Суббота , 5 июля 2025

Малайзиялық «Боинг» ұшағын АТЫП ҚҰЛАТҚАН – РЕСЕЙ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (353) от 6 октяб­ря 2016 г.

 

 

 


 

 

Донец­кі­де атып түсіріл­ген малай­зи­я­лық МН17 лай­нері тура­лы тек­се­ру қоры­тындысы жари­я­лан­ды. Күт­кен­де­гі­дей, Ресей бәрін теріс­ке шыға­ру ойы­ны­на кірісіп кет­ті. Олар ештеңені де мой­ын­дағы­сы жоқ. Жақын­да, осы баян­да­ма жари­я­ла­нар қар­саңын­да тағы бір кезек­ті гипо­те­за­ны ұсы­нға­ны бел­гілі. Ол бұры­нғы айтып жүр­ген­дері­нен мүл­дем өзге­ше болып шықты. Бұған ресей­лік жур­на­ли­стер­дің өзі таң қал­ды, бірақ бұдан қым­сы­нып жатқан олар жоқ, дәлел толық емес деп жар салуда.

 

Әрі қарай не бола­ды? Бұл жөнін­де Укра­и­на сая­сат­та­ну­шы­сы О. Поно­марь төмен­де­гі­дей жора­мал жасай­ды. Ол өз болжа­мын дәл осын­дай жағ­дай­ды басы­нан өткер­ген Ливия бас­шы­сы Кад­да­фидің тағ­ды­ры­мен салы­сты­ра оты­рып тал­дай­ды. Енді соған сөз берейік:

«Соны­мен… не білдік?

«Бук» (раке­та кешені – Ред.) – рас­че­ты­мен қоса Ресей­дікі. Тіп­ті олар­ды өлген­нен кей­ін де, оқиға болар­дан бір апта бұрын жалған бұй­ры­қ­пен арми­ядан запасқа жібер­ген бол­са да, бұл ештеңені өзгерт­пей­ді – Бас қол­бас­шы­дан бастап, төмен қарай бар­лы­ғы да жұмыста­рын­да отыр.

Бұл адам­дар­дың бар­лы­ғы да аны­қталған. Енді олар­ды жау­ап алу үшін сұра­ту баста­ла­ды. Бұл жұмыстарға 1 жыл 3 ай уақыт бөлін­ген. Әрине, олар­ды бір­ден бер­мей­ді. Бұл уақыт­тың бәрін­де сауда­ла­су жүріп жата­ды. Содан соң санк­ци­я­лар салынады.

Санк­ци­я­лар­дан құты­лу үшін, Ресей тер­геу орын­да­ры­мен келісім­ге келу­ге мәж­бүр бола­ды – біре­улер­ді беру­ге, азды-көп­ті ақша төле­у­ге келі­седі. Мыса­лы, Қорға­ныс министрін.

Батыс алды­мен бұған келі­седі. Әйте­уір істі орны­нан жыл­жы­ту үшін. Сосын жаңа иск баста­ла­ды (саля­ми так­ти­ка­сы). Ақы­рын­да бәрібір 3 млрд ақша­ны төле­у­ге тура келеді (әрбір қай­тыс болған ада­мға $10 млн ком­пен­са­ция). Бұл 100%. Ақша толық төлен­бей, санк­ци­я­лар алынбайды.

Кад­да­фи тарихын­да тра­ге­дия болған сәт­тен бастап, $3 млрд ақша толық төленіп болған­ша, 15 жыл уақыт өткен (онда да 270 адам өлген, әр ада­мға $10 млн ком­пен­са­ци­я­ны Кад­да­фи ақы­ры төле­у­ге мәж­бүр бол­ды, оларға да кей­біре­улер­ді беру­ге тура келді).

Әрине, қазір­гі жағ­дай­да бұл про­цесс анағұр­лым шап­шаң жүруі тиіс, өйт­кені онсыз да Ресей басқа себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты санк­ци­яда тұр.

Әрі қарай­ғы Кад­да­фидің тағ­ды­рын бәріңіз де білесіздер».

 

Тағы да МН17 рей­сі тура­лы: кеше­гі МН17 рей­сі тура­лы пресс-кон­фе­рен­ция Батыс БАҚ-тарын­да одан әрі қызу талқы­ла­ну үстін­де. Әсіре­се Ресей­дің нешетүр­лі вер­си­я­лар ұсы­нып, түл­кібұлаңға салуы Батыс қоға­мын таңы­рқа­тып отыр, олар Ресей­ді жаңа қыры­нан қай­та ашып жатқан­дай. Бұлар кім­дер­мен істес болып оты­рған­да­рын енді-енді түсіне бастаған сыңай­лы. Баян­да­ма­да нақты ешкім­нің аты атал­мауы, жал­пы Ресей­ді тіке­лей кінәлау сөз­дері жоқты­ғы – Ресей және оның ТМД аумағын­дағы жана­шыр-ват­ник­терінің хошын кел­тіріп, көңіл­дерін көте­ру­де. Бұл олар­дың жау­ап­кер­шілік­тен құты­лып кету­ге бола­ды-ау деген жалған үмітін оятқандай.

Деген­мен де нақты жағ­дай­ды аны­қтай түсу үшін, Баты­стың бір­не­ше өкіл­дерінің пікір­лерін тың­дап көрейік:

 

Саман­та Пау­эр – АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

• «МН17 лай­нерінің апа­ты тура­лы Ресей Шығыс Укра­и­на­дағы жан­жал тура­лы үне­мі қол­да­нып келе жатқан әдісіне салып, халы­қа­ра­лық қоғам­ды шата­сты­руға барын­ша тыры­сып-ақ жатыр».

 

Петр Поро­шен­ко –

Укра­и­на президенті:

• «Алдын ала тер­геу қоры­тындысы МН17 апа­ты­на Ресей­дің кінәлі екен­ді­гін нақты­ла­ды. Енді БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесі аясын­да бұған кінәлілер­ді жаза­лау меха­низ­мін жаса­уы­мыз қажет».

 

Арик Толер – МН17 рей­сінің жой­ы­лу себебін зерт­те­ген Bellingcat тобы­ның мүшесі:

• «Халы­қа­ра­лық тер­геу тобын­да жұмыс жасай­тын маман­дар біз­ге бел­гілі жағ­дай­дан анағұр­лым көп білетін­ді­гі сон­дай, мен бұған риза­шы­лы­қ­пен қат­ты таң қал­дым. Олар­дан кел­ген қоры­тын­ды да біз жасаған қоры­тынды­мен бір­дей. Соған қара­ма­стан тер­ге­ушілер тым сақтық таны­тып отыр. Мен мұны сая­си шешім деп есеп­тей­мін – Ресей­ге, мем­ле­кет ретін­де, өзіне-өзі қазып оты­рған көр­ден бір қадам жер­ге әлі де бол­са кей­ін шегі­ну­ге мүм­кін­дік қал­ды­рып отыр. Оның мақ­са­ты – жеке­ле­ген Ресей аза­мат­та­ры әлі де бол­са тер­геу орын­да­ры­мен әріп­те­стік қаты­нас орна­тып, жағ­дай мүл­дем қиын­дап кет­пей тұрған­да, өз жағ­дай­ла­рын жақ­сар­туға жұмыстан­са дейді.

Олар Ресей­дің қаты­сы бар екен­ді­гін анық біледі, деген­мен де негіз­гі акцент­ті кінәлі адам­дар тер­геу ісіне өз ерік­тері­мен көмек­тес­се деген­ге ауда­рып отыр. Бұл 100 адам­ның басым бөлі­гі – Ресей әске­ри­лері және тек қана 53-бри­га­да емес, «БУК»-ті тасы­мал­да­уға көмек­тес­кен­дер де бар. Бұл опе­ра­ци­яға қаты­сқан бар­лық адам­дар­дың нақты аты-жөні бел­гілі. Олар­да одан басқа да толып жатқан ақпа­рат­тар бар.

Тағы бір бай­қаға­ным – пресс-кон­фе­рен­ци­яда көр­сетіл­ген видео­да «БУК»-тің соңғы екі санын көр­сет­пей, тек «9М38» жазуын ғана қал­ды­рып­ты да, соңғы Кур­скілік 53-бри­га­данікі екен­ді­гін біл­діретін «M1» индексін бояп қой­ып­ты. Мұның өзі – әлі де бол­са Ресей­ге қал­ды­рып оты­рған мүм­кін­ді­гі. Соған қара­ма­стан олар бәрін теріс­ке шыға­ру­дан танар емес.

Заха­ро­ва (РФ Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің ресми өкілі – Ред.) мұны сая­си аста­ры бар баян­да­ма дей­ді ме? Олай бол­са, келесі баян­да­ма­ны күт­сін. Онда ашық тексті­мен бәрі де айты­ла­тын бола­ды және орыс әске­ри­лерінің бар­лық нақты аты-жөні ата­ла­тын бола­ды. Сон­да да Ресей өтірік­ті қар­ша бора­туын қой­мауы мүм­кін. Олар өтірік­ті қан­ша­лы­қты айтқан сай­ын, біз оны нақты фак­тілер­мен сон­ша­лы­қты жоққа шыға­руға дай­ын­быз. Жал­пы, біз әзір­ге жұмыс­сыз қал­май­тын сияқтымыз».

P.S. Аустра­лия СІМ: МН17 лай­нерін жой­ған күдік­тілер­дің аты-жөні 2016 ж. аяғы­на дей­ін жари­я­ла­на­тын бола­ды. Былай­ша айтқан­да, ресей­лік­тер­ге өз еркі­мен тер­геу орын­да­ры­на келу­ге 3 ай мерзім беріліп отыр.

 

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн