Среда , 30 апреля 2025

Ереуілшілер ЕЛБАСЫҒА ғана сенеді

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (353) от 6 октяб­ря 2016 г.

 

 

Екін­ші тарап не дейді?

 


 

 

Жаңаө­зен­де­гі еңбек дауы­на бай­ла­ны­сты «Бұрғы­лау» ком­па­ни­я­сы­ның екі мыңға жуық жұмыс­шы­ла­ры бастаған ере­уіл­ге «тіл табысу» үшін жер­гілік­ті про­ку­рор­лар мен поли­ци­я­ның күзе­туі­мен кел­ген жеке мен­шік акци­о­нер­лер өкілі – KazPetroDrilling ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Рах­мет Хай­рул­ла­ев­тың уәжін ашы­нған жұмыс­шы­лар қабыл алмады.

 

Ол былай дей­ді (Azattyq.org): «Жеке мен­шік мер­ді­гер ком­па­ния ретін­де тап­сы­ру­шы­ға тәу­ел­ді­міз, егер тап­сы­рыс бол­ма­са, біз де жұмыс­сыз қала­мыз. Ал біз­ге тап­сы­рыс беру­ші де («Қаз­Мұ­най­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы – Ред.) жаңа ұңғы­ма санын бұры­нғы мөл­шер­ден қысқарт­ты. Биыл 30 мамыр­да жос­пар­лы жұмыс көле­мі тау­сы­лған соң, тап­сы­рыс күрт кемі­ген­дік­тен, екі айға жуық уақыт жұмыс саға­тын қысқар­туға тура кел­ді. Тек кей­ін қосым­ша 32 ұңғы­маға тап­сыр­ма кел­ген соң, бұры­нғы­ша 8 сағатқа көштік. Біз үшін басты мін­дет – қазір­гі бар еңбе­кақы көле­мін сақтап қалу болып отыр».

Соны­мен бір­ге Рах­мет Хай­рул­ла­ев жұмыс­шы­лар талап еткен мұнай-газ сек­то­ры­на арналған біры­ңғай жалақы жүй­есін «Бұрғы­лау» ком­па­ни­я­сы­на енгі­зу мүм­кін еме­сті­гін айт­ты. Оның сөзін­ше, мұнай-газ сек­то­ры­на арналған біры­ңғай жалақы жүй­есі «Қаз­Мұ­най­Газ» және оның еншілес меке­ме­лері сияқты ұлт­тық ком­па­ни­я­ларға арналған. Ал жеке мен­шік кәсі­по­рын­дар­да еңбе­кақы басқа ере­же­мен төленеді.

Бұрғы­шы шеберінің көмек­шісі Бауы­р­жан Қуа­ны­шев бұл уәж­бен келіс­пей­ді. Ол жалақы дауы­на қаты­сты 2009 жылы «Бұрғы­лау» ком­па­ни­я­сын­да болған нара­зы­лы­қты еске алды. Қуа­ны­шев 2009 жылы жасалған арбит­раж­дық келісім бой­ын­ша жос­пар орын­далған жағ­дай­да жұмыс беру­ші жұмыс­шы­ға «бонус» төле­уі тиісті екенін айтты.

Бұған жау­ап ретін­де «қиын жағ­дай­ға қара­май жалақы­ны уақты­лы беріп жатыр­мыз» деген Хай­рул­ла­ев дағ­да­рыс кезін­де жұмыс көле­мін қысқарт­пай ұстап тұрға­нын алға тарт­ты. «Біз­ге биыл 200–250 ұңғы­ма берілуі керек еді. Бірақ 122 ұңғы­ма ғана алдық. Олар­ды мамыр айы­ның соңы­на дей­ін бұрғы­лап бітір­дік. Жұмыс­шы­лар­ды ақы­сыз еңбек дема­лы­сы­на жібе­ру­ге болар еді, бірақ біз қосым­ша 34 ұңғы­ма алып, жұмыс орнын сақтап қал­дық», – деді ол.

Хай­рул­ла­ев­тың сөзін­ше, бас тап­сы­рыс беру­ші «Қаз­Мұ­най­Га­з­дан» тап­сы­рыс азай­ған. Сон­ды­қтан жұмыс құны да 15 пай­ы­зға кемі­ген. Ол жұмыс­шы­ларға «ұңғы­ма­ны дай­ын күй­ін­де өткізу­ге шығын көп кететінін» түсін­діру­ге тыры­сты. Алай­да Хай­рул­ла­ев­тың «уәж­деріне сен­бей­міз» деген жұмыс­шы­лар «пре­зи­дент пен министр ара­лас­па­са, мәсе­ле­лері шешіл­мей­тінін» айтты.

Нара­зы жұмыс­шы­лар акци­о­нер­лері Рах­мет Хай­рул­ла­ев­тан өздері сай­лаған кәсі­по­даққа қысым жаса­уды тоқта­ту­ды сұра­ды. «Үш жыл­дан бері кәсі­по­дақ мүше­сі ретін­де айлық табысы­мы­здың 3000 тең­гесін жар­на етіп төлеп келе­міз. Бірақ кәсі­по­дақ төраға­сы жұмысын жасай алмай отыр. Біз сай­лаған кәсі­по­даққа тиіс­пе­ңіз­дер. Басты тала­бы­мы­здың бірі – осы», – деді Ербол Қаже­ли­нов есім­ді жұмысшы.

Хай­рул­ла­ев бұл мәсе­ле­ге ара­ла­са алмай­ты­нын мәлім­деді. Оның сөзін­ше, бұры­нғы кәсі­по­дақ ұйы­мы «жаңа сай­ланған кәсі­по­дақты заңға сай емес» деп сотқа бер­ген. «Біз­ге кәсі­по­дақ ұйы­мын кім басқар­са да бәрібір. Сот шеші­мі шық­пай жатып, ол кәсі­по­дақ­пен жұмыс істей алмай­мыз», – деді бас акци­о­нер­дің өкілі.

Талап­та­ры­на «нақты жау­ап алма­дық» деп рен­жі­ген нара­зы жұрт жағ­дай­ын көр­се­ту үшін Хай­рул­ла­ев­ты жұмыс орын­да­рын көру­ге шақыр­ды. Бірақ бас акци­о­нер өкілі бұл ұсы­ны­стан бас тарт­ты. Соны­мен, Жаңаө­зен­де­гі «Бұрғы­лау» кәсі­по­ры­ны жұмыс­шы­ла­ры­ның кәсі­по­даққа қысым­ды тоқта­ту, жалақы­ны көте­ру және жұмыс жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды талап еткен нара­зы­лы­ғы жалға­сып жатыр.

«Азаттық» тіл­шісінің хабар­ла­у­ын­ша, талап­та­ры орын­дал­маған жағ­дай­да аштық жари­я­лай­тын­да­рын мәлім­де­ген 150 жұмыс­шы қала әкім­ді­гіне арыз тапсырды.

«Бұрғы­лау» жұмыс­шы­сы Бека­рыс Төлесі­нов жұмыс­шы­лар­дың аштық жари­я­лай­тын­да­ры тура­лы ары­зда­рын Жаңаө­зен қала­сы­ның әкі­мі Елу­бай Әбі­ло­втың аты­на жол­даған­да­рын айт­ты. «Талап орын­дал­ма­са, 14 қазан­нан бастап осы авто­бе­кет алдын­да аштық жари­я­лай­ты­ны­мы­зды мәлім­деп, арыз түсір­дік», – деді ол «Азатты­ққа».

Жаңаө­зен­де ере­уіл­деп тұрған «Бұрғы­лау» кәсі­по­ры­ны жұмыс­шы­ла­ры­мен кез­де­су­ге қазан­ның 3‑і күні облыс про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Ержан Бер­ді­бе­ков пен Маңғы­стау облы­сы еңбек басқар­ма­сы­ның өкілі Мерей Мәжи­тов кел­ді. Жұмыс беру­ші мен жұмыс­шы­лар­дың өкіл­дері қаты­сқан жиын кеш­кі сағат 8‑ге дей­ін созыл­ды. Қабыл­данған шешім­ді ортаға шығып оқы­ған «Бұрғы­ла­удың» бас акци­о­нері – «Каз­пет­ро­ди­рил­линг» ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Рах­мет Хай­рул­ла­ев біры­ңғай жалақы жүй­есінің айыр­ма­шы­лы­ғын есеп­те­у­ге уәде бер­ді. «Біз бух­гал­те­ри­я­мы­зды сіз­дер­дің өкіл­деріңіз­ге көр­се­тей­ік. «Қаз­Мұ­най­Га­зға» ұсы­ныс жаса­дық, егер олар біз­ге тариф­ті көтер­се, біз (мәсе­лені) шеше­міз», – деді Рах­мет Хайруллаев.

Оның сөзіне қараған­да, толық жұмыс күні жасалға­ны­мен, қысқар­ты­лып тасталған жұмыс сағат­та­ры қай­та есеп­те­леді, «бонус» деп ата­ла­тын 13-жалақы 2016 жыл үшін 2017 жыл­дың науры­зын­да төле­неді, қысқарған еңбек дема­лы­сы қал­пы­на кел­тіріледі. «Жұмыс­шы­лар­дың шеген­деу цехын­дағы 2014 жыл­дан бастап төлен­бей қалған сағат­тарға қаты­сты ары­зы бар екен. Оны еңбек басқар­ма­сы­мен бір­ле­се зерт­теп төлей­міз», – деді бас акционер.

Хай­рул­ла­ев жұмыс­шы­лар­дың кәсі­по­дақ төраға­сы­на тағы­лған жалған айып­ты алып тастау, кәсі­по­даққа қысым жаса­уды тоқта­ту, оның есеп­шо­ты мен кәсі­по­дақ каби­нетін ашу тура­лы талап­та­рын облыс про­ку­ро­ры­на біл­ді­ру қажетін айт­ты. «Облыс про­ку­ро­ры­на арыз жазу­ды ұсы­на­мын. Сотқа тар­ты­лған бес жұмыс­шы­ға қаты­сты облы­стық сотқа апел­ля­ци­я­лық шағым беру керек», – деді Рах­мет Хайруллаев.

Бұған нара­зы­лық біл­дір­ген жұмыс­шы­лар жау­а­пқа қанағат­тан­бай­тын­да­рын айт­ты. «Біздің басты тала­бы­мыз – кәсі­по­дақ төраға­сы Сәду­ақас Бекқа­ли­ев­ті қуда­ла­уды тоқта­ту. Оны жұмыс беру­шінің тала­бы бой­ын­ша қуда­лап отыр. Біз осы­ны дереу тоқта­ту­ды талап ете­міз!» – деп мәлім­де­ген жұмыс­шы­лар нара­зы­лы­қта­рын тоқтат­пай­тын­да­рын айтты.

Еске сал­сақ, «Бұрғы­лау» кәсі­по­ры­ны бас­шы­лы­ғы жұмыс­шы­лар ере­уілінің лидері ретін­де Сәду­ақас Бекқа­ли­ев, Төре­бек Жол­ды­ба­ев, Бауы­р­жан Қуа­ны­шев, Ақыл­бек Нұр­лы­ба­ев, Ержан Құла­та­евқа қаты­сты жұмыс­шы­лар ере­уілін заң­сыз деп тану­ды сұрап, қазан­ның 1‑і күні Жаңаө­зен қала­лық соты­на арыз түсір­ген. Жұмыс беру­ші ары­зын қанағат­тан­ды­рған Жаңаө­зен қала­лық соты­ның судья­сы М.Жұмаева жұмыс­шы­лар­дың 30 қыр­күй­ек және 1 қазан күні өткіз­ген ере­уіл­дерін заң­сыз деп тану тура­лы шешім шығарған.

Ескер­те кетей­ік, бас акци­о­нер­мен кез­де­су кезін­де нара­зы ере­уіл­шілер «Әділ­дік орна­сын!», «Аса құр­мет­ті елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев, үміті­міз сіз­де. Біз сіз­ге сене­міз!», «Еңбе­кақы төле­удің біры­ңғай жүй­есін талап ете­міз», «Кәсі­по­дақ төраға­сы орта­мы­зға кел­сін!», «Елба­сы жол­да­уы орын­дал­сын!» деген ұран­дар іліп қойды.

Ал ере­уіл­ші жұмыс­шы­лардың бұл
ұран­да­ры­на Ақорда
қандай жау­ап қата­ды – ол жағы
әзір­ге бел­гісіз. Бел­гілісі – бір ғана жәйт: егер үкімет тара­пы­нан ере­уіл­шілер тала­бы­на құлақ асу бол­ма­са, бұл ере­уіл үлкен әлеумет­тік-сая­си толқуға
ұласып кетуі әбден мүмкін.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн