Воскресенье , 6 июля 2025

Тәуекел МҮСІЛІМ: ӨЗ ЖАРЫМДЫ Әуезовтың образдарынан ІЗДЕП ЖҮРМІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (347) от 25 авгу­ста 2016 г.

 

 

 

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

 

 

 

 

Аз уақыт­тың ішін­де елге таны­мал болған өзі – модель, өзі – актер, өзі – теле­жүр­гі­зу­ші, өзі – әнші Тәу­е­кел Мүсілім Қаза­қстан­дағы №1 сұлу жігіт ата­нып жүр. Талай ару­дың жүре­гін жау­ла­ды. Жас актер­дің кенет­тен мұн­дай жетістік­ке кене­луіне күмән­мен қараған бәз біре­улер оны өзінің про­дю­сері Жан­на Әбу­ова ханы­мға қосқан бола­тын. Біздің газет­ке бер­ген сұх­ба­тын­да Тәу­е­кел осы төңірек­те біраз жәйт­тер­ге тоқталған еді.

 

– Тәу­е­кел мыр­за, жуы­қта сіз шетел­дік­тер­мен бірі­гіп бір фильм­ге түседі деген сөз шықты ғой…

– Иә, ол фильм АҚШ-тың Лос-Андже­лес қала­сын­да түсіріледі. Режис­сері Рус­лан Акун деген жігіт. Ол бұған дей­ін көп­те­ген жақ­сы кино­лар түсір­ген. Бұл отба­сы­лық фильм бол­мақ. Бұй­ыр­са, жаңа жылға қарай елі­міздің бар­лық кино­те­атр­ла­рын­да көрсетіледі.

 

– Негіз­гі білім алған маман­ды­ғы­ңыз бой­ын­ша – инже­нер­сіз. Сон­да тех­ни­ка­лық кәсіп­ке үш қай­на­са сор­па­сы қосыл­май­тын өнер­ге сым­бат­ты көр­кіңіз­бен кел­ген бол­ды­ңыз-ау, ә?

– Жасы­ра­тын түгі жоқ – мен шоу-биз­неске кез­дей­соқ кел­ген адам­мын. Сон­ды­қтан киноәле­мін мен емес, ол – мені таң­да­ды деп айтуға бола­ды. Небір жоба­лар­дан ұсы­ны­стар түс­кен кез­де, маған зауыт­та жұмыс істе­генн­нен гөрі, шоу-биз­нес жүр­ген дұрыс екенін аңғар­дым. Өнер­ге тасы­ған талан­тым­ның арқа­сын­да кел­дім десем – өтірік бола­ды. Талант ол – мың­ның бір­ге ғана берілетін қаси­ет. Кез кел­ген адам талант­ты бола алмай­ды. Мен тек бүгін­гі кәсібім­ді жұмысым­ды жақ­сы көре­мін және оны адал атқа­руға тырысамын.

Иә, жасыр­май­мын. Көп­те­ген бай­қа­у­лар мен кастинг­тер­ден көр­кім­нің арқа­сын­да өткен болар­мын. Қазір енді сырт-кел­бетім ғана емес, бой­ым­дағы басқа да қыр­ла­рым арқы­лы таны­лғым келеді. Сол себеп­тен күн­де өз-өзім­мен жұмыс істе­уде­мін. Уақыт ешкім­ді аямай­ды: түбі бір беті­міз­ге әжім түсетінін біле­міз. Мен түрім­нің әде­мілі­гіне сеніп жүре бер­сем, ертең­гі күнім кен­де қала­рын білем.

 

– Сәнқой­лық сала­сын­да модель болға­ны­ңы­здан хаба­ры­мыз бар. Жал­пы қазақ ер адам­ның мұн­дай «өнерін» жақты­ра бер­мей­ді: ол кәсіп­ті әлі де жалға­сты­рып жүр­сіз бе?

– Сән­гер­лік­ке 2008 жыл­да­ры кел­дім. Сту­дент кезім­де сым­бат­ты­лы­ғы­ма бай­ла­ны­сты «ком­пли­мент» жиі ести­тін­мін. «Мына­дай бой­ы­ң­мен модель­дік биз­неске бар­мау – құдай­дың бер­геніне қия­нат жасау» деген­дей сөзді жиі ести­тін едім. Осы түрт­пек­теу модель болуы­ма себеп­ші бол­ды. Алға­шын­да модель деген тек теле­ка­ме­ра алдын­да, поди­у­м­да ары-бері жүру­мен шек­те­летін жұмыс деп ойлап­пын. Өйт­кені модель­дік­ке қыз­те­ке секіл­ді, жөні дұрыс емес жігіт­тер бара­ды деп ойлай­ты­н­мын. Бірақ ол мен ойлаға­ным­дай емес екен. Ол жер­де мен қаза­қтың нағыз бет­ке ұстар ер аза­мат­та­рын көр­дім: бой­ла­ры ұзын, сым­бат­ты, айтар ойла­ры да кере­мет. Қазақ тілін­де еркін сөй­лей ала­тын, пат­ри­от жігіт­тер бол­ды. Солар­дан үлгі алып өстім. Ол кез­дері елі­міз­де «модель» деген ұғым басқа­ша еді. Ал қазір бұл салаға деген көзқа­рас бұры­нғы­мен салы­сты­рған­да қай­та әжептәуір өзгерген.

Негізі, модель­дік биз­нес – қатаң бәсе­ке­ле­стік­тен тұра­тын орта, бұл сала­да карье­ра жасау оңай емес. Сол уақыт­тар­да өзім­ді басқа қырым­нан көр­гім кел­ді. Ал жора-жол­дастар­дың ара­сын­да – бірі өз-өзіне ғашы­қты­қтан модель бол­ды десе, екін­шілері бұл кәсібім­нің келе­ше­гіне күдік кел­тір­ді. Содан сән­гер­лік­пен 2012 жылы қошта­стым. Содан кей­ін ол салаға қай­тып барған емеспін.

Ал қазір әнші, актер және теле­жүр­гі­зу­ші­мін. Осы­лар­дың қай-қай­сысы бол­сын жаны­ма жақын. Жүр­гі­зу­шілік шебер­лі­гім­ді арт­ты­ру үшін, кітап оқып, тілім­ді дамы­та­мын. Актер­лік те үлкен дай­ын­ды­қты қажет ете­ді. Ал әнші болу үшін вокал­дан сабақ алып жүр­мін. Сон­ды­қтан бүгін­де бұл үш маман­ды­қтың да ұшқы­ны бар деп айта ала­мын. Егер кез­дей­соқта өнерім тоқтап қал­са, онда зауыт­та да жұмыс істеп кете ала­ты­ны­ма сенім­ді­мін. Сол себеп­тен де жоға­ры оқу орны­ның дипло­мын алдым.

Кей­ін­нен кастинг­тер­ден өтіп жүр­генім­де, кез­дей­соқта «Махаб­ба­тым жүре­гім­де» теле­хи­ка­я­сы­ның басты рөліне бекітіл­дім. Оның алдын­да про­дю­серім Жанар Әбу­ова ханым­мен бір­ге жұмыс істе­у­ге келісім-шар­тқа отыр­дым. Жал­пы бұрын фут­бол­ды жаным сүй­етін, оны­мен жақ­сы айна­лы­стым. Егер ары қарай алып кет­кенім­де, кәсі­би фут­бол­шы болып шығуым мүм­кін еді. Бірақ орта жол­дан тастап кет­тім. Кім біледі, сол уақыт­тар­да әкем қасым­да болған­да, фут­бол­ды таста­мау­шы ма едім…

– Сіз әкеңіз жай­ын­да көп айта бер­мей­сіз: Мүсілім әкеңіздің есі­мі ме?

– Мүсілім − атам­ның аты. Ал әкем­нің есі­мі − Сабыр бола­ды. Ол кісі жай­ын­да көп айт­пай­ты­ным – әке-шешем бала кезім­де ажы­рас­ып кет­кен. Бір ғана анам­ның тәр­би­есін­де өстім. Әкем­мен көп ара­ласқан жоқ­пын. Тек соңғы бірер жыл­да бол­ма­са, негізі аса қат­ты жақын болған емес­піз. Бұл да өмір ғой енді…

 

– Бой десе – бой­ы­ңыз, түр десе – түріңіз бар. Өз қала­у­ы­ңы­здағы сүй­ік­тіңізді кезік­ті­ре алды­ңыз ба?

– Жоқ, әлі кезік­ті­ре алған жоқ­пын. Егер бір қызға ғашық бол­сам, мін­дет­ті түр­де үйле­не­мін. Кей­де «осы мен біре­уді жақ­сы көр­дім бе» деп те ойлай­мын. Біре­умен ара­ла­сып келе жатып, ол адам­ның мінезін бай­қап қалған­да көңілім суып қала­ды. Бұрын бір қызды ұнатқа­ным бар. Бірақ қарым-қаты­на­сы­мыз ұза­ққа бар­ма­ды. Осы­дан кей­ін мен сон­дай тип­те­гі қызды кез­де­сті­ре алмадым.

 

– Бір сұх­ба­ты­ңы­зда «қызым­ның бойы қысқа бол­мау керек, қазақ тілін­де еркін сөй­лей­тін, тәр­би­елі, салт-дәстүр­ді білетін қыз болуы қажет. Шашы мін­дет­ті түр­де ұзын, көзі ашық, сана­сы ояу, қылы­қты, әде­мі болу керек» деп­сіз. Қыздарға тым көп талап қоя­мын деп ойла­май­сыз ба?

– Иә, айтқа­ным бар. Бірақ осы тала­бым үшін өкініп қал­дым. Біраз қыздар рені­ш­терін айт­ты. Не десек те, қан­дай қыз­бен бас қоса­ты­ным­ды бір құдай ғана біледі. Деген­мен атам да, әкем де ұзын болған. Сон­ды­қтан анам­ның тала­бы бой­ын­ша, тұқым­ды ұсақта­тып алмау үшін бола­шақ жарым­ның бойы ұзын болға­нын қалай­мын. Мен Мұх­тар Әуе­зо­втің шығар­ма­ла­рын оқып оты­рған­да, көз алды­ма бір қыздың обо­азы келеді. Бәл­кім, сол кей­іп­кер­ді іздей­тін болар­мын… Бірақ бұдан бұрын, маған бір қызға ғашық болу керек болып тұр…

 

– «Махаб­ба­тым жүре­гім­де» теле­се­ри­а­лын­да бір­ге түс­кен Гүл­наз Жола­но­ва еке­уіңіз­ге қаты­сты «бір бір­леріңе теңсің­дер» деген сөз айты­лған еді. Расы­мен, фильм­де­гі ғашы­қтық өмір­де­гі сезім­деріңізді оят­па­ды ма?

– Гүл­наз еке­уміз жақ­сы ара­ла­са­тын достар­мыз. Бір-бірі­мізді қат­ты сый­лай­мыз. Теле­хи­ка­я­да болған нәр­се сол фильм­де қал­ды. Ара­мы­зда ешқан­дай да ғашы­қтық сезі­мі өрбі­ген жоқ. Жұмысқа жеке өмірім­ді ара­ла­стыр­май­мын. Адам­ның жасы өскен сай­ын да әр нәр­се­ге назар аударғыш бола­ды. Сон­ды­қтан Гүл­наз еке­умізді қосу­дың қажеті жоқ. Бәл­кім, әлі күн­ге дей­ін жалғыз жүруі­ме уақы­тым­ның тығы­зды­ғы да себеп­ші шығар. Соңғы екі жылға қой­ған жос­пар­ла­рым бар. Бар­лық наза­рым – жұмыста.

 

– Инста-парақ­шаңы­зда көп қыздар­дың сіз­ге сезім­дерін біл­дір­ген жаз­ба­ла­ры жиі жари­я­ла­на­ды. «Қыздың жолы – жіңіш­ке» дей­ді ғой… Десе де, егер сіз­ге әлдебір қыздың өзі келіп, жүрек сезі­мін біл­дір­се қалай қабыл­дар едіңіз?

– Қыздар­дың бірін­ші болып, жігіт­ке махаб­бат сезім­дерін біл­дір­гені дұрыс емес деп ойлай­мын. Жігіт өзінің ер аза­мат­ты­ғын көр­се­туі керек, ал қыздар­дың асы­ғы­стық таныт­паға­ны жөн. Сабыр сақтап, сүй­ік­ті жігітінің сөз салуын күт­кені дұрыс. Бұры­нғы заман­дағы қыздар солай болған және осы­лай қалуы да керек.

Иә, біз өнер ада­мы болған­ды­қтан, қыздар тара­пы­нан қызы­ғу­шы­лық көп бола­ды. Әле­умет­тік желі­ге пікір қал­ды­ру­ла­ры да содан шығар. Бірақ желі­ге жазған бөлек те, шынайы өмір басқа ғой. Сон­ды­қтан бұл екі айыр­ма­шы­лы­қты шата­стыр­мау керек деп ойлаймын.

 

– Театр және кино актері Дулы­ға Ақмол­да­ның: «Театр­да ойна­май тұрып, өзін осы сала­ның мама­ны санай­тын­дар­ды актер деп айта алмай­мын» дегені бар. Бұған не айтар едіңіз?

– Бұл пікір­мен келі­су­ге бола­ды. Театр­да ойнау үшін, сол сала­да білім алу керек. Сол маман­дық бой­ын­ша жұмыс істеп көру қажет. Кәсі­би актер бол­маған соң да, бізді теат­рға ешкім шақы­ра қой­май­ды. Бұл бел­гілі жәйт.

Екін­ші­ден, қазір қай­та­дан оқу оқи­тын, маман­дық таң­дай­тын жаста емес­пін. Оның үстіне, театр­да ойна­уға ұмтыл­май­мын. Ол жер­дің өз актер­лері де жет­кілік­ті. Біз экран­дағы фильм, теле­хи­ка­я­лар­да бағы­мы­зды сынап жүр­ген актер­лер­міз. Соңын­да көре­рмен өзінің ұнатқан кей­іп­керін таңдайды.

 

– Бола­шақта Тәу­е­кел Мүсілім­ді кім ретін­де көре аламыз?

– Қазір қан­дай бол­сам, кей­ін де сол қал­пым­нан өзге­рем деп ойла­май­мын. Бола­шақ біздің енші­міз­де емес, құдай­дың бер­генін көре­міз. Жұмыс істей­мін, өзім­ді ары қарай дамы­та түскім келеді. Шығар­ма­шы­лық жол ақша табу мақ­са­тын­да емес, менің сүй­ік­ті ісім болып қалға­нын қалай­мын. Шоу-биз­неске еш қаты­сы жоқ өзім­нің жеке биз­несім­ді ашу жос­па­рым­да бар.

 

Сұх­бат­тасқан –

Анар АНАПИЯЕВА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн