар­дың іші­нен Бай­мағам­бе­тов Мұрат­бай есім­ді жігіт шығып: «Енді біздің Қытай­мен қыры­луы­мыз қал­ды ма, оларға жалға беруді тоқта­ты­ңы­здар! Жағ­дай жаса­саңы­здар, біз, жастар, өзі­міз-ақ иге­ре­міз сол жер­ді!» – деп, жастық қай­рат таныт­ты. Бұл тізім­ді онан әрі жалға­сты­ра беру­ге бола­ды, жас та, кәрі де комис­си­яға қар­сы­лы­ғын біл­діріп жатты.

Алай­да сол сөз­дер айты­лған жер­де қала ма деген күді­гі­міз зор. Себебі сол оты­ры­ста комис­си­я­ның пиғы­лын танып үлгір­дік. Олар арнайы тап­сыр­ма­мен жүр­ген «мис­си­о­нер­лер» сияқты: қайт­се де жер­ді сатып, шетел­ге ұзақ мерзім­ге жалға беруді заң­да­сты­ру­дың ама­лын табу соларға жүк­тел­ген сияқты. Ештеңе­ден қай­та­тын сыңай­ла­ры жоқ. Оларға елдің дүр­лік­кені де, болуы мүм­кін дүр­бе­лең де – ешнәр­се «қызық» емес. Ең басты­сы – тап­сыр­ма­ны орын­дау. Сон­ды­қтан бұлар­дан үміт жоқ.

Ал халық мұн­дай жал­тақой­лы­қты сезін­ген сай­ын дүр­лі­гу­де. Тағы бір айт­пасқа бол­май­тын жағ­дай – жер мәсе­лесі­нен ел ішіне жік түсетін сыңай бар. Оны жоға­ры­дағы «қар­сы­лар» мен «қол­да­у­шы­лар­дың» тізі­мі­нен де аңға­руға бола­ды. Бұл текетіре­стің соңы үлкен әле­умет­тік толқуға соқтыр­ма­са игі. Қалай болған­да да, Ақор­да билі­гі жер­гілік­ті жер­дің осын­дай нара­зы ниетін біліп, көп­шілік халы­қтың ығы­на жығы­лар­лық шешім шыға­руы тиіс.

 

Абдул­ла ШАХАНОВ,

Қызы­лор­да қаласы

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн