Суббота , 5 июля 2025

АРЫСТАНБЕКТІҢ АРТЫНАНҚАНДАЙ ҚҰДІРЕТ ТІРЕП ТҰР?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 

Темірқа­зық

 


 

 

Бұдан бірер жыл бұрын Қаза­қстан­ның Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гін басқа­руға ойда жоқта тап болған Ары­стан­бек­тің арты­нан тағы да сөз ерді. Ол сөздің ойып алар тоқе­тері – Өнер ака­де­ми­я­сын­да рек­тор болып тұрған кезін­де сту­дент қыздар­ды «төсек­ке сүйреген».

Өзін аза­мат санай­тын адам­ның басы­на – ауыр айып. Қаңқуы мен аңқуы ара­лас ол сөздің ақ-қара­сын аты мен атағы айғай­ға пара-пар Ары­стан­бек­тің өзі сот арқы­лы аны­қтап алам деп отыр. Сөйт­кені жөн ғой: әйт­пе­се мәде­ни­ет­тің мини­стрі «етек­ті­ге есі кет­кен» деген сөздің несі жақсы?..

«Етек» демек­ші, қаза­қтың қай ерке­гі «ете­гіне намаз оқып жүр» дер­сіз. Сол да сөз боп па? Қылы­ғын­да қыбы­ры, жүре­гін­де жыбы­ры жінік­кен жігіт қызға қырын­да­са, «қымы­зды кімі ішпей­тін қаза­ққа» оның несі айып?

Бұл, әрине, серілік­тің «скан­да­лы­на» тап болған Ары­стан­бек­ті айып­та­у­шы­ларға қар­сы топ­тың пікірі. Ал мини­стр­ді міне­ушілер­дің нөпірі ной­ыс – әне-міне әле­умет­тік желіні жарып жібе­ре­рдей. Жазғы­ру­дан көз сүрі­неді. Сон­ды­қтан болар, апта­ның апты­ғын қуы­рған «елір­ген еркек­тік», «еңіре­ген етек­ті» тақы­ры­бын тасаға таста­удың реті бол­ма­ды. Әйт­пе­ген­де ел-жұрт­тың есін алған өзге тақы­рып тау­сы­лып тын­ды дер­місің: басқа­сын былай қой­ған­да, Аста­наға тағы бір әйдік әше­кей ғима­рат салы­нға­лы жатыр деген хабар­дың халы­ққа салар сал­мағы аз ба?

Сөз басын­дағы сөй­лем­де «ойда жоқта» және «тағы да сөз ерді» деген тір­кестер­ді тегін теріп алма­дым. «Тағы да» дей­тінім – Ары­стан­бек­тің тегі «Әли­ев» деген әлпет­тен «Мұха­ме­диұ­лы» болу­дан басталған әу бастағы у‑шу мини­стр­дің аузы­нан атқып шыққан «қырғы­здың қызда­ры әжет­ха­на жуып жүр» деген дөрекілік дипло­ма­ти­я­лық дауға ұла­сып, күні кеше ғана басы­лған сияқты еді. Бас­пасөз­де бедері қалған ара-тұра­дағы мәде­ни­ет­сіздік­ті жіп­ке тіз­сең, соңғы жыл­дар­да Ары­стан­бек атын шығарған мини­стр­лік­тің тәп-тәуір «шежіресін» түзіп ала­рың ап-анық.

Енді­гісі – мынау: «сөйт­кісі кел­ді», «бүйт­кісі кел­ді» деген секс төңіре­гін­де­гі тақы­ры­пқа ұла­сты. «Есі дұрыс» елде «өйт­кісі кел­ген» өкі­мет ада­мы сол күні қыз­меті­нен кетер еді. Ал мына­уың мыңқ етпей­ді. Сот­та­сам дей­ді. «Төсек төңіре­гін­де» әйел­мен сот­та­сып, жетіс­кен екен!

Сон­да бұл неге мыңқ етпей­ді? Бір өзінің ғана айғайы бүкіл үкі­мет­ке үле­стіріп беру­ге жетер­лік Ары­стан­бек­тің арты­нан тіреп тұрған не құдірет?

Шама­сы, ол «құдірет­тің» күші Мұха­ме­диұлы­ның мини­стр­лік мін­дет­ке «ойда жоқта» ие болуы­нан бастал­са керек. Елде­гі көбе­дей көп оқу орны­ның бірінің ортан қол рек­то­ры ретін тауып, қалай министр бола қал­ды деген сау­ал сол кез­де талай­дың таң­дай­ын тықыл­датқа­ны бар. Таң­данған­дар таң­дау неге бұған түсті десті. Елдің мәде­ни­етіне ие болуға лай­ық басқа­лар аз ба еді? «Халық әртісі­нен» бастап, «еңбек сіңір­ген қай­рат­кер» атанған атақты­лар­дың ара­сы­нан адам табыл­ма­ды ма?

Жо-жоқ, әрине, Ары­стан­бек те адам. Адам болған­да, жөп-жөңкі емес, док­тор­лық атағы бар ғалым адам. Тек оның «Искус­ство Неза­ви­си­мо­го Казах­ста­на в аспек­те сотруд­ни­че­ства с ЮНЕСКО» деген мақа­ла тек­тес доғал­дау док­тор­лы­ғы болмаса…

Мұха­ме­диұлын мини­стр­лік мұратқа жет­кіз­ген жол­ды ізде­ген кез­де редак­ция қор­жы­ны­на түсіп, бірақ аты-жөні атал­мауы себеп­ті жари­я­лан­баған екі хат­тың маз­мұ­ны мән-жай­дың біра­зын бық­сы­та­тын сыңай­лы. Оның бірін­де тағы да Өнер ака­де­ми­я­сы­ның ару­ла­ры ата­ла­ды. Аталған­да – олар­дың бір­лі-жары­мын Ары­стан­бек Аста­наға апарған-мыс, ақта­маққа аңса­ры ауған Ақор­да­ның «тен­тек» тәбетін тапқан-мыс деген сияқты жорт­па жоралғы жазылады.

Бірақ қал­та­ры­стағы хат иесі қолы­на «шам ұстап» тұр­маған болар. Сон­ды­қтан бұл сөзді қаңқу­дың қисы­ны деудің реті бар. Мини­стр­лік лау­а­зым­ның мәсе­лесі тән «постав­ка­сы» арқы­лы шешіл­ген бол­са, расы­мен-ақ «Мәң­гілік елдің» мәң­гіріп кет­кені – кеткен.

Екін­ші хат «Аста­на-Опе­ра» теат­ры ашы­лып, оның жаны­нан «Astana Ballet» би тобы құры­лған кез­де кел­ді. («Аста­на-Опе­ра­ның» балет труп­па­сы­мен шата­стыр­маңыз). Бұл кез – Мұх­тар Құл-Мұхам­мед­тің министр мін­деті­нен айы­ры­лған сәт­ке тұс­па-тұс келеді. Ашы­луға арналған сон­дағы көп тұса­у­ке­сер­дің бірін­де пре­зи­дент Назар­ба­ев министр Мұх­тарға қара­тып: «Сен тап­сыр­ма­ны орын­да­ма­дың!» – деп, көп­шілік­тің көзін­ше көзіне түр­тіп­ті. Бұл енді хат­тағы қаң­бақ-қаңқу ғана емес, ып-рас болған жәйт. Оны опе­ра­да оты­рған біре­удің (атын ата­сам – аты­лып кетуі ғажап емес) аузы­нан естігем.

Сон­да «тап­сыр­ма­ны орын­даған» кім бол­ды? Әрине – Ары­стан­бек! Оның әсіре­се «Astana Ballet» хорео­гра­фия тобын құру­дағы еңбе­гі ерекше бол­ды. Енді ше, жасы 26-дан аспай­тын ару­лар­ды бишілер тобы­на жинау, ол ұжым­ды ұйым­да­сты­ру, оның ол-пұл шаруа­сын шешу оңай тір­лік пе? (Осы орай­да жари­я­ланған кастинг-ірік­теу жар­на­ма­сын қараңыз: «Про­фес­си­о­наль­ный хорео­гра­фи­че­ский кол­лек­тив «Astana Ballet» ищет арти­стов бале­та для посто­ян­ной рабо­ты в г.Астана. Рост от 168 см, с хоро­шей балет­ной фор­мой, воз­раст до 26 лет. С нашей сто­ро­ны предо­став­ля­ет­ся обще­жи­тие квар­тир­но­го типа, транс­порт и достой­ная опла­та тру­да» – http://chesnok.kz/).

Ал енді осы «Astana Ballet» пен Ары­стан­бек­тің министр болуын­да қан­дай бай­ла­ныс бар дей­сіз ғой?

Тіп-тіке­лей!

Себебі «Astana Ballet»-тің қожай­ы­ны – Әсел Иса­ба­е­ва деген айдай ару. 19 жасын­да 1999 жылы «Мисс Казах­стан-1999» атағын жеңіп алған алма­ты­лық. Ол кез­де – студент.

Ал сол Әсел бүгін кім?

Оны айта алмай­мын. Өзім­нің «аты­лып кетуім» мүм­кін. Керек қылған адам «Google»-ден тін­тіп алсын: құдай­ға шүкір, бүгін­де екі үйдің бірін­де ком­пью­тер, үш үйдің бірін­де интер­нет бар. Менің айта­рым – төмен­гі сіл­те­ме­лер­дің бір порасы ғана:

 

respublika-kz.info/news/politics/36431/

www.abiyev.kz/10247-miiliardy-synovey-nazarbaeva-konvertiruyutsya-v-politichesk…

bnews.kz/…/miss_kazahstan_za_vsu_istoriu_konkursa_chashche_vsego_pobezhdali_…

https://www.youtube.com/watch?v=cllcykVG-RE

www.corrupcia.net/news/scandal/fact-5649.html

rus.azattyq.org/a/nursultan_nazarbayev_unknown_boy/2093480.html

 

Тап­ты­ңыз ба? Көзіңіз жет­ті ме?

І‑і-і, біраз мәлі­мет­ке қаны­қты­ңыз ба? Міне, Ары­стан­бек­тің арты­нан тіреп тұрған құдірет­ті күш – сол Әсел.

Ал енді мынау «скан­дал­ды» Әсел­дің ашуын алдап, Ары­стан­бек­ті алып тастау үшін Ақор­да­ның айла­кер­лері ойлап тап­ты ма – ол да ойла­нуға тұрар­лық жағ­да­ят бол­са керек.

 

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн