Суббота , 5 июля 2025

Мұхтар ТАЙЖАН: Жер тағдырына қатысты САЯСИ ШЕШІМДІ шенеуніктер шығармайды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

ДАТ!


Жер рефор­ма­сы тура­лы комис­сия іске кіріс­келі бері оның алты оты­ры­сы өтті. Бірақ комис­сия халы­қтық толқуға себеп болған екі түбе­гей­лі мәсе­ле – жер­ді сату-сат­пау және жер­ді шетел­дік­тер­ге жалға беру-бер­меу жөнін­де келісім­ге кел­ген жоқ. Бұл келісім қан­ша­лы­қты ұза­ққа созы­ла­ды? Жер­ге қаты­сты халы­қтық мүд­денің жеңіс­ке жету мүм­кін­ді­гі қан­дай? Егер Жер кодексі алға­шқы нұсқа­сын­да қала­тын бол­са, билік­тің бір­бет­кей шеші­міне қар­сы қозға­лы­стың қай­та­дан тұта­нуы мүм­кін бе?

Міне, осы және басқа да сұрақтарға орай комис­си­я­ның жұмысы­на бел­сене қаты­сып келе жатқан эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, қай­рат­кер аза­мат Мұх­тар Тай­жан мыр­за­ны сұх­бат­та­суға шақы­рған едім. Әңгі­ме Жер­ком­ның Қызы­лор­да аймағын­да өткен оты­ры­сы­нан басталды.

 

– Мұх­тар, Жер­ком­ның оты­ры­ста­ры Аста­на­дан алшақтаған сай­ын, оның жұмысы жай­лы ел-жұр­тқа жетер­лік жағ­да­ят там-тұм болып бара­ды. Мәсе­лен, оның Сыр бой­ын­дағы оты­ры­сын­да күп­ті халы­қтың көңіліне медеу болар­лық сөз қозғал­ды ма?

– Алма­ты облы­сын­дағы жиын­нан гөрі, Қызы­лор­да­дағы оты­рыс дұрыс өтті деп санай­мын. Есіңіз­де бол­са, Алма­ты­да жиыр­ма шақты адам бір­ден «жер­ді шетел­дік­тер­ге сату керек», «жалға беру керек» деген сыңай­мен әңгі­менің ауа­нын алдын ала дай­ын­да­лып қой­ған сце­на­рий­дің желісіне қарай бұрған еді. Қызы­лор­да жерін­де ондай жағ­дай болған жоқ, жиын қала сыр­тын­да өтті, оты­рыс бары­сын­да ара­лас пікір­лер айтыл­ды. Әрине, билік күнібұрын дай­ын­дап қой­ған адам­дар да бол­ды: оған да түсіністік­пен қарау керек, бірақ дәл Алма­ты­дағы­дай ұят­ты жағ­дай орын алған жоқ. «Жер­ді сатай­ық, жалға берей­ік» деген­дер­дің көп­шілі­гі – ірі, орта­ша және шағын лати­фун­ди­стер. Олар тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дан бері пай жүй­есін пай­да­ла­нып, жер­ді жеке­ше­лен­діріп алғандар…

– Лати­фун­ди­стер мәсе­лесіне осы сұх­бат бары­сын­да айна­лып соғар­мыз, алды­мен ел ара­сын жік-жапар қылған жағ­да­ятқа тоқта­лай­ық: мем­ле­кет­тік БАҚ және жеке­ле­ген интер­нет-сайт­тар жер­ді сатуға тый­ым салу жөнін­де­гі заңға пре­зи­дент қол қой­ды, «дау-дамай осы­мен біт­ті» деген­дей сөз туды­рып жатыр. Осы жаң­сақ ақпа­рат халы­қтың жер сатуға қар­сы бел­сен­ділі­гін басып тастаған сияқты. Ел-жұрт жұмысы­на елең­деп оты­рған бедел­ді комис­си­я­ның мүше­сі ретін­де «саба­сы­на түс­кен» халы­ққа осы «қол қою­дың» мән-мағы­на­сын түсін­діріп берші…

– Пре­зи­дент­тің заңға қол қоюы – жер­ге қаты­сты жүр­гізіліп жатқан заң­ды про­це­ду­ра ғана. Бұл «жер сату түбе­гей­лі тоқта­тыл­ды» деген­ді біл­дір­мей­ді. Өйт­кені алды­мен пре­зи­дент­тің Жер кодексінің дау­лы бап­та­ры­на қаты­сты мора­то­рий жари­я­лау жөнін­де­гі Жар­лы­ғы шықты. Бірақ ол Жар­лы­қтың заң­дық күші жоқ еді. Сон­ды­қтан пре­зи­дент жари­я­лаған уақыт­ша тый­ым пар­ла­мент пала­та­ла­рын­да заң ретін­де қабыл­да­нып, про­це­ду­ра бой­ын­ша ол заң пре­зи­дент­тің қолы­нан өтуі тиіс еді. Бір сөз­бен айтқан­да, билік мора­то­рий тура­лы заң шығар­ды. Яғни, әзір­ге ештеңе өзгер­ген жоқ, тек про­це­ду­ра­лық рәсім жаңартылды.

– Деген­мен, комис­си­я­ның мимырт жұмысы­на халық тара­пы­нан нара­зы­лық барын өзің де аңдап жүр­ген шығар­сың. «Фейс­бук­тағы» бір жаз­баң­да өзің де комис­сия жұмысы­на көңілің тол­маған сыңай таны­тқан екен­сің: оның мән-жайы қалай?

– Комис­си­ядағы жұмыс – қара­пай­ым ғана сая­си үрдіс. Егер мен «комис­сия жұмысы­на мәз­бін, көңілім тол­ды» деп жаз­сам, қанағат­шыл­дық таныт­сам, онда ешқан­дай оңды нәти­же­ге жете алмай­мыз. Сон­ды­қтан әзір­ге діт­те­ген мақ­са­ты­мы­зға жет­пе­ген­дік­тен, көңілім тол­май­тын мәсе­лені әле­умет­тік желі­де жазуым керек деп санай­мын. Түп­кілік­ті мақ­сатқа жету үшін – комис­сия жұмысы­на ықпал етуі­міз керек. Оған қоғам тара­пы­нан да үлкен қол­дау және табан­ды талап қажет. Комис­сия мүше­лері де менің «Фейс­бук­тағы» парағым­ды мұқи­ят түр­де оқып, қадаға­лап отыр: сон­ды­қтан өз ойым­ды ашық жария ету­ге тиістімін.

Иә, жыл­дың аяғы­на дей­ін уақы­ты­мыз бар: әзір­ше жер­ге қаты­сты ең маңы­зды мәсе­ле бой­ын­ша шешім қабыл­данған жоқ. Бірақ лати­фун­ди­стер­ге қар­сы, Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на жер­ді жалға беру, жай­ы­лым­дық жер­ді пай­да­ла­ну жөнін­де, ауыл­дың аумағы­на кіретін жер­ді ешкім­нің мен­шік­те­нуіне бол­май­ты­ны тура­лы пай­да­лы шешім­дер, аман­дық бол­са, қабыл­да­на­ты­ны­на сенім­ді­мін. Ал негіз­гі мақ­са­ты­мыз – жер­дің сатыл­мауы, жалға беріл­ме­уіне қаты­сты мәсе­ле­ге әлі жет­кен жоқпыз.

– Халы­қтың көпе-көр­неу қар­сы­лы­ғы­на тап болған осы екі мәсе­ле­ге жету неге сон­ша­лы­қты ұзақ болып кет­ті деп ойлай­сың? Оған қашан жетеміз?

– Аман­дық бол­са, оған да жете­міз. Егер халық осы мәсе­ле­ге бей-жай қара­май, қол­дау көр­сет­се, түп­кі мақ­са­ты­мы­зға жете ала­тын жол бар. Енді­гі қалға­ны – комис­си­я­ның табан­ды және көп­шілік­тің ұста­ны­мы­на негіз­дел­ген жұмысы мен халы­қтың бел­сен­ділі­гіне бай­ла­ны­сты. Комис­сия бар­лық мәсе­лені шешіп тастай­ды екен деп, қапер­сіз оты­руға бол­май­ды: ортақ талап­ты қол­дай­тын жал­пы­ха­лы­қтық бел­сен­ділік керек.

– «Халық» деген­де, бұл комис­си­я­ны құрып, оны жер мәсе­лесі­мен айна­лы­сты­рып қою – жер­ге қаты­сты туын­даған халы­қтың толқуын, нара­зы­лық буын басып қою үшін ғана құрыл­ды деген пікір­ге қан­дай алып-қоса­рың бар? Әле­умет­тік желілер­де мұн­дай пікір­лер күн­нен-күн­ге жиі айты­ла бастады.

– Ондай пікір­лер­дің айты­луы орын­ды: мора­то­рий жари­я­лан­ба­са, құры­лған комис­си­я­ның пай­да­сы бол­ма­са, онда халы­қтың нара­зы­лы­ғы жалға­са береді ғой. Билік тара­пы мұны ескеріп отыр деп ойлай­мын. Мыса­лы үшін, біз мамыр­дың 7‑сінде алаңға шық­пақ бол­дық, бірақ Жер комис­си­я­сы­ның құры­луы – алаңға шыға­тын апты­ғы­мы­зды аздап басқан сыңай­лы. Себебі шіл­денің 1‑нен бастап жер­ді сату жөнін­де­гі аук­ци­он тоқта­тыл­ды. Сон­ды­қтан осы комис­сия арқы­лы заңға өзгеріс енгізу­ге бола­ты­ны мәлім бол­ды. Мұн­дай жағ­дай Қаза­қстан­ның сая­си тарихын­да бол­маған. Комис­си­я­ның мақ­са­ты да осы – халы­қтың қала­у­ы­на қол жет­кі­зуі­міз керек. Пре­зи­дент­тің өзі айт­ты емес пе: «Халы­ққа ұна­май­тын заң­ның кере­гі жоқ» деп.

– Иә, пре­зи­дент айт­ты, комис­сия жұмысын жүр­гізіп жатыр, халы­қтың басым бөлі­гі де осы комис­си­яға үміт арта­ды. Бірақ осы екі ара­да Жер­ком өз оты­ры­ста­ры­мен «мәз болып» жүр­ген­де, халы­қтың қар­сы­лық апты­ғы басы­лған кез­де, мына жақта жер сату үрдісі жалға­сып жатыр деген пікір­лер айты­ла баста­ды. Мәсе­лен, әле­умет­тік желілер­де қытай­лық «инве­стор­лар­дың» ел ара­лап, өздеріне ұнай­тын жер іздеп жүр­ген фото­су­рет­тері жари­я­ланған екен. Мұн­дай халы­қтың сыр­ты­нан жүріп жатқан сауда-сат­тық мәсе­ле­лері төңіре­гін­де Жер­ком­да сөз қозғал­ды ма?

– Ондай мәсе­ле­лер айты­лып жатқа­ны жөнін­де әле­умет­тік желі­де­гі парағым­да жаз­дым. Алды­мен Алма­ты облы­сы­ның әкім­ді­гіне ресми түр­де сұрақ қой­ған едім: төрт параққа жазы­лып, әкім­нің орын­ба­са­ры қол қой­ған жау­ап қолы­ма тиді. Қытай­мен қол қой­ған келісім-шар­ттың көшір­месін де жіберіп­ті, ол құжат­ты мен желі­де­гі парағым­да жари­я­ла­дым. Екін­ші­ден, Көк­ше­та­удағы оты­ры­сқа келіп қаты­сқан облыс әкі­мі Сер­гей Кула­гин­ге Қытай­мен жасасқан келісім-шар­тқа қаты­сты комис­сия мүше­сі Жанұ­зақ Әкім еке­уміз сұрақ қой­ған­мыз. Ол да БАҚ наза­ры­нан тыс қалған жоқ, оның ау-жай­ын бей­не­жа­з­ба­дан көру­леріңіз­ге бола­ды. Шығыс Қаза­қстан­нан да дәл осын­дай «жер саты­лып жатыр» деген мәлі­мет түсіп жатыр: оның дұрыс-бұры­сы әзір­ге бел­гісіз. Қызы­лор­да­дағы оты­ры­ста осы мәсе­ле­ге қаты­сты Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның әкім­ді­гіне сұрақ қой­дым, жау­а­бын күтіп отырмын.

– Негізі­нен, Жер­ком­ның алты оты­ры­сы­нан кей­ін, жер сату­ды және оны жалға беру мәсе­лесін лати­фун­ди­стер мен жер иеле­ну­ші ірі фер­мер­лер қол­дап отыр деген пікір­ді желі­де­гі жаз­баң­нан ақы­дық. Олар­дың аты-жөн­дерін түген­дей­тін бол­сақ, олар кім­дер және аргу­мент­тері қандай?

– Сөз жоқ, жер­дің саты­луы мен жалға берілуі лати­фун­ди­стер­ге тиім­ді. Біздің комис­си­я­ның құра­мын­да солар­дың біра­зы отыр. Комис­сия мүше­лерінің тізі­мін тағы бір шолып шығар бол­са, халық олар­ды жаз­бай тани­ды. Бірақ комис­сия оты­ры­сы­нан түсіріл­ген бей­не­тас­па арқы­лы кім­нің – кім екенін ел-жұр­тқа көр­се­ту керек деп санай­мын. Өйт­кені әкім мен әкім­нің орын­ба­са­ла­ры әр оты­ры­сқа ірі қожа­лық иелерін шақы­ра­ды: олар Алма­ты облы­сын­да болған жағ­дай сияқты «жер сатыл­сын» деген­дей сөз қозғай­ды. Әле­умет­тік желі қол­да­ну­шы­лар сол бей­не­тас­па­лар­ды мей­ілін­ше жара­тып, жер­дің саты­луы­на мүд­делі бай­шы­ке­ш­тер­ді жұр­тқа жария етсе деген тіле­гім бар.

Ал комис­сия құра­мын­да жер­ді сатуға аса қызы­ғу­шы­лық таны­ту­шы жеке мүд­де­де­гі және үлкен неме­се орта­ша үле­сте­гі жері бар­лар отыр. Олар сол үле­сті сатып алып, жеке мен­шік­ке айнал­ды­рғы­сы келеді. Ондай­лар өздерін «жер­де жұмыс істе­ушілер­міз» деп атап, соны­мен өздерін жақ­сы қылып көр­сет­кісі келеді. Ал қалған­да­ры – қар­сы­лар. Оның ішін­де ұсақ шаруа қожа­лы­қта­ры да бар. Бүгін­гі ірі шаруа қожа­лы­қта­ры­ның қалай пай­да болға­нын ешкім ұмы­та қой­маған болар. Олар 1990 жыл­дар­дың соңы мен 2000 жыл­дар­дың басын­да ұсақ шару­а­лар­дың жерін ием­деніп, жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де олар­дың үлесін сатып алу арқы­лы ірі жер иеле­ну­ші болғандар.

– Мәж­бүр­лі халы­қтың пай үле­стерін сатып алып, жеке­ле­ген адам­дар­ды бір алдап соққан сол жер иеле­ну­шілер енді мем­ле­кет­ті, жап­пай халы­қты тағы бір алдап соққы­сы келеді. Сон­да сол лати­фун­ди­стер жер­дің саты­луы мен жалға берілуін не үшін қол­дай­тын­да­рын нақты дәй­ек­тей алды ма?

– Олар инве­сти­ция мен жаңа тех­но­ло­гия тар­ту үшін жер­ді саудаға салған дұрыс деп санай­ды. Жер­ді банк­ке кепіл ретін­де қоюға бол­май­ды, тек жалға алу арқы­лы ғана инве­сти­ция тар­туға бола­ды деп жан­та­ла­са­уда. Алай­да сол инве­сти­ция онсыз да тар­ты­лып жатыр.

Мәсе­лен, біз­де­гі ірі қара мал­ды бағып-қаға­тын, зама­на­уи бор­дақы­лау тех­но­ло­ги­я­сы­мен жаб­ды­қталған шару­а­шы­лы­қтарға инве­сти­ция бұған дей­ін де тар­ты­лып кел­ген. Ал 49 жылға жалға алы­нған жер­лер­ді банк­тер кепіл­ге алуға бола­ды. Енде­ше лати­фун­ди­стер­дің мақ­са­ты тіп­ті де инве­сти­ция мен жаңа тех­но­ло­гия емес.

– Сон­да олар­дың мақ­са­ты жер­ді сатып алып, қай­та­дан саудаға салу ғана ма?

– Әлбет­те! Олар ірі көлем­де­гі жер­ді сатып алып, оны шетел­дік­тер­ге, оның ішін­де қытай­лы­қтарға сату­ды көз­деп оты­рған­да­ры бел­гілі. Біз­ге алы­стағы Гер­ма­ни­ядан, Гол­лан­ди­ядан келіп, жер­ді ешкім сатып алмай­ты­ны бел­гілі. Сон­ды­қтан олар­дың уәжі жер­ді одан ары­ға сауда­лау мақ­са­ты­на арналға­ны айдан анық.

Олар айта­ды: «Асфальт­та өскен қаза­қтар­дың ауыл шару­а­шы­лы­ғы­нан хаба­ры жоқ, жер­мен айна­лы­сқан біздің ғана пікірі­міздің сал­мағы басым», – деп. Сон­да жер­дің тағ­ды­рын «жер­мен айна­лы­са­тын» адам­дар ғана шешуі керек пе? Ал енді сол лати­фун­ди­стер­дің бала­ла­рын оқы­тып жатқан мұғалім­дер, өздерін емдей­тін дәрі­гер­лер жер мәсе­лесі­нен тысқа­ры қала ма? Өмірін поез­да өткізіп, жол­серік болып жүр­ген қаза­қтар қан­ша­ма? Неме­се өндірістің басқа сала­сын­да жұмыс істей­тін және сіз­дер сияқты БАҚ-та қыз­мет етіп жүр­ген­дер­ді қай­да қоя­мыз? Олар­дың пікірін неге тыңдамаймыз?

Бәрі­міз­де осы жер­дің үстін­де жүр­міз! Екін­ші­ден, бәрі­міздің де баба­ла­ры­мыз осы жер үшін қан­ша­ма қанын төк­ті. Сон­да ата­дан біз­ге жет­кен қаси­ет­ті қара жер­ге лати­фун­ди­стер ғана үстем­ді­гін жүр­гі­зуі керек пе? Біздің бар кінә­міз ауыл шару­а­шы­лық тех­но­ло­ги­я­ла­ры­ның тілін біл­ме­ген­ді­гі­міз бе? Жер – ерекше мен­шік­тің түрі, мәсе­лен, үйді салып, оны сатуға да, қай­та­дан құла­тып таста­уға да болар, ал жер сатуға да, жалға беру­ге де бол­май­тын ортақ мен­шік. Дос Көшім айтқан­дай, мем­ле­кет те жер­дің иесі емес, ол тек жер қаты­на­ста­рын рет­те­ушілік қыз­мет атқарады.

Жапо­ни­яға аме­ри­ка­лы­қтар 1945 жылы кел­ген кез­де үлкен рефор­ма жаса­ды: жер­ді фео­дал­дар­дан тәр­кілеп алды да, шару­а­ларға тең бөліп бер­ді. Сонан кей­ін мұн­да капи­та­лизм дамып кет­ті. Айт­пақ­шы, гене­рал Макар­тур АҚШ-тың пре­зи­ден­ті Эйзен­ха­у­ер­ге жапон­дар тура­лы былай деп хат жазған екен: «Бұл халық ешқа­шан өрке­ни­ет­ті бола алмай­ды, өйт­кені жалқау, қолы­нан түк кел­мей­ді» деп.

– Иә, бүгін­гі Жапо­ни­яға қарап, ондағы халы­қтың «қолы­нан түк кел­мей­ді» деп айта алмай­мыз. Ал, Мұх­тар, жер қаты­на­ста­ры жөнін­де­гі өзіңнің жеке ұста­ны­мың қан­дай? Мұны сұрау себебім­ді сұх­бат­тың соңы­на таман айтар­мын: ол әле­умет­тік желілер­де сені сына­у­шы­ларға қаты­сты әңгі­ме болмақ…

– Алға­шын­да өзім­де де жер емген дихандарға жер тисе, өні­мін Қытай­ға сатып, бай­ып кет­се екен деген ойым бол­ды. Кей­ін­нен жер­гілік­ті дихандар­мен, ғалым­дар­мен сөй­лес­кен­нен кей­ін, жері­міз­ге жаса­лып жатқан әділет­сіздік­тер­ді, тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дағы пай жүй­есі арқы­лы пай­да болған ірі жер иелерін көріп, оларға жеке мен­шік деген құқық беріл­се, онда жері­міз­ден мүл­дем айы­ры­лып қала­ты­ны­мы­зды түсін­дім. Сон­ды­қтан біз әлі жер­ді саудаға сала­тын­дай күрт рефор­маға дай­ын емес­піз. Ол үшін ең алды­мен мем­ле­кет­тік жүй­енің дай­ын­ды­ғы қажет.

Жер­ді сату­ды уағы­здай­тын аграр­лық сала ғалым­да­ры оны тео­ри­я­лық тұрғы­да мін­сіз дәлел­дей­ді. Комис­сия жұмысқа кіріс­кен кез­де де мен сон­дай ойда болған­мын. Мен де біздің шару­а­лар жер иеле­ну­ші­ге айна­лып, тез бай­ы­са ғой деп ойла­дым. Алай­да біздің ауыл­дар­дағы жер қаты­на­ста­ры жағ­дай­ы­мен көз­бе-көз таны­са оты­рып, жер­ге қаты­сты былық-шылы­қтар­ды аны­қтай келе, қазір жер­ді тіп­ті қаза­қстан­дық аза­мат­тарға сата­тын бол­сақ, біз сол былық-шылы­қты заң­да­сты­рып беретіні­мізді ұқтым. Сон­ды­қтан біз ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­ді сатуға қой­ы­лған мора­то­рий­ді әрі қарай ұзар­ту­ды, шетел­дік­тер­ге жер­ді жалға беру мерзі­мін 5 жыл деп бел­гіле­уді талап ететін боламыз.

Әрине, бұл заң­ды тұрғы­да саты­лып қой­ы­лған жер­лер­ді қай­та­рып алу керек деген­ді біл­дір­мей­ді. Бүгін­ге дей­ін ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­дің саты­лға­ны 0,6 пай­ыз ғана, ол ұлт­тық қауіп­сіздік­ке үлкен қауіп төн­дір­мей­ді. Ал ірі лату­фин­ди­стер жер­ді сатып алмаған, олар көбіне жалға алған.

Жер мәсе­лесін зерт­тей келе ұққа­ным – ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның өркен­деп, дамуы­на тежеу болып тұрған – жер­дің моно­по­ли­за­ци­я­сы. Олар – лати­фун­ди­стер. Сон­ды­қтан бұл ара­да, керісін­ше, Қаза­қстан­да лати­фун­дизмді шек­теу керек.

– Соны­мен бір­ге Қаза­қстан­дағы жап­пай жемқор­лық жағ­дай­ын­да, шене­унік­тер­дің парақор­лы­ғы өршіп тұрған кез­де, жер­ді саудаға қоюға бол­май­ды. Ал егер елде әділ заң, демо­кра­ти­я­лық қаты­на­стар, таза сай­лау болған жағ­дай­да, жер­ді сату-сат­пау мәсе­лел­сін рефе­рен­ду­мға шыға­руға болар ма еді?

– Ондай атты күн­ге кей­ін­гі ұрпақ – біздің бала­ла­ры­мыз жет­се екен! Бірақ жер­дің жеке мен­шік­ке берілуі елді өрке­ни­ет­ке жете­лей­тін мін­дет­ті шарт емес. Мәсе­лен, Англия өрке­ни­ет­ті ел, бірақ жер­дің жеке мен­ші­гі жоқ. Сон­ды­қтан жер­ді сату – ел үшін өлдім-тал­дым мақ­сат бол­мауы тиіс.

Соңғы бір жарым айдың ішін­де инве­стор­лар­мен кез­де­судің де сәті түсті: олар­дың айтуын­ша, жер жеке мен­шік­тікі ме, әлде 49 жылға жалға беріл­ген бе – ол жағы біз­ге аса маңы­зды емес дей­ді олар. Ал жер­дің 49 жылға жалға берілуі – бір адам­ның өміріне жетіп-арты­ла­тын мерзім. Сон­ды­қтан жер­ге «инве­стор шақы­ра­мыз» деген сөз – бос сандырақ.

– Алты оты­рыс өткіз­ген комис­си­я­ның жұмысы осы­лай жалға­са беретін бол­са, жыл­дың аяғы­на дей­ін нәти­же­сі ел көңілі­нен шыға­ды деген үміт бар ма?

– Нәти­желі шешім­ді жыл­дың аяғы­на дей­ін созу­дың қажеті жоқ деп санай­мын. Бүгін­гі таң­да лати­фун­дизм­ге, жай­ы­лым­дық жер­лер­ге қаты­сты элек­трон­дық кадастр жасау жөнін­де­гі тех­ни­ка­лық мәсе­ле­лер­дің беті қай­ы­ры­лған сияқты, келесі оты­ры­ста шешім қабыл­да­уға бола­ды. Сая­си тұрғы­да шеші­мін тап­паған маңы­зы үлкен екі мәсе­ле: жер­ді сату неме­се сат­пау және шетел­дік­тер­ге жалға беру неме­се бер­меу жөнін­де пікір­та­лас. Әзір­ге жақ­та­стар мен қар­сы­лар өз аргу­мент­терін көл­де­нең тар­тып, зерт­теу, сарап­та­ма жасап, дау­ла­сып та жатыр­мыз. Күз­ге дей­ін оңды шешім қабыл­да­на­ды деп сенемін.

– Мұх­тар, билік­те оты­рған­дар ақыр соңын­да бұл сенім­ді күл-талқан етер бол­са, өздерінің де күл-талқа­ны шыға­рын сезе ме екен? Мәсе­лені бұлай­ша төтесі­нен айтып оты­рған себебім – халық енді­гі алдам­сы­ра­туға, түл­кібұлаңға салуға көн­бей­ді. Басқа­ның бәрін сатып болып, енді жер­ге ауыз салу – халы­қтың үлкен толқуын туғы­за­ды. Менің, менің ғана емес, жал­пы халы­қтың осын­дай үзіл­ді-кесіл­ді сөзіне қан­дай алып-қоса­рың бар?

– Егер жер­ді сату мен оны шетел­дік­тер­ге жалға беру жөнін­де­гі екі мәсе­ле­ге нақты жау­ап беріл­ме­се, биы­лғы көк­тем­де­гі нара­зы­лы­қтың ушы­ғып кетер қау­пі бар. Бұны билік­те­гілер де біліп отыр деп ойлай­мын. Егер осы екі маңы­зды мәсе­ле­ге қаты­сты оң шешім шыға­ра алма­са, комис­си­я­ны құру­дың қажеті қан­ша еді? Бізді көше­ден әкеп, комис­си­яға оты­рғы­зған екен, енде­ше елдің көңілі­нен шыға­тын шешім қабыл­да­уға тиіс­піз деп біле­мін. Елдің эко­но­ми­ка­лық аху­а­лы да оң бағы­тқа бұры­ла қой­ған жоқ, күз айын­да сту­дент­тер де дема­лы­стан ора­ла­ды, ел де етек-жеңін қоңыр күз­де жинай­ты­ны бел­гілі. Оның үстіне Тәу­ел­сіздік­тің 25 жыл­ды­ғы, Жел­тоқ­сан көтерілісінің 30 жыл­ды­ғы да жақын­да­ды: егер жер­дің мәсе­лесі шешіл­ме­се, нара­зы­лық ашуы мең­де­ген халы­ққа тоқтам айту қиын бола­ды деп ойлаймын.

Үштіл­ділік­тің жағ­дайы да мүш­кіл. Халы­қтың басым бөлі­гі оған да нара­зы. Демек, ел ішін­де­гі тыны­штық – бар­ша­ның, оның ішін­де билік­тің де мой­нын­дағы жау­ап­кер­шілік. Қаза­ққа жері, тілі, тарихы маңы­зды. Үше­уі де бір-бірі­мен сабақ­тас мәсе­ле. Қазақ тарихын оқы­ту жоға­ры оқу орын­да­ры­нан алы­нып тастал­ды. Сөйт­сек, 117 рек­тор білім мини­стріне «Қазақ тарихы» пәнін оқыт­пау жөнін­де хат жазып­ты деген ақпа­рат­ты естідім. Сол хат­ты тауып, «жазғыш» рек­тор­лар­дың атын елге жария етсек қой.

– «Қазақ тарихы» пәнін ЖОО жүй­есі­нен алып тастау мәсе­лесіне қаты­сты жағ­да­ят газеті­міздің осы нөмірін­де сөз бола­ды (19-бет­ті қараңыз – Ред.). Біздің редак­ци­яға кел­ген бір хат­та жазы­лған дерек бой­ын­ша, «117 рек­тор­дың ісіне» Рах­ман Алша­нов мұрын­дық болған сияқты. Әлбет­те, біз оны «қолы­нан ұстап алған жоқ­пыз». Бәл­кім, «сен баста­ма­шы бол» деп, Рах­ман мыр­за­ға билік­тің өзі қолқа салған шығар… Қалай болған­да да, халы­қтың бола­шағы­на жасалған бұл қия­нат­тың жай-жап­са­рын газет­тің алдағы сан­да­рын­да жалға­сты­ра­тын бола­мыз. Мини­стр­дің аты­на жазы­лған бұл хатқа кім баста­ма­шы болға­нын білетін­дер бол­са, мар­ха­бат, газет беті­нен аямай орын беру­ге дайынбыз!

– Ермұрат аға, сіздің газет «қолы­на алған» бұл мәсе­ле аяқ­сыз қал­май­ды деп ойлаймын…

– Деген­мен, тақы­ры­пқа ора­лай­ық: егер комис­сия жұмысы діт­те­ген ойы­ң­нан шық­пай жат­са, келесі қада­мың қан­дай болуы мүм­кін, Мұх­тар? Комис­си­ядан кетуің мүм­кін бе?

– Қалай болған­да да, комис­сия жұмысы­на аяғы­на дей­ін қаты­са­тын мүм­кін­дік­ті толы­ғы­мен пай­да­ла­нуы­мыз керек. Халы­қтың ойы­нан шыға­тын нәти­же­ге жете­міз деген сенім басым. Үкі­мет­те оты­рған шене­унік­тер де топас емес шығар: өздеріне де, бала­ла­ры­на да осы – аяғы­мы­здың астын­дағы жер керек шығар… Олар­дың көбі біздің ұста­ны­мы­м­ы­зды қол­дай­ды. Бірақ бір білетінім – сая­си шешім шене­унік­тер­дің дең­гей­ін­де қабыл­дан­бай­ты­ны анық. Жер тағ­ды­ры олар­дың қолын­да емес. Сон­ды­қтан жер­ге қаты­сты сая­си шешім­ді қабыл­дай­тын­дар – халы­ққа жақын болуын қалар едім. Тіп­ті басқа­ша болуы да мүм­кін емес!

– Ал соңғы кез­дері әле­умет­тік желілер мен жеке­ле­ген сайт­тар­да саған қар­сы жари­я­ла­ным­дар пай­да бола баста­ды. Оның ара­сын­да «Мұх­тар Тай­жан сатқын­дық жаса­ды» деген бір жаз­ба­ны да көзім шалып қал­ды. Осы­ған қаты­сты қан­дай пікір айтар едің?

– Шынын айт­сам, оған аса көңіл бөле бер­мей­мін. Себебі сая­сат­та жүр­гені­ме бір­не­ше жыл бол­ды, бұн­дай шабуыл­дың жаса­лып жатқа­ны бірін­ші рет емес, оған қар­сы имму­ни­теті­міз де қалып­тасқан… (күл­ді). Халық ақы­мақ емес шығар: әле­умет­тік желі­ден кім­нің – кім екенін де оқып, біліп отыр. Барым осы – алды­ңы­зда отыр­мын, басқа адам болып өзге­ре да алмай­тын шығармын.

– Мұх­тар, ел мүд­десін қорға­уға қаты­сты сенің аза­мат­тық бел­сен­ділі­гіңді жеке өз басым қат­ты қол­дай­мын. Бәл­кім, сенің осы аза­мат­тық қада­мы­ң­ды қызға­на­тын қаза­қтар да бар шығар: «бұл біз­ден асып, баса-көк­теп қай­да бара­ды» деген қызыл­көз пиғы­лын жең ішіне жасы­рып жүрген…

– Кім біл­сін, аға?! Тай­ыз пен­де­лер­дің қаза­қы көре­ал­мау­шы­лы­ғын да жоққа шыға­ра алмай­мын. Жиыр­ма бес жыл бой­ғы тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да қол­да­ры­нан ештеңе кел­ме­ген­дер­дің іштар­лы­ғы да болуы мүм­кін. Ұлт­шыл­ды­қты жалған ұранға айнал­ды­рған некен-саяқ топас­тар ара­мы­зда жүр­генін білем: аяқтан шалғы­сы келеді, бес сау­сақ бір­дей емес қой. Кім­ге кінә тағып, өкпе арта­мын – біл­ген­дері сол бол­са, амал қайсы?!

– Дұрыс, бауы­рым, алған бетің­нен тайма!

Ермұрат БАПИ


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн