Воскресенье , 6 июля 2025

«ТАС» түскен жеріне АУЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (347) от 25 авгу­ста 2016 г.

Темірқа­зық

Шама­сы, Қаза­қстан­да «Мұра­гер» сая­си науқа­ны басталған сияқты. Жасы 80-ге тақаған пре­зи­дент­тің оры­нын басу – Ақор­да­ның айна­ла­сын­дағы талай­ды түн­де – ұйқы­дан, күн­діз – күл­кі­ден айы­рған аңсаған арман екені анық. Ал анық емесі – әзір­ге астыр­тын айқасқа кім­дер түсетіні.

Сөз басын­да айта кету керек, бұл айқа­стың аста­рын­да қат­пар-қат­пар қисап бар. Бірін­ші­ден, пре­зи­дент Назар­ба­ев кім­ге иек қақты, «сені сүй­рей­мін» деп, кім­ге ым біл­дір­ді? Бұл иша­ра­сыз ешкім­нің итшіле­у­ге иіні бұрыл­ма­сы бес ене­ден бел­гілі: «өле алмай жүр­ген ешкім жоқ».

Екін­ші­ден, әне-міне баста­лып кетуі мүм­кін науқан­нан кім­дер­ді кен­де қал­ды­ра­ды? Ел басқа­руға деген құр ынта-ықы­ла­сы ғана емес, мол мүм­кін­ді­гі бол­са да, «гео­гра­фи­я­сы келіс­пей­тін», руы мен жүзі жақ­пай­тын қай­сысын «қағып тастау» керек? Бұл да «Мұра­гер опе­ра­ци­я­сын­да» оты­рып ойла­на­тын сұрақтар­дың көкесі.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың нұқуы­мен бұл науқан­ның ноқтақағар ныша­нын Қаза­қстан үкі­метінің пре­мьер-мини­стрі Кәрім Мәсі­мов бастап кет­кен сыңай­лы. Бұрын­да­ры кең­сесі­нен аттап шығуға дәті бар­маған, жұмған аузын ашпай­тын пре­мьер­дің кенет­тен ел аймақта­рын ара­лап, пре­зи­дент­тің дең­гей­ін­де «шаруа шеш­кіш» боп кет­кені тегін тір­лік бол­ма­са керек. «Баста» деген иша­ра елден бұрын Кәрім Мәсі­мов­ке бұй­ы­рған сияқты. Бірақ оның бұл науқан­дағы этно-тек­тік (этно­ге­нез) есебін екінің бірі түсіне бер­месі анық: өзі – най­ман, наға­шы­ла­ры – арғын бол­са, бұл пиар­дан пай­да болар-бол­ма­сы неғай­был. Бұл да «оты­рып ойла­на­тын» бөлек мәселе…

Деген­мен, менің енді­гі қау­жағым келері – кереғар тақы­рып: бұл науқан­нан кім­дер кен­де қала­ды? Мұра­гер­лік­тің «тақи­я­сы­на» кім­нің тар келуі мүмкін?

Соңғы кез­дер­гі ақпа­рат ағы­нын аңға­рар бол­сақ, мүм­кін мұра­гер­ді алы­стан «атып тастау» науқа­ны да қатар басталған сыңай­дың сипа­тын сезі­ну қиын бол­ма­са керек. «Азаттық» таратқан мына ақпа­ратқа қараңыз: «Қорға­ныс мини­стр­лі­гін­де­гі кор­руп­ци­я­лық жаңа іс бой­ын­ша 10 айып­та­лушы қамауға алын­ды. Қорға­ныс мини­стр­лі­гін Иманға­ли Тасмағам­бе­тов басқарған 2014 жыл­дың күзі­нен бері ведом­ст­во­да мұн­дай жан­жал болған емес» (Azattyq.org).

Иә, әлбет­те бұны елде «жап­пай және ымы­рас­ыз жүр­гізіліп жатқан» (?) жемқор­лы­ққа қар­сы «күре­стің» кезек­ті көрінісі деп баға­ла­у­ға әбден бола­ды. Елдің пре­мьер-мини­стрі жемқор­лық жаза­сы­мен сот­та­лып жатқан кез­де, Қорға­ны­смин­де­гі қапы­лыс қатар­дағы көп қыл­мыстың бірі болуы да мүм­кін. Оның үстіне, Ұлт­тық Қауіп­сіздік Коми­тетінің Бас­пасөз қыз­меті «Азатты­ққа»: «Қорға­ныс мини­стр­лі­гін­де­гі жемқор­лы­ққа қаты­сты іс» бой­ын­ша тер­геу амал­да­ры емес, аны­қтау шара­ла­ры жүр­гізіліп жатыр» деп хабар­лаған екен.

Жөн-ақ! Бірақ сөй­те тұр­са да, осы ақпа­рат­тың жалға­сын оқы­лық: «Айып­та­уға қаты­сты жайт­тар­дың егжей-тег­жейі бас­пасөз­ге хабар­лан­ба­ды, іс құпия сана­ла­ды. Бірақ кінәсіздік пре­зумп­ци­я­сы прин­ци­піне қара­ма­стан, сотқа дей­ін тараған ресми хабар­ла­ма­лар­да «пара алған», «лоб­би жасаған», «жымқы­ру фак­тісі бой­ын­ша» деген сияқты сөз­дер көп. «Қорға­ныс мини­стр­лі­гін­де­гі кор­руп­ци­я­лық іске» қаты­сты 10 адам айып­талған. Ерте­ректе ҰҚК «8 тамыз күні ҰҚК-ге қарас­ты әске­ри қар­сы бар­лау депар­та­мен­ті қыз­мет­кер­лері қару­лы күш­тер­дің мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жаб­ды­қтау бас басқар­ма­сы басты­ғы­ның орын­ба­са­ры под­пол­ков­ник Төле­міс Жұмқа­зи­ев­ті 20 мил­ли­он тең­ге (шама­мен 59 мың дол­лар) көле­мін­де пара алып жатқан кез­де ұста­ды» деп мәлім­де­ген. Есіл ауда­ны­ның № 2 соты ішін­де «бас» күдік­ті – ара­сын­да қорға­ныс мини­стр­лі­гінің под­пол­ков­ни­гі Төле­міс Жұмқа­зи­ев те бар, сегіз айып­та­лушы­ны екі айға қамауға санк­ция бер­ген. Болжам бой­ын­ша, олар Аста­на­дағы ҰҚК тер­геу абақты­сын­да отыр. Іске қаты­сты айып­та­лушы­лар­дың еке­уі осы мерзім­ге үй қамағы­на алынған».

ҰҚК-нің «тер­геу амал­да­ры емес, аны­қтау шара­ла­ры жүр­гізіліп жатыр» дегені анық бол­са, он адам­ды бір­дей топыр­ла­тып, торға қамаудың қисы­ны қай­сы? Егер қажет бол­са, ондай «аны­қта­уды» ел ішін­де­гі беделі бекем, Ақор­даға атағы дар­дай Иманға­ли Тасмағам­бе­то­втің өзі де жүр­гі­зе алар еді ғой! Тегін­де­гі бірін­ші буын ғана емес, өзі де, қыз­меті де тастай болған соң, билік­те­гілер «Тас» атап кет­кен Тасмағам­бе­то­втің мини­стр­лі­гін дүй­ім жұр­тқа даб­ы­ра етіп «аны­қта­удың» аста­рын­да не бар? Бұл – талан-тараж­дың таса­сы­на «Тасты» тық­па­лау әре­кеті емес пе?

Әлбет­те, менің күлбіл­те күді­гім кері болуы да мүм­кін. Бірақ, Кәрім мен Дариға (Назар­ба­е­ва) мұра­гер­лік­ті мұрын­ды­қтап жүр­ген кез­де, таққа тала­сы бар «Тасқа» тас ату теп-тегін тір­лік пе? Бұл да «оты­рып ойла­на­тын» сұрақ…

«Оты­рып ойла­на­ты­ны» – Қорға­ныс мини­стр­лі­гін­де кенет­тен бұрқ еткен бұл іс бой­ын­ша әске­ри­лер­ден бөлек, қар­жы мини­стр­лі­гі қыз­мет­кер­лері мен ком­мер­ци­я­лық құры­лым өкіл­дері де айып­талған көрі­неді. Ал басқа былы­қтар­ды былай қой­ған­да, елде­гі соңғы «Мата­ев­тың ісін» еске алар бол­сақ, «бөлек» айып­та­лушы­лар­дың көме­гі­мен кім көрін­ген­ді суға баты­ру сон­ша­лы­қты қиын бол­ма­са керек. Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­тқа­зы Мата­ев іске «бөлек» тар­ты­лған шене­унік­тер­дің айтуы­мен «айып­ты» болға­ны анық. Яғни, тер­геу тәжіри­бесін­де сыналған әдіспен жазы­қ­сызды жазғы­ру – қаза­қстан­дық қыл­мыстық заң­ды­лы­қтағы жаңа ноу-хоу.

Ақор­да билі­гі мен оның мұра­гер­леріне Тасмағам­бе­тов­ке тас ату­дың тағы бір «қажет­тілі­гін» жер дауы­на бай­ла­ны­сты батыс аймақта бұрқ еткен нара­зы­лық митин­гілері де дәле­ле­деп бер­ген сияқты. Баты­стан басталған «бунт» пен билік­тің ауы­су кезеңі қатар­лас кел­ген­де, көш бастай­тын «тен­тек теке­лер­ден» Ақор­да­ның зәре­зап болуы – заң­ды­лық. Әрине, «төң­керіс жаса­мақ бол­ды» деген Тоқтар Төле­шев­тің «текелі­гіне» күдік көп.

Ал ел ара­сын­дағы беделі басым «Тастың» тең­дес­сіз «тен­тек­ті­гін» Назар­ба­ев­тың өзі де, өгі­за­яң өзге­лері де жақ­сы біледі. Назар­ба­ев­тың «ескі гвар­ди­я­сы­нан» іліп алар біреу қал­са, ол – Тасмағам­бе­тов. Ал Иманға­ли­дың мұра­гер­лік­тен үміт­кер­лі­гін баты­стың бел­сен­ділі­гі үкілей түсуі – Ақор­да­ның зәресін ұшы­руы тағы мүм­кін. Ол бел­сен­ділік­ті ел интел­ли­ген­ци­я­сы мен Назар­ба­ев­тан әбден қажы­ған басқа қазақ қол­дай кет­кен кез туса, Ақор­да бүгін­гі күніне зар боп қала­ры кәдік. Сон­ды­қтан «Тастан» туар қатер­дің қау­піне бірін­ші кезек­те иша­раға ілік­кен үміт­кер­лер қам­да­на баста­ды. Бәл­кім, «Қорға­ныс мини­стр­лі­гін­де­гі жемқор­лық» даб­ы­рас­ын дай­ын­дап қой­ған қағілез­дер де солар болуы ықтимал.

Осы орай­да интер­нет­тен қаз-қал­пын­да алы­нған мына жаз­баға назар аударыңыз:

• «Дан­ный «тран­зит» озна­ча­ет фор­ми­ро­ва­ние дина­сти­че­ской систе­мы, так как на клю­че­вые долж­но­сти вста­нут близ­кие род­ствен­ни­ки Назар­ба­е­ва. Нико­го из «чужа­ков» в эту схе­му уже не пустят, а из тех, кто сей­час есть в окру­же­нии Елба­сы может быть уго­то­ва­на неза­вид­ная судь­ба «заго­вор­щи­ков». Дока­за­тель­ством тому слу­жит дело «пут­чи­стов» под руко­вод­ством Тох­та­ра Туле­ше­ва, в кото­рое уже вовлек­ли чинов­ни­ков вто­ро­сте­пен­но­го ран­га и свя­за­ли их как с акти­ви­ста­ми дви­же­ния про­тив про­да­жи зем­ли, так и с «тер­ак­та­ми» в Актобе.

От этих «мятеж­ни­ков» нити могут потя­нуть­ся дале­ко наверх в Аста­ну, а состав обви­ня­е­мых может быть рас­ши­рен. Ясно так­же, что дан­ная сорван­ная попыт­ка «пере­во­ро­та» нуж­на была Назар­ба­е­ву в каче­стве инстру­мен­та запу­ги­ва­ния самой эли­ты, что­бы добить­ся еще боль­шей кон­со­ли­да­ции вокруг себя и про­ве­де­ния новых чисток неугод­ных. Послед­ние собы­тия в Тур­ции и дру­же­ский при­мер Эрдо­га­на под­ска­зы­ва­ет Назар­ба­е­ву пра­виль­ное направ­ле­ние «пере­фор­ма­ти­ро­ва­ния» нена­деж­ной верхушки.

Пер­вым под жер­но­ва репрес­сий может попасть, как ни стран­но, «про­дукт пре­зи­ден­та» Иман­га­ли Тасм­гам­бе­тов, кото­рый нико­гда не скры­вал сво­их амби­ций на пре­стол, убеж­ден­но верил, что он и есть тот самый «пре­ем­ник». Этим он и опа­сен и ста­вит крест на сво­ей даль­ней­шей карье­ре. Тем более, он поль­зу­ет­ся под­держ­кой груп­пи­ро­вок на Запа­де Казах­ста­на… Кремль так­же рас­смат­ри­ва­ет все­рьез его в каче­стве при­ем­ле­мой фигу­ры на посту пре­зи­ден­та РК.

К тому же Иман­га­ли Тас­ма­гам­бе­тов копит свой ком­про­мат на соб­ствен­но­го хозя­и­на и, ока­зы­ва­ет­ся, всту­пал с ним в пери­о­ди­че­ские кон­флик­ты, будучи на посту аки­ма Алма­ты. Как толь­ко над «про­дук­том» сгу­ща­ют­ся тучи, он сра­зу же начи­на­ет играть на оппо­зи­ци­он­ных нот­ках, гро­зя уйти в стан про­тив­ни­ков Елба­сы. В свое вре­мя он даже заявил, что самым луч­шим пре­мье­ром в Казах­стане был Аке­жан Каже­гель­дин. Явно, то был каме­шек Таса в ого­род ноль пер­во­му. Сей­час, не исклю­че­но, что он, зата­ив­шись, гото­вит новые «раз­об­ла­че­ния» и акции про­тив патро­на. Тем более, его очень не устра­и­ва­ет дина­сти­че­ская систе­ма пере­да­чи власти.

Министр обо­ро­ны РК Иман­га­ли Тас­ма­гам­бе­тов слиш­ком удоб­ная мишень, нахо­дя­ща­я­ся на очень подо­ба­ю­щем месте, кото­ро­го мож­но с лег­ко­стью обви­нить в орга­ни­за­ции пере­во­ро­та и под­го­тов­ке тер­ак­тов про­тив пер­вых лиц госу­дар­ства. Его устра­не­ние будет так­же допол­ни­тель­ным и окон­ча­тель­ным уда­ром по выход­цам из Запад­но­го Казах­ста­на, кото­рый сей­час всех боль­ше бур­лит и недо­во­лен нынеш­ним рас­пре­де­ле­ни­ем наци­о­наль­но­го дохо­да от добы­той неф­ти. В любом слу­чае для остраст­ки сво­е­го окру­же­ния Елба­сы пона­до­бят­ся пока­за­тель­ные каз­ни назна­чен­ных «заго­вор­щи­ков». (Түп­нұсқа – http://rkrp-rpk.ru/).

Бұл жаз­ба­ның қан­ша­сы қисы­нға келерін кім біл­сін. Бірақ «Қорға­ныс мини­стр­лі­гін­де­гі жемқор­лық» жария болған кез­де, бұл пай­ым­ның пошы­мы пышпы­рақтан гөрі, шын­ды­ққа шек­тес көрі­неді. Егер Ақор­да мен оның иша­ра иелен­ген мұра­гер­лері «Тасты» басты бәсе­ке­лес санай­тын бол­са, «сан­ды­қтағы сүй­ек­тер» («скле­ты в шка­фу» деген мағы­на­да) сүй­ретіліп, бірі­нен соң бірі шыға беруі де ғажап емес. Ол «сүй­ек­тер­дің» ара­сын­да «Тасты» таспен ұрған­дай қыла­тын «Шаңы­рақ оқиға­сы» да шай­қа­лып шығуы – ертең­гі күн­ге дай­ын­далған көрініс бол­са, таң­дай қағып таң­да­ну­дың реті болмайды.

Бірақ қалай болған­да да, қазақ айт­пақ­шы, «тас – түс­кен жеріне ауыр». Ол ауыр­лы­қты «Тасқа» қаты­сты айтар бол­сақ, оның зіл бат­пан сал­мағы бүгін­гі билік­ті бүк түсіруі бек мүм­кін. Сон­ды­қтан «жапа­лақты таспен ұрсаң да, жапа­лақты тасқа ұрсаң да – жапа­лақ өледі» деген­дей, «алы­стан ату» ама­лын­да Ақор­да анағұр­лым сақ болуы тиіс шығар. Себебі, «жапа­лақ» де, деме – тәп-тәт­ті билік­ті уыстан шыға­ру оңай деймісіз…

Ермұрат

БАПИ


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн